Нұрғали Қадырбаев


ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата21.01.2017
өлшемі0,86 Mb.
#2344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫҢ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ  
ЕЛІМІЗДЕГІ ҚАЙТА ҚҰРУ  ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ КӨРІНІСТЕРІ       
(1985 – 2005 Ж.Ж.) 
 
Еліміздің  тарихында  1985-1991  жылдар  ерекше  орын  алады.  Бұл 
уақыттар еншісінде қоғамдық-саяси өмірімізде ерекше сипат алған, кеңестік 
өмірге  басқаша  баға  берілген  ой-пікірлер  кешені  жатады.  Тарихымызда  аты 
аталмаған, түсі  түстелмеген оқиғалардың беттері ашылды. Кеңестік заманға 
түбегейлі,  қарама-қарсы  бағыттағы  ой-  пікірлер  айтыла  бастады.  Оның 
ішінде  дұрыс  та,  мүлдем  асыра  айтушылар  да  орын  алғаны  рас.  Олардың 
бәрін  де  таза  алтын  сипатауға  қабылдауға  әсте  болмайды.  Себебі  өзіміз 
өткеннен келген ұрпақпыз. Өткенің бәрін қаралай сынау – әділетсіз.  
«Таскекіре»  әңгімесінің  басты  кейіпкері  Қалыпбек  сегізінші  кластан 
соң  қойшыға  көмекші  болады.  Үш  жыл  қой  бағады.  Өз  кластастары  оңды- 
солды  сөйлеуден  әбден  шешен  болса  да,  Қалыпбекте    ондай  мінез  жоқ 
болатын. Қыздар сегізжылдықты бітіріп, кеш өткізген сәтте биге шақырса да 
міз  бақпай  өз  орнында  отыра  беретін  жанның  бірі  еді.  Бірақ  қойды  бағу  ісі 
қанша  қиын  болса  да,  ол  боркеміктеніп  кетпейді.  Олқы,  кемшін  түскен 
тұстарын  жетілдірумен  жүреді.  Басынан  сөз  асырмау  да  оның  жеке  қасиеті 
дер едік.  
Қой бағудың тірліктері оңай емес екендігін шопан көкесі Құттыбай да 
айтады. Ол жеті жүз қойдың бәрі ақ мәліш болса да әрбірінің түрі мен түсін 
жетік  білетін.  Кәдімгі  шопан.  «Сопақ  бас  саулық  бүгін  неге  тоймаған?»,  
«Шұнақтың сирағына таяқ тиген бе тағы? деуі сөзіміздің айғағы.  
Шопаның сеніміне кірген Қалыпбек бір жыл ішінде жарамды кәсіп иесі 
атанып,  бірер  тоқты,  бірталай  қап  бидайға  ие  болады.  Қабағы  қатулы, 
шиеттей  бала-шаға  шаршатқан  анасының  жанын  жадыратар  еңбекақымен 
марапатталады.  
Қалыпбек  бірте-бірте  аты  да,  заты  да  мәлім,    қуатты  да,  әлді  шопанға 
айналады.  Колхоз  бастығының  өзі  Қалыпбекті  мақтан  тұтатын  болады. 
Қалыпбекке  қой  бағу  үшін  тұрмысқа  қолайлы  «Уазик»  автокөлігін  де  алып 
береді. 
Бірақ  өмірдің  сан  қатпарлы  екендігіне  Қалыпбек  колхоз  бастығының 
екінші өмірімен таныс болғанда көзі жетеді. Бастық Қалыпбектін «Уазигіне» 
жиі-жиі  мінетінді  шығарады.  Қалада  көңілдесі  бар  екендігіне  Қалыпбектін 
көзін жеткізеді. «Сынықтан басқаның бәрі де жұғады» демекші, Қалыпбек те 
бастық секілді қаладан уақытша бір көңілдес келіншекті таппақ болады.  
Көңілшек  әйелді  табады  да.  Алайда  «Адамнан  жасырғанды  Алладан 
жасыра  алмайсың»  демекші,  колхоз  бастығының  өзіне  тиесілі  лауазымды 
орнынан босағаны, төрт баласын тастап, қаладағы көңілдесімен бас қосқаны 
Қалыпбекті  алған  бетінен  қайтарады.  Былайша  айтқанда,  Қалыпбекті  оғаш 
әрекеттерден құдайдың өзі сақтап қалады.  

 
48 
Әрине,  құндылықтар  құны  төменшік  тартқанда  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынастар  да  табиғилығынан  арыла  бастайтыны  шындық. 
Адамдардың  бір-біріне  деген  адалдығы,  оның  деңгейі  күрт  түсе  бастайды. 
Отбасы  адалдығына  селкеу  түссе,  күмәнға,  күдікке  орын  табылады.  Отбасы 
үшін бұл, әрине, өте үлкен қауіпті дерт. Көркем әңгімеде  құндылықтар әлемі 
күйрей бастаған шақтағы адамдар психологиясының ауыр кеселге ұшыраған 
келеңсіз  көріністері  қылаң  берген.  Қоғам  өміріндегі  алдамшы,  өткінші  іс-
әрекеттер  оқырманды  қаншама  қызықтырғанмен,  жас  оқырман  үшін 
сақтандырар,  алдын  алар  тағылымды  дәріс  деп  білеміз    біз  осынау  көркем 
туындыны.  
Жазушы  қазақ  тілінде  өте  сирек  айтылатын  сөздер  қатарын  тілдік 
айналымға  енгізу  ісінде  де  ерен  еңбек    етіп  жүргендігін  атап  өтуге  тиіспіз. 
Маселен, осы әңгімедегі таскекіре сөзі «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің 10 
томдығында  кездеспейді.  «–  Таскекіренің  тікені,  –  деді  қыз  саусақтарын 
Қалыпбектің  кеудесінде  жыбырлатып.  –  Омырауыңыз  тола  таскекіре»  дейді 
әңгіме кейіпкері. Таскекіре – автордың меңзеуі. Бұл өсімдік адам тәніне рахат 
дарытумен  біргелікте  оны  удай  ашытады.  Әңгімеде  айтылар  ой  мазмұны  да 
солай,  бір  сәттік  рахат  өмір  бойы  жинаған  еңбек  жемісінің  дәмін  удай 
ашытып жіберуі мүмкін. Сол себепті де қай жолды таңдау  – оқырманның өз 
еркінде. Дұрысы – адамгершіліктен, адамшылықтан аттамау. 
«Кезеңдегі  музыка  мектебі»  әңгімесі  бүгінгі  заман  адамдарының  
тыныс-тіршілігіне  арналған.  Адамдардың  қым-қуыт  тірлігі,  өзара  қарым-
қатынасы, ішкі әлемі, дүниетанымы мен көзқарасының әрқилылығы қаламгер 
назарынан  тыс  қалмаған.  Басшы  мен  оның  қарамағындағы  адамның 
дүниетанымы  мен    бір  мәселе  бойынша  әртүрлі  ой  бағамдары  да  әңгіменің 
бағасын  арттыра  түскен.  Бұны  әңгіме  кейіпкерлерінің  саналуан  тағдырлы 
өмір жолдары арқылы ұғынғандаймыз.  
         Кезінде  министрлікте  қызмет  жасаған  композитор  Кемел  Байсалов 
ендігіде  шығармашылық  жұмысқа  ауысқан.  Бұрын  қолпаштап,  қаумалап 
қарсы алатын жер-жерлердегі басшылар бүгінде ондай қасиеттен ада болған. 
Қоғадай  жапырылып  құлай  жөнелуге  бейім  мінез  түп-түгел  жоққа  тән. 
Әрине,  композитор  бұндай  жағдайды  түсінеді.  Оны  пендешілік  деп  те 
түсінбейді.  Өмір  ағымындағы  заңды  құбылыстардың  бірі  деп  санайды.  Бұл 
қазақ әдебиетінің проза саласындағы кейіпкерлер әлемінде кездесетін тосын 
әрі жаңа суреттеу тәсілдерінің бірі деуімізге болады. Әдетте орнынан түскен, 
лауазымды  қызметтен  кеткен  кейіпкерлерді    қара  бояумен  мейілінше 
суреттеуге пейіл  таныту молырақ орын  алса, жазушы Мархабат Байғұт өмір 
талқысына  тап  келген  кейіпкерді  жан-жақты  көрсетуге  ұмтылады.  Осынау 
ерекшеліктің  басты  себебі  біздің  пайымдауымызша,  қаламгердің  өмірлік 
тәжірбиесінің, дүниетанымы мен көзқарасының, қат-қабат мемлекеттік және 
қоғамдық  жұмыстардың  саналуан    түрлеріне  етене  араласуының  игі 
нәтижелері деп білеміз.  
Мұндай  бай  тәжірибе  қаламгер  үшін  аса  қажетті  өмірлік 
материалдарды елеп-екшеуде біржақтылыққа ұрындырмасы хақ. Көзіқарақты 

 
49 
оқырманның  қолдап,  қуаттауына  ие  боларлық  мықты  қуат  көзі  де  бұл. 
Өйткені  бүгінгі  оқырманның  білігі  мен  біліктілігі  де,  дүниетанымы  мен 
көзқарасы  да  кемел  әрі  ауқымды.  Бұны  қаламгерлер  атаулысы  жақсы 
түсінгені  де  абзал.  Талғамы  мен  талабы  жоғары  көркем  әдебиет  әлемі 
үдерісінде дәл осындай сипаттарды ескере білу де үлкен өнер.  
Қызмет  пен  мансаптың,  әрине,  ерекше  күшке  ие  екендігі  белгілі. 
Қызмет  пен  мансаптың  ауылы  ұзаған  соң  бұрын  сәлемі  мен  құшағы  ашық 
қарамағындағы  адамның  салмақты  сәлемі  де,  қауышуы  да  сатулы  реңкпен 
алмасады.  Бұл  да  –  өмір  шындығы.  Қалай  десек  те,  ағымдағы  тірліктегі 
табиғи  көріністер.  Осылардың  бәрі  де  оқиғалар  тізбегінде,  кейіпкерлер 
әлемінде  дәл  қалпында  көркем  сөз  бен  сөз  өнері  арқылы  жазушы 
шеберлігінің  үстем  қалпын  толық  танытқан.  Мұнда  ретсіз  сөз,  басы  артық 
бояу  реңктері  байқалмайды.  Оқырман  көңіліне  дөп  тиер,  дүниетанымын 
байытар, көзқарасын қалыптастыра, жетілдіре түсіретін тағылым бар. 
Аталған әңгімеде сәби кейіпкердің сөзі мен әрекетінде де пайымдылық 
пен  парасаттылық  жеткілікті-ақ.  Үзінді  келтірелік:  «Сонда  немене  деді 
десеңізші,  аға.  «Ол  күн  сайын  солай  «Волгамен»  барады.  Мен  сіздерді 
солардың  көзінше  унижать  етіп  көп  тұрғым  келмеді»  деді  балабақшаға 
барған  баласы  өзге  балалардың  автокөлікке  мініп  баратын  күнделікті 
әдеттерін байқаған пейілмен әкесіне.  
«Кезеңдегі  музыка  мектебі»  автордың  көлемді  әңгімелерінің  бірі.  Ескі 
мектеп орнына музыка мектебін ашқан ауылдағы таланттардың болашағы да 
оқырманды  бейжай  қалдырмайды.  Пәни  дүниеден  бақилыққа  аттанған 
Айтбай  күйшінің  басына  келіп,  қараторы  баланың  айтуымен  ешқандай 
белгісі жоқ төмпешік топырақты тапқан композитор Кемел Байсаловтың ән-
күй  әлеміне  деген  іңкәр  сағынышы  ұлтымыздың,  халқымыздың  рухани 
деңгейінің  әлі  де  жоғары  екендігін  сездіреді.  Ауыл-аймақ  ауқымынан  аса 
алмаса  да,  халықтың  өнер  бастауының  тұнығы  саналған  Айтбай  секілді 
күйшілердің соңында іздеушілері жоғалмағандығын аңғартады. Әңгімені оқи 
отырып,  зымыран  уақыт  шеңберінде  рухани  өмірді  бір  сәтке  де  жадтан 
шығаруға болмастығына көз жеткізесіз. Әрине, ел эканомикасы, оның әлеуеті 
бірінші  кезекте  тұрғанымен,  халқымыздың    толыққанды  ғұмыр  кешуінде 
оның  мәдениеті,  өнері  көш  соңында  емес,  ту-у  басында  тұры  керектігі 
менмұндалап тұрады. Жазушы көрегенділігі де осында деп білеміз.  
«Үш  үй»  әңгімесі  –  кең  көлемді,  кешенді  ойларға  тола,  келелі 
мәселелерді  көтерген  көркем  туынды.  Мұнда  мектебі,  фельдшерлік-
акушерлік  пункті  мен  байланыс  бөлімшесі  бар  ауылдағы  қайнаған  өмірді 
байқайсыз.  Ал  сол  ауылдан  ерекше  орында,  биік  дөңесте  орналасқан  үй 
үйден өрбіген оқиға көркем әңгіменің өзегіне айналған.  
Қазірде  кішігірім,  шағын,  қиыр  шетте  орналасқан  деген  ұғымдар 
компьютерлік  технология    заманында  түбегейлі  өзгерсе  де,  көркем 
шығармадағы көкейкесті мәселелер толғақты әрі мәнді.  
Кадрларға  олардың  біліктілігі  тұрғысынан  қараудың  орнына,  басқа 
жақтан  келгендерін  бетке  басу,  орынсыз  намыстану  секілді  жағдаяаттар 

 
50 
өмірде  көп  болмаса  да,  әлі  де  жиі  кездесетіндігі  рас.  Жазушы  осынау 
мәселелерді жылы юмормен, орынды көркем сөз құралдарымен, поэтикалық 
тілмен  өз  оқырмандарына  шынайы  жеткізе  алған.  Қаламгерлік  шеберлік 
ізденістері заңды түрде өз жалғасын тапқан.  
Шынында да, ауылдағы мектепке тағайындалған жаңа директор Есенов 
пен  дәрігерлік  пунктке  басшы  болған  әйелі  Гүлшат  Есенова  жаңашыл 
жандар.  Ізденісті  қалайтын,  өз  істерін  ел  игілігі  жолындағы  аса  жауапты 
мамандық деп санайтын көкірек көзі ояу, сана-сезімдері сергек кейіпкерлер.  
Жаңа директордың ата-аналарға деген үлкен реніші де орынды. Себебі, 
осынау  ауылда  тұратын  адамдар  балалардың  сапалы  білім  алуына  бейжай 
қарайды.  Бұны  негізгі  мәселе  емес,  қатардағы,  ағымдағы  жай  ғана  жұмыс 
қалпында  қарайды.  Балалар  мектепке  барса  болды.  Бармаса  да  мейлі.  Онда 
тұрған  не  бар  дегендей  көзқарас  қатты  орныққан.  Әрине,  бұл  –  үлкен  дерт. 
Кесел.  Баланың  білімі  қандай  екен  деп,  мектепке  бару,  оның  іс-әрекеті 
жағдайынан  хабардар  болу  –  сол  ауыл  адамдары  үшін  қажеттілікке 
айналмаған.  Тіпті,  бұны  намыс  көреді.  Салғырттық  пен  немқұрайдылық 
бойларын әбден билеп алған. Бұндай жағдай әлі де аз кездеспейтіндігі мәлім. 
Әйтсе де, сондай іс-әрекеттер мен мінез иелері жылы юмормен суреттеледі.  
Үш  үй  арасындағы  қарым-қатынас  адамдардың  бір-біріне  деген 
адамгершілік, 
мейір-шапағат, 
көршілік 
барыс-келістер 
секілді 
құндылықтардың бүгінде тым күрт өзгергендігін, тіпті, төмендеп кеткендігін 
байқатады.  Ауылдың  зиялы  қауымы  саналған  Дархан  Есенов  пен    Келден 
ағай  көрші  бола  тұра  бір-бірінің  үйінде  өтетін  іс-шараның  бір  күнде 
белгіленгенін    біле  алмай,  өзара  қатты  айтылған    сөздерге  жол  береді.  Түн 
ішінде үш үй арасында айқай-шу болады. «Айналдырған үш үйдің  арасында 
осындай  жағдайлар  жүріп  жатқанда,  жер  жүзіндегі  мемлекеттерге  сабыр 
берсін.  Ауыл  интеллегенциясымыз  бәріміз.  Келден  ағайдың  мұнысы  ұят 
екен. Өзгелерге өнеге болу орнына айқай-шум жасап...» деген Шалғынбектің 
сөзінде  мегаполистік-технологиялық  инновацияның  тікелей  әсері  бар. 
Адамдар  көп  жағдайда  бірін-бірі  түсінуден,  ұғынудан  қалып  бара 
жатқандығын да бекерге шығара алмаймыз. 
Алайда Дархан Есеновтың Ауғанстанда қайтыс болған  ұлы Ержанның 
бір  жылдық  асы  өз  уақытысында  өтеді.  Солай  болуына  Келден  ағайдың  
ұлының  өзі  бастамашы  болады.  Ержанның  қабірінің  басына  барып,  гүл 
шоғын  қояды.  Өзінің  үйлену  тойын  өткізуге  қарсылық  танытады.  «  – 
Алматыда    жасадық,    жетеді.  Ержанның  қаза  тапқанына  жыл  толуын    атап 
өтеміз де, аттанып кетеміз», – дейді. Күнделікті өмірімізде кейінгі ұрпақтың 
дәл  осындай  көрегенділік  жасап,  адамзат  баласына  тән  ұлық  мінез  таныта 
беретіндері көбірек бола түссе, әлем де, туған жер де жайнап, жасай берер еді 
деген ой түйеміз. 
«Жылқы  айтылған  түн»  әңгімесі  –  жазушы    Мархабат  Байғұттың 
адамдар 
арасындағы 
қарым-қатынастың, 
үлкендер 
арасындағы 
психологиялық    терең  иірімдердің  сан  қатпарлы    сырларына  арналған.  Бұл 
әңгімеде  де  ауыл  мұғалімдерінің  бейнелері  суреттелген.  Қарапайым  ауыл 

 
51 
мұғалімдері. Ауылдағы тіршілік. Келін  келген шақ. Тойға әзірлік мәселелері. 
Тойға  сойыс  үшін  асау  жылқыны    көлікпен  алып  келу  үшін  жолға  аттанған 
әлгі  екі  мұғалім.  Бірі  жас  мұғалім  Әжікен.  Екіншісі  химия  пәнінің  мұғалімі 
Бұлтбай. 
     
Тұрмысы  әлеуетті  ауылдың  беделді  иесі    Көсағаң  осы  екі  мұғалімді 
өзіне  тартып,  тойды  ойдағыдай  өткізуде  оларды  өзіне  көмекші  болуға 
ұйғарады.  Екі  мұғалім  Әлдибастаудан  жылқы  әкелуге  келгенде,  Басқарушы 
мен  Меңгеруші  бұларды  күтіп  алады.  Басқарушы  –  бөлімшенің    иесі. 
Меңгеруші – ферма иесі.  
Жазушы әңгімесіндегі кейіпкерлердің бірқатары  осылайша азан айтып 
қойылған  нақты  аттарымен  емес,  қызмет  лауазымына  орай  суреттеледі.  Бұл 
да жазушы прозасындағы  әдеби-көркемдік шеберлік тәсілдерінің бірі ретінде  
жаңаша  ұғынылады.  Табилығымен  есте  қалады.  Ел  арасында,  шыны  керек, 
есімдерімен  емес,  қызмет  жайына  орай  аталатын  жандар  да  аз  емес. 
Жазушының осы орайда әңгіме кейіпкерлерінің жанды бейнесін сомдаудағы 
суреткерлік әрі өмірлік тәжірибесінің аса мол екендігін анық аңғара аламыз. 
 
Әңгімеде  өмірде  аз-кем  болса  да  кездесетін  отбасындағы  аярлық,  бір-
бірінің  көзіне  шөп  салу  секілді  жағдаяттар  да  оқиғалы,  диалогты  эпизодтар 
арқылы  суреттелген.  Бұның  барлығы  табиғи,  оқиғалар  өрбуі  жағдайында 
әңгіменің  шынайылығын  арттыра  түскен.  Араққа  сылқия  тою,  ардан  аттау 
секілді  мәселелер  адамзат  баласын  қашанда  азғындыққа  итермелеп 
отырғандығы  әлімсақтан-ақ  белгілі.  Кеңестік  қоғамның  рухы  әлсіреп,  жан 
дүниесі  құндылықтарының  тым  төмендеуі  оның  мүшелерінен  де  сырт 
айналып кетпегендігін әңгімені оқи отырып илана түсесіз. Осының бәрі тойға 
арналып  сойыс  мал  үшін  жылқыны  қолмен  ұстай  алмай,  мылтықпен  атып 
алған  түні  болған  әңгіменің бір  үзігі еді.  Әңгімеде  нағыз  өмір  деп  аталатын 
ұлы өмірдің көркем көріністері тұтастығымен ерекшеленеді. 
 
Адам  баласының  болмашы  нәрсеге  қуанатын  мінезі  де  жазушының 
«Мәшине мәселесі» атты әңгімесінде өте керемет суреттеледі. ХХ ғасырдың 
90-жылдарының  басында  дүкендердің  сөрелерінен  тауарлардың  бірде-біреуі 
қалмай,  көзден  бал-бұл  ұшып  жатқанда,  қандайда  бір  зат  болмасын, 
қасқалдақтың  қанындай  қат  болғанын  осынау  әңгімені  оқи  отырып,  сол 
уақытты  көз  алдыңыздан  қайтадан  өткергендей  боласыз.  Бұл  әңгіме 
кейіпкерлерінің  сөзінен  от  ауызды,  орақ  тілді  шешендіктің  де,  тоқырап, 
дағдарған  замана  көрінісін  де  қолмен  қойып,  нәрлі  бояумен  әспеттелгендей 
кейіпте көре аласыз. Жазушы шеберлігі осы орайда өрнекті тілінде, орнықты 
ойында,  сөз  өнерінің  табиғатын  терең  игеруінде  екендігіне  көз  жеткізесіз. 
«Төр  тозды,  ауыл  азды,  ағайын»,  «Немереңе  неге    «сен  дегізіп  қойғансың? 
Неге  «сіз»  деп  сызылып  тұрмайды?»,    «  –  Кемпірі  бар  ауылда,  кір  сабын 
табатын  қызы  бар  қалада,  бұл  да бір  бақытты  антұрған»,  «  –  Апыр-ай  деші, 
тырс етіп тіл қатпай-ақ тәртіпті түгел орнатып қойып еді, әттең...» деген төрт 
шалдың  өзара  әңгімелеріндегі  күні  кешегі  қайта  құру  алдындағы  Андропов 
кезеңі  мен  одан  кейінгі  уақыттың  алмағайып  шақтары  диалогты  сөйлемдер 
арқылы өте шебер берілген. 

 
52 
 
«Мәшине  мәселесі»  әңгімесіндегі  Қанымкүл  кемпірдің  жоғарыда 
айтылған төрт шалға көркем сөзбен, нақты оймен берген мінездемесі жазушы 
шеберлігі  еі  үздігі  дер  едік.  Мұнда  келтірілген  кемпірдің  сөздері 
кейіпкерлерді бейнелеуде,  суреттеуде  және  мінездеуде  ең  күшті тәсілдердің 
бірі. Жазушы төрт шалды жеке-дара суреттеп, бейнелеп, мінездеп жатпайды. 
Қанымкүл  кемпірдің  өзіне  тән  өткір сөздерімен  өрнектеп,  оқырман  қауымға 
өте ұтымды ұсынады. Оқырман осы үзіндіні, эпизодты оқи отырып, өмірдің 
өзімен етене қауышқандай халде болады. 
Сөзіміз дәлелді болу үшін мысал ұсыналық: «Сен анау ақсақтың үйінен 
төмен  қарата  тінтіп  шық,  мен  жоғарыға  қарай  жорғалайын.  Оразаға  сақтап 
отырған  тұштақайынды  сойып    жеп  қойса,  сорлы-ау,  жарты  қап  жемің 
жылай-жылай кетеді ғой. 
 
–    Арзымбетті  ақсақ,  Сыпатайынды  сорлы  дедің,  Елемес  екеумізге 
ештемең жоқ па? – деді Үрпекең. 
– Сен  қақсауықты қойшы, сүйегі қурап қалған Сталиніңді айтып отыра 
берсеңші, – деді Қанымкүл  қайырылмаған күйі. – Ал мына  Елемеске жесір 
қал деген мен емес. Қатынының қанын теспей сорып, ертерек өлтіріп тынған 
өзі бұл залымның. 
–  Әне,  қарық  болсаң,  сен  –  қақсауық,  мен  –  залым,  –  деп  Елекең  
қызарақтады.»  
Осынау  эпизодта  кейіпкер  болған  төрт  ауыл  шалының  іс-әрекеттері 
мен    мінез-құлықтары  әбден  еленіп-екшелгені  Қанымкүл  кемпірдің  кесек 
сөйлеген, ірі тураған өткір де шешен тілінен дәлме-дәл байқалады. Әңгімеде 
замана шындығы, кеңестік дәуірде ел басқарған диктатор көсемнің бейнесі де 
сөз өнері арқылы әділ де шынайы көрініс тапқан. 
 
Әңгімеде  публицистикалық  леп  те  авторлық  ой-пікір  секілді  түйіледі. 
Осынау  ой-пікірде  тек  қана  кейіпкердің  яки    автордың  ішкі  әлемі  мен  жан 
айқайы ғана емес, тәуелсіз ел болдудың қаншама тағылымды, ғибратты, құны 
тым  жоғары,  биік  жетістік  екендігіне  көзіңіз  де  көңіліңізде  жете  түскендей. 
Әңгімеде мұндай тағылымдар аз кездеспейді. Мысал келтірелік: «Тымырсық 
тыныштықты Үрпекең бұзған. 
– Бастық болып, сол мұрттыға қызмет қылған жылдарыңда жетеңе жегі 
түспесе,  жеті  қазынаның  жарымын  білмес  пе  ең,  –  деп  Арзекеңе  тікелей 
тиісіп, кеңкілдей күліп жұмсартты. – Білмесең, біліп алғын: бірінші қазына – 
қыдыр,  екіншісі  –  бақ.  Қыдыр  дариды,  бақ  қонады.  Үшіншісі  –  ақыл, 
төртіншісі  –  денсаулық,  бесіншісі  –  ақ  жаулық,  алтыншысы  –  тұз-дәм, 
жетіншісі  –  ит.  Уа,  Арзымбет!  Уа,  Елемес!  Осы  жеті  қазына  біздің  жеке 
басымызда  түгел  болмаса  да,  мына  ауылымызда,  елімізде  бардай  еді, 
неліктен  ғана  бордай  тозып  кеттік  осы?!  Қыдырымыз  –Қоңыртауымыз, 
бағымыз  –  Биліккөліміз  емес  пе  еді  жаратылыстан!  Тәннен  бөлінген  жан, 
айналайын  аруақ  тербеп,  желеп-жебеп  жүрмеуші  ме  еді!  Олар  неден 
шошынды,  ойға  салыңдаршы?!  Қоныртауың  қоңырап,  Биліккөлің  аңырап, 
адамың неліктен аңға айналып кетті?!» 

 
53 
 
Әңгіме үзіндісі көсемсөздік прозаның елдік мүддемен ұштасқан айтулы 
үлгісі  деуімізге  әбден  болады.  Кең-байтақ  еліміздің  ұлтарақтай  жері  мен 
алақандай сулы аймағы қашанда да, қай кезде де қасиетті, киелі екендігі, оны 
мекендеп,тіршілік  еткен  адамдары  қор  болып  емес,  зор  болып  өмір  сүруге 
әбден  құқылы  деп,  кеуде  керіп  айтқыңыз  келеді  жазушы  кейіпкерімен  бірге 
қосыла. 
 
Әңгімені  түйіндер  тұста  Үрпекбайды  да  көзіқарақты  оқырман 
сипатында  түсінгіңіз  келеді.  Ол  соғыс  кезінде  тұтқынға  түскен.  Тұтқыннан 
қашып,  елге  оралғанда  таныстары  теріс,  ал  кеңестік  өкімет  өктем  қараған. 
Кемпірі  де    ертерек  кетіп,  тағдыры  талайлы  болған  оның  күрделі  тіршілігі, 
әрине, оның жүйесіне жұқартқан. 
 
Ұлтымыздың    ұстыны  –  ауыл  десек,  расы  сол.  Сонау    кеңестік 
заманның  жүйесі  быт-шыт  болып  үзілген  шақта  туған  ауылымыздың  құты 
қашқаны рас-тын. Әңгімеде осынау кезең ащы да болса шынайы суреттеледі: 
«...ел  қалаға  қарай  ауды:  ауылдан  қыдыр  қашты,  бақ  тайды,  ақыл  азайды, 
денсаулық  жүдеді,  ақ  жаулықты  кір  шалды,  тұз-дәмнен  береке  ұшты,  ит 
үрудің  орнына  ұлуға  көшті.  Адамы  мәңгүрттенген,  келешегі  күңгірттенген 
Шарқақпаның  шырттай  қаранғыда  да  шаңытып,  шалажансар  жатысы  жан 
түршіктіреді». 
 
Тәуелсіздік  оңайға  келген  жоқ  дегіміз  келеді  осындайда.  Сондай- 
сондай    қияметтерді  де  бастан  кешіргеніміз  халқымызға  аян.  Тәуелсіздік 
мүдделері  бізден  аса    зор  міндеттерді  алға  қояды.  Ата-баба  аманаты  бүгінгі 
ұрпақтың ұлағатты болып өсуін қалайды. Сонда ғана өткеніміз – тағылымды, 
бүгініміз – бүтін, келешегіміз – кемел болмақ. Әңгіменің  тоқетері мен  түйіні 
де осында. 
 
Әңгіменің  бірінші  бөлімі  уақыт,  замана  мәселелеріне  түгелдей 
арналғандай  сезіледі.  Өткен  кезеңге,  уақытқа  баға  берерде  төрт  шалдың 
әрбірінің өзіндік көзқарастары бар.  Үрпекбай  ауылдың, оның адамдарының 
мәңгүрттенуіне  мұртты  көсем  кінәлі  деп  санайды.  Елемес  шал  бай-
құлақтардан  тәркіленіп,  кедей-кепшіктерге  бөліп  берген  малға  ие  бола 
алмаған  құл-құтандарды  кінәлайды.  Сыпатай  шал  Хрущевті  жамандайды. 
Андроповты  мақтайды.  Ожан  шал  Брежневтің  мамыражай  заманына  дән 
риза.  Ал  Арзымбет  шалдың  ойынша    қазақ  азап  үшін  жаралған.  Бұл 
халықтың тұла бойы, болмыс-бітімі тек қана тұнған кесел дейді. 
 
Әңгіменің  екінші  бөлімінде  жоғарыда  аталған    шалдардың  дүние- 
мүлікке  деген  аса  зор  қызығушылықтары  суреттеледі.  Әрбірі    өздерінше 
адал,  әділ  болуға    ұмтылған  төрт  шал  жеме-жемге    келгенде,  соғыс 
ардагерлері  ретінде оларға жеңіл автокөлік сыйға  тегін беріледі дегенде, өз 
болмыс-бітімдерін, күрт өзгеріске  ұшыраған кейіптерін танытады. 
 
Жалпы  алғанда,  бұл  әңгімеде  адам  мінезінің,  іс-әрекеттерінің  әртүрлі 
жағдайларда  сан  қатпарлы  өзгерістерге  ұшырайтыны  көркем  әрі  сенімді 
өрнектеледі.  Жазушы    адам  мінезі  мен    оның  іс-әрекеттеріндегі  күрт 
өзгерулерді,  алмағайып  мінез  құбылыстарын  өте  шебер  берген.  Әрбір 
кейіпкер  өзінің  дегенін  ғана    жүзеге  асыру  үшін  ұрымтал  сәттерді  іздеп, 

 
54 
қолда  бар  мүмкіндіктерді  пайдаланып  қалуға    құмбыл  екендіктерін 
аңғартады. 
 
Ожан  шалдың    Қаратаудағы  қызы    автокөлікті  беретін  болса,  толық 
құнын төлеп те алуға мүмкіндіктері бар екендігін білдіреді. Өйткені  кеңестік 
кезеңде  автокөлікті  сатып  алу    қиямет-қайым  болғандығы  мәлім.  Көлік  алу 
үшін  оның құның толық  төлеу өз алдына, одан тыс қолын құр қоймау деген 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет