Шукшиннің өзіне ғана тән нәзік те сырлы, адам жанын жабырқатуды емес,
жадыратуды көксеген адами-қаламгерлік стилінің өзгешелігіне үңіледі.
Шыны керек, Шукшиннің өзі де әріптестердің, замандастарының
айтуынша, адал, жайдары, ашық көңілді рәуіште болған. Тіпті, өзі үшін емес,
өзгелер үшін жанын қиюға әзір тұлға еді дейді. Шығармаларындағы
кейіпкерлері де адалдықты жандары жақсы көреді. Өзін ойламай-ақ,
басқалардың көңілі қалмауы үшін жан-дәрмен арпалысқа түседі. Неге олай?
Өйткені, автор – өз шығармасын жаратушы. Шығарма иесі – автор. Ал автор
көркем
шығармаларындағы
кейіпкерлерді
сомдағанда,
авторлық
баяндауларда қаншама дегенмен, өзінің көзқарасын, дүниетанымын, өмірлік
тәжірибесінің кейбір сырлары мен құпияларын өз оқырмандарына ұсына
алмай тұрмайды. Кейіпкерлерінің мінез-құлқындағы қасиеттер автордың да
бойында, болмыс-бітімінде менмұндалайды.
Актер, кинорежиссер, драматург, прозашы Василий Шукшин, шын
мәнінде, орыс әдебиеті ауқымынан тыс қазақ әдебиетіне де әсері мен ықпалы
мол болған жазушы екендігін мойындаймыз. Оның әйгілі киноларын да
жазушы өз мақаласында атап-атап көрсетіпті. «Қызық адамдар», «Ащы
жидек» кинолары кеңестік заманда көрермендерді көп жинаған қойылымдар.
«Қайырымды болу қажеттілігі қасиетіңе айналуы тиіс, әйтпесе бақ-
берекелі һәм бақытты ғұмыр кеше алмайсың. Алайда «қайырымды болмақ
оңай емес. Қайырымдылық үшін шынайы ұмтылыс, қажырлы күрес керек»
деген талантты жазушы Василий Шукшиннің сөзін Мархабат Байғұт өз
мақаласында дәйектеме ретінде келтірген. Не үшін? Шыны керек. Жазушы
Мархабат Байғұттың да көксегені – қайрымдылық.
Талантты жазушының ең басты қасиеті – қайырымдылықты өз өміріне
өлшем ету Махаңның да өмірлік бағыт-бағдары. Адастырмас бағдаршамы.
Шығармалары мен көсемсөздерді соған үндегендей сипатта. Кинорежиссер
ретінде де Шукшин актер болмысының еркіндігін құптаған. Актердің
көңілін аулаған. Сол тұлғаға сенім артқан. Осының бәрі көрермен үшін
жасалатын шынайы шығармашылық жол деп сенген айтулы талант иесі.
Мархабат Байғұт «Менің Шукшинім» атты мини-эпопеялық
мақаласында сан қырлы талант иесінің тұйықтау да көп сөйлей бермейтін
мінезін де ашып көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі
Кәдірбек Сегізбаевтың байқауынша, Махаңның жазбаларында, әңгімелерінде
дегеніміз ғой, Шукшиннің үнін, әуендерін аңғарған. Біз де сондай айшықты
өрнектерді сезінеміз. Сезінудеміз.
«Ерке сылқым» мақаласында жазушы-публицист Мархабат Байғұт
Оңтүстік өңірінде есімі елімізге белгілі ақын Омарбай Малқаровтың 70 жасқа
толып, туған топырағына бет алған жол сапары баяндалған. Осы сапарда сол
төрт адамнан құралған топ ішінде Нәсіреддин Серәлиев, Махаң және ақын
138
Мейірхан Қуанышбаев бар-ды. «Ерке сылқым» мақаласы бір ерке сылқым
келіншекке және осы аттас күйге байланысты жазылған. Естелік әзіз
ағалардың қымбат та бірін-бірі қимас қалыптары жайында. Ерке сылқым
келіншекті осы топ Шу бойындағы жол жағасында дастархан жайып, бір
сәтке демалып отырғанда көздері шалады. Ол кезде «Запорожец» деген шап-
шағын автокөлік болған. Сол ерке сылқым келіншек осынау шағын көліктен
түскен. Оның көк жасыл көйлегі де, тіп-тік қос балтыры да, желкеге түйген
шашы да, жалт етіп бір-ақ рет бұларға қараған жанары да, түп-түзу әдемі
мұрны да, ақша маңдайдағы қиылған қас та, сүйрік саусақтары да, тағы
тағылары да осынау топты әп-сәтте балқытып жіберген. Кәдімгі аппақ
келіншек. Жазушы Мархабат Байғұттың осы мақаласында дәл сондай
ғажайып та көркем, сезімді селт еткізіп, жанарды оттай жарқ еткізетін
керемет лиризм бар. Төгілген, тербелген сезім толқындары еседі мақаланың
өн бойынан. «Запорожецке» емес, «Волгаға» лайық сылқым келіншек терең
лиризммен суреттелген.
Сапарлас топ мүшелері сол түні күйші Әбдімомын Желдібаевпен
жолығысады. Сол отырыста дәулескер күйші тыңдарман қауыммен
қауышқанына біраз уақыт болған «Ерке сылқым» күйін тартады. Күй
әуенінен сапарлас топ мүшелері Шу бойында көрген ерке де сылқым
келіншектің болмысы мен бітімін, ерекше де көркем жүрісін көз алдарында
ап-анық бейнеленіп, бедерленіп көрінгендей хал-ахуалды бастан кешеді. Күй
өнері, күйші таланты күндіз көрген көріністі әуен мен сазға бөлеп, адам
жанын иіте, еліте, еліктіре түскендей.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұттың әдебиет, өнер адамдары
туралы жазған мақалалары көркемөнердің көсегесін көгертіп, туын көкке
желбіреткендей әсер қалдырады. Өнерге, сөз өнеріне, оның тұлғаларына
деген зор құрметті де аңғарғандай боламыз.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұттың «Тіл мен діл, тағзым мен
тағлым» атты екінші арнаға топтастырылған публицистикалық мақалалар
бөлімінде
бүгінгі
күннің
көкейкесті
мәселелері
қарастырылған.
Мақалалардың дені – көсемсөз сарынымен, айшықты сөздер кестесімен
өрнектелген. Атап айтқанда, «Желтоқсан және туған тіл» мақаласы
халқымыздың ауыр да азапқа тола болған 1986 жылғы Алматыдағы
Желтоқсан оқиғасының себеп салдарына арналған. Бұл дата қазақ халқының
тарихында өшірілместей жазылып қалды. Төл халқының тағдыры үшін
құрбан болған және санасын сансыратып, жүрегіне мұз қатырған сол уаыт
қалайша жадтан із-түзсіз кетпек. Мүмкін емес.
Мінеки, осы оқиғамен салыстырыла оқырман көңілін толқыта берілген
бір үзік сөйлемдер бар осынау мақалада. Ол қазақтың аса талантты да
талғампаз көрнекті жазушысы Асқар Сүлеменвтың «Бесатар» повесінен
алынған бір-ақ ауыз сөзі. Повесте және бір терең де тағдырлы 1916 жылғы
ұлт-азаттық қозғалыс жайлы жазылған. Мұнда да өз тағдыры үшін тәні
талауға, жаны жайрауға түскен қазақ халқының жансебіл тірлігі мен
тіршілігіне қанығасыз, құрметті оқырман. Асқар Сүлейменов былай деп
139
жазады: «Түркістанның босағасын келін болмай кесір боп 16-жылдың
шілдесі аттады». Кесірден не күтерсіз енді? Кесепат тірліктен өзге не
күтерміз дерсіз сіздағы.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұт 1916 жылғы шілдедегі сол
оқиғаны 1986 жылғы қақаған қыс шілдесі желтоқсанмен сабақтастырады.
Қазақ елінің босағасын екіжүзді, аяр саясат аттады дейді. Екі жүзді аяр іс-
әрекеттен зұлым нәрсе дүниеде сірә, жоқ шығар. Ол алдайды да, аймалайды
да. Бірақ нәтижесі қан жылатқызады. Салдары залымдықпен ұласады. 1986
жылғы желтоқсан оқиғасы қан қақсатты жігерлі жастарды. Тарих мұны
кештеу болса да лажсыз мойындады.
Публицистикалық леппен өрілген мақалада 1986 жылғы желтоқсан
оқиғасының ұлт санасының оянуына айырықша ықпал еткені, қазақтың өзін-
өзі тануы, ұлттық мақтаныш пен ел тәуелсіздігі туралы ұғымы мен түсінікті
түбегейлі өзгерткені нақты көркем сөздермен, көсемсөзбен суреттеледі. Бұны
халқымыздың терең ойшыл суреткер жазушысы Әбіш Кекілбаевтың сөзімен
дәйектеме сипатында ұғынықты түрде әсем әрі кемел ойлармен кестелейді.
Жазушы-публицист Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына орай
жазылған осынау мақаласында ұлттық санамыздың және де саябырси
бастағанына тоқталған. Төл тіліміздің дамуындағы кінәраттар мен
көкейкесті мәселелерді атап айтқан. «Желтоқсан жас санада сұрапыл сілкініс
тудырып, ұлтқа деген ұмтылыс, тілге деген құлшыныс қоздатты» деп жазады
Махаң. Бұл сөйлемде зор тағылым бар. Оны ұмытпауға үн қосамыз біздағы.
Жазушы-публицистің және мына бір ойымен келіспеске мүлдем
болмайды: «Көп реттерде тіліміз төңірегіндегі айтып, жазғанда даңғаза мен
даурықпаға, еңірей жылап-сықтай беруге, құрғақ үгіт, сырғақ насихатқа,
жалған намысқа жорға шығамыз дағы, үлкенді-кішілі нақтылы істерді
үндемей тындыруға келгенде зорға шығамыз?» Осынау сөздің өте көркем,
терең әрі дәл айтылғанына еш күмәніміз жоқ .
Осы орайда туған тілдің өсіп өркендеуі үшін іс қағаздарын
мемлекеттік тілде жүргізуге үйрене берудің, үйрете берудің, жоғарылы
төменге жөнелтілетін хат-хабарларды қазақша жолдау психологиясын қанға
қосып, сүйекке сіңіру дағдыларын қалыптастырудың, әр отбасында төл
тілімізде сөйлеудің құнары мен нәрін мықтап пайдаланудың аса маңызды
екендігін жазушы-публицист ерекше атап көрсеткен. Дақпырт, байбалам
тірліктен гөрі үндемей бітірудің де оңтайлылығын ескерткен. Бұл да ұлттық
болмысымызға тән ескерерлік жәйт. Үш тұғырлы тілді білудің бүгінгі
жастар үшін де маңыздылығын сол кезде-ақ айтулы көсемсөзші қолдап
қуаттапты. «Желтоқсан жаңғырығы, желтоқсандық сана мен сезім казекеңді
рухани банкроттан сақтап қалмаққа керек-дүр.» деген ой тұжырымының
салмағы ерен әрі өте жауапты.
Тіл туралы өзекжарды келелі сөз «Түсінбеуге келген шақта – түп-
түгел...» деген мақалада да одан әрі кешенді түрде жалғасқан деуімізге әбден
болады. «Түсінбеуге келген шақта – түп-түгел» сөзі қазақтың көрнекті ақыны
Жұмекен Нәжмеденовтың «Жартылай ақ, жартылай қара өлең» деген
140
поэтикалық туындысынан алынған сөз. Түсінікті тілмен айтсақ, осы өлеңде
өлең сүйгіштерді айтулы ақын екіге бөлген. Бірінші жартысы – өлеңді түк
ұқпайды. Екінші жартысы – шала ұғады. Күндердің күнінде сол жартысының
біріне жал бітіпті. Ал екінші бір жартысының белі күшейіпті. Менің өлең
сүйгіш оқушыларым да дәл сол жартыкештер секілді деген ой түйеді автор.
Яғни оқымауға келгенде – бүп-бүтін, түсінбеуге келгенде – түп-түгел бола
қалады.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұт бұл меңзеу ойды оқырман
қауымға бекерден-бекер ұсынып отырған жоқ. Тәуелсіздік таңы атқанда
республикада, облыстарда, аудандарда тіл комитеттері, басқармалар
құрылды. Төл тіліміздің көсегесі көгереді деген зор ұмтылыс болды сол
кездерде. Бірақ бертін келе сол тіл комитеттері мен басқармалары таратыла
бастады.
Осы орайда тіл құрылымдарының қол жеткізген оңды іс-әрекеттерін
қаламгер атап айтады. «Қазақ тілі» қоғамының өз кезінде төл тіліміздің
апатты жар басына барып қалған шағында оны сүйеп, демеп, қоғамда
серпіліс тудырғанын жасырмай өз оқырмандарына жеткізеді.
Тіл комитеттерінің де халыққа қызмет көрсететін негізгі сегіз сала:
білім, мәдениет, байланыс, сауда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау,
тұрмыс қажетін өтеу, жолаушылар тасымалдау бойынша мемлекеттік тілдің
қолданыс аясын кеңейтудегі оң істері де аз болған жоқ. Оны тиісті құжаттар
да дәлелдей алады. Бұның бәрі «Тіл туралы» заңға сай жүзеге асқаны да рас.
Автор ендігіде тіл комитеттері мен басқармаларының, аудандағы
бөлімдерінің таратылуы төл тілімізге байланысты көкейкесті мәселелердің
әлі де болса толық шешімін таппағанын алға тарта отырып, мұндай қадамның
тым қате екендігін уәжді ойларымен, тиянақты сөздерімен, нақты
деректерімен қуаттайды.
«Әуезов. Тіл. Оңтүстік» мақаласы – қазақтың біртуар перзенті, заңғар
жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына байланысты
Оңтүстікте өткен конференцияда Мархабат Байғұттың сөйлеген сөзі. Мұнда
ұлы жазушының оңтүстік өңіріне бес рет келгендігі –Шымкент, Кентау,
Түркістан қалаларына, Ордабасы, Отырар, Түркістан, Шаян, Созақ
өңірлерінде
болғандығы,
жұртшылықпен
кездесулері,
жүздесулері
баяндалған. Заңғар ойшыл, көрнекті суреткердің Мақтаарал ауданында да
болғаны мәлім. 1959-1961 жылдары өңірде болған кезінде жазған көркем
очерктері қалың оқырманға мәлім.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұт мерейтой иесінің қаламынан
туған «Тіл және әдебиет мәселесі», «Тағы да көркем әдебиет туралы», «Ана
тілі әдебиетін сүйіңдер», «Үмітті ұрпаққа игі тілек» атты мақалаларының әлі
күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпағанын жадымызда жаңғыртады.
Осынау публицистика тілімен өрнектелген мақала заңғар жазушының
шығармашылығымен және бір рет қайта-қайта қауышудың қажеттілігін
меңзеп тұрғандай сезіледі.
141
«Өліара шақтың өзі еді...» мақала – жазушы-публицист Мархабат
Байғұттың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезіндегі өзі бастан кешкен
психологиялық жағдаяттарға арналған танымдық-тағылымдық дүние. Рас,
Желтоқсан оқиғасы өткен соң баспасөз бетінде едәуір уақыт бойы бұл датаға
сыңаржақ пікірлер тағылды. Ұлттың намысы қорланды. Тұлғаларының
басына бұлт үйірілді. Ашық сөйлей алмау, күбірлей, сыбырлай ғана үн қату
мүмкін еді сол кезде. Өліра шақ, мінеки, осы кезең еді. Облысты басқарған
сол кездегі бірінші басшы Асқаровтың басына түскен қиындыққа орай
кейбіреулердің масаттанғанын, кейінірек сондай жандардың көздеріне жас
алып, кемеңгер еді деп жазғанын да көздері көргенін жазады жазушы-
публицист. Неге бұлай адам баласы? Қазірде ғой Желтоқсан жайлы
шамырқанып, жалындап, жайнап жүргеніміз. Неге? Ендігіде тәуелсіз ел
атандық. Өз мүддемізді қорғауға бел байладық. Жауабы осы. Ал өліара шақта
адамның жаны да, психологиясы да екіұдай қасиетке ие болатындығы да
шындық-ау. Десек те, өз ұлдарымызды, қыздарымызды ұлықтай білуге
үйренген жөн. Сынап емес. Құрбандыққа шалып емес. Сылап-сипап,
ардақтап. Үлгі етіп, өнеге етіп, құрметтеп. Мақала соған шақырғандай
болады. Соны құптауға, қолдауға қабақ танытып тұрғандай аңғарылады.
Өліра шақ, әрине, қиын-тұғын. Көне жүйе әлі қирамаған-ды.
Тәуелсіздікке әлі де тұп-тура бес жыл бар болса да, кеңестік жүйеге деген
сенімнің сетіней жөнегені қоғамда, қоғамдық жүйеде көзге айқын көріне
бастаған-ды.
Еліміз Парламенті Сенатының төрағасы болған Өмірбек Байгелдіге
арнап жазылған «Ерендер кереңдерге айналмағай» мақаласында жазушы-
журналист Мархабат Байғұт төл тіліміздің болашағы жайлы өз толғауларын
білдірген. Жаңадан қабылданатын Тіл туралы Заңда мемлекеттік тілге деген
қолдаудың пәрменділігін арттыру, бұл мәселеге немқұрайдылық танытқан
азаматтарға жауапкершілікті күшейту, әсіресақтықтан арылу секілді
көкейкесті мәселелерді көтерген. Туған тілге деген шынайы қамқорлық пен
жанашырлықты байқадық біз осынау мақаладан.
«Түбіміз – түркі, кеткенбіз үркіп» атты жолжазба очеркте қазақ
қаламгерлерінің
Сібірдегі
Саха
Республикасына
барған
жерлері
көкейкестілігімен есте қалады. Мұнда да жазушы-публицист Сібірдегі саха
халқының өзімізбен түбі бір түркі халықтары екендігімізді байыпты түрде әрі
біліктілікпен жазады. Тілдегі ұқсастықтарды мысалға келтіреді. Кезінде
ынтымақ пен береке-бірліктің ыдырауынан түркі қағанаты қырық бөлініп,
әлемнің әр түкпіріне шашылғанының бір көрінісіндей әсер етеді осынау
туынды. Саха халықтарының болмыс-бітімдері, тағдырларының талай-талай
сынға түскені оқырмандарға танымдық сипатта едәуір мағлұматтарды
сыйлап, бойға дарытады.
Сахалықтар да қазақ секілді ақжарқын, бала көңіл, аңқаулау сияқты.
Бірақ бүгінде тәуелсіздіктің арқасында өз халқының мүддесін биік қойып,
келелі істерді жүзеге асыруда. Оны дақпыртқа айналдырмай, үн-түнсіз
қабақпен ұғысу арқылы орындап жатқандарынан үлгі алсақ болады дейді
142
публицист аға. Әрине, мұндай мінез біздің халыққа о бастан-ақ тән. Тек
кеңестік кезеңде осынау аса текті қасиет-қылығымызды жоғалтып
алғандаймыз-ау, шамасы. Қандағы, болмыстағы тектілікті оралту, сондай-
сондай ерекшеліктерімізбен қайта қауышатын күндер де сәттер де жиірек
болатындығына біздер сенейік, құрметті оқырман, дегіміз келеді.
Сахалықтардың қазірде аты-жөндері түгелдей дерлік орысша болса да,
тілдері мен ділдерін сақтапты. Түбі бір түркі халқы болғандықтан
сахалардың ұлттық киімдерінде, сырғаларында біздің ұлтпен ұқсас келетін
ою-өрнектердің көп екендігін ортаға салады мақала авторы. Жер шарының
екі жағында жатқан түбі бір түркі халқының бірі сахалықтар мен қазақтардың
алыс-берісі, барыс-келісі жиілей түскенін аңсайды қаламгер. Сол үміттің
тезірек орындалуын бауырмал ниетпен жеткізеді Махаң өз оқырмандарына.
Қазақ халқының тарихы өте терең әрі күрделі. Соқпағы көп, сыры да
тым көп. ХХ ғасырдың 1937-1938 жылдардағы қуғын-сүргіндерінің өзі төл
халқымызды қынадай қырып-жойды емес пе. Жаңа қоғам құрамыз деп,
әсіребелсенділік танытып, шолақ белсенділердің сөзін пір тұтып, көштің
басында жүргендерді ұстатып, атқызып жіберген уақыттар да аға ұрпақтар
мен біздердің жадымызда. Тарих есіл ерлерді ақтады. Әрине, кеш болды.
Олардың отбасылары ше? Ұрпақтары ше? Олар қоғамнан, оның мүшелерінен
көрер көзге теперіш көрді. Еріксіз шеттетілді олар. Айдар тағылып, халық
жауының ұлдары мен қыздары деп, өгей көзқарасты мемлекеттік деңгейде
қалыптастырды. Мұндай тарих бетіндегі қара дақты ел есінен өшірмеу қажет.
Тағылым алу керек. Келешектің қайталамасы үшін.
Жазушы-публицистің «Тұрар Рысқұловтың құйыршығы ұсталды»
мақала мазмұны осындай ойларға жетелейді. Ауылда өсіп-өніп, сол жердегі
колхозды басқарған, санасы сергек жандарды көре алмайтындарға сонау
1937-38 жылдардағы саяси-мемлекеттік науқан таптырмас мүмкіндік болды.
Сол жүйедегі барлық ақпараттық мүмкіндіктер мен адамдар ресурсы бұл
шараға толықтай пайдаланылды.
Әйтпесе, Тұрар Рысқұлов кім, ауылдағы колхоз төрағасы кім? Колхоз
бастығы Қаратайдың үйінде болған Тұрар Рысқұловты ұстап, одан соң
атқаны тарихтан мәлім. Ендігі кезек Қаратайға келеді. Адамдардан сөз
артылған ба? Қаратайды сол үшін ғана Тұрар Рысқұловтың құйыршығы
ұсталды деп, көпшіліктен сүйінші сұрағандай, аудандық газет те шапқылап,
сүріне-қабынып, дабырайта жазып, қап-қара әріптерді таңдап алып, ірі-ірі
шрифтермен теріп-теріп жазып та жібереді. «Жапон шпионы» екендігін де
қоса тіркейді.
Қайран, ерме көңіл-ай. Әйтпесе, бұнысы не? Түймедейді түйедей ететін
аңғал да сенгіш халықтың менталитетіне осындай-осындай айдар тағып,
айды аспанға бір-ақ шығаратын желөкпе, қан қоздыратын, делебені шу-
шулейтін осынау сөздер тасқынының да өз әсерін тікелей тигізгенін
қарасаңызшы.
Бір артықшылығы бүгінде халқымыз ерме болудан, еліктеу,
солықтаудан арылған сыңайлы. Кей-кейде газет беттерінде, әсіресе, сары
143
газеттерде жарияланатын құлаш-құлаш материалдарды көзден өткізгенде,
ондағы мәселелердің кімнің мүддесін көздеп отырғанын әп сәтте байқап-ақ
қояды. Жалаң сезімнің отына май құймайды. Сабыр сақтайды. Көңіл елегінен
өткізеді. Бүгінгі нарық, жаңа технология, тәуелсіздіктің өміршеңдігі және
жасампаздықтың болмыс-бітімі дақпыртты, науқаншылдықты қаламайтынын
ерекше түсінгендей қалып танытады. Бұл да халқымыздың өрісі өсіп, санасы
сәулеленгенінің белгісі. Қазірде біреуді таңданта да, еліктете де алмайсыз.
Уақыт пен заман талабы өркениетті, ақ пейіл мен адал ниетті талап етеді.
Жазушы-публицистің жоғарыда аталған мақаласы өткен кезеңдегі қоғамды
да, жеке адам тағдырын да опындырған жәйттерден сақтандырады. Және
әрдайым есте тұтуды міндеттейді.
Түлкінің басы секілді Алатау мен Қаратаудың қақ ортасына басын
сұғып жатқан жотаға орай Түлкібас деп атауға ие болған атақты Түркі басы,
Түркі қолбасшысы дәрежесіндегі әулие тұлға мәңгілікке байыз тапқан
Түркібасы жерінде өмір сүрген Қаратай Ахметовтың талайлы тағдыры ер
азаматтың басынан не өтпейді, шіркін, деген аһ ұрғызар мөлдір мұң
қалдырады. Өйтпегенде ше?! Жетім-жесірлерге өз уақтында көмек берген,
қолғабыс жасаған. Айдауда болған, ұрпақ көрмеген. Жала жауып, жар
жағасынан төменге итерген. Ғашық болып, күйіп-жанып алған аруы Зәуреден
перзент болмаған. Қаратай опат болғанын естіген соң біраз уақыт араға
салып, осынау сүйген жары белгілібір милиция офицеріне күйеуге шығып та
кеткен. Өмір деген осы да, шіркін...
Жазушы-журналист
Мархабат
Байғұттың
публицистикалық
мақалаларын оқи отырып, осынау жанр үлгісінде жазылған дүниелерінің
әрқайсысы көркем шығармаларға өзек боларлық дүниеге бара-бар екендігін
байқап, пайымдауымызға болады-ақ. Мақалалар көтерген көкейкесті
мәселелер өміршеңдігімен, уақыт пен заман атты ұлы мәртебе иесінің алға
қойып отырған міндеттерді айқындай білуімен, жасампаздыққа үндеуімен
ерекшеленеді. Сол себепті-қаламгер-публицистің мақалалары бір сәттік
мәнімен маңызды емес. Бүгінді де, ертеңді де, тіпті кешегінің де қадіріне
жете білуге бағытталған байқампаздығымен құнды.
Жазушы-публицист Мархабат Байғұттың публицистикасының тілі
ұғынықты. Қарапайым әрі құнарлы. Төл тіліміздің қаны мен сөлі табиғи.
Жасанды емес. Ағысы терең. Сырлы әрі нәрлі. Публицистикалық мақалалар
танымдық, тағылымдық мәнге ие. Туған жерді, оның қарапайым да нар
тұлғалы
перзенттерін
аялауға,
мәртебелерін
биіктетуге
баулиды.
Публицистикасының басты қырының бірі, мінеки, осында жатыр.
Жазушы өз заманының перзенті десек, публицист-қаламгер сипатында
өзі өмір сүріп жатқан уақытқа дер кезінде үн қатуды азаматтық парызы деп
түсінеді қасиетті қалам иесі. Ол өзінің адами болмысына қашанда адал әрі
әділ. Тұлғалық деңгейге көтерілген қаламгер бұны жақсы түсінеді де. Сол
себепті публицист-қаламгердің туындылары әрдайым уақыт сынына төтеп
бере алатын салмақты әрі көкейкесті дер едік. Оқырман үшін бұл, әрине, баға
жетпес байлық, рухани азық та.
144
Тәуелсіздіктің арқасында баспасөз мол еркіндікке ие болды. Газет-
журналдар көптеп шыға бастады. Кеңестік жүйеде газет-журнал шығару
Достарыңызбен бөлісу: |