Нұрсұлтан Назарбаев Ќазаќстан жолы


төрағаларының республикалыќ кеңесінде



Pdf көрінісі
бет5/27
Дата31.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#10872
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

төрағаларының республикалыќ кеңесінде
сөйленген сөзден, 11-12 ќараша 1992 жыл
Аќыр-аяғында депутаттардың көпшілігі мынадай конституция-
лыќ ќағиданы ќабылдады: «Ќазаќстан Республикасында ќазаќ тілі
мемлекеттік тіл болып табылады. Орыс тілі ұлтаралыќ ќатынастар
тілі болып табылады. Мемлекет ұлтаралыќ тілдің жєне тағы да
басќа тілдердің ќолдану аясының саќталуына кепілдік береді, олар-
дың еркін дамуына жағдай жасайды. Мемлекеттік тілді жєне ұлт-
аралыќ ќатынастар тілін меңгермеді деген сылтаумен азаматтардың
ќұќыќтары мен еркіндіктеріне шектеу ќоюға тыйым салынады».
Тұтастай алғанда, орыс тілінің ұлтаралыќ ќатынастар тілі ретін-
дегі мєртебесі, єлі де болса заң жүзінде толыќ айќындалмағанына
ќарамастан, осындай тұжырым Ќазаќстанның көпұлтты халќының
өмірлік ќажеттіктеріне жауап беретін еді. Кейінірек бұл мєселе
1995 жылғы Конституцияда басќаша шешілді.
Депутаттар Парламентті таратудың ќұќығына да ерекше ќауіп-
пен ќарады. Бұл түсінікті де еді – өйткені, аумалы-төкпелі ке-
зеңнің жағдайын пайдаланып, олар өздеріне көптеген жеңілдіктер
жасап алды, кез келген министрге «ќысым» жасай алатын жєне
өздерінің депутаттыќ кезеңдегі өкілеттігінің ешкім ќол сұќпайтын
кепілдігін онан кейінгі екі жыл бойы саќтайтын болды. Жалпы
алғанда олар «жеке бизнестері» саласындағы өздерінің «шығарма-
шылығы» үшін кереметтей жағдай жасап ала білді. Өздерінің сай-
лаушылары туралы олардың кейбіреулері ғана ойланатын.

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
59
Заң шығару органы болып табылатын Жоғарғы Кеңес үнемі
жұмыс істемейтін жағдайда, депутаттар өз өкілеттіктерін жергілікті
жерлердегі басшылыќ ќызметтерімен ќатар атќарып отырды. Жо-
ғарғы Кеңестің мєжілістері жылына бірнеше рет ќана өткізілді, ал
тєуелсіз мемлекеттің ќалыптасуы байсалды заң шығарушылыќ
жұмысты іске асыра отырып, жүздеген жаңа заңдарды ќабылдау-
ды талап етті. Аймаќтардағы партиялыќ номенклатураның өкілдері
болып келетін депутаттар жергілікті жерлердегі толып жатќан
проблемалар туралы баяндап жатты. Осынау халыќ өкілдері жал-
пымемлекеттік мүддені сезіну,«жергілікті жерлер» мүддесін ќорғау-
дың күні өткенін түсіну сияќты деңгейге көтеріле алмады. Нєти-
жесінде сессиялар «арќан тартысу» ойынына ұќсап, єркім өз өңірі
үшін мемлекеттік бюджеттен ќаржыны көбірек жұлмалауға ты-
рысты. Сөйтіп, көріп отырғанымыздай, бұл жерде мемлекетке жєне
бүкіл халыќќа ќызмет етудің иісі де жоќ болатын.
Депутаттардың көпшілігі мемлекеттің ќалыптасу жєне жаңа
экономикалыќ формацияға өту кезеңіндегі жаңа жағдайда Парла-
менттің мүлде басќа ќызметтер атќаратынын түсінбеді. Депутат-
тардың көпшілігі өздерін Кеңес заманындағыдай аманатты мандат-
тың иелеріміз деп сезінді, ол кездегі ќалыптасќан тєртіп бойынша
депутаттыќты жергілікті жердегі ќажеттіктер үшін ќосымша ќаржы
аударту көзі ретінде пайдаланып отырды.
Барлығын өз ќолдарынан бөліп отыруға,  реформаның жүру
барысына жауапкершілікті атќарушы биліктің мойынына артып
ќоюға тырысу – бұл сол кездегі ќалыптасќан жалпы тенденция
еді. Өкінішке ќарай, осы тенденция басќа да тєуелсіз елдерде
саќталынып ќалды, парламенттің негізгі міндеті бөліп беруде емес,
керісінше, өркениетті заң шығарушылыќ базаны жєне жаңа эко-
номикалыќ ќатынастарды дамытуға заңнамалыќ жағдай жасау екенін
алғашќы посткеңестік парламенттердің депутаттарының көпшілігі
сол күйі түсінбеді. Сонымен бірге ахуалдың ерекшелігінің өзі –
ќандай да бір дамыған нарыќтыќ экономика мен азаматтыќ ќоғам-
ның белгісі де болмаған, өкілеттіліктің, экономикалыќ жєне саяси
мүдделерінің ќорғалуының ќазіргі жүйесі ќұрылмаған, сол мүдде-
лер мен соларға өкілдік етушілердің өздері де наќты ќалыптаспа-
ған жағдайда парламенттің жеміссіз ќызмет жасауында болды.
Міне, осы жағдайда парламенттер кірісті өз мүдделеріне ќайта
бөлу үшін күресіп жатќан тұтынушылар клубтарына айналды.

60
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
Олар жалаќыны көтеру, ќаржыландырумен ќамтамасыз етілмеген
єлеуметтік бағдарламалар туралы популистік шешімдер ќабылдап
жатты, ал негізінде олардың өзі, атќарушы биліктің органы ретін-
де аса ќатаң бюджеттік тапшылыќ пен терең дағдарыс жағдайын-
да, солардың іске асуына жауапты болатын.
Нєтижесінде атќарушы билік баспасөздің,депутаттардың, ќоғам-
ның жан-жаќтап жасаған сынына тап болды. Тіпті, шын мєнінде
ауыр жағдайда отырған өңірлердің атынан сөйлеген кейбір депу-
таттардың өздері, ќалыптасќан жағдайды түсінбей, өз єрекеттері-
мен сол өңірлерге зияндарын ғана тигізді. Популистік толќуда ќабыл-
данған экономикалыќ шешімдер шаруашылыќ жүргізудің, эконо-
миканы мемлекеттік реттеудің бүкіл жүйесін тозғындатып, аќыр
аяғында экономикалыќ ситуацияны одан єрмен ушыќтыруға єкелді.
Өтпелі дєуірдің «бірінші толќынындағы» (1990-1994 жылдар)
Заңдар өз маңыздылығына ќарамастан, мемлекеттің ќаржы
мүмкіндіктерімен бекітілмеген популистік мєнге толы еді, сондыќ-
тан да олардан көп нєтиже шыќпауының өзі де осында жатты.
Жоғарғы Кеңес «Біз заңдарды шығарамыз жєне аќшаны үлесті-
реміз, ал Үкімет оларды ќалай болса да орындасын» деген прин-
циппен жұмыс істеді.
Дєл осы кездерде сауыншылар мен тракторшыларды 45 жас-
тан зейнеткерлікке шығару жєне экологиялыќ аймаќтар тұрғын-
дарына төлемаќы төлеу туралы ќаржы тұрғысынан ешќандай да
негізделмеген заңдар ќабылданған еді. Экономика жұмыс істемей,
ќазына бос ќалған сол кездерде ќабылданған осындай заңдар єлеу-
меттік төлемдерді төлеу бойынша көп жылғы ќарыздар ќалыпта-
суының бірден бір себепшісі болды. Кейіннен келе бұл заңдардың
тиісті баптарының єрекеті тоќтатылды.
Оның нєтижесі өздерін алданып ќалдыќ деп сезінген адамдар-
дың ызасы мен түңілуін ғана тудырды, сонымен бірге, осы тектес
Заңдарды іске асыру үшін ќолданылған шаралар тєуелсіздіктің
алғашќы жылдарындағы, онсыз да дағдарыста тұрған біздің эконо-
миканы толыќ күйреуге апарып соќтыра жаздады.
Сол кездегі көптеген заңдарда нарыќтыќ экономика мен де-
мократиялыќ ќоғам ќұру барысында пайда болатын ќұќыќтыќ ќаты-
настарды реттеудің тетіктері мүлде жоќ болатын.
Кейде мен бүкіл жұмыс күнімді Жоғарғы Кеңесте өткізіп, елдің
кезек күттірмейтін шешімдерді талап ететін ағымдағы маңызды
істерімен айналысуға тек түнде ғана келемін деп, ащы шындыќты
ќалжыңға айналдырып айтатынмын.

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
61
Парламенттегілер ескірген идеологиялыќ єдістер мен стерео-
типтерді бұрынғы екпінмен ќолдай отыра, біздің мемлекет пен
ќоғамды реформаландыру бағытындағы барлыќ єрекеттерімізге тұсау
салды. Сөйтіп, экономиканың ескірген ќұрылымы саќталып ќалды
да, жаңа ќоғамдыќ ќатынастарды ќалыптастыру жөніндегі баста-
малардың барлығы тоќтатылды. Ал демократиялыќ ќұќыќтыќ мем-
лекеттің талаптарына сєйкес келетін өкілетті органдардың жаңа
жүйесін ќұру болмай ќалмайтын уаќыт талабы екендігі
көпшілігімізге, түсінікті болатын.
Алдын ала айтпағым, түптеп келгенде барлығын түсінген
сол депутаттардың бастамаларымен 1993 жылдың соңына ќарай
Ќазаќстанда барлыќ деңгейдегі кеңестер өздерін-өздері тарата
бастады. Ќазаќстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзін-өзі
таратќанға дейін егеменді Ќазаќстанның бірінші Конституция-
сын ќабылдап, өзінің тарихи миссиясын орындап үлгергенін
мойындауымыз керек.
Конституциялыќ комиссия дайындаған Конституцияның алғашќы
жобасы Жоғарғы Кеңес, Жоғарғы Кеңес депутаттарының көп күнге
созылған талќылауынан (бүкіл елге берілген телевизиялыќ көрсетім
арќылы) кейін, 1992 жылы 2 маусымда бірінші оќылымында ќабыл-
данды. Бір аптадан кейін жоба республикалыќ жєне облыстыќ
газеттерде бүкілхалыќтыќ талќылау үшін жарияланды, ол 1992
жылдың желтоќсанына дейін созылды. Аќырында 1993 жылы 28
ќаңтарда Ќазаќстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жариялы
түрде дауыс беру арќылы түгелге жуыќ көпшілікпен (ќалыс ќал-
ған – 1, ќарсы – 2) Ќазаќстан Республикасының тұңғыш Конститу-
циясын ќабылдады. Жоғарғы Кеңестің мєжіліс залының электрон-
ды таблосында дауыс берудің нєтижесі көрінгенде, зал ду ќолша-
палаќтап дүр сілкінді. Залда «Ќазаќстан жасасын!» «Конституция
жасасын!» деген дауыстар жан-жаќтан естіліп жатты.
Бұл шын мєнінде дербес дамудың жолына түскен Ќазаќстан
халќының өміріндегі тарихи оќиға еді. 1993 жылдың жағдайында
ќабылданған Конституция, ќоғамның єлеуметтік-экономикалыќ жєне
саяси реформалар жүргізуге ќарсы болған бір бөлігі мен Ќазаќ
КСР-інің демократиялыќ өркениетті мемлекетке айналуы ќажеттігін
жєне оның болмай ќоймайтындығын түсінген екінші бір бөлігінің
арасындағы ымыраның көрінісі болды. Конституция реформаны
іске асыру жолындағы алғашќы жєне аса ќажетті ќадамдарды
жасауға мүмкіндік берді.
Біраќ, көп ұзамай, Ќазаќстанның бірінші Конституциясының
күшіне жєне ќолданысќа енуіне байланысты, оның кемшіліктері

62
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
де аныќ байќалды. Ең бастысы оның шын мєніндегі єлеуметтік-
экономикалыќ жєне саяси процестерден алшаќ тұрғаны көрінді.
Негізгі Заңда єртүрлі мемлекеттік институттар арасындағы туып
ќалатын келіспеушіліктерді шешетін тетіктердің болмауы, атќару
жєне заң шығару органдарының арасындағы ќайшылыќтардың
объективті түрде өрістеу себептерінің бірі болды. Басќаша айтќан-
да, 1993 жылғы үлгідегі Конституция мемлекеттік ќұрылымды
жетілдіріп отыру, єлеуметтік-экономикалыќ жєне саяси реформа-
ларды одан єрі тереңдете дамыту жолындағы ќұќыќтыќ кедергіге
айналды. «Кімнен кім басымыраќ?» деген принцип бойынша үнемі
дау-дамай жүріп жатты.
«Тарихтың ымырасы» болған Негізгі Заң ќоғам күткен барлыќ
үміттерді аќтамады. Себебі, онда ең басты мєселе – біздің ќоғам-
дыќ дамудағы маќсаттарымыз бен басымдылыќтарымыз айќындал-
мады.
Сонымен бірге, елдің Негізгі Заңын ќабылдау тєсілінің өзі де
келіспеушілікті туғызды. Сонда Конституцияны ќабылдаған халыќ
емес, ќайта кеңестік Заң бойынша ќұрылған Жоғарғы Кеңес пен
шенеуніктер єуелі өздеріне жєне содан соң халыќќа сыйға тартќан
болып шыќты. Конституцияда: Президент – ел ішіндегі жєне ха-
лыќаралыќ ќатынастардағы Республиканың өкілі деп жазылған
ережеге ќарамастан, Негізгі Заңды ќабылдаған жєне соған сєйкес
президенттік басќару түрін бекіткен Жоғарғы Кеңес бүкіл Ќазаќ-
стан халќының атынан сөйлеу ќұќығын өзінде ќалдырғанын айт-
саќ та жеткілікті. Осының өзінен-аќ єлі де болса табиғаты жағы-
нан «кеңестік» сипаттағы Жоғарғы Кеңестің билікке деген гегемо-
нияны өзінде саќтап ќалуға ұмтылысы көрінді. Осындайларға ағыл-
шын ағартушысы Томас Пейннің «Конституция дегеніміз мемле-
кеттің алдында жүретін үрдіс, ал мемлекет Конституцияның жемісі
ғана» - деген сөздері дєл келеді.
Осы сияќты заңнамадағы көптеген «аќтаңдаќтарды» күнделікті
кездестіре отырып, біз 1993 жылғы үлгідегі Конституцияның еге-
менді Ќазаќстанды ќұрудың ќұќыќтыќ негізі болуға жарамайты-
нын түсіндік.
Уаќыт өтіп жатты, сонымен бірге енді статус-квоны саќтаудың
өзіне мүмкіндік ќалмады. Президент пен Үкіметтің реформаларды,
єсіресе оның экономикалыќ сипаттағыларын жүргізуіне кедергі
жасап отырған Кеңестердің шексіз билігі туралы мєселені дереу
шешу керек болды. Мен бұл мєселені референдумға шығаруға
дайын едім жєне ол туралы ойымды ашыќ айттым. Жоғарғы Ке-
ңестің реформаны жүргізуде тежеуішке айналғаны туралы үнемі

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
63
айтып, өз позициямды түсіндіріп отырдым. Осы негізде менің бар-
лыќ мєселені шешуде өзінің жоғары тұруына бағыт ұстанған
Жоғарғы Кеңестің төрағасы С. Єбділдинмен ќарым-ќатынасым
шиеленісті. Оның көзќарастары туралы айтќым келмейді. Олар
ќазір елдің бєріне де аян, өйткені ол азамат ќазір Компартияны
басќарып отыр.
Ал ол кезде біз өзгеше бір тығырыќќа тап болдыќ: не Үкімет,
не Жоғарғы Кеңес өзара тайталастан шығудың жолын таппады.
Мен кейбір депутаттардың єрекеттерінің зиянды екендіктерін ха-
лыќќа єлденеше рет туралап айттым.
Дєл осы сєтте, 1993 жылы 16 ќарашада, Алматы ќаласындағы
Алатау аудандыќ халыќ депутаттарының кеңесі депутаттарды жаңа
заң бойынша сайлауға мүмкіндік беру маќсатында, өзін-өзі тарату
жөнінде мемлекеттің ќоғамдыќ-саяси өмірінде теңдессіз шешім
ќабылдады. Сол кезде республиканың жєне жергілікті кеңестердің
халыќ депутаттарына үндеу жарияланды.
«Кеңестер көбіне-көп бұрынғы үрдіс пен ескі идеологияның
бейнесі болып ќалып отыр. Өкілетті жүйенің ќызметін рет-
тейтін Заңдардың єрі єбден ескіргендігі, єрі тар ауќымы, депу-
таттыќ корпустың өз жұмысына деген ынтасының азаюы,
Кеңестердің наќты өмірден аулаќ ќалуын күшейтті. Сайлау-
шылардың еркін жүзеге асыруға олардың ќабілетсіз екендігі
күннен-күнге айќындала түсуде. Бұл депутаттыќ корпустың
кінєсынан емес. Себеп басќада – Кеңестердің толыќ билігі
үрдісінің бүгінгі күннің шындығына толығымен сєйкес келе ал-
майтын ќауќарсыздығында».
Алматы ќаласының Алатау аудандыќ кеңесі
халыќ депутаттарының Республика мен
жергілікті кеңестердің халыќ депутаттарына
үндеуінен, 16 ќараша 1993 жыл
Сол сияќты 17 ќарашада астананың Ленин жєне Октябрь аудан-
дыќ Кеңестерінің депутаттары өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын
тоќтату туралы шешім ќабылдады. Іле-шала осындай шешімге
Єуезов жєне Фрунзе аудандыќ кеңестерінің депутаттары да келді.
Сөйтіп бұл бастама аз уаќытта бүкіл республикаға тарады.
Артынша маған Жоғарғы Кеңес депутаттарының бір тобы,
өздерін отставкаға жіберу жєне депутаттыќ өкілеттіктерінен боса-
ту туралы ұжымдыќ өтініш жасады. Конституция бойынша мен

64
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
бұлай жасай алмайтын едім, сондыќтан, мен оларға бұл мєселені
Жоғарғы Кеңестің кезекті сессиясына ќоюды ұсындым. Тура айта-
тын болсам, мен елімізге аса маңызды осы бір кезеңде үлкен жа-
уапкершілік көрсеткен сол депутаттарға ризамын.
Парасат жеңіске жетті жєне Жоғарғы Кеңестің өкілеттігін мер-
зімінен бұрын тоќтатуға ќатардағы депутаттар бастамашы болды.
360 депутаттың 200-і өз өкілеттіктерінен бас тартатындары жай-
ында өтініш берді. Кеңестік жүйенің опырылып күйреуі, Жоғарғы
Кеңесті өзін-өзі тарату жөнінде шешім ќабылдауына мєжбүр етті.
Жоғарғы Кеңестің өзін-өзі таратуы тєуелсіз Ќазаќстанның та-
рихындағы аса бір драмалы оќиға болды. Тарихшылар осы бір ел
үшін тағдырлыќ маңызы бар шешімді ќабылдауға депутаттарды
итермелеген себептерді єлі де талай талќылайтыны аян. Менің
пайымдауымша, Жоғарғы Кеңес, ерте ме, кеш пе, єйтеуір бір та-
райтыны айќын болатын. Кең масштабтағы экономикалыќ рефор-
маларды жүргізу кеңестік жүйе тудырған ќайшылыќтарды ше-
шуді де талап етті. Бұл ќайшылыќтың мєні көптеген депутаттар-
дың бір мезгілде биліктің заң шығару жєне атќару тармаќтары-
ның бірден өкілдері болуында еді. Осындай ахуалда депутаттарды
жергілікті жерлердегі сатылы биліктің жұмысын бірден ќозғалт-
пай ќоя алатын жєне Жоғарғы Кеңесті реформаны орталыќтан
тежеп отыратын ќұрал ретінде пайдалана алатын еді.
XVI ғасырдағы француз философы Мишель Монтень айтќан-
дай: «Кез келген халыќ үшін ең тамаша мемлекеттік ќұрылым –
сол халыќты біртұтас күйінде саќтап ќалатыны». Ќазаќстан атќа-
рушы жєне заң шығарушы биліктің бір-біріне ќарсы тұруын шеше
білді, сілкіністерді күш ќолданусыз бейбіт жолмен орағытып кете
алды. Біз сатылап жєне біртіндеп тұраќтылыќты бекітуге жєне
ќауырт экономикалыќ өрлеуге ыќпал жасайтын тиімді жєне де-
мократиялыќ басќару жүйесіне өте алдыќ. Бұл мєселеде ТМД-ның
кейбір елдерінің жолдары сондайлыќ бола ќойған жоќ.
1992 жылы Тєжікстанда осындай ќарсы тұрудың ұрығы аймаќ-
тар арасындағы ќайшылыќтардың «ќұнарлы» топырағына түсті.
Душанбедегі єртүрлі екі алаңда көп кісі жиналған минтингілерден
басталған тайталас аќыр-аяғында ағайындылардың бірін-бірі ќыр-
ған азамат соғысына алып келді. Бұл соғыс бес жылдан астам
уаќытќа созылып, жүз мыңға жуыќ адамның өмірін ќиды.
Ќантөгіс жағынан Тєжікстандағыдан кем түспеген ќаќтығыс-
тар Грузия мен Єзербайжанда да орын алды. Бұларда билікке
популистік толќында Жоғарғы Кеңестердің көмегінсіз емес Гамса-
хурдиа мен Элчибей сияќты демагог-диссиденттер келді. Билік

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
65
басында көп тұрмаса да, олар жүргізген, көп жағдайларда тозғын-
датуға єкелген дилетанттыќ ішкі жєне сыртќы саясаттың сызы
Грузияда да, Єзербайжанда да єлі күнге дейін сезілуде. Бұл ел-
дер, ондаған жылдар өтсе де, аса ауыр экономикалыќ дағдарыстан
енді шығып келеді, ал территориялыќ тұтастыќтарын єлі ќалпына
келтіре алмай отыр.
1993 жылғы ќазанда Ресейде орын алған оќиғалар өздерінің
мєні жағынан ќайғылы жєне ауќымдылары болды. Сол кезде дүние
жүзінің бүкіл телеарналары Президент Ельцинге адал Кантемир
дивизиясы танкілерінің түтіннен ќап-ќара болған Ресей Федерация-
сы Жоғарғы Кеңесінің ғимаратын зеңбіректен атќылағандарын
көрсеткен болатын. Ресейдегі тоќсаныншы жылдардағы саяси аху-
алдың болжаусыздығы Ќазаќстандағы саяси ландшафтќа да терең
іздерін ќалдырды. Мєскеудегі оќиғаларды жіті ќадағалай отыра
жєне сол кездегі Ресейде бүтіндей орын алған былыќ пен заңсыз-
дыќтарға ұрындырған атќару билігі мен заң шығару билігі арасын-
дағы текетіресті сараптай келе, Ќазаќстан экономиканы белсене
ырыќтандыруды тек бірорталыќтандырылған күшті президент билігі
болғанда ғана жүзеге асыра алатынына менің бүтіндей көзім жетті.
Сол кездерде заң шығару деңгейінде ќарќынды жұмыс жасай
отырумен ќатар, барлыќ жерде «өрт сөндіріп» отыруға тура келді.
1993-1994 жылдардағы жылу беру маусымының ќалай басталғаны
єлі есімде, сол кезде көптеген ќалалар мен поселкелер ќысќа
дайын емес еді. Солтүстік жєне Орталыќ Ќазаќстанның мыңдаған
пєтерлерінде бөлменің температурасы 10-15 градустан жоғары
көтерілмеді.
1993 жылдың желтоќсанында біз бұдан да ќиын жағдайға тап
болдыќ. Жедел түрде «мінсіз» деген бағамен теңгені енгізгеніміз-
бен, елдегі ахуал инфляцияның жоғары ќарќынымен шиеленіске
түсті. Ќалыптасќан жағдай жедел жєне жауапты шешімдер ќабыл-
дауды талап етті. Экономикалыќ саладағы заң актілерін ќабылдау-
дағы бір күнгі бөгесіннің өзі бір жылдың ішінде орнын толтыра
алмайтын шығындарға ұрындырары аныќ еді. Біраќ та Министрлер
Кабинетінің оралымдылығына Жоғарғы Кеңес ќұрсау болды. Тағы
да экономиканың тұраќсыздануының наќты бір ќаупі туды.
Жоғарғы Кеңес елдің ќаржы-экономикалыќ саясатының бүтіндей
дербестігі жағдайында ќандай да болмасын заңдар ќабылдауға
дєрменсіздігін көрсетті. Жоғарғы Кеңестің сессияларында ұзаќќа
созылған нєтижесіз пікірсайыстар жүріп жатты. Сессиялардың
арасындағы үзілістердің өзі де ұзаќ болды. Біз үнемі парламенттің
шешімдерін күтетінбіз, біраќ та бізге ол экономикалыќ реформа-
лардың заңнамалыќ базасын ќалыптастыруды єдейі тежеуге ала-

66
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
тын сияќты көрінетін. 1994 жылдың басындағы теңге бағамының
жаппай ќұлдырау себептерінің бірі дєл осында жатты. Сол кезең-
дерде Министрлер Кабинетінің басшылары депутаттар корпусы-
ның жєне жергілікті органдардың мүдделік ќолдауының ќатты
тегеуірініне шыдай алмады, нєтижесінде кєсіпорындар арасындағы
ойластырылмаған өзара төлемдік есептесулер басталды.
Жаңа Конституция:
демократиялыќ бастау
1994 жылы наурызда Жоғарғы Кеңестің жаңа ќұрамы сайлан-
ды да, мен оған үлкен үміт арттым. Ұзаќќа созылған ырғалып-
жырғалудан кейін, бұл парламент, ынтымаќтасудың жемісті жо-
лына түскенін ашып айтуымыз керек, бұған мен кєдімгідей ќуан-
дым. Сөз жоќ, бұл Жоғарғы Кеңес бұрынғымен салыстырғанда
єлдеќайда іскер еді, біраќ бұл да біздің үмітімізді аќтамады. Депу-
таттар көп ұзамай-аќ өздерінің не үшін сайланғандарын ұмытып
кетті. Бұл кеңестің жұмыс істеген кезеңінде не бары 7 ғана заң
ќабылданды, ал оның есесіне 177 депутатты асырап-саќтау үшін
бюджеттік ќаржыдан миллиардтан астам теңге жұмсалды.
Мен жаңа парламентшілердің іскерлігіне ќандайлыќ үміт арт-
сам, олардан көңілімнің ќалғаны да одан кем болған жоќ. Парла-
ментте аса маңызды өмірлік заңдарды талќылау сол баяғыдай ќызу
жүріп жатты, біраќ одан пайда шамалы болды. Бұл жерде 1994
жылға арналған бюджет туралы заңның ќабылдануын айтсаќ та
жеткілікті. Үкімет парламентке бюджеттің жобасын ұсынғаннан
кейін, оны депутаттар 1994 жылы үш ай бойы талќылады. Ұзаќќа
созылған дау-дамайдан кейін, үкіметті отставкаға жіберу ќаупі
туғанда ғана 1994 жылдың бюджеті єрең ќабылданған еді.
Сөйте тұрса да, 1994 жылдың желтоќсанында Жоғарғы Кеңес
тілдердің мєртебесі, мемлекеттіліктің сипаты жєне жерге жєне
жеке меншік туралы рейтингілік дауыс беруден бас тартќанына
ќарамастан, мен депутаттыќ корпуспен жұмыс істеуді тоќтатпа-
дым. Биліктің мейлінше сара єрі табанды ќұрылымын ќалыптасты-
ру, түбегейлі экономикалыќ сипаты жєне ќоғамдыќ-саяси зор ма-
ңызы бар мєселелерді конституциялыќ деңгейде шешу ќажеттігі
күннен-күнге айќындала берді.

1995 жылғы Конституция
 
 
 
 
 
 
 
67
1994 жылы желтоќсанның аяғында мен Єділет министрі Наға-
шыбай Шєйкеновті шаќырдым. Мен оны, реформаның дєйекті
жаќтасы жєне жоғарғы білікті заңгер ретінде жаќсы білетінмін.
Екеуміз екі сағаттан артыќ уаќыт єңгімелестік. Мен оған консти-
туциялыќ реформаның негізгі бағыттарын сипаттап бердім жєне
ќұжаттармен одан єрі жұмыс істеу үшін жаңа конституцияның
үлгі жобасын бердім. Табыс еттім. Єрине, жоба аса ќұпия жағдай-
да жасалды.
Алғашында жаңа конституцияның жобасын жаңа ќұрамда 13-
ші шаќырылған Жоғарғы Кеңестің ќарауына ұсыну жоспарланған
болатын. Ол бұл кезде конституциялыќ реформаны жүргізуге
дайын еді. Парламенттің экономикалыќ мєселелерді талќылаудағы
оң ќадамдары жєне кейбір ыќпалды фракциялармен байланыстары
осыған кує болатын. Бұл кезең менің есімде жаќсы саќталған.
Мен ымыраға баратын жол табылады, конституциялыќ реформа-
ны іске асырамыз деген сенімде едім.
Біраќ осы тұста бір күтпеген жағдай болды.
Кішкентай ғана нєрсе басќа бір оќиғалардың түбегейлі сипатта
өрістеуіне себеп болып, ќоғамды мүлде ойламаған нєтижелерге
ұрындыратыны тарихта талай рет болған ғой. Ќазаќстан Респуб-
ликасы конституциялыќ сотының 1995 жылғы 6 наурыздағы ќаулы-
сы бүкіл Ќазаќстан үшін дєл сондай оќиға болды.
Бүгіндері елдің барлығына мєлім, ал ол кездер жай ќатардағы
журналист Татьяна Квятковская «Казахстанская правда» газетінің
бетінде Абылай хан сайлау округында, сайлау туралы Кодекстің
бұзылғандығы туралы Орталыќ сайлау комиссиясына айып таќты.
Дау ұзаќќа созылды. Аќыры Конституциялыќ сот шешім ќабыл-
дады. Ќазаќстан Республикасы Конституциялыќ сотының ќаулы-
сы: «Орталыќ сайлау комиссиясының дауысты санауға байланыс-
ты енгізген єдісі «бір сайлаушы – бір дауыс» дейтін конституция-
лыќ ќағиданың жаппай бұзылуына жол беріп ќана ќоймай, соны-
мен бірге сайлау нєтижесінің бұрмалануына ұрындырды жєне
сайлау жөніндегі Кодексте көрсетілген сайлау жүйесін өзгертіп
жіберді. Сөйтіп, Орталыќ сайлау комиссиясы өзінің өкілеттілігін
асыра пайдаланып, Конституцияның 60-бабын бұзды», – деген
тұжырымға келді.
Сонымен, өткен сайлау ќорытындылары мен Жоғарғы Кеңес
депутаттары өкілеттігінің заңдылығы күмєнді болып шыќты.
Жағдайдың күрделі екендігін ескеріп, жєне оның дағдарысќа
ұласып кетпеуін көздеп, мен 8 наурызда мынадай мєлімдеме жа-
садым:

68
    ЌАЗАЌСТАН ЖОЛЫ
«Соттың ќабылдаған шешімі бєріміз үшін де күтпеген оќиға
болды. Мемлекетіміздің тарихында бұрын-соңды мұндай бол-
ған емес. Мен мемлекеттік биліктің орныќтылығын жаќтап
келдім жєне єлі де жаќтай беремін.
Өйткені біздің жүргізіп жатќан реформаларымыздың тағ-
дыры осыған байланысты, бұл ретте еліміздің бұдан бір жыл
бұрын сайланған парламентінің де атќарар ќызметі аз емес.
Мен Жоғарғы Кеңеске үлкен үміт артамын. Єрине, таластар,
шамадан тыс ќызбалыќ ұшырап ќалатыны да рас. Дегенмен біз
алғашќы кезден бастап жемісті тіл табысуға ќол жеткізіп
келгенбіз.
Жуырда биліктің заң шығарушы жєне атќарушы тармаќта-
ры арасында келісімді ыќпалдастыќты ќамтамасыз ету тура-
лы келісімге ќол ќойысќанымыз – соның айғағы. Енді, міне, Кон-
ституциялыќ соттың шешімі төбеден түскендей оќиға болып
отыр. Тек парасаттылыќ, ұстамдылыќ, заңға мүлтіксіз бағыну
ғана біз үшін бірден-бір дұрыс шешім тауып, парламент дағда-
рысына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.
Сөйте тұрса да, Конституциялыќ соттың шешімі, кімнің
мүддесін ќозғаса да, оған ќұрметпен ќарауымыз керек. Тек сон-
дай жағдайда ғана Ќазаќстан шынында да ќұќыќтыќ мемле-
кетке, заңның салтанат ќұруына ќарай бағыт алып бара жа-
тыр деп айта аламыз».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет