Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті


кейбір мәселелері (әдеби тіл нормасы, сөз тазалығы, грамматикалық тәсілдерді қолдану



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата31.10.2022
өлшемі450,47 Kb.
#46383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
кейбір мәселелері (әдеби тіл нормасы, сөз тазалығы, грамматикалық тәсілдерді қолдану 
өрнегі, сөз қолдану мәдениеті т. б.) М. Б а л а қ а е в тың «Қазақ тілі мәдениетінің 
мәселелері» (1965 ж.) деген кітабында арнайы қарастырылды. Қазақ тілі мәдениетіне 
арналған «Тіл мәдениеті және баспасөз» (1972 ж.), «Өрелі өнер» (1976 ж.), «Сөз өнері» 
(1978 ж.) тәрізді жинақтар шығып, газет-журнал беттерінде мақалалар жарияланды. 
Қараңыз: Ш. Ш. С а р ы б а е в . « Қ а з а қ тіл білімі әдебиетінің бнблиографиялық 
көрсеткіші»: 4-бөлім. Алматы, 1982.


келетін аса қажеттісін талғап  ада білу арқылы ой мен сөзімді дәлме-
дәл жеткізе білу шеберлігі – сөз мәдениетінің биік шыңы. Мұндай
шеберлік ең алдымен тіл амалдарын әдеби тіл нормасына сай, дұрыс
қолданудан, сөз жатықтығынан басталады. Ондай қасиетке ие
болғанда ғана барып сөйлеуші, жазушы сөз байлығы, сөз тазалығы,
сөз дәлдігі, сөз әсерлілігі тәрізді т. б. сапалармен тыңдаушысын я
оқушысын баурап алып отырады.


СӨЗ ЖАТЫҚТЫҒЫ
(әдеби тіл нормасы)
Әдеби тіл нормасы – сөзді дұрыс қолданудың, грамматикалық
амал-тәсілдерді дұрыс пайдаланудың көпшілік таныған, тіл
тәжірибесінде сыннан өткен қағидалары. «Тіл мәдениеті» әдеби
тілдің нормасы туралы білім саласы ретінде пайда болғаны мәлім.
Тілдік норма – әдебиет тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі.
Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл
нормасын сақтау дегенге саяды. Ал әдеби тілдің нормасы дегеніміз
не? Бұл жайында түрлі зерттеулерде әр қилы пікір айтылып, әр түрлі
анықтама беріліп жүрсе де, табиғаты күрделі бұл құбылыстың сыры
бірден және толық ашыла қойған жоқ.
Бастапқыда әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірідей сіресіп қалған
нәрседей көрінгені де шындық. Бертінде әдеби тіл нормасының
динамикалық қасиеті ашылды. Тілдік норма алғаш сөз бола бастаған
тұста ол алдымен тілдік жүйемен (системамен) салыстырыла
қарастырылды. Тілдік норманы бұлай тану, шындығында, дұрыс
тәрізді де көрінеді. Мен оқыдым, сен жаздың, ол үйге барды тәрізді
құрылымдардың жақтық мағыналарын өзгеше қиыстырып айтуға
болмайды. Затты тәуелдеп айтып көріңіз: менің кітабым, сенің
кітабың, оның кітабы. Қазақ тілінде сөйлеушілердің бәріне ортақ
септеудің де жүйесі бар. Міне, осыған қарағанда, жүйеден
ауытқымау дегеніміз нормадан ауытқымау сияқты болып көрінеді.
Сонда тілдік жүйе мен тілдік норма тепе-тең құбылыс болғаны ма?
Жоқ. Бұл – тек тілдік жүйе мен тілдік норманың бірлікте болуы ғана.
Тілдік норманың арқауы – тілдік жүйе.
Тіл – жүйелі кұбылыс. Қазақ тілінің сөз жасау жүйесінде -ла, -ле,
(-да, -де, -та, -те) сияқты аса құнарлы қосымшалар есім сөздерден
етістік тудырады: аяқ-та, бас-та, көз-де, су-ла, ау-ла, шөл-де, т. б. Сөз
тудырудың дәл осы жүйесі бойынша -да, -де зат есімге жалғануға
тиіс. Бұл жүйе бойынша кез келген зат есімге -ла, -ле (-да, -де...)
қосымшасын жалғауға болады. Бірақ жүйе бойынша баула, жүкте,
сыйла деп айтқанымызбен, кірпікте, соғымда, кітапта деп айтуға
болмайтыны белгілі. Неге? Себебі бұлай деу жүйеге (системаға)
қайшы болмағанмен, норма емес. Міне, осыған байланысты белгілі
бір тіл қолданысты норма деп тану үшін оның тілдік жүйеде болуы
(немесе норманың тілдік жүйемен коррелят болуы) жеткіліксіз.
Бұған қоса ондай қолданыс тілдік дәстүрде болуы, сондай-ақ
дағдыға енуі қажет.
Кей сөздерді тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, арқанда,
бұзаула, ботала деп қолданып жатамыз. Бірақ осындай сөздерді тілдік
жүйеге сай қолданғанымызбен, сөз жұмсауымызда ара-тұра


нормадан ауытқу кездесіп те қалады. Оның негізгі себебі ондай
қолданыстың дәстүрде бар не жоғын елеп-ескермеуден туып жатады.
Мысалы, ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой
қозылады деу – тілдік жүйеге кереғар болмағанмен, бірақ дағдыға
айналып, дәстүрге енген қолданыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда
тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп те жатады. Қозыла деп
қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екендігін байқау қиын
емес. Ат ертте дегендегі ерттені ерле деп қолдану да соған ұқсас:
«Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» («Манашы ұлы Тұяқбай»).
Абдырап, басын қосып жиылғанша,
Бір жерге уағдасы құйылғанша.
Ат ерлеп, түйе комдап, жігіт жинап,
Үйлері аруанаға буылғанша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет