«Қартқожақтың» әуелгі нұсқасы
жарыққа шыққан жоқ
Ұлттық жазба тіліміздің әдеби тілге, оның ішінде таза
прозаға бірден көше салуы күрделі болмақ, оның да өзіндік
түсінік ауқымы, жолының ашылуы оңай дүние емес, себебі,
«әдеби тіл» деген ұғым қазақ тілі үшін де тарихи, құбылмалы
түсінік» /362.Б.10/. Сондықтан да 20-жылдардағы қазақ про-
засында ара-тұра көсемсөз стилінің ұшырасуы кездейсоқ
болмауға тиіс. «Әдеби тіл ең әуелі-ақ жазуға сүйенеді.
Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес»/373/ деген ғалым
Ғ.Мұсабаевтың тұжырымына сүйенетұғын болсақ, жазу
стилінің функционалдық өзгешеліктерінің бірі – публици-
стика да бұл жерде өз ықпал-әсерін тигізбей қоймайтыны
хақ. Жүсіпбек Аймауытұлының әңгімелерінде ғана
емес, «Қартқожа» романында да осы ыңғайда қоғамдық-
публицистикалық сыпаттағы үзіктер ұшырасатындығын
жоққа шығаруға болмайды.
Расында «...қазақ кедейінің өмірінің, оның әлеуметтік
арпалыстар кезіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде
көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы
елеулі шығармасы» /374/ – «Қартқожа» романының кейбір
тарауларында публицистикалық баяндаулар ұшырасып от-
ырады. Оған бірқатар әдебиет зерттеушілерінің пікірі де –
дәлел. Мәселен, «Қартқожа» романының құрылымы тура-
лы профессор Р.Нұрғалиев «Таза көркем проза тілдерінің
үстіне кейде жазушы оқырманға тікелей тіл қатады, кейде
публицистикалық құрылымдарды да пайдаланады» /375/
деп жазса, профессор Д.Ысқақұлы «Романның сюжеттік
желісі бір ғана адамның – Қартқожаның өмір жолын
баяндауға негізделген. Осы ерекшелігі оған өмірбаяндық-
мемуарлық сипат та бергендей»/376/ деген дәлелін
келтіреді, ал әдебиетші-ғалым Р.Тұрысбек «Қартқожа»
249
романының мазмұны мен пішіні, сюжеті мен құрылымы,
образдар жүйесі қаламгер болмысын, баяндау мәнерін
кеңінен көрсететіндігін жеке атайды /337.Б.375/.
1926 жылы Қызылордада өз алдына кітап болып
басылып шыққан «Қартқожа» романы үш бөлімге
бөлінген елу екі шағын новелладан тұрады. Және ол –
«жазушының бұл жанрдағы алғашқы туындысы ғана
емес, бүкіл қазақ совет романының төлбасы» /129.Б.74/.
Тікелей публицистикалық белгілеріне тоқталатұғын
болсақ, әуелі, жоғарыда айтылғандай, романның
аздаған өмірбаяндық-мемуарлық ерекшелігіне көңіл
бөлген жөн. Үйткені романның болған уақиғалар ізімен
жазылғаны, оның басты қаһарманы да өмірде болған
адам екені белгіл і/129.Б.74/. Әрі романның жазылу та-
рихы жөнінде, Қартқожаның шын, тарихи прототипі ту-
расында мәліметтер бар. Жазушы З.Ақышевтің айтуына
қарағанда, Қартқожа Жұманүлы Тоғанбаев 1895 жылы
туып, 1938 жылы большевиктік репрессияға ұшырайды.
«Өз басым ол кісіні жақсы білемін. Оның атын ата-
май Қартаға дейтін едік», – деп жазады З.Ақышев, –
«Ол өзінің алдынан сабақ алған біздерге ғана емес, оны
білген әлеуметтің бәріне қадірлі, бәріне сыйлы адам еді.
Жеті атасынан бері шыр бітпеген тақыр кедей болатын...
Жасынан зерделі бала байдың қозысы мен қойының
соңында жүріп-ақ молдадан оқып, арабша сауатын ашып
алады. Оған қанағаттанбай, Баянауыл бекетіндегі ба-
стауыштан жоғары мектепке (вышеначальное учили-
ще) түсіп орысша оқиды» /377/. Келесі бір естелігінде
де З.Ақышев романның негізгі кейіпкері осы кісі екенін
атап өтеді /378/.
Ақын Д.Әбілев романның жазылу тарихына орай
біршама мағлұмат келтіреді: «...Не жазғалы жүрсің?
Нені өрнектеп жатырсың? – деп сұраған С.Дөнентаевтың
250
сұрағына Жүсіпбек: – Екі романға ойым бар, Сәбит! Бірінің
аты – «Қартқожа», екіншісінің аты – «Ақбілек» болмақ
керек. Мұнымның өзі күлкілі-ау деймін. Құрсақта әлі
қимылдай да қоймаған балаға ат қойған әке тәрізді боп
отырмын-ау өзі...
Сәбит: – Ондай перзентке бүкіл ел боп зәруміз ғой.
Перзентіңнің екеуінің аты да періштенің құлағына шалын-
сын!
Мағаз аға: – Әлгі... ертедегі «Қартқожақ» батыр ма
оның?
Жүсіпбек: – Ертедегі Қартқожақ емес, Маға. Бүгінгі,
Жұман ақсақалдың баласы – Қартқожа. Білесіз, өзіңіздің
Қартқожаңыз.
Мағаз: – Соны роман етпексің бе?
Жүсіпбек: – Иә, Маға! Гәп, міне, сіздің осы
таңдануыңызда. Тасқа ылғи қына шығара бермей, шынар
шығаруымыз да керек. Кешегі өмір шиырынан бүгінгі өмір
туады. «Қартқожа» туады... 1916 жылғы көтеріліс есіңізде
ме! Алабас тауындағы көтеріліс...
Сонда көтерісшілер ішінде, көтерілістің мәнін олі
түсініп те болмаған, босаң, момын, уыз жігіт Қартқожа
көтерілісшілер тарай бастағанда салы суға кетіп, арық
торы байталына солбырайып мініп, солғын тебініп үйіне
қайтып бара жатқан Қартқожа 1920 жылы апрель айын-
да Сұлтанмахмүттың көңілін сұрай барады. Сонда орыс-
ша оқуға Сұлтанмахмұтқа уәде береді. Артынан Қартқожа
Омбыға оқуға кетіпті. Рабфакқа түсіпті. Енді соның
былайғы жәйін сөз етпекпін... Жаза бастасам да, жазым ба-
спау үшін аяқтауын асықпаймын...» /379/.
Естеліктерден үзінділер келтіріп отырған себебіміз
– Қартқожа биографиясындағы басты оқиғалардың
романдағы бас кейіпкер өмірінен еш алшақ кетпейтіндігіне
тағы бір көз жеткізу. Шығарманың мемуарлық сыпаты,
251
шынында да, байқалып тұрады. Бұдан шығатын тұжырым:
мемуарлық, естелік үлгісін пайдаланған туындыларда,
жанрлық ерекшелігіне орай, публицистикалық элементтер,
көркемсөз баяндаулары кездеспеуі мүмкін емес, сондықтан
романның негізгі сюжеттік желісінде байқалатын
қоғамдық-әлеуметтік оқиғалар публицистика стилінде жа-
зылуын сұрайды. Одан айналып өту иағы мүмкін емес.
Романның кейбір тарауларында, әсіресе соңғы жақтарында
мұны айқын аңғаруға болады.
Смағұл Садуақасұлына берген жауабында, автобио-
графиялық және шығармашылық жолынан аз-маз мағлұмат
келтіре отырып Жүсіпбек былай деп жазады: «...15 жасқа
келгенімде мен молдалық құрып, бала оқыта бастадым.
«Қартқожадағы» підие алатын бала молданы оқысақ,
ол – өзім. Қартқожаның әке-шешесін көрсек, ол – өз әке-
шешем» /14/. Айта кету керек, романның бірінші бөліміндегі
«Еліктеу», «Қарлығаш», «Хабар берді», «Қатық», әсіресе
«Ажал», «Підия» новеллаларындағы кейіпкерлердің жан-
дүниесінің толқынысы, көңіл тербелісі, психологиялык
үйірімдері басқа тарауларға қарағанда жоғары деңгейде,
өте нанымды жазылған. Көркем шығармадағы мұндай нәзік
қалтарыстарды шын суреткер ғана жасай алмақ. Сонымен
бірге, жазушының өзі атап көрсеткендей, бұл тараулардағы
көп оқиға – автордың жеке басынан өткен өткелектер.
Тар шеңберде алғанда, «Қартқожа – жазушының көркем
шығармадағы өз бейнесі» /380/ екені де рас. Бұған қоса ай-
тарымыз: әлбетте, көркем шығармаларда жазушының жеке
персонажының немесе образының көрінуі міндетті емес
екені белгілі; ал көсемсөзде болса, автор өзіндік персо-
наж болып қала бермек /339.С.110/. Міне, бұл тұрғыдан кел-
генде романның композициялық құрылымы мен стильдік
өзгешелігі көсемсөзге қойылатын тағы бір талап аясынан
алыс кетпейді.
252
Әйткенмен Қартқожаның романның екінші және үшінші
бөлімдерінде айтылатын өмірі жазушының өз биография-
сымен сәйкеспейді, мұны да ұмытпаған жөн. Шығарманың
өзі ең әуелі әдеби туынды болғандықтан әрі ол жайында
әдебиет зерттеушілері бірқыдыру пікір білдіргендіктен/381/,
оған тоқталмай, романдағы публицистикалық баяндау
үрдісін анықтауға тырысайық.
Романның екінші, үшінші бөлімі бірінші бөліміне
қарағанда анағұрлым көлемдірек. Ал көсемсөз стилі
үшінші бөлімде айқын аңғарылады. Мәселен, осы
бөлімнің алғашқы тараушасының («Майдан» деп ата-
лады) басталуының өзі айрықша: «Аяулы оқушылар!
Қартқожаның тартқан бейнетін оқып, жандарыңыз
жабыққан шығар. Сондықтан сіздерді Қартқожамен
бірге қалаға апарып, жігіт алған (прием болған) жерде
қаланың саудагерлеріне, бай, болыстарға ауқатын жегізіп,
докторлардың пара алғанын көрсетіп, Қартқожамен бірге
жалаңаштап моншаға апарып ауыртып, тоғыз тазбен бірге
қамап, дүңгендерден таяқ жегізіп, әуре қылмай-ақ, тура
майданға алып барғалы отырмыз». Мұндай стильдегі
сөйлемдер екінші бөлімдегі «Өз қамы» тарауында да
байқалып қалады: «...Маужыраған елдің ішіне кіріп не
қыламыз? Ұйқымыз келер, басымыз ауырар. Ардақты
оқушылармен бірге серуенге, дөң басына шығып, бой
көтерелік». Осы қатарлы авторлық «түсіндірмелерді» кейбір
әдебиет зерттеушілері артық көрсе де, біздің пікірімізше,
автор
шығарманың
композициялық
құрылымын
ширықтыра түсу, сюжеттік желісін бұзбау, стильдік
өзгешелік беру, ең соңында оқушыны жалықтырып алмау
үшін бұндай әдіс-тәсілдерге саналы түрде, әдейі жүгінген.
Және бұл сөйлемдерден жасандылықтың ешқандай ны-
шаны байқалмайды. Қайта, көркем әдебиет үшін басты
талаптың бірі – шынайылық болатұғын болса, жазушы
253
осы мақсатты көздей отырып, талап үдесінен шыға алған.
Сондықтан жоғарыда келтірілген, көсемсөз стиліне жуық
бірқатар сөйлемдер, оқушыға қарата айтылған баяндау
мәнері романның көркемдік деңгейіне нұқсан келтіре
алмайды. Кемшілік болып саналмайтын «авторлық
түсіндірмелер», көсемсөз стиліне тән сөйлемдер «Ақбілек»
романында да, аз да болса, оқта-текте ұшырасады. Мы-
салы; «...Бұлар шабуылдап, ауыл-ауылдан, кез келген
кісіден сұрау салып жүре тұрсын, оған дейін Ақбілектен
хабар берейік» /346.Б.170/ деген нұсқадағы сөйлемдер бар.
Бұдан Жүсіпбектің публицистикалық баяндау мәнеріне
арнайы мойын бұратыны аңғарылады. Және мұндай стиль
қазақ ауыз әдебиетінің біршама жанрында, оның ішінде
эпостық туындыларда, сондай-ақ орта ғасырльгқ түрки
тіліндегі әдеби шығармаларда жиі қолданылғаны белгілі.
Біздіңше, Аймауытұлы сол замандардан келе жатқан және
ХХ ғасырдың басында әлі «қалыптан» шыға қоймаған осы
жазу мәнерін шығармаларында саналы түрде қолданып
отырған.
Көркемдік, идеялық тұрғыда ғана емес, тарихи-
танымдық тарапта да оқырманның зердесін көтеру
ниетімен осы үшінші бөлімдегі «Баян» тараушасында
публицистикалық баяндау стиліне ауысады: «Боқыраудың
басында Баянда ұлы жәрмеңке болады. Омбы, Қызылжар,
Ақмола, Атбасар, Жетісу, Семей саудагерлеріне дейін
жиналды. ...Он болыс ел бас қосып, шерезбішайні сияз
құратын, ата шабыс қылатын, начальнигі, судьясы, дәрігері
тұратын қара шаңырағы – Баян.
Баян маңындағы іргелі ел – Сүйіндік. ...Сүйіндіктен
Төлебай, Собалай, Жаңабатыр, Едіге, Шоң, Шорман,
Боштай сықылды алты алашқа аты шыққан билер де
туған. Тоғжан, Сақау, Көтеш, Жаяу Мұса, Жамшырбай,
Мұстапа, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт сынды ақындар,
254
әншілер, серілер де туған, кешегі патшаға білікті дуан
басы Шорманның Мұсасы да, қазысы Серкебай да
Сүйіндіктен шыққан... Қозғанда Қабылға, айдаболда Шоң
мен Боштайға, қаржаста Шорманға, күлікте Әлдебек,
Қуанға, қанжығалыда Ішікбайға құт қонған, бір кезде ал-
дына 12 мың қой, 5 қос жылқы біткен. Осы сықылды елдің
ортасындағы үкіметі де, қожасы да, ұйтқысы да Баянның
түбіндегі бір шөкім қазақ-орыс еді» /346.Б.108/.
Танымдық нұсқадағы, шежіре сыпатындағы таза
публицистикалық шығарманың бір үзігі. Әрі автор жазып
қалдырған мәліметтің өзі тарихи маңыздылығымен құнды
екендігі назар аудартады.
«Табан жалтыратты» тарауы – көркем очерк жанры-
на ұқсайтын әңгіме үлгісі. Қартқожаның Алаш қаласына
келіп, қызмет ақысына сұрайын деп земствоға барғаны,
онда кісі болмай, «Алашорда» мекемесіне келгені,
«Бостандық үйінде» өтіп жатқан қазақ азаматтарының
съезін көргені баяндалады. Біз бәрін тәптіштеп
көрсетпей-ақ, сол жылдардағы Алаш қаласында болған
саяси өзгерістер жайынан аз-маз мағлұмат беретін жол-
дардан үзінді келтірейік: «Он шақты минут өтер-өтпестен
большевиктің комиссары – қасында үш-төрт солдаты бар
– съезге келді. Қазақ азаматтары үрпиісіп қалды. «Бұл
съезд – байлардың съезі, облыстың атынан сөйлесуге
өкілдердің правосы жоқ. Сондықтан совдеп атынан съезді
тараттық деп жариялаймыз!» деді. «Алашорданың» аза-
маттары съездің болуын жақтап сөйлеп көріп еді, боль-
шевиктер білегін білей сөйледі. Мылтығын кезей сөйледі.
Съезшілер берекесі кетіп, тарай бастады» /346.Б.116/.
Немесе: «Көшеде неше түрлі алыпқашты хабарлар
жүр. «Атыс болғалы жатыр», «Алашорда кісілерін іздеп
жатыр», «пәленді, түгенді жауып қойыпты» деседі. Алаш
қаласы аласапыран, байлар қашып кетіп жатыр. Ес жоқ,
255
ентіккен, жанталас...» /346.Б.117/ Алашорда қозғалысының
іргелі бір орталығы болған Алаш (Жаңа Семей) қаласының
тіршілік-тынысын,
большевиктердің
озбырлығын
Аймауытұлы біршама ашып көрсете алған. Ақиқат ауы-
лынан алшақ қонбаған «Табан жалтыратты» тарауы тари-
хи тұрғыда бізге қымбат біраз көріністерді көз алдымызға
әкеледі.
Келесі «Құлақ естігенді көз көрді» деп аталатын та-
рауда да заманның саяси келбетін көрсететін, екі-үш аб-
зацтан тұратын публицистикалық шығарма үзінділерін
оқимыз: «...Қартқожа елде шаруаға айналып жүргенде са-
ясат дүниесінде бірталай өзгерістер болып қалыпты. Се-
мей тағы да таршылыққа түсіпті. Омбыда Колчак өкіметі
орнапты. Казак-орыстар күшейіп, бұрыңғы әніне басып-
ты. Семейде «Алашорда» әскері жасалыпты. Анненков
деген атаман көп әскермен Семейге келіп орнап, қазақ
азаматтарының екеуін жауып қойыпты. Қарқаралыда бес
жігіт жабылыпты. Семей төңірегі тынышсыз. Ел шабу,
кісі өлтіру, талан-тараж көбейіпті. «Алашорда» әскерін
Колчак билеп, Жетісу жақтағы майданға жіберіпті.
Әлихан қазаққа автономия алам деп Колчакқа кетіпті.
Ресейді большевиктер алып, Сібірге қарай келе жатыр
дейді. Торғай, Орал, Бөкей жағынан хабар жоқ. Олар да
большевиктің ортасында қалса керек».
Мұнымен бірге: «...Біреулер келтіріп қояды, біреулер
Оралдан асыра қуғызып қояды; біреулер қазаққа автоно-
мия әперіп келеді; біреулер Әлиханды абақтыға жапқызып
келеді, енді біреулер Семейді большевиктерге беріп келеді,
әйтеуір дүрліккен хабар көп келіп жатады» деген жол-
дар да көсемсөз шығармасын оқығандай әсер қалдырады.
Әрине, Жүсекең сол замандағы саяси билік жөнінде, Ала-
шорда хақындағы шын пікірлерін романға кіргізе алмас
еді, дегенімен қазаққа жұт болған аумалы-төкпелі, соғыс
256
жылдарынан оқушы қауым хабардар болсын деген ниетте
кейде көсемсөзге ерік береді.
Бұдан кейінгі «Бет түзелді» тараушасын Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы турасындағы кішігірім портреттік
очерк десек те, болады. Бұл өзінің «Сұлтанмахмұт
Торайғырұлы» /359/ деген көлемді очергіне толықтыру
іспетті. Мұнда да қысқа, асығыстау жазылса да, ақын об-
разы біршама ашыла түскен: «Сол жылы Сұлтанмахмұт
деген жас ақын Семейден ауырып, еліне келген. Қартқожа
Махмұтты білетін. Ол ақ жүрек, кедейшіл, жалын-
ды жас ақын болатын. Елдегі байлардың, жуан атаның
нашарға істеген қиянатын, зорлығын газетке жазып,
күштілермен ұстасып жүретін. Сұлтанмахмұт жуандар-
дан қорықпайтын, бетің-жүзің бар демей, көңілдегісін
айтып салатын. Семейдегі жастар Сұлтанмахмұтты
қолдайтын, үлкендері адамгершілігін, турашылдығын,
тазалығын, ақындығын бағалап сыйлайтын» /346.Б.120/.
Сонымен қатар Сұлтанмахмұт пен Қартқожа арасындағы
әңгіме барысынан ақынның парасаттылығы, саяси
сауаттылығы, ойының кеңдігі аңдалады. Ел жұмысының
аяқсыз қалмауын ойлап алаңдайтынын көреміз. Тараудың
соңында Қартқожа «жастығының астынан бір шумақ
газеттерді алып» береді. «Қартқожа «Қазақ тілі» газетінің
бір-екі нөмірін қарап, көңілі дауалап, Махмұтпен қош ай-
тысты» деп Аймауытұлы өзі қызмет еткен басылымды да
айтып кетеді.
Жалпы, Сұлтанмахмұт шығармашылығына көңіл
бөліп, «Еңбекші қазақ» газетіне мақалалар жазып, оның
әдеби мұрасын жинап, алғаш кітап қылып шығарған
Жүсекең оны романына да енгізіп, Қартқожаға бағыт-
бағдар берген жасы үлкен аға образында бейнелейді
«Жүсіпбек пен Мұхтар екеуінің жас күнінде құрбылардан
ең жақын көргендері – Сұлтанмахмұт Торайғыров.
257
«Сұлтанмахмұт құрдас-құрбы бола тұрып, парасат-
тылық, салмақтылық жағынан бізге салихалы үлкен ағадай
көрінетін, сұсты, беделді досымыз еді» дейтін Мұхаң» деп
жазады Ә.Тәжібаев естеліктерінде/382/. Жалынды ақын
туралы «Шернияз» пьесасын жазуы да Аймауытұлының
оның дарындылығын, азаматтық қасиеттерін қастерлеуі
болса керек.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, романның үшінші
бөліміндегі тараулардың барлығында публицистикалық
баяндаулар ішінара ұшырасып отырады. «...Шығарманың
соңғы бөлімінде суреткерлікті публицистика басыңқырап
кететіні байқалмай қалмайды. Кейбір тұстарда әңгіме қысқа
қайырылып, баяндалып кетеді» /129.Б.112/. Оның бәрін
келтіре беру және мүмкін емес. Әсіресе соңғы – «Нөсер
өткен соң», «Жұмыс», «Мәңгі аңсау», «Зарыққанда»,
«Кім?», «Еңбекті елге қыл» деген тарауларында көсемсөз
стилі басым екендігі анық аңғарылады.
Жазушы тарихи уақиғаларды еш боямасыз беруге ты-
рысады. Сондай-ақ 20-жылдардағы саяси өзгерістерді жаза
отырып, «газетте көбінесе ашаршылық жазылады. Күллі
қазақтың үштен екі бөлігі аштықтан қырылып жатыр де-
ген хабар көңілін бұзады. Үйткені ол ашаршылық жайы-
нан әңгіме қылған азаматтардың уайымын көп естиді» де-
ген қажетті мәліметтерді де жасқанбай, жасырмай оқырман
алдына тартады.
Қазақ әдебиетінің роман жанрындағы алғашқы
шығармаларының бірі – «Қартқожаның» көркемдік деңгейі
қалыпты сақтала бермейді, өйткені осы шығарма жайын-
да ғалым С.Қирабаевтың айтқанындай, «ол кезде үлкен
прозада қалыптасқан ондай стильдің өзі де жоқ болатын»
/129.Б.111/.
Дегенмен көсемсөз стиліне жүгінген жазушының
шығарманың аяқталу барысында жаңа арнаға ауысып,
258
көркемдік тәсілдерді толық пайдалануға тырыспағаны да
көңілде алаң туғызбай қоймайды. Бұл ретте профессор
Ш.Елеукеновтың пікірі дұрыс: «Роман кенеттен аяқталады.
Финал дұрыс шешілді ме, жоқ па, бұл – алдағы әңгіме. Бірақ
жанр жағынан келсек, роман табиғаты публицистикалық
финалды көтермей тұрғанын аңғарамыз» /383. Б.121/. Шы-
нында да, «Кереку қызметкерлері нашарлау екен. Орыс-
ша білмейтін жұмысшыларға, жастарға орыстар ырық
бермейді екен. Қартқожа Кереку жайын «Қазақстан»
газетіне жазып жіберді. Қартқожа елге келгенде кооперация
сайлауы болып жатыр екен. Бұрынғы кооперацияны бай-
лар билеп, ішіп-жеп қойып, бұл жолы уезден келіп, елдегі
жастар, ұялар, мұғалімдер, соттар қатысып, кооперацияға
кедейшіл, таза кісі сайламақ болып жатыр екен» де-
ген сияқты баяндау үлгісіндегі, жадау сөйлемдермен
асығыс аяқтағаннан гөрі шығарманың өзі көркем дүние
болғандықтан, романның алғашқы бөлімдеріндегідей
таза прозалық стильге көшіп барып, логикалық күрмеуін
жасағаны жөн болар еді. Сүйтсе де, «жаңа ізденіс, тыңнан
жол салу қашан да кемшіліксіз болмайды» /383.Б.144/. Ро-
ман жанрындағы қазақ әдебиетінің төлбасы өзгеше нұсқа
болып қала беретіні рас.
Осы жерде бір айта кететін дүние: «Қартқожақ»
романының әуелгі, журналдық нұсқасы әлі кирил қарпіне
түсірілген жоқ.
Аймауытұлының өзге прозалық кесек шығармаларында
(«Ақбілек», «Күнікейдің жазығы») публицистикалық
стильдегі сөйлемдер өте сирек кездесетіндіктен оған
тоқталып жатудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын.
Сөзімізді түйіндей келгенде, «публицистика – тар
мағынасында өзіне тән айқын ерекшеліктері және ішкі
заңдылықтары бар әдеби шығармашьшықтың өзіндік
бір түрі» /339.С.14/ екенін еске алатұғын болсақ және
259
оның әдебиетпен өте тығыз байланыста екендігін ескер-
сек /338.С.55/, Жүсіпбек Аймауытұлының көркем
шығармаларындағы публицистика поэтикасы – ұлы
суреткердің шығармашылығындағы бір ерекшелік.
Бұған осы тарауда оның көркем шығармаларын, көсемсөз
дүниелерін қарастыра отырып көз жеткіздік. Соны-
мен қатар қаламгерлік жолында әуелі кәсіби көсемсөзші
ретінде танылған жазушының алғашқы әдеби-көркем
шығармаларында кесемсөз стилі бас көрсетпей тұрмас
еді деп тұжыруға болады.
Қаламгер көсемсөзінің поэтикасы, біріншіден, қазақтың
асыл, шырайлы тілінен бастау алған бағалы сөз өрнегі бо-
лып табылмақ. Екіншіден, осыдан тұғыр бекітіп, қазақ
көсемсөзінде жаңа үлгі, жаңа стиль қалыптастырған үлкен
публицистің шығармашылық стилі өз заманында ірі мек-
теп болды.
260
Сөз соңы
Қазақ руханиятына мол үлес қосқан ұлы тұлғаның бірі
– Жүсіпбек.
Он жылда орта толды. Ұлттың шын зиялыларының
алпыс жыл зынданда жатқан асыл қазынасы жарқ етіп
дүниеге қайта келді осы уақытта. Өшпес мұрат қайта жан-
ды, өлмес мұра қайта тірілді.
XX ғасыр басындағы ұлт зиялыларының қазақ
мәдениетіне қосқан қомақты үлесіне, қордалы қазынасына
советтік империя тар тұсау, темір шідер салып, ұзақ жыл
еңсесін басып, адымын аштырмаса да, асыл мұра қайта
туған Мәдідей ұлт рухын серпілтіп ортамызға оралды.
«Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды.
Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Енде-
ше өзімізде бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға
талпыну керек»/384/ деп Жүсіпбектің өзі жазғанындай, бұл
орайда соңғы жылдары руханиятымыздың бүктемедегі
тарихы, бүркеулі мұрасы ұлт игілігіне айналып келе жа-
тыр.
Сондай асыл қазына қалдырған ұлы тұлғалардың бірі –
Жүсіпбек Аймауытұлы. Оның «сылдырап өңкей келісім тас
бұлақтың суындай» (Абай) дегеннің тап өзі болған, кестелі
сөздің, төгілген тілдің бірден-бір үлгісі іспетті «Ақбілек»
романының өзі жарқ етіп жарық дүниеге қайта шыққанда
әсері қандай болғаны әлі көкейде сайрап тұр.
Жұртымызға Жүсіпбектің көрнекті жазушы, сөз зергері
екені белгілі. Бірақ бір нәрсе ақиқат: заманында оның есімі
алты алашқа әуелі публицист ретінде танылған еді. Десе
де, дарын қуатының деген толған шағында, қылшылдаған
қырқында совет империясының, орыс отаршылығының
құрбаны болып кеткен Жүсіпбек Аймауытұлы талабын
«әр қиынға сермеді» (Абай), өнердің басқа да саласын-
261
да өз ізін қалдырды, сүйтіп, ұлт руханиятына сүбелі үлес
қосты. Оның сондай еңбектерінің бірегейі – көсемсөз
шығармашылығы мен журналистік қызметі.
Қазақтың классик қаламгері Жүсіпбек Аймауытұлының
XX ғасыр басындағы мәтбұғат жүзін көрген, бірақ қазіргі
баспа бетіне шықпағандары – өз алдына бір төбе. Солардың
ішінде суреткердің көсемсөздей сүбелі мұрасы бар. Ғасыр
басындағы қазақ елінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-
экономикалық, мәдени жөне рухани өмірінің әр саласынан
мағлұмат беретін, «ұлттық» деген ой-пікірдің дамуына,
өркендеуіне көп үлесін қосқан көсемсөз шығармашылығы
арқылы Жүсіпбек Аймауытұлы – қазақ руханиятының
тарихындағы айрықша тұлғалардың бірі. Осы тұрғыдан
алғанда қазақ демократиялық баспасөзінің қалыптасуына
өз үлесін қосқан оның қазақ мәтбұғатындағы тұңғыш еңбегі
Алаш Орда қозғалысының, кейін Алаш Орда үкіметінің
баспасөзін қолға алғанда толық көрінді.
«Абай» журналын шығарған, «Сарыарқа» газетіне
мақалалар
жазып
тұрған
Жүсіпбектің
империя
құрамында жаңа тұрпаттағы, ұлттық автономиялық ре-
спублика құру және сол республиканың ұлттық мәдени
өркендеуі сияқты тарақият жүзіндегі зор іс-шараларға
араласқаны монографияның негізгі тарауларында айтыл-
ды. Ол жас күнінен Алаш Орданың мұратын қолдады,
ұлт-азаттық идеясын жақтады. Сол үшін күресті. Осы
бағыттағы қайраткерлігін зерттей отыра, Алаш Орда
баспасөзіндегі журналистік қызметінің қырларына және
сондағы көсемсөз шығармаларына тоқталып, ғылыми са-
раптама жасадық. Шынында да, Жүсіпбек Аймауытұлы
– Алаш Орда идеологиясының ұраншысы, насихатшы-
сы болған көсемсөз иесі. Сонан соң ол ұлттың саналы
қоғам, жаңа мемлекет дәрежесіне лайық болуы үшін ал-
дымен мәдениет, оқу ісі, тәрбиенің өркендеуіне зор ықпал
262
жасайтын құрал – баспасөздің жандануы керек екенін
үндеген қалам қайраткері болды. Жүсіпбектің қайраткер-
қаламгер дәрежесіне көтерілуіне өзінің дарыны, білімі,
тиянақты пайымы ғана емес, белгілі бір сыпатта Алаш
Орда қозғалысының да әсері болды. Осы кезеңдегі яки со-
вет өкіметі келіп орнағанша жазылған дүниелері – Алаш
Орда баспасөзіндегі мақалалары кейінірек, өзінің көзі
тірісінде-ақ жалаңқабат әлеуметшілдіктің темір шеңгеліне
түсіп, замананың қара суық желінің өтінде қалғаны
белгілі. Кезеңнен кезең асып, бұл шығармаларының
тағдыры талай өткелектен өтіп, талай талқыны көріп,
қайта жарыққа шығыпты. Аумалы-төкпелі замананың
қат-қабат шатқалдарын басып осы күнге жетіпті. Ал сол
Алаш Орда баспасөзінде, кейін ХХ ғасырдың 20-жылда-
рында жазылған көсемсөз шығармаларының бірталайын
жинақтап, ғылыми сараптан өткізу біздің маңдайға жазы-
лыпты.
«Халықтың өнерлі болып, жетіліп кетуіне де көп се-
беп, көп шарттар бар. Көп шарттың бірі – баспасөз»
деп тұжырым жасапты Жүсіпбек «Журнал туралы»
мақаласында («Абай» журналы, 1-саны, 2-3 беттер). Оның
осы тараптағы жүйелеген ой-пікірлері, көзқарастары, ұлт
баспасөзінің дамуы жайындағы ойлары осы зерттеуде ар-
найы талданды.
Олар ғылыми електен өте келе, бір тұжырым жасал-
ды: Жүсіпбек Аймауытұлы – жай ғана баспасөз қызметкері
емес, әуесқой тілші емес, қазақ баспасөзінің дамуына зор
үлес қосқан, әлденеше басылымға бас редактор болған,
көсемсөздің теориясы мен тәжірибесін жетік білген
кәсіпқой журналист.
Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Жүсіпбек жөн
көрсетіп, үлгі айтар, сақа, тәжірибелі журналист ретінде
танылған, мысалға алатұғын болсақ, 1924 жылы «Жас
263
қазақ» журналы оның суретін шығарып, «Баспасөз май-
данында еңбегін көп сіңіріп келе жатқан қызметкер» деп
таныстырған (Жас қазақ, 1924, 12-13 саны, 107-бет).
Сонымен, Аймауытұлы көсемсөзінің ұлттық қазына
екенінде күмән жоқ. Үйткен себебі, ол – «өз заманының үлкен
публицисі болған адам» /129.Б.219/. Көсемсөздегі алғашқы
талпыныстары «Қазақ» газетінен бастау алып, «Сарыарқа»,
«Абай» басылымдарында-ақ өзінің қаламы төселген пу-
блицист екенін аңғартады. «Баспасөз маңындағы жұмыс
Жүсіпбектің жас қаламының қатаюына, есеюіне себеп
болды. Сөйте жүріп ол прозаның газеттік жанрларын да-
мытты – суреттемелер, эссе, оқшау сөз, шағын әңгімелер
жазды»/129.Б.40/ деп жазады С.Қирабаев. Бұл ретте
қазақ прозасының ғана емес, қазақ публицистикасының
да қалыптасып, жанрлық жағынан толысып, дамуына
Аймауытұлының сіңірген еңбегі айрықша екенін алдыңғы
тарауларда айттық.
Жүсіпбектің әсіресе саяси тақырыпқа жазған мақала-
лары осы монографияда алғаш ғылыми айналымға
түсіп, жаңаша сыпатта толық қарастырылды. Алақұйын
заманалардың тынысын сезген, олардың астарлы пиғылын
түсінген қалам қайраткері өзінің қуатты сөзімен қазақ
қоғамының мұң-мұқтажын, әлеуметтік келбетін баспасөз
бетінде көрсетті. Ұлтшылдық, ағартушылық, әр алуан түрлі
тақырыпты қамтуға тырысушылық сияқты басты белгілері
бар оның көсемсөзі жеделділігімен де ерекшеленеді.
Мәселен, «Қазақ тілі» газетінде РОСТА хабарларын жедел
ұйымдастыру тәжірибесі – соның бір айғағы.
Сонымен бірге «Ел газетке не жазбақ?», «Пән сөздері
қалай табылады», «Газет тілі қалай түзеледі?» және бұларға
қоса «Тілшілерге» деген сериялы мақалалары Жүсіпбек
Аймауытұлының тек тәжірибелі журналист, білікті редак-
тор ғана емес, заманында ұлт баспасөзінің даму жолда-
264
рын пайымдап, зерттеп отырған практик ұстаз болғанын
көрсетеді.
Осы еңбекте көрнекті публицистің шеберлігінің да-
муы мен қалыптасуы кезеңдерін, журналистік қызметінің
ерекшеліктерін сол замандағы қоғамдық-саяси жағдайдың
шындығы аясында қарастырылды. Алдыға қойған мақсат
орындалып, айтулы қаламгердің соңында қалған көсемсөз
мұрасының қазақ көсемсөзі мен баспасөзі тарихында ала-
тын орыны мен салмағы анықталды.
Жүсіпбек Аймауытұлының публицистік шеберлігінің
негізгі критерийі ұлттық баспасөздің өзіндік принциптері
мен даму жүйесінен көрініс табады. Сол себепті көсемсөз
шығармалары өзі аңсаған азаттыққа бүгін жеткен туған
елінің, тәуелсіз мемлекетінің алдында тұрған маңызды
міндеттермен орайлас шығып жатпақ. Сол кезде жазған
мақалалары да осы күнгі уақыт талабына сәйкес келеді.
Ұлт публицисінің қазақ қоғамындағы, оның мәдениеті
мен руханиятындағы сала-сала проблемаларды жетік
білуі, дұрыс ұғынуы және соған сай өзінің ойлары мен
тұжырымдарын жазып қалдыруы кейінгі толқынға, бүгінгі
баспасөз мамандарына үлгі болмақ. Қандай мәселе болсын,
оны үлкен рухта, публицистік пафоста жеткізуге ұмтылуы –
оның қаламгерлік қасиетінің тағы бір белгісі. Оның өзіндік
нұсқадағы очерк, фельетон, мақалалары қазақ көсемсөзіне
жаңа сыпат, айрықша түр берді.
Жеке тұлға ретінде, қандай публицистің болсын,
шығармашылық танымы мен бітімінде, қарымы мен
қабілетінде өзгеге ұқсамайтын ерекшелік болады. Осы
сыпатта Жүсіпбек Аймауытұлының шығармагерлігінің
үлкен қыры, өзгеше даралығы – кестесі нақысты, ырғақты,
әуезді көркем тілі. Бұл өзгешелігін кейінірек С.Мұқанов та
байқап, артықшылығын тап басқан: «Жүсіпбектің тіл жағы
жақсы. Сөзді ұста, шебер жазатын жігіт. Сөз құрастырудың
265
техникесін одан үйренуге болады...»/385/. Бұл сөз – қаламгер
мұрасы совет дәуірінде идеялық тұрғыдан мансұқталса
да, дарын иесінің шығармашылық стилін байқамауға, ат-
тап кетуге болмайтынын көрсетеді. Жүсіпбек көсемсөзінің
бірінші, басты белгісі де осында екендігін дәлелдеп жату
артық болар.
Көсемсөзіне тән екінші ерекшелік – тақырып аясының
кеңдігі. Өз заманының әр түрлі өзгерістерін, сан қилы
құбылыстарын көсемсөз шебері қалт жібермей, ұнамды
да, ұнамсыз да жайттарды өмір шындығының айна-
сындай дәл көрсетіп, жан-жақты сыпаттауға тырыса-
ды. Оның көсемсөзі 20-жылдардың көкейкесті деген
мәселелерін тегіс көтере білген. Жазғандары мәдениет,
оқу-ағартушылық, саяси-әлеуметтік, шаруашылық-
экономикалық тақырып-тардың төңірегінде топтас-
қанын, оның ішінде көркемөнер, тіл, әдебиет, мектеп
ісі, денсаулық жөніндегі көсемсөз-дері публицистің бұл
мәселелерді тереңнен қозғағанын айғақтайды. Осын-
дай іргелі мәселелерден туындап жататын түйінді ой-
ларын өз шығармаларының ішінде қисынды өрбітіп
отырады. Білімі мол, танымы кең публицист сан та-
рау тақырыпты түбегейлі ұғып, толық біліп, барын-
ша терең қозғайды. Мәселен, оның «Ән-күй жайын-
да», «Енді болыстық мектеп жайынан», «Қара тану мен
денсаулық», «Отырықшылықтың пайда, зияны» және
т.б. мақалалары, тақырып аттарынан байқалғандай-ақ,
әлеуметтік өмірдің сала-саласына қалам тартқанына көз
жеткізуге болады. Бұл тақылеттес мақала, корреспон-
денциялар оның шығармашылығында мол кездеседі.
Проблема көтере білу – Аймауытұлы көсемсөзінің
үшінші ерекшелігі. Ол әр тараптағы мәселелерді ай-
тып қана қоймайды, солардың ішінен келелісін іріктеп,
кесімдісін тұжырымдап, ірі-ірі проблемалар көтереді. Кей
266
тұста бір проблеманың айналасында бірнеше мақала жаз-
са, енді бір кезде бір мақалаға бірнеше проблема сыйғызып
жібере алады. Мысалы, бір ғана емле жайында көрнекті
көсемсөзші төрт-бес мақала жазса, «Бұл әдеттен ары-
лу керек» /103.Б.214-216/ мақаласында қазақ жастарының
спортпен айналысуы керектігі, бала тәрбиесінің құпия-
қалтарыстары, әдет-мінездегі өзгешеліктің сыры, т.с.с.
шешімін күткен әлденеше проблеманы қозғайды. Со-
нымен бірге өз алдына қымтаулы жатқан дүниелерді
әңгімелеген жеке мақалалары да мол.
Көсемөзінің түрлі жанрда жазылуы – Аймауытұлы
шығармашылығына тән төртінші ерекшелік. Оның
көсемсөзі корреспонденция, очерк, суреттеме, мақала,
рецензия, шолу жанрларына бай екендігін аңғардық.
Баспасөздегі түр мен мазмұнның өзара тығыз байланы-
сын дәл байқап, терең пайымдаған ол көптеген көсемсөз
пішінін пайдаланды. Жүсекең түр мазмұнға сай болуы
тиіс екенін тәжірибе жүзінде көрсетіп, түрлік (формалық)
ізденістерге батыл араласып отырған. Ақпарат жанрының
баспасөз үшін ауадай қажет болатындығын және ел ішінде
меншікті тілшілер ұстау керегі проблемасын да алғаш
қойғандардың бірі – Аймауытұлы (мысалы, «Ел газетке не
жазады», «Тілшілерге» деген мақалалары ).
Жүсіпбек Аймауытұлының сыншы және фельетоншы
екендігі – оның шығармагерлігіндегі бесінші ерекшелік.
Көсемсөзшінің заманында өзі жазған сын мақалалары
көзі ашық қауымға жете таныс болғанын әдебиет сыншы-
сы Ғ.Тоғжанұлының мына пікірінен-ақ аңғаруға болады:
«Бұдан екі-үш жыл бұрын көркем әдебиет жайында бірен-
саран адамдар жазатын. Әуезұлы Мұхтар жазатын еді,
Аймауытұлы Жүсіпбек жазатын еді... Қазақ оқығандарының
ішінде Жүсіпбек, Мүхтарлар – ...білімі де бар, қаламы да
жүйрік оқығандар... Алғаш әдебиет тексеріп сын жазғандар
267
– осылар»/367.Б.З/. Бұл пікірге үңілсек, Аймауытұлының
заманында-ақ танымал сыншы-көсемсөзші болғандығы
күмән тудырмаса керек. Ал оның өте шебер фельетон-
шы екендігі алғаш рет профессор Т.Қожакеев еңбегінде
/354.Б.30-56/ ғылыми тұжырымдалды.
Сонымен бірге оперативтілік (жеделділік) – Жүсіпбек-
тің баспасөздегі дүниесін сыпаттайтын алтыншы
ерекшелік. Публицист ел ішіндегі әлеуметтік өзгерістерді,
алмағайып жылдардағы саяси ауқымдарды шапшаң
байқап, төңірегінде өтіп жатқан оқиғаларға ізін суыт-
пай үн қатып отырған. Айталық, Ресей империясындағы
1917 жылғы февраль төңкерісінен кейін жер-жерде
қазақ комитеттері құрылысымен әлеуметтік іске белсе-
не араласқан ол комитеттің міндет-мақсаттары, алдағы
істейтін шаруалары жайында іле-шала «Азық-түлік жайы»,
«Қамсыз ел» атты корреспонденцияларын баспасөзге жа-
риялап үлгереді. Публицист туындыларының жедел жазы-
луы бірқатар жағдайда шаруаның тез шешілуіне, алдағы
міндеттің жылдам іске асуына септігін тигізіп отырғанын
байқауға болады.
Публицист шығармашылығындағы жетінші ерекшелік
– онда полемикалық сарынның көрініс беруі. Бұл рет-
те Жүсіпбек Аймауытұлының «Мектеп қандай болу ке-
рек?», «Пара алу тоқтала ма?», «Әдебиет мәселесі» және
т.с.с. бірқатар мақаласын мысалға келтіруге болады.
Публицистика теориясын зерттеуші В.Здоровега:
«Публицистиканың сан қилы аспектілерін зерт-
теу оның қоғамдық-саяси қызметінің және жеке тұлға
шығармашылығының сан тарау бетінің күрделі екендігіне
көз жеткізеді» /339.С.89/ деп айтқанындай, Аймауытұлының
соңында қалдырған асыл қазынасының бірі – көсемсөз
мұрасы ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениеті тарихының
құнды бір парағы болып тұрмақ.
268
Түйіндей айтқанда, Жүсіпбек Аймауытұлының
журналистік қызметі мен көсемсөз шығармашылығының
шеберлігі, сонымен қатар санаулы өмірінде қазақ
баспасөзінің
бетінде
қалдырған
шығармашылық-
ғұмырбаяндық жолы – қолға енді қалам ұстаған жас
көсемсөзшілерге үлкен үлгі, тағлымды мектеп болмақ.
Оның қаймағы туырылып жатқан көсемсөз шығармалары,
сөз жоқ, қазақ баспасөзінің бастау көзінде тұрған көрнекті
нұсқа болып қала береді. Таным-тағылымы айрықша, дара
стильдегі ұлт публицисінің көсемсөз мұрасы заманнан за-
ман озған сайын мәңгі жасай бермек.
Алматы,
1999 жыл.
269
Достарыңызбен бөлісу: |