Нұргелді уәлиев сөз мәдениеті



Pdf көрінісі
бет4/37
Дата31.10.2022
өлшемі450,47 Kb.
#46383
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
(Нұрхан Ахметбеков).
Тілдік жүйе бойынша, дұрысында, 
ерле 
болуға тиіс
(салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, қырла, түр-ле («текеметке түр
басу» т. б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас
бірлікте болса, кейде өзара кайшылықта болып, күреске түседі.
Мұндайда бірде жүйе басым болып, дағды ығысады да, қайшылық
шешіледі, қарама-қарсылық бірлікке айналады. Кейде тілдік
жүйеден тілдік дағды басым түсіп, қайшылық тереңдей түседі.
Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге
қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.
Ертте сөзінің түбірі – ер, ал -те есім сөзден (ер) етістік тудыратын
қосымша екендігі айдан анық. Бірақ түбір сөз (ер) бен қосымшаның
(-те) аралығындағы т қандай элемент? Қайдан пайда болған?
Көне тіл деректерімен салыстыра қарағанда, бұл құпия т-ның -ла,
-ле (-та, -те) аффиксімен синонимдес қосымша екендігін байқаймыз.
XI ғасырдағы әйгілі ғалым М. Қашғаридің сөздігінде йағырыт,
теріт
2
түрінде кездесетін қолданыс бар, олар, қазіргіше айтсақ,
жауыр-ла, терле сөздерінің эквиваленттері. Осымен салыстырғанда,
қазіргі ертте сөзі бұрын ер-іт делініп айтылуы ықтимал. Есім
сөздерден етістік тудыратын байырғы бұл қосымшаның (-ыт, -іт, -г)
қызметі қазақ тілінде әлсіреп, мағынасы көмескі тарта бастаған
( тұман-ыт, шаң-ыт тәрізді бірер сөздің құрамында ұшырасады). Бұл
жағдай әрі актив, әрі өнімді қолданылатын -ла, -ле (-да, -де)
қосымшасының қабаттаса жалғануына себеп болса керек. Қызметі
әлсіреп, мағынасы көмескіленген бір элементтің үстіне екінші бір
форманың қабаттаса жалғануы – өзге орайда да кездесе беретін
құбылыс.
2 Древнетюркский словарь. Ленинград, 1969, 504-бет.


Жүйе бойынша реттік сан есімдерге қосымша -ыншы, -інші (-ншы,
-нші) түрінде жалғанады: бірінші, екінші, үшінші, төртінші... Олай
болса, жиырмасыншы (июнь) емес, жиырманшы (шонь) болуға тиіс
қой? Ескіше уақыт есептеуде сан есімдер тәуелділік тұлғада
қолданылған: қараша жұлдызының бесі, қазан жұлдызының он алтысы
т. б. Кейде айдың ескіше аттары орысша атаулармен ауыстырылып,
сентябрь жұлдызының жетісі, ноябрь жұлдызының жиырмасы делініп
те айтылған. Кейіннен күнді реттік сан есіммен (сегізінші июнь,
бірінші июль, жиырма алтыншы октябрь т. б.) айту нормаға айналды.
Жиырманшы деп жүйе бойынша айтпай, жиырмасыншы деп
қолданудан да тілдік жүйеден тілдік дағдының басым түсіп
жатқандығын байқаймыз.
Дағды үнемі тілдік жүйеден басым түсе бермейді. Тілдің даму
барысында кейде екі түрлі (не одан да көп) жүйе қатарласа
қолданыла келіп, оның ішінде тілдің даму тенденциясына сәйкес
келген біреуі жалпы халықтық сипат алып, тілдік норма ретінде
танылады да, өзгесі тіл майданынан ығыстырыла бастайды. Тіл
қолданысынан ығысқан жүйенің кейбір көріністері нормаға айналған
жүйемен қатар дағды бойынша қолданылып та отыруы ықтимал.
Бірақ оларды белгілі бір мақсатсыз жұмсау – әдеби тіл нормасын
бұзу.
Қазақ тілінде сөздерге тәуелдік жалғауының жалғануын еске
түсірсек, дауыстылардан соң бұл қосымша -сы, -сі (бала-сы, күлкі-сі,
дала-сы т. б.), ал дауыссыздардан кейін -ы, -і (үйі, қыс-ы, жаз-ы, тау-ы
т. б.) түрінде келуі – бұлжымас жүйе. Осындай жалпыға ортақ
жүйені ескермей, біреуі, екеуі, үшеуі, төртеуі, көбі, уақыты, бәрі
дегендерді біреу-і-сі-біреусі, екеу-і-сі-екеусі, үшеу-і-сі-^-үшеусі, төртеу-
і-сі-төртеусі, көбі-сі, уақыт-ы-сы-уақтысы, бәрі-сі деп қолданушылық
бар.
Бұл жерде мұндай жөнсіз қабаттастырудан сырттай осыған ұқсас
құбылыстың парқын айыра білу абзал. Отағасы, қолбасы, елубасы
тәрізді бірер сөздерде тәуелдік жалғауы айтыла келіп, сол сөздің
құрамына сіңіп кеткен. Ондай сөздердегі тәуелділік жалғауы (отаға –


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет