Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы «Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі


Орта жүздегі ру-тайпа атуларының гендерлік ерекшелігі



бет14/18
Дата07.01.2022
өлшемі92,64 Kb.
#19226
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
2.4 Орта жүздегі ру-тайпа атуларының гендерлік ерекшелігі

Мұрын – Найманның бір тармағы. Мұрын негізі Ерсарының бәйбішесі – Ақбикенің лақап аты болған екен. Мұрны өте үлкен болған соң «Мұрын» атап кетіпті. Ал Ерсары әулеті «Мұрын» аталып кетсе керек. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздегі лақап ат қою дәстүрінің жарқын көрінісі. Осы руға байланысты «Сақтықты – Сыбаннан үйрен, момындықты – Мұрыннан үйрен» деген сөз қалған. Яғни, сыбан руының адамдары салмақты, сақ болып келсе, мұрын руының адамдары қой аузынан шөп алмас момын боп келгендіктен айтылса керек [10, 351 ].

Абақ руы. Шежіре бойынша Орта жүз керей тайпасының ішіндегі он екі ата абақ керейлер Абақ атты анадан өрбіген деп көрсетеді. Абақ керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты болса керек. Оның есімі әуелде Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазіргі «он екі ата Абақ» деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өсіп-өнген делінеді. Шәкәрім қажы атап көрсеткен он екі абақ мынау: Жәнтекей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Етелі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ. Халық арасында Абақ ана жайында аңыздар кең тараған. Абақ керей тайпасы сол анадан тараған, ол ана ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген деген дерек бар [10, 194 ].

Қызай руы. Үйсін Бәйдібек бидің үшінші әйелі Нұрила анадан (Домалақ ене) Жарықшақ, Күнбике туады. Күнбике (Айқыз деп те айтылады) Найман еліне келін болып түсіп, ақыл-көркімен жұртқа жағып, төңірегі: «Бәйдібектің қызы қыз-ақ екен!» - деп сүйсінетін болған. Содан Күнбикенің өз атыл ұмытылып «Қызай» аталып кетеді. Қызайдан өрбіген рулы ел де Қызай аталып кетеді. Күнбүбінің келін боп түскен жері найман ішіндегі іргелі ата – Төлегетай елі болатын. Төлегетайдан – Қаракерей, Садыр, Матай, Аталық өрбиді. Аталық батырдың Шағыр атты баласына тұрмысқа шығады. Шағыр мен Қызайдың арасынан Итемген, Меңіс деген екі ұл туады. Шағыр ертерек қайтыс болып, әмеңгерлік салт бойынша Қызай қайнысы Тоқтарға тиеді. Тоқтардан Дербіс, Бегімбет тарайды. Сөйтіп, Қызайдан туылған найман бұтағы өсіп-өніп рулы елге айналады, Қызай елі атанады [11, 15]. Ал Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде қызайды басқалай таратады: «Қарамолда нәсілі Сегіз найман атанды. Матайдың үш баласы – Аталық, Кенже, Қаптағай. Аталықтың қатыны Қызай дегеннің атымен тұқымы қызай атанып кетті. Жоғарғы Сарыжомарттың бәйбішесінен Қаратай мен толқалдың төрт баласы – Байдалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз. Бұл төртеуі нағашылары уақ ішіне кетіп, күні бүгін «ергенекті уақ» атанып кетті» - дейді [12, 64-65]. Бұл жерде Шәкәрімнің шежіреден біраз қиыс кеткенін көріп отырмыз. Аталық Қызайдың қайынатасы болып келеді шежіре дерегі бойынша. Ал Аталықтың баласы Шағырдан тарайтын ұрпақтың қызай аталып кеткені шындық. Қызай елі туралы ел арасында тараған сөздерге тоқталар болсақ: «қыз алсаң Қожадан ал, қабырғалы ел боласың, көшсең Қызайға бар, қазыналы ел боласың». Қожа әулеті ұрпақтары Мұхаммед пайғамбардың алғашқы халифтерінен тараған дейді, қыз алсаң қадірлі боласың, ал қызай елі бірлігі жарасқан, қамқор ел, көш түзесең, ісің алға басады деген саяды. Қызайдың қазбасын әріден ізде, қызын әнінен ізде. Яғни қызай қыздары шетінен әнші, сауық құмар ел екендігін білдірсе керек. Арғыннан ән таңда, қызайдан қыз таңда. Арғын елі өнерпаз болса, қызай елінің қыздары қашан да мақтаулы деген мәнде айтылған.

Айбике руы. Орта жүз арғын, қаракесек руынан тараған аталардың бірі – шаншар. Сол Шаншардың үш әйелінің бірі – Айбикеден өрбіген ұрпақты, аналарының есімімен қосып атайды, яғни айбике-шаншар деп. Айбике Есім хан тұсында Ташкентті билеген Тұрсын ханның қыздарының бірі болса керек. Шежіре бойынша Айбикеден – Жәнібек, Келдібек, Тінібек, Әсірбек туады. Келдібектен алты алашқа аты шыққан Қаз дауысты Қазыбек туады. Қазыбек биден – Бекболат , одан – Тіленші, одан Алшынбай би тарайды. Әйгілі қазақтың күміс көмей әншісі Мәди Бәпиұлы осы Алшынбайдың немересі болып келеді. Ал Ділда немере қызы боп келеді. Ұлы Абайдың дарынды ұлдары осы Ділдадан (Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия) тарайды. Ел арасында айбике руы жайлы мынадай сөз қалған: «арғын бүлінсе – Айбикеден, найман бүлінсе – Жәмбикеден, үйсін бүлінсе – Күнбикеден» деген. Бұл осы үш қызыдың жатыры аса текті болғандықтан осы үшеуінен тараған ұрпақтың нағашысына тартып кетпесе деген қауіптен туған тіркес. Яғни, ағайын арасындағы тетікті ұстап тұратын әйел адам дегенді меңзесе керек. Осы мәндес қағытпа сөз ретінде мынадай тіркес те бар: «Айбикенің ауылына қонғанша, Нұрбикенің көшіп кеткен жұртына қон». Яғни, қолы ашық Нұрбикенің елге сыйлы бәйбіше болғандығын танытса керек [9, 280 ].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет