Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі


Ұлы жүздегі ру-тайпа атауларының гендерлік ерекшелігі



бет13/18
Дата07.01.2022
өлшемі92,64 Kb.
#19226
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
жоба Гүлназ

2.3 Ұлы жүздегі ру-тайпа атауларының гендерлік ерекшелігі

Айбике руы. Ұлы жүз албан тайпасының ішінде өсіп-өнген аталардың бірі – үмбет. Шежіреде Үмбеттен Шажа туады. Шажаның бәйбішесінен – Тінібек, Жәнібек, Қалматай, тоқалынан – Қалке, Жәдік туады. Осындағы Жәнібек Айбике деген қызға үйленіп, одан – Әлібек туады. Жәнібек көп ұзамай қайтыс болып, Айбике әмеңгерлік салтпен қайын інісі Қалматайға шығады. Одан Өтеген, Өтетілеу туады. Осы Айбике анадан туған үш бала өсіп-өніп келе өздерін «Айбике» деп атайды.

Ақтолымбек. Ұлы жүздің ноқта ағасы саналатын жалайыр тайпасының ішіндегі он екі атаның бірі – андас. Андас алты әйел алған адам. Толымбек деген бәйбішесі қара өңділеу кісі болса керек, одан өрбіген ұрпақ «Қаратолымбек» аталса, екінші әйелі Тасбике деген кісі аққұба өңді адам екен. Одан өрбіген ұрпақ «Ақтолымбек» аталады екен.

Алжан. Ұлы жүз албан тайпасы өз ішінде шыбыл және сары деп аталатын екі руға бөлінеді. Осылардың сарысынан сүйерқұл және сүйменді аталары тарайды. Шежіре дерегі бойынша Сүйерқұлдан – Шоған, Абыз, Досалы, Қожанбет, Жарты деген төрт ұл және Әлжан деген қыз туылады. Әлжан бойжеткен соң сол елге сіңісті болған Мәмбет деген арғын жігітке тұрмысқа шығады. Одан Сырымбет, Шегір, Аламан, Хангелді есімді төрт ұл тарайды. Осы төрт ұлдың өсіп-өнген ұрпағы албан ішінде «Алжан» (Әлжан) аталады.

Желкілдек. Ұлы жүз суан тайпасы ішінде байтүгел және тоқарыстан деп аталатын екі тармаққа бөлінеді. Осылардың тоқарыстанына жататын аталардың бірі – мұрат. Шежіре бойынша Мұраттан – Орыс, одан – Мырзагелді, одан – Мәмбет туады. Мәмбет екі әйел алған. Бірінші әйелі Қарлығаштан – Мақпал, екінші әйелі Желкілдектен жеті бала – Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (қалған екеуінің есімдері белгісіз) туған. Осы жеті баладан өрбіген ұрпақты аналарының есімімен «Желкілдек» деп атайды.

Нөкейті. Ұлы жүз суан тайпасының байтүгел бұтағынан өрбіген аталардың бірі – елшібек. Дерек бойынша Елшібек екі әйел алған адам. Бірінші әйелі Нөкейтіден – Көлшік, Таймас деген екі бала туады. Бұлардың өсіп-өнген ұрпағы аналарының есімімен «Нөкейті» аталып кетеді.

Сары бәйбіше. Ұлы жүздің бағаналы бәйтерегі Бәйдібек баба үш некелі болса керек. Бәйбішесі – Сары (Марау), екінші әйелі – Сланды, үшінші әйелі – Нұрила (Домалақ ене). Осылардың ішінде Марау бәйбіше ақсары адам болғандықтан «Сары бәйбіше» атанып, одан өрбіген ұрпағының «Сарыүйсін» аталуы содан екен.

Сарықыз. Ұлы жүз суан тайпасының байтүгел бұтағынан өрбіген аталардың бірі – елшібек. Шежіре дерегі бойынша Елшібек екі әйел алған адам. Бірінші әйелі – Нөкейті. Одан тараған ұрпақты «Нөкейті» деп атайтынын жоғарыда айттық. Ал енді екінші әйелі – Сарықыз. Одан – Тәпен, Ырыс, Төлеке, Алакүшік, Алшынбай, Алашор, Шабар деген балалар туған. Бұлардың өсіп-өнген ұрпағын «Сарықыз» деп атап кеткен.

Шашты. Ұлы жүз албан тайпасының сары, шыбыл деп аталатын қос бұтақ тарайды. Шежіре бойынша Сарысынан – Сүйерқұл, одан – Шоған, Досалы, Қожбанбет, Жарты туған. Бұл төртеуінен сегіз бала болып, олардың өсіп-өнген ұрпағын жинақтап «Сегіз сары» деп атайды. Осылардың ішіндегі Қожбанбеттен – Ағым, Сағым, Тілеу туады. Тілеуден – Тұрсын, одан – Шыңдауыл, Қабыл, Қарақұл туған. Қарақұлдан – Мама, одан – Байшұқыр, Бақаш туған. Қарақұл батыр адам болған екен. Бәйбішесінің аты Шашты болса керек. Содан Қарақұлдан өрбіген ұрпақ аналарының атымен «Шашты» аталып кетеді.

Ысты (иісті) руы. Бәйдібек бидің екінші әйелі сұлу Зеріптен – Жалмамбет туған. Жалмамбеттің бірінші әйелі қоңырат ішіндегі әйгілі Қызылбидің (Мелдеби) қызы – Жұпар. Жұпар ұзатылғанда өзімен бірге бірнеше күтуші қыз ертіп келсе керек. Солардың ішінде ақылына көркі сай Сыланды есімді бір қыз болады. кейін осы қызды Жалмамбет ұнатады да, бәйбішесі Жұпардың ризашылығымен екінші әйелі етіп алады. Сыланды өте таза киініп, үстіне иіс май сеуіп жүретін кербез жан болса керек. Осы қасиетіне бола Сыландыны Бәйдібектің кіші әйелі Нұрила (Домалақ ене) «иісті келін» деп еркелетеді екен. Дуалы ауыз Нұриланың қас-қабағын баққан төңірегі де Сыландыны «Иісті» деп атап кетеді. Сыланды алғаш құосақ көтеріп, ұл тапқанда тілеуқор енесі Нұрила баланы жерге түсірмей етегіне орап алып, өзінің емшек сүтімен ауыздандырып: «Ұрпағың өсіп-өркендесін, өзің сияқты иісті болсын!», - деп тілек айтыпты. Осы «иісті» сөзіне орай Жалмамбеттің Сыландыдан өрбіген ұрпағы «Ысты» атанып кетіп еді дейді [9, 252].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет