бақтарын сатып алғанымен, біраз уақыт өте келе олардың сәнді қалпынан рең
кете бастағанын ашық айта бастайды. Немістер секілді қолынан өнер
келмейтіндігі әңгімеге арқау болады.
Осы орайда Немеребайдың ауылға келіп, қонақ болған белгілі жазушы
Дулат Исабековтың немістерді ерекше халық екенін, бірде Алматы да
олардың бірінен дача сатып алғанын, сөйтіп, оған үш жыл бойы қарамай,
күтіп-баптамай, зорға дегенде қазақыландырып алғаны жөнінде айтқаны
оқырманды күлдіреді. Бұл күлкі шынында да адам баласын жымитады. Бірақ
есі бар сананы қатты шымшылайды. Оятады. Сергітеді. Мүлгіме босқа,
қарағым, дегендей меңзейді. Қатарға, өркениетке қосылсаңшы деп үн
қатқандай. Бұдан артық қандай тағылым қажет. Осының өзі жазушы
шеберлігінің ұстараның өткір жүзіндей оқырманның ой әлеміне әдемі әсер
етеді. Жан дүниеңізге жылы сәуле дарытады.
Немістік сипат – тәртіптілік, реттілік, нақтылық, дәлдік деген
ұғымдармен айрықшаланады. Қазақыландыру ұғымында жоғарыда үлкен
мысқыл жатыр. Мұнда мәселеге бейжай қарау, немкетттілік, қалай болса
солай, жүрдім-бардым назар аудару ерекшелігі менмұндалайды. Әйтпесе,
қазақыландыру түсінігінде шынайы қонақжайлылық, мейір-шапағат,
жұмсақтық, бауырлас ниет, үлкенді сыйлау, кішіге ізеттілік таныту арлылық
және т.б. да кең Даламыздай ұлан-ғайыр ғажайып қасиеттер тұнып тұр ғой.
«Ауыл клубының аукционы» әңгімесі нарық заманы өмірімізге әкелген
шындықтың проза жанрындағы көркем көрінісі. Күні кешегі кеңестік
заманда төл тіліміз тым қасаң тартты, саясиланды десек, нарық заманы
келісімен құнарлы тіліміз шет тілдік термин сөздермен тым молығып
кеткендігі жасырын емес. Әңгіме кейіпкері – ауыл клубында отыз жылға
жуық уақыт бойы қызмет атқарған Еңсегейдің газет бетінде жарияланған
аукционға қатысты ақпаратты оқуы осындай ойларға жетелейді.
Газет бетінде өзі қызмет ететін ауыл клубы аукционға қойылыпты.
Аукцион голландтық тәсілмен өткізіледі деп хабарланыпты. Осы ретте
Еңсегейдің көзқарасын да түсінуге құқымыз бар. Сауда-саттықты не үшін төл
болмысымызға, яғни ұлттық ерекшелігімізге сай өткізуге болмайды. Бірақ
нарық заңдылығының өз заңы, тәртібі бар. Сол себепті де қазірде тілдік
қарым-қатынаста Еңсегейдің түсіне бермейтініндей терминологиялық сөздер
мен сөз тіркестері өте-мөте жиілеп-ақ кеткен.
Сондай-ақ Қапсағай елді мекеніндегі мәдениет саласында ұзақ жылдар
бойы адал да жемісті қызмет атқарғанымен, Еңсегейдің тіршілігі
Теңсегеймен салыстырғанда қоңырлау. Қоңдылау емес. Ал Теңсегейдің малы
62
да, құсы да көп, қоныс-жайы да іргелі. Еңсегейдің ауылдағы қызметі, клубты
мұнтаздай таза ұстауы, ауданнан, облыстан келетін тексерушілерді қабағы
шытпай күтуі, концерттерде әндерді беріле, еліге айтуы, көрермендеріне адал
болуы, ауыл клубындағы үнді киноларының бір және сериялық фильмдері
дәурен құрған уақыттары әңгімеде шынайы, тиімді әрі ұтымды суреттелген.
Әңгімені оқи отырып, сол уақыттарды, дәлірек айтқанда, ХХ ғасырдың 60-
90-жылдарын еріксіз көз алдыңызға елестетесіз. Жадыңызда көркем туынды
өрнектеген замана бедерлері мен оқырманның өзі ғұмыр кешкен уақыт
шындығы бір-бірімен үйлесім тауып жалғасып жатады.
Алып империя, алпауыт ел КСРО ыдырап, бұрынғы әрбір туыс
республикалар өз еншілерін алып, ұлттар тәуелсіздігіне ие болғанда,
әңгімедегі «Үшінші Интернационал» ұжымшары да бөлініп шыға келеді.
Әрине, бұл ұжымшар ұлт-ұлт болып енші алған жоқ. Жеке-жеке болып,
әрбірі жекешеленіп, өз телімдерін алумен шектелді. Еңсегейдің қызмет орны
– клубы ендігіде ешкімге керек болмай қалды. Уақыт талабы соны қажет етті.
Әңгімеде суреттелер оқиғалар, авторлық баяндаулар, кейіпкерлік ішкі
монологтар арқылы берілген адамдардың көзқарасы, дүниетанымы, замана
шындығы да өмір сүру тәсілдерінің күрт өзгергендігінен хабардар етеді.
Еңсегеймен кеңес кезінде мәдениет саласында қызмет жасаған Қалдыбай
базарда алдына орамал жайып, ән айтып күнелтуге көшкен. Көрмегелі көп
болған бажасы мен балдызы бұрын жалғыз бөлмедегі пәтер ішінде жеті адам
болып тіршілік жасаса, ендігіде үш қабатты және екі қабатты үй-жайға
қоныстанған. Өмір де, адам да күрт өзгерістерге тап болған замана шындығы
көркем туындыда ой-санаңды да, ішкі дүниеңді де жаңғыртып, жаңарта
түседі. Бұрынғы бағыт-бағам жайлы құндылықтар туралы көзқарастар
түгелдей аударылып-төңкерілген қоғамда өмір сүру шындығы жазушы
шеберлігімен етене ұштасқан.
Жекешелендіру заңына сай аукционға түскен ауыл клубын
қарызданып-құрызданып сатып алмаққа бел буған Еңсегейдің жолы
болмайды. Бай-бағлан Теңсегей ұтып алады клубты аукционда. Өнер
адамының отыз жылдық еңбегін де ескермейді нарық заңы. Оның дегені
өзгеше, жықпыл-жырасы қитұрқы екендігіне жекешелендіру үдерісі
Еңсегейдің көзіне шұқып көрсетеді. Еңсегейдің еңсесі түседі. Әрине, бұл өте
өкінішті-ақ.
«Сексен қыз бен сегіз ұл» әңгімесінде кеңестік кезеңдегі мақта өнімін
жинау науқанының көріністері ойдағыдай суреттелген. Мұнда мақта теріміне
байланысты келеңсіз жәйттер де жазушы қаламынан тыс қалмағандығын
атап айтуға тиіспіз. Мәселен, шынында да сол уақыттарда мақтаны жинау
нағыз науқанға айналатын. Бүкіл тіршілік атаулысы ұмытылатын деуімізге де
әбден болатын-ды. Мектептегі оқу тоқтатылатын. Әрине, 5-11-сынып
оқушылары үшін. Қоңыр қыркүйектен қарлы желтоқсанға дейін оқушылар
да, студенттер де мақта теруге қатыстырылатын. Жазушы әңгімесінде
жазылғанындай: «Біздің жақта солайтұғын. «Ақ алтынға» қолғабыстан қашу
– баяғыдағы Ұлы Отан соғысынан қашқанмен бірдей» еді.
63
Мақтаны жинау өз алдына, өнімнің тез пісуі үшін мақталық алқаптарға
дефолиация жасалатын, яғни мақта өсімдігінің жапырақтарын қуратуға
бағытталған улы химикат – бутифос ұшақтармен шашылатын. Бұл улы дәрі
тек мақта өсімдігін ғана емес, оған жуық маңда орналасқан елді мекендердің
тұрғындарына, олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізер еді.
Улы химикаттың өзіне тән жағымсыз исі ауыл-ауылдардың ауасында
тұнып тұратындығы шындық-тұғын. Оған қарсы ашық пікір білдіру – сол
кездегі тоталитарлық жүйеге негізделген қоғамға қарсы шығумен бара-бар
болатын. Адамдардың, әсіресе, жас ұрпақтың бауыр ауруына, гепатитті
жұқтырып алуына осынау бутифостың тікелей әсерін бүгінде ешкім де жоққа
шығара алмайды. Бутифосты АҚШ әскері кезінде Вьетнамға қарсы соғыста
пайдаланғаны бұқаралық-ақпарат құралдарында кеңінен жазылғандығы да
мәлім.
Көркем әңгімеде де осынау жағдаят көрініс берген. Қос бүйрегінен,
бауырынан дертке ұшыраған, кеселденген оқушы ұл-қыздардың мақта
терімінде ауру болғандығы, тіпті, біреуінің бақилыққа аттанғаны жазушы
туындысында авторлық баяндау тәсілімен ашық өрнектелген. Рас, бүгінде
жас балалардың еңбегі, құқы, міндеттері заң ауқымында қорғалады. Ал ол
кезде жас буынның еңбегіне жүрдім-барлым қарау, олардың қабілет-
қарымдарына немкеттілік таныту сол уақыттың жүйесіне сәйкес саяси
тұрғыда бағаланатын-ды.
Тікелей айтқанда мақта өнімін жинау – кеңес жастарының төл міндеті,
патриотизмінің көрінісі дейтұғын. Ал оқушының тікелей міндеті – білім
алуы ше? Оған көз жұма қаралатын. Оқу, оқу үдерістері үш-төрт айға
беймарал тоқтатылатын. Оған ешкімнің де қарсылық танытуға қауқарлары
жетпейтін-ді. Алып империяның айбыны сұсты-тұғын. Мінеки, осы мәселе
жазушы әңгімесінде біржолата дәл, анық көрініс тапқаны, қаламгердің
туындысының шынайылық деңгейін арттыра түскен.
Алайда көркем шығармадағы көкейкесті мәселелер, балалардың
еңбегін қорғау, олардың денсаулығына зиян келтіретін жағдайлардан сақтану
секілді жағдаяттар қаламгерлік шеберлікпен, юмормен әдіптелгендіктен
оқырманды сол кезеңдерге деген сағыныш пен жылылық шуақтарына
бөлейді.
Мақта теріміне келген оқушыларды жайғастыру, жатақханаға
орналастыру жайы туындыда түйткілді, шешімі қиын мәселеге айналады.
Жатақхана бөлмелері қыздар мен ұлдардың бөлек-бөлек жатуына сәйкес
болмай шығады. Ақылдасқан, кеңескен ұстаздары – Абдыраев, Саймасаева
және жас мұғалім сексен қызды және жуастыру деген сегіз оқушыны үлкен
залға бірге жатқызады. Сегіз ұл қыздардың шетінен орын алады.
Кеңестік кезеңді, әрине, сын тезіне түгелдей ала беруге болмайды.
Онда да жетістіктер, табыстар молынан болды. Бірақ жүйенің өзі,
ондағылардың тыныс-тіршілігі жаппай науқаншылдыққа, саясиланған
дақпырт сөздерге тола болғандығы туындыда әділ де тура көрінісімен, сөз
өнері шеберлігімен нақты суреттелген. Мысал келтірелік: «Бұл шақта анау
64
арқада, тың төсінде: «Бірде-бір масақ далада қалмасын!» – деген ұран
тасталса, мына Мырзашөл өңірінде: «Бір талшық мақтаны ысырап етпейік!»
– деген девиз көтеріліп отырыпты. Мына мен, яғни алфавит бойынша бірінші
тұратын Айтуғанов: «Ойпырмай, бүкіл тың өлкесіндегі кең далада
қалайынша бірде-бір масақ қалмайды? – деп, іле-шала: «Әр қадам сайын сан
талшық мақта ыбырсып жатқанда, бір талшық мақта қалайынша ысырап
болмайды? – деп қайран қалатынмын сонда. Орындалмас мақсатты, іске
ешқашан аспайтын міндетті ұран етіп тастайтынымыз, девиз етіп
көтеретініміз қалай?! Деп аңқиятын аузым». Мінеки, сол уақыттың бір үзік
ақиқаты. Бұған ешқандай да түсініктеме берудің қажеті жоқ.
Әңгіме оқиғасы сексен қыз бен сегіз ұлдың арасындағы қарым-
қатынастар негізінде өрбиді. Сегіз ұл, яғни сегізінші сыныптың оқушылары:
Айтуғанов, Арынбеков, Әріпбаев, Ботанов, Жабағиев, Қойбағаров, Серперов
және Тұяқовпен бұлармен шекаралас жататын сегізінші кластың қызы Бәтес.
Бәтес бір төбе де осы сыныпта оқитын он екі қыз бір төбе. Сегіз ұлдың бәрі
Бәтеске ғашық болады. Кәдімгі бала ғашықтан сәл-ақ биіктеу сезімнің бір
түрі. Қол созымдай жерде жатқан Бәтес пен сегіз ұлдың ортасына күндердің
күнінде тік сандықты әкеліп орнатады. Балалық сезімді өшіру ниеті бартұғын
мұндай әрекетте.
Бәтеске ғашық болып өз ойын ашық білдірген Ботанов өзіне тиесілі
жұғымды жауап ала алмайды. Рас, махаббатқа әмір жүрмейді. Қаншама
жақсы көргеніңізбен, екінші тарап ұнатпаса, не етерсіз? Жүректі бұйыра
аласыз ба?! Әңгіме эпилогында Бәтес пен Арынбековтың жұптасқаны, бір
отауға біріккені айтылады. Бертін келе тым ертерек Бәтестің қайтыс болғаны,
одан соң күйеуі Арынбековтың, біраз уақыттан кейін Ботановтың дүниеден
өткені баяндалады. Әйтсе де, Бәтеске осынау сегіз ұлдан бөлек сыныптасы
Кенжеғұловтың үнсіз ғашық болғандығы мәлім болады. Әрине, бұл сезім
жайлы сыныптастардың бірде-біреуі білмеген-ді. Оған бір кеште бастары
қосылған сыныптастардың бәрі де қайран қалады. Қайран Кенжеғұлов сол
сәтте ұзақ уақыт бойы өкси, еліге, езіле жылаған. Балалық адал махаббаттың
куәсіндей болған сағынышты да сағым жылдар көркем әңгімеде өрнекті әрі
кестелі нақышымен шебер суреттелген. Әңгіме балғын жастағы сезім
иірімдеріне терең суарылған. Сырлы да, сезімге қанық көркем шығарма тілі
жатық, ойы дәл, оқиғалары ойлы әрі нәрлі.
«Әпкемнің ауылы» атты әңгімесінде адамдар арасындағы, тіпті,
ағайын-туыс, бауырлар ортасындағы мейір-шапағаттың тым кемшін,
жоғалып бара жатқандығы ашық суреттеледі. «Адам қайткенде адам болып
қалады?» деген сауалға жауап беру бүгінде оншалықты көкейкесті емес-ау
деген ойға да берілесің. Өйткені адам баласының мәңгүрттенбеуі жайлы
әлемдік және отандық әдебиет өкілдері талай-талай тағылымды дүниелерді
жазды. Оқырман олардың барлығын дерлік жылы қабылдады. Бірақ өзгерген
әлем шамалы. Осынау мәселе оқтын-оқтын күн тәртібіне көтеріле береді.
«Әпкемнің ауылы» да адамдар, туыстар, бауырлар арасының мызғымастай
берік болуын қалайтын тағылымды дүние.
65
Әңгімеге үшінші мыңжылдықтың басындағы оқиғалар арқау болған.
Әңгіме кейіпкері авторлық баяндау арқылы бірінші жақтан беріледі.
Күншуақ қаласынан ұзаққа тұрмысқа шыққан әпкесі Үрисәнды әңгіме
кейіпкерінің көрмегеніне біраз жылдар өткен. Әпкесінің үйіне ол үлкен ұлы
үйленгенде бір рет барған. Одан соң жездесі дүниеден қайтқанда және бір
мәрте бой көрсеткен. Онда да болса, жұмыс деп, қызмет деп кетуге асыққан
қалып танытқан.
Осынау әңгімені оқи отырып, әңгіме кейіпкерлерінің ешбірін де
кінәлағың келмейді. Әпкесінің сөздері орынды. «Дос-дұшпанға көрініңкіреп,
оқта-текте
келіңкіреп
тұрсаң
қайтеді,
қарашығым?!»
деуі
–
бауырмалдығының белгісі. Мейірімділігінің, сағынышының өлшемі. «Екі-
үш сағатқа әрең босатар бастықтарым екі-үш күнге қалай шыдасын, Үрисән
әпке?» дейді күнге балаған інісі де өзін-өзі ақтап.
«Бармаса, келмесе, жат болады» деген дана халқымыздың тәлімді сөзі
рас қой. Алайда өмірде бәрі де болады. «Келмегеніңе жүдә көп болды-ау.
Бауыр деген безбейді ғой, безбейді. Безбейді бәрібір. Е, бірақ бүгінде бірдеме
деп бола ма....» Бұл – әпкесін іздеп келген інісіне көрші әйелдің айтқан
сөздері. Тіпті мектепте еден жуғыш болып жұмыс жасайтын әйелдің: «Туған
інісі бар ма еді ол сорлының?» деді әпкелі-інілі деген қосарланып айтылатын
сөздің өзі қазірде жатбауыр деген ұғыммен бара-бар бола бастағанын
аңғартқандай түйсіледі.
Әңгімеде адам баласының, әсіресе, туыстар мен бауырлардың бір-
бірімен тонның ішкі бауындай байланысып, үйлесіп, араласып жүруі
қажеттігі айқын сезіледі. Еден жуғыш әйелдің сөзі көзіқарақты оқырманға
өмірдегі бағдаршамдай жөн-жоба, бағыт, бағдар көрсетіп тұрғандай
сыңайлы. «Есі дұрыс кісі, дені-қарны сау іні туған әпкесін соншама жыл
көрмей, іздемей, сұрамай жүре бере ме, а?! Үрисан қандай еді?! Іштен
тынып, қартайып кетті ғой ол сырлы. Сырын да, жырын да бізге айтады.
Қартайып жібердің ғой Үрисәндай сұлуды. Көркем жаратылысты. Сотталып,
айдалып кетпесең, жылына бір мәрте кеп тұратын жөнің бар емес пе еді,
қарағым...» Бір әке-шешеден тараған бауырлардың қандай болуы керектігі
жайлы тағылымды сөз осындай-ақ болар. Өмір деп, заман деп, құбыласын
күнде өзгертіп жүргендер аз ба, шіркін. Әңгіменің айтары салмақты.
Ғибратты. Көкірегінде саңылауы бар жанның ой әлемін, сана сезімін
тебірентпей, тербетпей қоймайды. Мәңгүрт адамға ғана ықпалы жүрмес деп
ойлаймыз.
Жазушы Мархабат Байғұттың «Сауна» әңгімесі тәуелсіздіктің
бастапқы жылдарындағы уақыт шындығына арналған. Бұрынғы кеңестік
жүйенің жақсы жақтарының бірі – әрбір ұжым, мекеме, кәсіпорын мүшелері
көбінесе тегін демалу құқына ие болатын. Бұған кәсіподақ ұйымы
мүдделітұғын. Осынау ұйым араға біраз жылдар тастап, өз жұмысын тәуелсіз
елімізде де жандандыра бастағанын әңгімені оқи отырып көз жеткіземіз.
Әңгімеде тәуелсіздіктің алғашқы нышандарын айқын аңғара аламыз.
Соның бірі – жер, ел көру арқылы туған жерді де түлету, гүлденту, жаңғырту
66
мәселелері дер едік. Кеңестік кезеңде сол кездегі алып ел – КСРО-ның
түкпір-түкпірінде демалу ғана басты мәселе болса, ендігіде тәуелсіз ел
адамдары өздері көрген, білген жәйттерді өзі туып-өскен топыраққа
бейімдеп, ел-жұрттың игілігіне жарату болатын. Әрине, осы орайда бұл
үдерісте оң ниет болғанымен, кей-кейде имандылықпен, парасаттылықпен
жалғаспаған жағдаяттар да молынан ұшырасты. Осынау көріністерді де
әңгімеден оқи, тани аламыз.
Әйтсе де, Ресей жеріне демалуға барған әңгімедегі үш кейіпкер –
сырбаз Сайрамбай, ұзын бойлы Тастыбай, қарны өсіңкіреген Шубай сол
жерде Карелиядан келген балалар үйінің директоры Кирилл Сысоевпен
жолығады. Танысады. Бір-бірімен аз уақыт ішінде-ақ достасып кетеді.
Кириллге бұлардың ақкөңілдігі, меймандостығы ұнайды. Әкелген қара
қарбызы да таңдандырады. Олар соңыра бір-біріне барып, араласуға шешім
қабылдайды. Саунаның мықтысы Карелияда екендігін де Кирилл курортта
танысқан ойпаңбелдіктерге ұғындырады.
Ойпаңбелдік үш азамат Кириллдің елін көрмек болып, бір КамАЗ қара
қарбыз артып жолға шығады. Кирилл «Сыйға – сый, сыраға – бал»
дегендейін, КамАЗ-ға карелиялық тақтайларды артып жібереді. Ойпаңбелде
де сауна салыңдар деп. Өз елінде әңгіме кейіпкерлері, сөйтіп, сауна салады.
Мұндай іс-әрекеттер, құрылыстар ендігіде елімізде жаппай салына бастаған-
ды.
Үшінші мыңжылдықтың басынан бері жер-жерлерде әр түрлі
мақсаттағы
құрылыс
ғимараттарының
салынуы,
олардың
сәулет
ерекшеліктері де ерекше құбылысқа айнала бастады. Бүгінде бұл үдеріс әлі
де өзінің жалғасын табуда. Ойпаңбел үшін сауна секілді ұғымдар кезінде
түсініксіздеу болса, ендігіде ұлан-байтақ еліміздің қай тұсын алсақ та,
бәсекелестік қабілетке ие болған, өркениетке қарай ілгері ұмтылған
ізденістер нышанын айқын аңғаруға болады.
Әңгімеде әдеттегідей ағымдағы өмір оқиғалары, адамдар бойындағы
мінез ерекшеліктері, замана көріністері жан-жақты суреттелген. Көркем
туынды тілі жеңіл, оқиғалар тізбегі қызғылықты. Сөздерді қолдану үдерісі
оқырман жанын жадыратады. Жылытады. Оқырман жүзіне күлкі үйіртеді.
Қарапайым ауыл адамдарының сан қатпарлы психологиясы таныс әрі
бейтаныс сипатта өздеріне қарай баурай түседі. Әңгіме кейіпкерлерінің
барлығы дерлік аңғалдау, ақкөңіл, қарапайым болып көрінгендерімен
қарабайыр емес. Көздері ашық, көңілдері айқара ашылған, уақыт талабына
сай, сергек жандар.
«Сүмбіленің суы» әңгімесі ішкі монологқа, ішкі диалогқа құрылған
прозалық шығарма. Мысал келтірелік: «Ғажабы сол, ғарышкеріңіз әлгі
әйелмен үн-түнсіз сөйлесе бастағандай.
«Жалғыз екенсіз ғой?» – деді бұл.
«Түсінбедім», – деді мұңы мың қабат, сыры сан қабат әйел.
«Жағажайда жалғыз жатқаныңызды айтам», – деді бұл.
67
«Ия-ия, онда тұрған не бар. Жалғыз емеспін, мұнда мен өз мұңыммен
бірге келгем», – деді әйел. Жанарларындағы мұң-мұнарға ұзын-ұзын, қап-
қара кірпіктері діріл араластырды.
«Жалғыздық жақсы емес ғой», – деді бұл.
«Ия, оның несі жақсы дейсіз. Бірақ мен мұңды жалғыздықты
жаратам», – деді әйел.
Әңгіме Ыстықкөл жағалауында өрбиді. Катерге ұзын арқанға
байланып, парашютті асынып, жылдамдықты арттырып, құс ұшатын биікке
көтеріліп, жағада жалғыз жатқан жас шамасы жиырмалардағы, отыздардағы,
қырықтың бергі жағындағы сұлу да мұңды әйелдің жанына қонған ер жігіттің
іштей сүйіспеншілігін, махаббат сезімін жазушы ішкі монолог-диалог
арқылы берген. Туындының ерекшелігі де осында. Мұнда кейіпкерлердің
ішкі психологизмін суреттеуге кең мән берілген.
Әңгімеде биік мұнара туралы аңыз да бар. Ертеректе өте сұлу Мұң
Шолпан болыпты деседі. Сұлу қызын ешкімге көрсеткісі келмеген әкесі өте
биік мұнара салғызған дейді. Бірақ батыр жігіт Шоң Алпан күндердің
күнінде сол аруға жол тауып, сұлуды қаратыпты дейді. Бұл – әңгіме ішіндегі
екінші сюжет желісі боларлықтай оқиға. Постмодерндік үлгідегі әңгіме
желісі қос оқиға болса дағы, ортақ мақсатқа қызмет еткен. Бір сөзбен
айтқанда, қаншама қуатты, мықты болса да, жарасымдылық, үйлесімділік,
көркемділік атаулысын нешеме тәсілмен қорғаштаса да ол өз жолын,
бақытын табуға қашанда ұмтылады. Әрдайым ұмтыла бермек. Дамудың
сыры да, құпиясы да солай деп ұғынғысы келеді оқырман.
Әңгімедегі ару Мұң Шолпан – айтулы лауазымды бір кісінің зайыбы.
Оның іс-әрекеті, мінезі орнықты. Бірақ соншама үлде мен бүлдеге оранып
жүрсе де, бүгінгі мынадай қызылды-жасылды дүниеге соқыр көңілмен
қызықпайтын жан иесі. Супер киімдер киініп, супер қылықтар танытпайды.
Демалысқа келген, дәлірек айтқанда, халықаралық дебатшылар форумына
келген Шоң Албан Мұң Шолпандай әйелдердің бар екендігіне таң қалады.
Бірақ өзі де қайтар жолда автобус ішіне мінгенде, қатар жайғасқан көп санды
коммерсант қыздың бұған қарап, танитындығын білдіріп, «Бір түрлі ғой,
ағай. Сізге мұндай автобуспен жүру түк те жараспайтын секілді» деуі,
адамдар арасындағы қарым-қатынастың, дүниетанымның мүлде өзгере
бастағанын аңғартады. Әйтпесе, адам әрқашанда адам ғой. Ұлы Абай
айтпақшы: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл,
жылы жүрек». Бірақ өмір дегенің өмір де, шіркін. Оның өзіндік дамуы, заңы
бар. Жұмбағы көп, құпиясы мол дегіңіз келеді.
Сондай-ақ жалғанның жарығында не қымбат деген сауалға жауап
ретіде әңгіме оқиғасына негіз болған қазақ жазушысы Бексұлтан
Нұржекеевтің «Қырғыз келіншек» атты әңгімесіндегі мына бір жолдарға
ерекше мән беріп оқығанда көз жеткізуге болатын секілді. Жазушы
әңгімесіндегі сөйлемдерге көңіл бөлелік: «Адамның адамшылығын өсіретін –
жақсыны сағыну. Бәріміздің, сірә, бақыт деп жүргеніміз – жақсыға жолығу.
68
Жолығуын жолыққан болармыз-ау, қу тіршіліктің күйбеңімен жүріп,
қаншасын жоғалтып алғанымызды айтсаңшы!»
«Сүмбіленің суы» – тазалық, арлылық, мөлдірлік хақында. Адам
бойындағы, табиғаттағы шынайылық туралы. Мұң Шолпан – әңгіменің басты
кейіпкері, ол азан шақырып айтқан есімін айтпайды. Шоң Алып кейіпкеріміз
де солай. Дей тұрсақ та, олар өмірдің шынайылығын, тіршіліктің тазалығын
ұнатады. Мұң Шолпанның өзі де әр жыл сайын тек қана сүмбіле туғанда
бірер күнге ғана күйеуінің рұқсатымен бостандыққа шығып, демалып
қайтады. Өйткені сүмбіледе су да мөлдірейді. Лайы тұнады. Толқыны
тыншиды. Тап-таза болады. Адам жаны, әрине, қалай десек те, тазалыққа,
мөлдірлікке, ынтызар екендігі де қандай қуанышты. Әңгіме мазмұнының
тағылымы осы мәндес ұғыммен үндесіп тұрғандай сезіледі.
Жазушы Мархабат Байғұттың «Әкім кеткен күн» әңгімесі де терең
психологиялық иірімдерге құрылған. Адам баласының ішкі сырын, жан
толғаныстары мен тербелістерін білу ешқашан да мүмкін емес. Мүмкін-ау,
бірақ бәрібір өзінің табиғи болмысындағы жұмбақтар мен құпиялардың бәрі
дерлік ашылмай қалуы бек мүмкін.
Әңгімеде суреттелетін кететін әкім мен келген әкімнің бет-бейнесі де
екі түрлі. Автордың баяндауынша, әңгіме кейіпкері, хаттама жүргізуші
Бәсірбек Төлеңгітұлы талай-талай әкімнің келгенін де кеткенін де көрген.
Олардың бәрі дерлік бір қалыптан аумайды. Келген әкім сөзін
алабұртыңқырап бастайды. Жасанды түрде жайдарыланады. Жып-жылы
жымиыспен сөзін тәмамдайды. Кеткен әкім сөзін күреңітіп бастап, жылы
жымимаққа әрекет жасап, аяқтайды.
Әкімдер де адамдар ғой. Қалыптасқан қағидаға, сценарийге, хаттамаға
сай мінез, іс-әрекет танытуы қажет те шығар. Өйткені ол шенеунік ғой.
Шенеунік қызметкердің де өзіндік этикасы болатындығы да шындық.
Жазушы келген, кеткен әкімді шынайы суреттеуге, артық бояу жақпауға
ұмтылады. Бұл – өмірді сол қалпында суреттеуге ынта-ықылас танытқан
қаламгер үшін аса қажетті көркемдік-шығармашылық тәсілдердің бірі.
Бәсірбек Төлеңгітұлы – мемлекеттік қызметкер. Өмірлік тәжірибесі
мол. Кеңес кезеңінде шетелдерде болған. Кәсіби біліктілігі мойындалған
айтулы маман. Африканың Сомали және Эфиопия елдерінде қызмет
атқарған. Сол елдердің салт-дәстүрлерін, жөн-жосықтарын, тамақ ішудегі
біздің халыққа мүлдем ұқсамайтын дастархан мәзірімен де етене таныс. Бір
сөзбен айтқанда, ел көрген, жер көрген, әлемді таныған жан.
Сол елдерде жүріп ел-жұрт басқаратын әкімдерді сайлау үдерістерін
де көзімен көріп, куә болған. Мәселен, бірінде жаңа әкім келерде оның
бетіне, сөзіне қарамайды. Желке тұсына қарайды. Қолдаушылар жаңа әкімнің
желке тұсына назар аударады. Сөйтіп, өздерінше болжам жасайды екен. Ал
екінші елде келген әкімнің сөзіне, шешендігіне көңіл бөлуді жөн санайтын
көрінеді. Әрине, Еуропадан келген тәсіл сол елге де өз әсерін тигізе бастаған
сыңайлы. Келген әкім де өз сөзінде өтірік уәде беруге ден қоя бастағандай
69
кейіп танытатын секілді. Бірақ солай болса да, ол елде өтірік сөйлеу, жалған
уәде беру – өлгенмен тең есепті сияқты.
Бәсірбек Төлеңгітұлының байқап, пайымдауынша әңгіме соңында
адамдарды көк желкесіне қарап та білуге болатындығы авторлық баяндау
арқылы көркем суреттелген. Әрі оқырман көңіліне дөп келерліктей ойлармен
айшықталған. Бәсірбек те «Тарап бара жатқандардың соңынан қарап, неше
алуан көкжелкелердегі құбылыстарды шынымен-ақ оқып тұрды. Хаттамаға
түсіріп алар ма еді асықпай деп ойлады». Шынында да, адамтанудың
осындайда әдістері мен тәсілдері әр түрлі ғой дерсіз әңгімені оқи отырып.
Әңгімеде басқосу, жиналыс, жиын секілділер жай әншейін уақыт
өткізу еместігі де ашық аңғарылады. Мәселен, әлемге әмірін жүргізген әйгілі
Шыңғысхан: «Қарны жарылғанша мелдектеп тойып алған мыңбасы, жүзбасы
кеңеске келіп, кекірік атып отыратын болса, олардың басы алынсын» деген
қағидатты мемлекет өміріне енгізіпті. Бұл да – тағылым. Бәсірбек
Төлеңгітұлы да кеңес кезіндегі кезекті бір жиында хаттама жазып отырып:
«Ал мына кеңестегі бастықтардың көпшілігі кекірік атып отырыпты» деп көк
дәптеріне бадырайта жазып қояды. Сол үшін де ол бастықтары тарапынан
қатаң ескерту алған. Әңгімеде адамдардың ішкі дүниесіне терең әрі жан-
жақты үңілу үдерісі айқын аңғарылады. Жазушы үшін бұл аса қажетті қасиет
деп ойлаймыз. Кейіпкерлердің ішкі әлемінің саналуандығы оқырманның
танымын, талғамын биіктете, кеңейте түсетіндігіне еш күмән жоқ.
«Ақпандағы мысықтар» әңгімесі – нарық заманы әкелген келеңсіз
жағдаяттардың адамдар өміріне, тіршілігіне тигізген кейбір теріс жақтарын
суреттеуге арналғандай түйіледі. Нарық заманы келісімін, қоғамда, адамдар
өмірінде, олардың тіршілігінде күрт өзгерістер орын ала бастады. Бұрынғы
адами құндылықтар, оған берілетін бағалар өлшемі де түбегейлі өзгерді.
Сонымен бірге адамдардың көзқарасы мен дүниетанымында да дүниенің
құбылма
мінезіндей
алмағайып
ой-пікірлер,
алдаусыратқан
сөз
қолданыстары басымдыққа ие бола бастады. Бұндай құбылыстарды
адамдардың бір-біріне деген дипломатиялық қарым-қатынасы деуге де болар.
Себебі, өмір бұрынғы адами құндылықтардың ара-салмағын тым
тағыландырып, жеңілдетіп, өзіне деген мән-мағынаның парқын, бағасын тым
араластырып, кейде, керісінше өзге мағынаға ауытқытып жатқаны шындыққа
айналған-ды.
Ақпандағы мысықтар қаланың бұрынғы хал-ахуалын күрделендіріп
жібереді. Қала шуылы, оның қым-қуыт тіршілігі, асығыс ғұмыры ақпанда
мауыға ұйлыққан сандаған мысықтардың адамша шығарған, бір-бірін
басына дауыстай шақырған үндері, дауыстары алдында түкке тұрмай қалады.
Өйткені қалада соңғы уақыттары қаңғыбас мысықтар өте көбейіп кеткен-ді.
«Зайып» фирмасының президенті көңіл-қошы асып-тасып, мұхиттың
арғы жағына ұшақпен сапарға аттанады. Келіншегі үйде қалады. Ол да үлде
мен бүлдеге оранған. Жағдайы тым жақсы. Қаланың өзінде үш үйі бар.
Өздері де үшеу. Күйеуі, өзі және Америкада оқып жүрген қызы.
70
Келіншегі қалада жалғыз өзі қалады. Ол кезде ол да өзінің тән
құмарлығын жүзеге асырады. Базарда күн көрістің қамымен жүрген, кезінде
институтта дәріс оқыған жігітпен танысады. Оны өзіне тартып алады. Жігіт
те сылқым әрі ару келіншектің дегеніне көнеді. Жігіттің ойынша келіншек
«Бұл мөлтекте сымбатына тең келер жан табылмас... Бүкіл ғұмырында
титімдей қиналыс көрмеген, қиындықтың дәмін татпаған жан шығар, сірә».
Ауыз әдебиеті үлгісіндегі сөз орамдарының қалыбына салып айтар болсақ:
«Ай десе аузы, күн десе көзі бар» хас сұлудың өзі.
Әйтсе де, сайтани болмыс келіншекте де, жігітте де кездеседі. Әзіл де
болса, қала мэрінің бірінші орынбасары «Зайып» фирмасының президентіне
мұхиттан асып баратын сапарға аттанарда сол елде қаңғыбас мысықтардың
ақпан айында мауыққан хал-ахуалына байланысты қандай іс-шараларды
жүзеге асыратынын біліп қайтуын өтіне сұрайды.
«Зайыптың» президенті, шыны керек, бұл тапсырманы орындайды. Ол
елде қаңғыбас мысықтар деген мүлдем болмайды екен. Мысықтардың ойнақ
салар айына олар арнайы дайындалатын көрінеді. Арнайы орындар, тиісті
қаржылар бөлінуге міндеттеледі. Мінеки, оларда солай. Әңгімеде меңзеу бар.
Біздерге де сондай іс-шаралар қажет секілді.
Сонда қалай? Оларда сондай деп, өзіміздің текті болмысымыздан,
қасиетімізден толықтай арылуға тиіспіз бе? Әңгіме тағылымы өмір
шындығын
шынайы
суреттеуінде.
Еліктіре,
қызықтыра
білуінде.
Жақсылыққа жетектеуінде. Жамандық атаулысынан ұзақтау болуға
үндеуінде. Текті елдің текті ұрпағы болу – көп-көп міндеттерді, салмақты
жүктерді әрбіріміздің иығымызға артады. Оны көтере білу, үдесінен шығу,
әрине, басқа гәп. Бөлек мәселе.
Өмірдің өзі де сондай емес пе. Жол бойындағы көшті ұзатып саламыз.
Беймәлім адамдармен жолығамыз. Көш қайтарда және де бұрынғысынша
қауышып жатасыз. Айырыласыз. Қосыласыз. Көбейесіз. Бөлінесіз. Тұп-тура
есепке құрылғандай тәсіл. Бірінсіз-бірі жоқ. Қызығы мен шыжығы, амалы
мен айласы астасқан қайран тіршілік.
Әңгіме кейіпкері – «Зайып» фирмасының жұбайы Ханымның өмірі
жұмақтағыдай болып көрінгенімен, ғұмыры түтік ішінен түрлі-түрлі сан
алуан әдемі де ғажайып өрнектерді көрсететін калейдоскоп сияқты.
Таңдандырады. Тамсандырады. Ал оның ішін ашып қарасаң, бар-жоғы әр
түрлі сынық шишалар ғана. Ханым бейнесі де тұтас болмысқа ие кейіпкер
емес. Драмалық бейне. Тұтастығынан ажыраған, сызат түскен, сынған
психология. Өмірде бар, жанымызда жүрген тұлға. Күнделікті тіршіліктегі
көптеген замандастарымыздың кейбірінің бірі ғана. Бірақ ол да өзін тұтас
бейнемін деп есептейтін болар, бәлкім. Кім білсін? Мүмкін.
Жазушының «Шығарма» әңгімесі нарық заманының қырық құбылған
сипаттарына арналған. Нарық адамдардың болмысына да түбегейлі
өзгерістерді әкелгенін шығарманы оқи отырып пайымдай түсесіз. Көркем
туындының бір ерекшелігі – кейіпкерлердің есімдері тура мағынада
аталмауында. Азан шақырып, төлқұжатта көрсетілген аты-жөнінде емес.
71
Мысалы, Пақырлар қоғамын басқаратын адамның аты-жөні – Пақырдин.
Лауазымына қарай қойылған және бір кейіпкердің есімі – Проректор. Тағы
бірі – Ректор.
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына түспек болған талапкерлердің
шығармаларын тексеру үшін құрылған пән комиссиясының төрағасы – Пән
Төраға. Және бір қосымша есім иесі – қадала қарайтын Қадалған. Пән
төрайымы – Тең Төрайым атын иеленген. Іштегісінің бәрін сыртқа шығара
бермейтін Сазарған, сәл ғана күлімдейтін Сәл-Күлім көркем туындыдағы
негізгі кейіпкерлер. Жазушы кейіпкерлердің мінезін, іс-әрекеттерін, сөйлеу
мәнерін, портреттік бейнелерін туындыда жан-жақты суреттеген. Олардың
мінез ерекшеліктері әңгімедегі оқиға барысына сай өзгеріп, құлпырып
отырады.
Әңгіме фабуласындағы обкомның бірінші хатшысының кенеттен
қайтыс болуы, ондағы бірінші басшының түр-тұлғасына өте ұқсас жас
әйелдің оны жоқтауы, үстіндегі қарапайым киім киісі автордың қаламы
арқылы оқырмандар назарына ұсынылады. Обкомның бірінші басшысы
жөніндегі ел-жұрттың аузындағы жылы сөздің шындығына оның
қарындасының түр-тұлғасы, жұпынылау киім киісі бәрі-бәрі де дәлел
болғандай көрінеді.
Бұның барлығы әңгіме кейіпкері Пақырдиннің баяндауы, көзқарасы
тұрғысынан беріледі. Көркем туындыдағы кейіпкерлерге қойылған есімдер
де Пақырдиннің өзі атаған есімдері.
Обкомның бірінші басшысына деген жылы сөз оның о дүниелік болып
кеткенінде жалпақ жұртқа мәлім болса, Пақырдин де талапкерлердің
шығармаларын тексеру кезінде қоғамдық мекеме басшысы ретінде
комиссияға енгендіктен, бір қыздың жұмысына бес деген баға қояды.
Жоғарыда берілген тапсырма бойынша талапкерлер жұмысына ондай жоғары
баға қоюға қатаң тапсырма беріледі.
Соған қарамастан, сол жылы ағасынан айырылған қыздың өзі таңдап
алған шығармасын Пақырдин лайықты бағалайды. Өзіне бейтаныс қыздың
еркін тақырыпқа жазған шығармасындағы жоқтаудың шынайылығына,
сауатты жазылғанына, жап-жас болса да, өзіндік елеулі ой айтқан қызға риза
болады. Осы тұста әңгімеде обкомның қайтыс болған бірінші басшысына
ағатайлап жоқтау айтқан жұпыны да қарапайым қарындасы мен ағасының
қазасына боздап аңыраған жас талапкер қыздың жоқтауы арасында
қатарласа, қапталдаса суреттеу бар. Параллелизм аңғарылады.
Әрине, күндердің күнінде өз шығармасы үшін бес алған қыз
Пақырдинге алғыс айтады. Жас қыздың шығармасына кімнің бес қойғандығы
сол кездерде өзгелерге мәлім болады. Бұл хабар жас қыздың да құлағына
жетеді, әрине. Сол үздік баға алған қыздың кейінгі тағдырынан да оқырман
қауым көркем туындыда нақты мәлімет алады. Өмірдің тағдыр талайымының
арқасында жас қызды Пақырдин қырдағы сауда базарында жолықтырады.
Екеуі өзара сұхбаттасады.
72
Қыз ағасынан қалған жалғыз баланы оқытып жүргенін, оның үздік
оқитынын тілге тиек етеді. Бір бөлмелі үй сатып алғанын да Пақырдин
есітеді. Баяғы өзі қадалып, қатып, бес қоюға болмайды деп жоғарыдан әмір
келсе де, ғажап та, сауатты, ойлы әрі көркем жазылған бейтаныс қыздың
шығармасына үздік баға қойған бойжеткен арудың ендігі тірлігі – базар.
«Осылай болды енді ағ-ай... Қанша қойсаңыз да, бүгінгі біздің тірлікке
қандай баға қойсаңыз да, өзіңіз біліңіз енді, ағ-ай...» дейді бұрынғыдан да
көрікті болып кеткен қыз.
Не дерсіз бұндайда?! Қыз баланың еті тірілігіне, ағадан қалган ұлға
деген ізгі ниетті арқалаған бойжеткенге бақыттан басқа не тілерсіз. Соны
ғана қалағыңыз келеді оған.
Прозаик Мархабат Байғұттың «Қозапая» әңгімесі тақырыптық
ауқымда мақта шаруашылығымен шұғылданатын өңірге арналғанымен, онда
көтерілген мәселелер адами, адамгершілік тұрғыдағы көкейкесті зәруліктерді
жан-жақты қамтуымен ерекшеленеді.
Қозапая – тек оңтүстіктегі мақта дақылын өсірумен етене
айналысатын диқандар қауымына түсінікті ұғым. Автор «Қозапая» әңгімесі
арқылы қазақтың сөздік қорына және бір түсінікті, ұғымды, нақты бір сөзді
ендірді деп айтуға әбден болады. Өйткені қозапая сөзі тек бір өңірлік ұғым
болып қалғаны дұрыс емес. Тәуелсіз елдің экономикасында бір мысқалдай да
пайдасы болатын әрбір сөз, сөз орамдары мен сөз тіркестері жалпыұлттық,
жалпыхалықтық түсінікті сөзге, ұғымға ие болуы аса қат.
Мінеки, көркем әңгіменің мәні мен маңызы, тілдің шынайы
жанашыры ретінде, осында деп білеміз. Әңгімеден үзінді келтірелік: «Қоза
дегеніміз – мақта. Синоним секілді ғой. Ал ұлпасы теріліп алынып, қаудыр-
қаудыр қауашағын жарым-жартылай жел ұшырып түсіріп, қалғандары
қоңырау қағып тұрар; ал мақтасынан айырылған сабақтары қара талдың
қызғылтым шырпысындай сорая тізілер; әнекиіңіз яғни айтсақ, қозапаяңыз
сол.»
Кең-байтақ еліміздің тұтастығын ойласақ, оның әрбір ұлтарақтай
жерін қымбатқа баласақ, онда өсетін, дақылы мен өретін малын, құлан
дүздегі құсы мен баурайындағы суын және у-дуға бөлейтін орманы мен
нуын, тіршілік әлемін, бірде-бір түйірін ұмытпағанымыз жөн. Ата-бабалар
тағылымы мен аманаты да осы. Сирек кездесер затын, соған байланысты
айтылар сөзін бөлектеп, бөлшектеп кәсіби, диалекті сөздер десек те, сөздік
қорымыздың төрінен орын беруге тиіспіз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің
бастапқыда екі томдық, кейін келе он томдық, ендігіде он бес томдық шығуы
елдігіміздің,
береке-бірлігіміздің,
кәсіби
біліктілігіміздің,
ата-баба
тағылымына адалдығымыздың, тектілігіміздің нышаны.
Әңгіменің негізгі кейіпкерлері – мектеп оқушысы Есқара, оның әкесі –
Ерсәлім. Оқиға ел тәуелсіздігінің бастапқы қиын да, күрделі кезеңін қамтиды.
Ерсәлім жыл – он екі ай ішінде өзі өскен Ешкілі ауылындағы тұрғындарға
аттылы арбасымен күзде қозапая тасиды. Соған тиесілі нәпақасын алады.
Қалған уақыттарда әйелінің базарда тапқанын үй ішінде қанағат тұтады.
73
Қозапаяны тізім бойынша әр үйге арбасымен түсіреді. Сол кезде ғана
Ерсәлім Ереке-Ерекеге айналады. Өзге кезде оны ешкім де елеп, ескере
бермейді. Ауданға жаңадан әкім болып келген де ел-жұрттың қиын тіршілік
жасап жатқан шағында дүниеге келген кейіпкер. Жағдайлары нашар
болғандықтан, Ерсәлімнің апасынан көже-қатық сұрап, осы әкімнің әкесі
бұлардың үйіне баяғыда келген.
Солардың бәрін бұл әкім білетін болар, қиындықтан қалай
шыққандарын әке-шешесі айтқан шығар деп, Ерсәлім жаңа басшының
алдына кіреді. Өзіне жекешелендіріп алған, елдің қаймақтары мен
белсенділерінен қалған каналдың ең аяқ тұсындағы жерін көгерту ниетінде
несие де ала алмаған Ерсәлім бүгінде аудан әкімі болып дүрілдеп тұрған,
бұрынғы көптің бірі – қара жаяу баладан өктем-өктем сөздерді есітеді.
Ендігіде «Құдайдан өзге ешкімнен қорықпас» әкімнің алдына
еңкеймей кірген Ерсәлім өзінің несиені ала алмай алты ай бойы құжат
жинастырып жүргенін айтып, канал бойының құнарлысы мен нулысын,
жайлысы мен сулысын кімдер алғанын білмекке ықылас танытады.
Жаңадан болған әкім, обалы не керек, несиені алатын адам ғана
алатынын, құйқалы жерді өзі және өзінің адамдары алғанын, ала беретіндігін
жайып салады. Сонда өзгелер өзі секілді Ерсәлімдер аштан қатып өле бере ме
деген сауалына жаңа жүйе туғызған басшы былай дейді: «– Несі бар, небір
өркениетті елдерде де, аштан қататындар аз кездеспейді, – деді «баяғы бала».
– Еңкейместердің еншісі сол. Амал қанша, тәуелсіздігіңіз һәм бірқатар
шығындарды талап етуге хақылы.»
Әңгіме финалында басты кейіпкер – оқушы Есқараның әкесі о дүниелік
болады. Ол ауыл шетіндегі алқапта қаз-қатар тізілген қозапаяларды бір жерге
тау етіп жинайды. Жанармай толы бакалашкаларды қозапая үстіне шашады.
Өзі аспан тіреген қозапая ортасында отырып, күкіртті жағады. Ерсәлімнің
денесінен еш жұрнақ та табылмай қалады. Әңгімеде авторлық баяндау
тәсілімен ауылдастарының айтуынша, Ерсәлім ғарышқа ұшып кетті дейді.
Сол жерде біреуге жалданып жүргендігі, жағдайы оншалықты жаман
еместігінен оқырман хабардар болады. «Тірі қалса, тесіп шығар бір жерден.
Бәлкім, әкім болар... Алдынан кім шығыпты дейсіз, өрен өскіннің...»
Ия, кім біліпті. Әңгімеде суреттелетін жаңа әкім де, яғни «баяғы
баланың әке-шешесі де тістеніп, тырмысып ғұмыр кешкен емес пе. Өмірде
бәрі де болуы мүмкін ғой. Ерсәлімнің бақилық болуымен біргелікте ескі жүйе
де мәңгілікке келмеске кеткендей секілденеді. Жаңа жүйесінің аты жаңа ғой.
Онда жастыққа тән күш-қайрат, арман, үміт, бәрі-бәрі де асып-тасып тұр.
Жас бала Есқараға да дәл сондай тағдыр тілегіміз келеді.
Бүгінгі проза көне дәуірдегі Шығыс әдебиеті секілді емес. Тағылым,
ғибрат айту немесе өнегелі тәрбиеге меңзеу секілді элементтер қазірде жоққа
тән. Қазіргі қазақ прозасы өмірдің сан қырлы бояуы мен терең иірімдеріне
емін-еркін барлау жасауымен, ашық та айқын суреттеуімен ерекшеленеді.
Мұнда өнегелі де келеңсіз жағдаятар сөз өнері және қаламгердің көзқарасы
мен дүниетанымы арқылы өрнектеледі. ХХІ ғасырдағы көзіқарақты оқырман
74
ендігіде мейілінше зиялы әрі білікті. Жаңа технология, медиа ақпараттар
оның тікелей еншісінде. Оқырман көз қарасы да сан алуан бағытта. Бірін
дұрыс, екіншісін бұрыс дей алмайсыз. Өз көзқарасын, дүниетанымын қорғай,
дәлелдей алады. Біз ой-санасы әбден қалыптасқан, өмір тәжірбиесі мол
оқырман жайында сөз қозғап отырмыз.
Қаламгер Мархабат Байғұттың тәуелсіз ел жылдарында жазған
прозалық шығармалары да дәл осындай деңгейдегі көкірек көзі ашық, өзін-
өзі танып білуге ұмтылған оқырмандарға арналған. Әрине, өзін-өзі танып
білген деген ұғым шартты түрде екендігін атап өткіміз келеді. Әйтпесе, өзін-
өзі яки өзгені тану көп жағдайда ақпараттық тасқын үдерісінде ашық түрде
мойындалмайды да. Бұл біздің жеке пікіріміз.
«Өлімнен қашқан респондент» әңгімесі хақында солайша ой түюге
болады. Әңгіме ауқымы жоғары интеллектуальды оқырманның деңгейінде
жазылған көркем туынды. Респондент сөзінің өзіне әңгімеде негізгі
кейіпкерлердің бірі – Өзбекқалидың болмысы арқылы авторлық баяндауда
сөз өнері арқылы жан-жақты кестеленген рәуіште түсініктеме беріледі.
Дәлел ретінде үзінді келтірелік: «Адамдардың бәрі дерлік респонденттерге
айналды. Социологиялық сауалнамалар да солай. Адамды «Адам» деп
атамайды,
кеңес
үкіметі
кезіндегідей
«жолдасты»
жақтырмайды.
«Респондент» дейді!
Өзбекқали кеңес тұсында Күншуақ қаласындағы алып зауытта жиырма
жыл бойы жемісті қызмет атқарған. Жекешелендіру нәтижесінде ол
жұмыссыз қалады. Абырой, беделге ие Өзбекқалиды жаңа басшының
командасы жұмысқа алмайды. Тіпті, бұнымен дұрыстап сөйлеспейді де.
Басшының орынбасарлары бұған шірене қараса, оққағарлары кеудеден итере
айбар танытып, айбат шегеді.
Корей елінен келген, жоғарыда айтылған алып зауытқа инвестиция
тартқан шет елдік басшылық оған оң көзбен қарап, сынақтан өткізіп,
жұмысқа қабылдайды. Ол, сөйтіп, респонденттік қызметке тағайындалады.
Әңгіме нарық заманы кезеңінде адам баласының ойлау, сезіну, баға
беру, бағамдау секілді мәселелер бойынша ой-пікірлерінің, іс-әрекеттерінің
қалайша күрт өзгергендігі оқиғалар арқылы шынайы суреттелген. Респондент
Өзбекқалидың ой-пікірлеріндегі өзгерістер, атап айтқанда, тамақтану
үдерісіндегі таңдап, талғап жеуі, ем-дәм болу үшін өмірінде жеп көрмеген
жыланды ұқсата пайдалануы – бәрі-бәрі адам психологиясындағы, іс-
қимылындағы бұрын болып көрмеген жағдаяттар еді. Бұндай іс-әрекеттер
мен ой-түсініктер бұрынғы, яғни кеңестік жүйеде мүлдем қолдап-
қуатталмайтын. Дұрысқа саналмайтын.
«Крест» әңгімесі – адамның әу баста дүниеге келгенде қай дінді
ұстанып, соған берік болуы керектігі секілді мәселені қаузайды. Алайда
адамның қолында кей-кейде өз тағдырын шешерлік қауқар да бола
бермейтіндігі анық. Соның бірі – асыранды ұл Андрейдің өмір жолы.
Ресейдің Тула қаласы жағынан тауарлы пойызға мініп, Сағыр стансасында
түсіп қалған он екі жасар оны темір жолда қара жұмыс жасайтын Бісміллә
75
асырап алады. Мектепте оқытады. Күтіп, бағады. Күндердің күнінде
Андрейдің өтініші бойынша сүндетке отырғызады. Андрей жұмыс істеп
жүреді. Ағаш ұстасы болады.
Андрей қазақ тілін емін-еркін игереді. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеудің
шеберіне айналады. Ораза күндері ұйқастыра, үйлестіре шешендерше көсіліп
жарамазан айтады. Бірақ бірде ұрда жық бұзақылардың қолына түсіп қалады.
Вокзал басында өзі оңбай бастан қатты таяқ жейді. Содан қайтыс болады. Бір
таңданарлығы – бір жұдырығы қатты жұмулы болады. Оны ашқанда – ішінен
шынжырлы крест шығады.
Енді не істемек керек? Мұсылманша өз ниетімен сүндеттелген
Андрейдің қайтыс болғанда сол қолындағы жұдырық ішінен шыққан крестке
байланысты Бісміллә да, станса бастығы да, молда Күлшебай да саналуан
ойларға батады. Бірақ бәрі де Андрейді мұсылмандық дәстүрмен жаназа
оқып, жер қойнауына береді. Өзімен бірге жанына кресті қояды.
Қайсысы дұрыс? Мақұлы қайсы? Бұны оқырманның өз еншісіне
қалдыралық. Бұл дүниеге келген жанның тағдыр талайын шешуге ұмтылған
тірілер өздерінің адами, адамгершілік міндеттерін қалай атқару керек? Бұл
мәселелер әлі де барша жанды толғандырады. Мұнда кесіп-пішіп айтатындай
жағдаяттар жоқ. Бәрі де нақты жағдайға байланысты. Жап-жас, бір мүшелге
жетеғабыл жаста қазақ даласына пойызға мініп келген Андрейге қазақтың
перзенті Бісміллә қамқор болды. Оны өсірді. Бағып-қақты. Сүндетке
отырғызуын сұранған Андрейдің тілегін қабыл алды. Дүниеден өтерде
Андрей де өзінің қайдан келгенін, кім екенін ақтарған болар, естіген шығар,
тектілігі оянған-дыр, несі бар, мойнына арқалаған үлкен жүктің – крестің
мән-мағынасына үңілген-дір. Ол да өз түсінігі, түйсігі, талғамы мен талабы
бар адамзат баласы ғой. Әңгімеде үлкен мән бар. Әр адам өз тағдырында
мұншалықты сергелдеңді кешпесе екен деп ой түйесің.
«Сізді сүйген қыз едім» әңгімесі – лирикалық-романтикалық туынды.
Әдетте, табиғатта «тең-теңімен» деген ұғым бар. Ал осы әңгімеде ерекше
құбылыс көркем шығармаға өзек болған. Бұл бүгінгі қоғамдағы адам ойы мен
санасы оншалықты таңданыс таныта қоймайтын жағдаяттар қатарынан да
болар. Он бесінде толған айдай болған бойжеткен қыздың есімі елге елеулі,
жанұялы жанға сырттай ғашық болып, қияли ғұмыр кешіп, эпистолярлық
жанрда, яғни қағаз бетіне түскен сырлы да, сезімге тола жан әлемі әңгімеде
жан-жақты суреттелген.
Әрине, қыз баланың жасы үлкен ер азаматты жақсы көруі, ұнатуы,
ғашық болуы да табиғи. Заңды. Сезімге, жүрекке ешқашан әмір жүрмейді.
Бұйыру мүмкін емес. Табиғаттың берген сыйы – махаббат күндердің күнінде
өзіне тең, жанына жақын, тәніне телімді жігітті ұсынса, қанеки. Бірақ
махаббат та әрбір адамға оп-оңай берілетін нәрсе емес. Ол да тағдырдың,
Алланың сыйы. Кейде өмірдің дегені болады. Сондай-ақ өмір, шіркін, өмір
де... Әйтсе де, өмір солай екен деп әрекетсіз, бей-берекет жүре беруге де
болмайды.
76
Әңгімедегі басты кейіпкер – Ақнұр журналист ағасына ғашық болады.
Бойжеткен қыздың мөлдір, аппақ махаббатын қаламгер-кейіпкер сезбейді.
Дәлірек айтқанда, махаббат жас таңдамайды десек те, бірін-бірі түсініспеген,
ұғыныспаған, өзара бастан өтпеген сезімнен не күтуге болады. Ештеңе де.
Бірі сүйеді. Ыстық сезімге беріледі. Екіншісі оны елең етпейді де. Елең
еткізетін екінші, басқа объект бар. Ол бойжеткен қыздың әпкесі. Қаламгер
көбінесе, көп ретте, үнемі сол әпкесімен әзілдеседі. Бір-бірімен жылы сезім
арнасында болады. Мұндай жағдайда бойжеткен қаламгерді іштей жұмбақ да
тылсым құпиямен ерекше сүйсе де, үнемі қалтарыста байқалмай, ескерусіз
қала береді. Мұндай жағдаяттар өмірде аз ба?
Әңгімеге қырғыз халқының тыңдарман жанын айрықша баурар
уылжыған жастағы Бегімай арудың ұлғайған ер азаматқа арнаған сырлы да
іңкәр сезімге айрықша тола әніндегі: «Махаббатым сізге, тағдырым да сізге
арналады» деген әсем өлең жолдары эпиграф ретінде алынған. Көркем әңгіме
өзегі де – осынау тақырыптың аясында өрбиді.
Бойжеткен қыздың жеті жыл бойы қаламгер-журналистке сырттай
ғашық болуы, әрине, балаң махаббат пен қиялы басымдау махаббатқа көбірек
ұқсайды.
Әңгімеде автордың және Ақнұрдың атынан берілген поэтикалық
баяндау арқылы махаббатың бір жақты болғандығы белгілі болады. Рас,
қарсы яғни екінші тараптан да сүйіспеншілік сезімі болғанда, қырғыз
әніндегі сұлу да ақылды Бегімайдың ұлғайған жастағы азаматқа құлай
берілген ұлы махаббатындай сезілері хақ еді. Ал әңгімедегі қаламгердің
Ақнұрға ешқандай да сезімі селт етпейді. Сонда да Ақнұр толған айдай
толықсыса да, қаламгердің жүрегін селт еткізбегені бір жағынан түсініксіздеу
де. Әлде әңгіменің бағыт-бағдары авторлық тұжырымдамаға қызмет еткен
бе? Әлде қиялилау қыздың мінезі мен іс-әрекетінен қаламгер өзін ер адам
ретінде тебірентер, толғандырар ештеңе де таба алмады ма? Жоқ әлде,
қаламгер үшін Ақнұрдан гөрі оның әпкесі қызықтау, қылықтылау,
сүйкімділеу көрінді ме? Бәрі де мүмкін.
Үзінді келтірелік: «Он бес жасқа толған күнімнің, жарық дүниеге
келген күнімнің, туған күн кешінің қалай өткені есімде жоқ. Жадымда –
жағымды үніңіз. Алақанымда – алақаныңыздың жылуы. Ешқашан кетпес
есімнен. Дос қыздарымның қай кезде келгені, қайтіп құттықтағаны, әпкем
мен жездемнің не айтып, не қойғаны... Ойымда түк те қалмапты». Бұл
Ақнұрдың ішкі ойы, толғанысы. Сезімінің тебіренісі.
Ал қаламгер болса, Ақнұрға ешқандай да сезім жалғастығы
боларлықтай үміт те қалдырмайды. Мысал келтірелік : «Жанарыңыздан түкті
де сездірмедіңіз. Сүлесоқ, салғыртсыз. Көзіңізден ештеңені оқытпадыңыз.
Оқи алмағам. Ерініп отырғандайсыз. Табан астынан жыным қозып,
қырсығым қабындады.»
Әңгімеде суреттелетін Ақнұрдың ақ махаббаты кітаби, кітапта ғана
жазылатын махаббат қана. Ағыл-тегіл ағылған махаббат селі тек қана ақ
қағаз бетіне төгілдіріле жазылған. Ал шынайы махабатта сезім екі тарапқа да
77
ортақ, үндес болады. Өкініштісі, жеті жыл бойы қаламгерге ғашык болған
Ақнұрдың махаббаты өзге біреуге өзі тіленіп күйеуге шығуымен
тәмамдалады. Өмірде бұндай да болады.
Жазушы Мархабат Байғұт ел өміріне етене араласып, оның әлеуметтік-
саяси, қоғамдық-мәдени саласына өзіндік үлес қосқан айтулы қаламгер.
Қоғамда болып жатқан жаңалықтарды, жаңғырулар мен ХХ ғасырдың 80-
жылдарындағы қайта құру кезегіндегі бастан өткерген күрт өзгерістерді өз
туындыларында шынайы суреттелген. Оның шығармашылығына өмірдің,
қоғамның тарихилығы тән.
«Ақсақ кемпір» әңгімесіне өткен ғасырдағы қайта құру кезеңінде орын
алған оқиға арқау болған. Рас, оңтүстік өңірдегі облысқа, оның атқару
комитетіне жаңа төраға келген. Оның басты ерекшелігі – қарапайымдылығы
еді. Ел-жұртпен емін-еркін араласатын. Облыстағы сол кездегі екінші басшы
бала тұра кеңестік бюрократия, жүріс-тұрыс, өзін-өзі ұстау секілді қатып
қалған қалыптың сеңің бұзған өзіндік имиджі бар-ды. Жиналыс төрінде өзін
еркін сезінетін. Қай жерде, қайсы ауданда іссапарда болмасын, таңертең
көптің көз алдында спорттық киімін киіп алып, дене шынықтырудан бас
тартпайтын. Оның өмірі ел-жұрттан қағаберісте, қалтарыста өтпейтін.
Әңгімеде суреттелген облатком төрағасы өмірде бар айтулы тұлға Санжар
Оразұлы Жандосов болатын.
Жаңа төраға облысқа келген соң, алыстағы аудандарға іссапарға
барады. Ол жердегі мектептерге ат басын бұрады. Оқушылармен бірге сабақ
тыңдайды. Мұндай іс-әрекеттер, әрине, қарапайым халық үшін тосын әрі тың
жаңалық болатын.
Әңгімеде суреттелетін тоғыз қабатты үйде көптеген қоғамдық ұйымдар
орналасқан-ды. Онда табиғат қоғамымен біргелікте тіл қоғамы да көрші
болады. Ол кезде іс қағаздары қазақ, орыс тілдерінде қатар
жүргізілетіндіктен табиғат қоғамындағылар көп ретте тіл қоғамымен тонның
ішкі бауындай тығыз байланыста болуды қалайтын.
Табиғат қоғамында қызмет ететін ақсақ кемпір, яғни Клавдия
Кондратьевна облыстың ең түкпірінде жайғасқан аудандардың бірінен келген
арызды тіл қоғамындағыларға аудартатын. Сонау түкпірден жолданатын
арыздарда табиғатты қорғау мәселесі жазылатын. Арыз бір емес төрт рет
келеді. Осы жәйт бойынша арыз иесі облатком төрағасының жеке өзінің
келуін өтіне сұрайды.
Клавдия
Кондратьевна
арызды
бұрқырата
жазған
адамды
«ненормальный» деп атайды. Күндердің күнінде ақсақ кемпір Ресейге көшіп
кетеді. Бірақ көшіп кетерінде тіл қоғамында жұмыс жасайтын көршісіне,
яғни әңгіменің басты кейіпкері, бірінші жақтан айтылатын көршісіне ағынан
жарыла, өз ойын білдіреді. Үзінді келтірелік: «Білесің бе милый мой? – деді
ол. – Бәлкім, біз қатты қателесетін шығармыз. Анау арыздардың иесі ше,
алыстағы таудың баурайынан хат жазатын жігітті айтамын. Мүмкін, ол
нағыз, настоящий нормальный адам шығар. Қалғандарымыздың бәріміз –
Иван Иваныч та, мына менің мәскеулік қызым да, мен де, сен де, ол да, олар
78
да, тіпті, облаткомдағылар да ненормальныйлар шығармыз. Жалғыз ғана
нормальный адам сол жігіт болуы мүмкін бе, а? Айтшы... Мүмкін бе осыным,
милый?»
Рас, табиғатты қорғау – әрбір жанның төл міндеті. Бүгінде тәуелсіз ел
үшін осынау мәселе ең көкейкесті міндеттердің біріне айналды. Туған елдің
табиғатын қорғау бағытында келелі әрі кешенді іс-шаралар, бағдарламалар,
жобалар қабылдануда. Туған елге тұтқа болу, оның табиғатына қорған
болуда қазірде, шыны керек, көптеген жұмыстар атқарылуда және жүзеге
асуда. Жазушының «Ақсақ кемпір» әңгімесі туған ел табиғатына өгейлік
көзқарастан арылуға үндеген бірден-бір көркем прозалық шығарма
екендігіне ешбір күмән жоқ.
«Кафедегі құдалық» әңгімесі – нарық заманының шындығы. Қазірде,
яғни ХХІ ғасырда той-томалақтың өзін ауылдағылар жазушы суреттегендей
үй жанында, шарбақ ішінде өткізбейді. Оған себеп те бар. Әңгімедегі
диалогтан байқағанымыздай, туындының негізгі кейіпкерлерінің бірі
Бидайбектің сөзінде мықты уәж бар. Ол былай дейді: «Борылсайдағы боз
нағашымыз дағы қызылшырайланған. Белі емделген, елі жөнделген. Ең
үлкені Астанадағы құрылыс салатын компанияның вице-президенті.
Ортаншысы «Қазмұнайгазда». Өзі Борылсайдағы кіші ұлының қолында.
Ауылда отырса да, сол кенжесінің үйлену тойын Шымкенттегі ең мықты
«2030» тойханасында жасамақшы, құда қаласа. Ал сен болсаң, Шәр-бә-ә-әк
дейсің».
Ендігіде ауыл мен қала және оның адамдары туралы түсінік те, ұғым да
түбегейлі өзгергендігін атап айтуға тиіспіз. Өйткені ғаламтор, компьютер
технологиясы қазірде арақашықтық, уақыт, заман туралы түсініктерді тым
араластырып, жақындастырып, тұтастырып жібергендігін көзіқарақты зиялы
оқырман жақсы түсінеді.
Жазушы Мархабат Байғұттың да басты ерекшелігі сонда, бүгінгі
оқырманның жоғары біліктілігі мен интеллектуалдығын жете түсінуінде.
Соны ескере отырып, прозалық шығармаларын, ондағы кейіпкерлердің
дүниетанымы мен көзқарасын, бейнесін бүгінгі заман деңгейінде, биігінде
дәл суреттей білуінде. Бұл – жазушы үшін ең басты жетістік. Шеберлікті
жетілдіре түсудің мықты тәсілдерінің, әдістерінің бірі.
«Кафедегі құдалық» әңгімесінде нарық заманы әкелген өзгерістер жан-
жақты суреттеледі. Қала мен ауыл арасындағы оң өзгерістер, қонақ, құда
күту секілді мәселелер, киім кию, машина мінудегі жаһанданудың кей-кей
сипаттары әңгіме кейіпкерлерінің сөздері арқылы оқырмандар санасында
жатталып қалады.
Құда күтуде, қазақи дәстүрлерді орнықтыруда қанша дегенмен
өркениетті жөн-жоралғылар мен салт-дәстүрлердің орын алуы – бүгінгі
күннің ақиқаты мен шындығы. Киіну, жүріс-тұрыс, көлікті иелену секілді
мәселелерде де әлемдік нышандар өмірімізге әбден енген. Бұл да бүгінгі
күніміздің күмәнсіз көріністері. Ендеше басты міндеттердің бірі – төл
халқымыздың болмысындағы өзіндік түр сипатын, тұтастығын сақтай
79
отырып, әлемдік деңгейдегі жаһандану үдерістерінен тыс қалмау. Сондай-ақ
осынау жағдаятта тектен-текке жаһанданудың құрбанына айналмау. Өзіндік
болмысты жетілдіру. Жетіле түсу.
Жаһандану
арқылы қала мен ауылдың арасындағы елеулі
айырмашылықтардың жойылғандығы әнгімеде жан-жақты көрсетілген.
Мәселен, соның бірі – ұялы телефондық байланыстың ең қиыр түкпірдегі
ауылдарды қамтуы дер едік. Әңгімеден үзінді келтірелік: «Ало-о, Тараз ба?
Жамбыл жәкеміздің атындағы облыстың орталығы ма?... Ало-о, ал-о, бұл мен
ғой, Несіпқұл ғой, нағашыеке! Өмілдіріктен, Кеденшоқының үстінен. Ұялы
телефонмен тікелей теріп тұрмын... Бұрынғыдай бейқам, бұйығы ауылды,
ауыздары аңқиған аңқауларды емге таппайсыңдар ендігі жерде».
Мінеки, бүгінгі уақыт, замана шындығы. Айдалада, қиырда тұрады деп
айтудың өзі бүгінде шартты ұғымды білдіреді. Өйткені сол айдалада, қиыр
шетте тұратын елді мекеннің әр үйінің үстінде спутниктік антенна тұр. Олар
әлемнің әр қиырымен, түкпірімен тығыз байланыста. Ақпараттар тасқыны
спутник арқылы қазірде мегаполисті де, шеткері елді мекенді де
ғаламтормен, компьютерлік технологиямен, ұялы байланыспен әбден
шырмап алған.
Жалпы алғанда жазушы Мархабат Байғұттың прозасын терең зерттеу
ісін қолға алатын мезгіл әлдеқашан жетті. Жазушы прозасы әлемдік проза
өлшемімен
салыстыруға
толық
мүмкіндік
береді.
Прозалық
шығармаларындағы
авторлық
дүниетаным,
көзқарас
әлемдік
интеллектуалдық деңгей биігінен көрінетіндігін бүгінгі әдебиеттанушы,
әдебиет сыншысы, әдебиет зерттеушісі жақсы біледі. Қаламгердің прозасы
қай-қай оқырманға болмасын, халқымыздың болмысын зерттеп, зерделеу
ісінде таптырмас көркем әлем. Бір ғана тілек, жазушы прозасын әлем
тілдеріне аудару арқылы туған әдебиетіміздің көкжиегін кеңейте түссек жөн
болар еді.
Жазушының төрт томдық шығармалар жинағының екінші томында
жинақталған әңгімелердің ең соңғысы – «Кандидаттың имиджі» көркем
туындысы. Осынау әңгімеде нарық заманындағы халық қалаулысы
депутатыққа кандидат адамның сайлауда жеңіп шығуы үшін нендей іс
әрекеттер, мінез-құлық көрсетуі, қандай жүріс-тұрыс жасауы қажеттігі бүге-
шігесіне дейін қамтылып, қарастырылатыны көркем тіл мен әңгіме жанрына
тән поэтикамен шебер суреттеледі.
Бүгінде
депутат
сайлауы
кеңестік
кезеңдегідей
бірауыздын
сайланбайды. Сайлаушылар жоғарыдан түсірілетін нұсқауға бас изей
бермеді. Нарық заманындағы сайлаудың иірімі де, құпиясы мен сыры да сан
алуан. Мінеки, осынау сайлау үдерісі «Кандидаттың имиджі» әңгімесінде
жылы юмормен, ойлы сөз тіркестерімен, пайымды сөйлемдермен шебер
суреттелген.
Депутаттыққа кандидаттың штабы, оның мүшелері әңгімеде жеке-жеке
шебер бейнеленген. Олардың психологиясы, ойлау деңгейі, тәжірибелері, іс-
әрекеттері де қаламгер назарынан тыс қалмаған.
80
Жазушы әңгімелерінің интеллектуалдығы жоғары екендігін атап
айттық. Соңғы жылдары, яғни нарық заманы кезеңінде жазылған, тәуелсіздік
жылдары ішінде дүниеге келген әңгімелері интеллектуалдық мән мен
маңызға ие. Түсініктілеу тілмен айтқанда, қаламгер шығармаларын алдын ала
заманауи білім мен біліктілікпен қаруланған оқырман ғана оқи алады. Бұл да
қажет. Әрі дұрыс. Өйткені бүгінгі оқырман күні кешегі аңқау да аңғал жан
емес. Ол көп нәрсеге қанық, көргені мол субъект.
Сондай-ақ жазушы интеллектуалды прозалық шығармаларында
заманауи терминдерге яки сөздерге көркемдік сипат бере түсініктеме
берумен ерекшеленеді. Мәселен, «Кандидаттың имиджі» әңгімесін алалық.
«Имидж деген не өзі? Білесіздер бәріңіз. Ол – кандидаттың кәдімгі бейнесі.
Сіздің биік бейнеңіз баршамыздың санамызда сайрап тұр. Сайлаушылардың
белгілі бір бөліктерінде, пайымды пайызында да тап солай... Сіздің сырт
келбетіңіз,
жүріс-тұрысыңыз,
бұрынғы-соңғы
лауазымдарыңыз,
мамандығыңыз, кәсіби шеберлігіңіз, ұйымдастырушылық талантыңыз,
өмірбаяндық өрісіңіз, хоббиіңіз, жұртпен тіл табысуыңыз, сөйлесе білуіңіз,
көпшілікпен кездесу кезіндегі шамырқанар шешендігіңіз, кешіп келе жатқан
ғұмырыңыздағы алуан оқиғаларыңыз – осының күллісі, әрине, имиджіңізді
құрайды. Имидж сөзіне берген әңгіме кейіпкері-кеңесшінің ұғым-түсінігі
авторлық поэтикалық көркемдік баяндаумен тұтаса келіп ұғынықты
тұжырымды береді. Сондай-ақ әңгімеде имидж түсінігінде тұлғаның өзге де
қасиеттері, нақтырық айтқанда күрескерлік, жасампаздық тағы басқа да
сипаттамалар қосылған.
Әңгімедегі депутаттыққа кандидаттың бейнесі зор тағылымға ие. Одан
үйренелік жәйттер жас ұрпақ үшін аз емес. Мәселен, оның болмыс-бітімін
мына бір үзіндіден де анық аңғаруға болады: «Депутат болмаққа бел
байлағанға дейін бәрін де бастан кешті емес пе? Ия-ия, бәрін, бәрін де!
Әрине, шүкіршілік те керек, жоқ-жұқаналықты білмеді. Жетімдік-
жаутаңкөздіктің беті әрмен, олар өз басына түсе қойған жоқ. Өз
қатарларынан ылғи да алда болды. Оқ бойы озық жүргені рас. Тозық киім
кимеді, жылытпа тамақ ішпеді. Сонда дағы, еркелікке елірмеді, тотайлыққа
берілмеді. Әке өнегесі, шеше тәрбиесінен бе, өскен ортасы, оқыған
айналасынан ба, кім білсін.»
Өзін-өзі ерке-тотайлықтан шектеген, асыса да, тасыса да төгілмеген,
басшылықтың барша баспалдақтарынан өткен әңгіме кейіпкерінің болмысы
құрметтеуге әбден лайық-ақ. Бірақ оның да олқы тартқан тұстары бар.
Мәселен, бүгінгінің биігіне дәл осылайша асығы бірден-ақ алшы тұрып
жеткен жоқ. Ол да кемшілігі мен кемісі мол психологияның адамы болғаны
рас. Мәселен, ол көп ретте халыққа терезесі тең көзқарас тұрғысынан
қарамады. «Халық үшін, ел үшін деп жүріп, сол сорлыларды тобыр
санағанның, топыр-топыр тобыр деп есептегеннің бірі өзі ғой, өзі.» Мінеки,
әңгіме кейіпкері – депутаттыққа кандидаттың табиғаты. Бірақ ол ғұмыр-
тіршілікте өзін-өзі өзгелердің көмегімен жетілдіре түседі. Бұл да, әрине,
81
санасында саңылау, көкейінде түйіні барлардың ғана қолынан келетін қасиет
екендігін есте тұтқан жөн.
Алайда әңгімеде және бір сюжет бар. Сюжеттегі оқиға мазмұнын
автордың көркемдік-шығармашылық тәсілінің бір қыры деп ұғынамыз.
Әнгіме кейіпкері депутатыққа кандидат тым жас кезінен басшылықта
болады. Жігіттік жалынын ел игілігіне жұмсаумен бірге ол қыздар
атаулысына немқұрайлы емес қасиетімен де айқын анғарылатын жан иесі
екендігімен есте қалады. Штаб мүшелерінің: «төмен етектілерден теперіш
көрдіңіз» дегендегі сөзде осындай гәп бар.
Депутаттыққа кандидат ауданға 32 жасында басшы болып барады.
Нағыз қажыр-қайраты тасыған дер шағы. Сол кезде әңгімеде суреттелгендей
жиырма жастағы ай дидарлы, күндей көрікті комсомол қызға ғашық болады.
Қызбен шырмалып, байланысып қалады. Бірақ сол қыз да оған еш қарсылық
танытпай, кектенбей, зиянын тигізбей беймәлім жаққа көшіп кетеді. Бұның
оны іздеуге құқы, күші, еркі мен намысы жетпейді. Енді, мінеки, тағдырдың
кереметін айтсаңызшы, сол қыздан дүниеге келген өз қызымен Түркияға
сапар барысында ұшақ ішінде қатар отырады. Жөн сұрасады. Жап-жас
қыздан жөн сұрайды. Анасының есімін де есітіп біледі.
Жерге қонар тұста оның өзі және анасының түркі азаматтарына күйеуге
шыққандарын, қазірде қызының Қазақстанмен бизнес істері бойынша
байланыс жасап жүргенінен хабардар болады. Өмірде, мұндай бола ма?!
Әрине, болады. Болмайтын жәйтке ұқсамайды. «Тау мен тау кездеспесе де,
адам мен адам кездеседі» деген тәмсіл бар емес пе?! Қашан, қай кезде
жасаған іс-әрекетіңе жауап беретін кез болмайды емес, болады.
Депутаттыққа кандидат, мінеки, сондай оқиғамен бетпе-бет кездеседі.
Мұндай кездесу өзіне үлкен әсер етеді де. Тіпті, болмысын, табиғатын күрт
өзгертеді. Ол мүддесі өзге жанға айналады ендігіде.
Бәлкім, «Адам қашан, қайткенде де адам болып қалады?» деген
бүкіладамзаттық сауал депутаттыққа кандидаттың бүкіл адами өзегін өртеп
жіберген болар. Содан соң жан және тән азабына түскен шығар. Оны тек бір
өзі ғана біледі. Бірақ ол содан кейін депутаттыққа кандидат бола тұра алдағы
уақытта сайлана ма, әлде сайланбай ма деген сауалдың жауабы ендігіде оған
бәрібір деген сыңайда болады. Әңгіме шешімі, финалы осындай ойға
жетелейді.
Қөңіл орманының жайқалып, сезім әлемінің серілік дәурені бастан
өткен кездегі асыл қызының ой орманының төбесіне дауыл соғып, жан
дүниесінің сезімі сергелденге түскенде, есіл перзентінің жанында, ұшар
биікте, ұшақ ішінде көк тәңірісінің қасында жүргендей сезінгендіктен шығар,
депутаттыққа кандидаттың шынайы болмысы ендігіде менмұндалайды. Бар
күнәдан арылғысы келгендей, арманы мен үмітін арқалаған алдамшы
тіршілігінен баз кешкендей аңғарылады сол сәтте кейіпкер болмысы.
Әйтпесе, қым-қуыт тірлікте не болса да былқ етпей, сыр бермей безбүйрек,
тасбауыр, жібімес жүрекпен ғұмыр кешіп жүргендер аз дейсіз бе?!.
82
Көркем әңгіме не үшін оқылады? Осынау сауалға нақты жауапты
жазушы Мархабат Байғұттың көркем әңгімелерін оқи отырып көз жеткізе
аласыз. Біріншіден, қаламгердің әңгімелері өзіміз өмір сүріп отырған
замандастардың бейнесі, болмыс-бітімі, тағдыры. Әрине, қаламгердің көркем
әңгімелері өмірді ақ қағаз бетіне тікелей көшіріп алудың үлгісі емес.
Шынайы тіршілікке зергерге тән әр мен нәр бере отырып, сөз өнерінің асыл
дүниесіне шеберлікпен айналдыра білгендігін атап айтуға тиіспіз. Екіншіден,
көркем әдебиеттің негізгі өзегі – шығарма тілінің оралымды, үйлесімді әрі
жанды толқытар қуатқа ие болып келуінде деп есептейміз.
Кейіпкерлердің, автордың сөзі, тілі оқырманның ішкі түйсігімен
үйлесіп отырады. Оқырман бейжай қала алмайды. Кейіпкерлердің, авторлық
баяндаулардың жетегіне ереді. Бірге толқиды. Автор мен оқырман арасында
ортақ байланыс орнайды. Демек, жазушы әңгімесі өміршең. Үшіншіден,
жазушы әңгімелерінде ұлтымыздың уызы әрі ұйытқысы – ауыл өмірі, оның
адамдары, тыныс-тіршілігі қуатты күш, сондай-ақ тегеурінді әлеует
екендігіне оқырманның көзін жеткізеді. Ана тілге, оның терең иірімдеріне
деген ынта- ықыласты күшейтеді.
Сондықтан да жазушы Мархабат Байғұттың әңгімелеріне оқырман
қауымының іңкәр сезімі, қызығушылығы бір сәтке де саябырсымаған, толас
тапқан емес. Өзінің қалыптасқан аудиториясы, оқырмандары жеткілікті.
Көркем әңгіме көркем әдебиеттің негізгі обьектісі секілді өмірді, оның
басты тұлғасы – адамды, адамзат баласы мекен еткен қоғам мен сол ортаны
суреттеуді басты міндет санайды. Жазушы бұл міндетке кірісерде оған алдын
ала әдеби-шығармашылық даярлықпен барады. Оқығаны, білгені, ойға да,
көңілге де түйгені, көргені, жиған-терген тәжірибесі, дүниетанымы мен
адамдар тіршілігін, өзі суреттейтін тақырып пен обьектіні жете білгені, тіпті,
көзге көрінбес иірімдер мен оның саналуан қатпарларын, астыңғы терең
ағыстарын мейілінше түсіне білуі қажет. Бұл, әрине оңай тірлік емес.
Мінеки, осындай қасиеттер жазушы Мархабат Байғұттың жазушылық
шеберханасында бар нәрселер. Соларды әдеби-көркем және шығармашылық
үдерісте суреткер-зергерге тән шеберлікпен мейлінше пайдаланатындығы
көркем туындылары арқылы менмұндалап тұрады. Талант пен тер төгуді аса
мол қажетсінетін мехнатты жазушы еңбегінен анық байқаймыз.
Жазушы әңгімелері қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі дүниелер.
Қаламгер туындылары төл әдебиетіміздегі әңгіме жанрының дәстүрлі
сабақтастығын қамтамасыз етіп отырғандығын да атап айтуға тиіспіз.
Халқымыздың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің әңгімелеріне тән
жылы юмор Мархабат Байғұт әңгімелеріне де ортақ.
Жоғарыда есімдері аталған қаламгерлердің проза саласындағы қысқа
әңгіме жанрына байланысты шығармаларында мол ұшырасатын көркемдік-
поэтикалық тілдің қанық бояуы, оқиғалар мен кейіпкерлердің сөйлеу мәнері
мен ерекшеліктері, әңгіме мазмұны мен тақырыбының, айтар ойдың көңілге,
ой-санаға дөп келуі, көкірекке тоқуға оңтайлығы, сөйтіп, жүрек түкпірінің
төрінен берік орын алуы – соның айқын дәлелі. Қазірде мұндай әдеби үрдіс
83
қазақ әдебиетіндегі бірнеше жазушылар – Нәсреддин Сералиев, Қарауылбек
Қазиев, Тынымбай Нұрмағанбетов, Серік Байхонов, Захардин Қыстаубаев
және т.б. да суреткерлердің көркемдік-шығармашылық лабороторияларында
жиі кездесетін құбылыс деп айта аламыз.
Әңгіме жанры қазақ әдебиетінде жан-жақты зерттелуді, талдануды
және сарапталуды қажет етеді. Бүгінгі тәуелсіздік мүдделері тұрғысынан
алғанда, қазіргі замандастарды әңгіме жанрында бейнелеу де – күн
тәртібінде тұрған елеулі мәселелердің бірі. Олардың болмыс-бітімдері,
тұлғалық, кейіпкерлік бейнелері бейнеленуде де. Өйткені нарық заманына
негізделген қазақ қоғамында қазіргі таңда адами-рухани құндылықтар
түбегейлі өзгерген. Әрине, адамгершілік мәселелері мәңгілік тақырыптар
болса да, бұл бағытта да тынымсыз іс-әрекеттер, мінездер тартысы жүріп
жатыр. Түптің түбінде бұның барлығы да халқымыздың ата-баба дәстүріне
негізделген, өркениет үрдісімен жалғасқан қазақи болмысымызды тануға әрі
табуға ұмтылған әдеби-көркемдік ізденістер деп түсінеміз.
Ал Мархабат Байғұттың көркем әңгімелері шыны керек, XX ғасырдың
70-80-жылдарында өмір сүрген замандастарымыздың көркем әдебиетте
бейнеленген қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық көркем де шынайы
бейнесі. Замана шындығының көркем әдебиеттегі көрінісі. Әрі жазушы
әңгімелері сол кезеңді танып, білуде елеулі танымдық, тағылымдық мән мен
маңызға ие деп ұғынамыз.
|