Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!


Сахнаға Ақтолқын, Інжу, Нұрайым анасымен шығады



бет3/5
Дата07.04.2023
өлшемі28,92 Kb.
#80258
1   2   3   4   5
Сахнаға Ақтолқын, Інжу, Нұрайым анасымен шығады.
Ақтолқын:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Інжу
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Құтты болсын ағайын.
Наурыз тойы, Наурыз тойы,
Келді біздің Жаңа жыл!
Ән: «Наурыз» орындайтын : Әсілхан Нұрайым
Нұрайым

  • Анашым, саумалық дегеніміз не?

«Саумалық» (ырым). Наурыз туып, жер көктеп, күн жылынғанда өлеңмен айтылатын дәстүрлі тілек. Бұл кезде әр адам, от басы мүшелері саумалық айтқан. Саумалық айтып болған соң, бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.
Нұрайым:

  • Саумалық, саумалық

  • Наурызымның көк құсы

  • Ұйқыдан көзің ашты ма?

  • Саумалық, саумалық,

  • Жібіді мен, көрдің бе?

  • Саумалық, саумаылқ,

  • Ескі жыл кетіп, жаңа жыл келді,

  • Ескі жыл есіркей кет,

  • Жаңа жыл жарылқай кел – Ал, апа еліміз тыныш, еш жамандық болмасын деп ыдыс сындырайық.

Сахнаға Айсана мен Нұрхан шығады
Айсана:
Уа жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар
Ата менен анаң бар 
Үлкен кіші ағаң бар
Наурыз тойын тойлаймыз
Бәрің бері қараңдар!
Хор: Қош келдің Наурыз
Нұрлыхан:
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.
Жарапазан айтатын Санжар,Әли келеді.
Санжар:
Айтамыз жарапазан отбасына,
Тілейміз денсаулықты бас – басыңа.
Тілесек денсаулықты бас – басыңа,
Амандық келер әр күн отбасыңа.
Айтамыз жарапазан ауылыңа,
Береке, бірлік берсін қауымыңа.
Береке, бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа
Әли:
Айтамыз жарапазан еліңізге,
Байлаңыз жақсы орамал белімізге.
Байласаң жақсы орамал белімізге,
Кетеміз мақтай - мақтай елімізге.
Айтқанмен жарапазан тоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың қоямыз ба?
Дәстүрін халқымыздың біз ұмытсақ,
Дүниеде екі бірдей оңамыз ба?
Айлин:
Жүріңіздер Наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен- саяқ.
Ән айтылсын, би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет