Меруеш БАШАЙҚЫЗЫ,
Моңғолия және Қазақстан
Республикаларының
Мәдениет қайраткері
43
– ө
зіңіз
жАйлы
жАқынырАқ
тАныстырып
өтсеңіз
...
– Диплом алған мамандығым
бойынша Моңғолиядағы өнер
университетінің драма театр
режиссерімін. Оның алдында
педагогикалық колледжде дәріс ал-
дым. Өнерге, сахнаға деген алғашқы
қадамымды мұғалімдіктен баста-
дым. 1990-2007 жылдар аралығында
Баянөлгей аймағындағы қазақ музыка
драма театрында әнші болдым. Сол
жылдары аз уақыт театрда режис-
сер болып жұмыс істеудің де сәті
түсті. Елбасымыз Н.Назарбаевтың
Моңғолиядағы үшінші сапарында
ол кісінің алдында ән айту бақыты
бұйырды. Артынша Ел басының
ақбатасын алып, 2008 жылы
Қазақстанға қоныс аудардым. Әншілік
мамандықта оқыған жоқпын. Барлығы
ата-анамнан берілген қасиет.
– д
емек
,
АтАжұртқА
қоныс
АудАруыңызғА
е
лбАсымыз
тікелей
ықпАл
еткен
екен
ғой
...
– 1993 жылы Елбасымыздың ал-
дында домбырамен ән айтқанымда
ол кісі көзіне жас алғаны бар еді. Бұл
туралы журналист Қайнар Олжай өз
еңбегінде арнайы жазды да. Елбасының
өзі өнеріңе осылай құрмет жасап
жатқанда неге көшіп келмеске?!.
– т
АлАнттың
тАбиғАттАн
дАруы
бАр
дА
,
оны
Ары
қАрАй
дАмыту
және
бАр
... о
сы
турА
сындА
вокАлдАн
дәріс
АлғАн
жоқсыз
бА
?
– Бұрында даусымды тексерту
мақсатында Моңғолияның үлкен во-
калист мұғаліміне бардым. Сонда ол
кісі мені тыңдап болғасын: « Даусыңда
табиғи бояу бар. Менімен жұмыс
жасайтын болсаң сол табиғилықтан
айырыласың», - деді. Алайда, демді
қалай ұстап тұру, сөздерді қалай анық
айту керек деген сияқты шеберліктерді
үйретті.
– А
л
бүгінгі
тыныс
тіршілік
теріңіз
жАйлы
не
АйтАсыз
?
– 2008 жылдан бері жолдасым
Ерлан Бақтыгерей екеуіміз Қарағанды
қаласындағы Қали Байжанов
атындағы концерттік бірлестікте
жұмыс жасап жатырмыз. Ерлан
Тәттімбет атындағы академиялық
халық аспаптары оркестрінің
көркемдік жетекшісі, әрі бас дирижері.
Тұрмыс-тіршілігіміз Құдайға шүкір,
біреуден алда, енді біреуден кейін өмір
сүрудеміз....
– ж
олдАсыңызбен
қАлАй
тАныстыңыздАр
?
– Ерлан Таразда туылған. Нұрғиса
Тілендиевтің көзін көрген. Кішкентай
кезінен «Отырар сазы» оркестрінде
жұмыс жасаған. Т.Жүргенов атындағы
Өнер академиясынан дәріс алып,
білімін Құрманғазы атындағы консер-
ваторияда жалғастырған. Артынша
«Болашақ» стипендиясы бойынша
Татарстанда Фуат Мансұровтың
шәкірті атанған. Мен Қарағандыға
келген кезімде ол кісі де жаңа жұмыс
бастаған кезі екен. Сол жерде жүріп
таныстық.
– о
тбАсыңыз
жАйлы
кеңірек
АйтА
кетсеңіз
...
– Бүгінде, Құдайға шүкір, отбасы-
мыз үлкен. Артымыздан ерген 4 бала-
мыз бар. Үлкеніміз - Дінасыл физика-
математиканы тереңдетіп оқытатын
мектептен оқиды. Екіншіміз – Ерасыл
вилеончель класында, одан кейінгі
қызымыз да Сара Назарбаева келіп
ашып берген мектептің оқушысы, ең
кенжеміз – Нұрфуат жақында бір жа-
рым жасқа келді.
– ө
зіңіз
нАғыз
ұлттық
тәрбиемен
сусындАп
өстіңіз
. А
л
осы
тәрбиені
бАлАлАрыңызғА
қАншАлықты
бере
Алып
жүрсіз
?
– Балаларыма ылғи да:
«Қазақсыңдар; сондықтан
үлкендерді көргенде оң қолдарыңды
жүрек тұсына қойып, дауыстап
тұрып «Ассалаумағалейкум»
деп амандасыңдар. Үлкендерді
сыйлаңдар, ешкімге әлімжеттік
жасамаңдар» деп айтып отырамын.
Ауылға жиі жіберіп тұрамыз. Бұрында
да ата-анамыз бізді жайлауға жіберіп
тұратын, сол кездерді қазір қатты
сағынамын...
– б
ейнебАян
түсіру
жАғы
қАлАй
болып
жАтыр
?
– Моңғолияда жүрген кезімде
сол жердегі қазақтардың тұрмыс-
тіршілігінен сыр шертетін «Ел
көшкенде» деген әнге бейнеба-
ян түсірдім. Моңғолияда жақсы
көрсетілді. Ал Қазақстанға келген-
де оны көрсетуге телеарналардың
құлқы болмады. Анығырақ айтсақ,
ақша төлегенімді қалады. Ал мен
Моңғолияда жүргенде телеарналар
тегін көрсетіп еді, елге келгенде ақша
сұрағандарын онша құптай қоймадым.
Ол жақта керісінше бейнебаян
көрсеткені үшін телеарна бізге ақша
беретін еді...
Өнер жұлдыздары
44
– е
кі
елдің
әншілерінің
қАндАй
АйырмАшылықтАры
бАр
деп
ойлАйсыз
?
– Техниканың дамуна орай
өмірде жалғандық пен жасндылық
белең алып бара жатқан сияқты.
Қазақстанның барлық әншілерін
кіналамаймын; алайда жастар жағына
келгенде қарным ашатын тұстар бар.
Себебі, техникаға сүйеніп, жасанды
дауыспен әнші атанғандар біршама
көбеюде. Бұдан кейін тыңдаушылар да
адасушылыққа түсуде деп ойлаймын.
Ал Монғолияның тыңдармандарына
келер болсам, тамыр-таныстыққа
жол бермейді. Тіпті фонограмма-
мен айтқан әшілерді сахнадан
қуып түсіретін заң шығарды.
Сондықтан оларда шынайылық
басым, халық та соған қарай
тәрбиеленіп келеді.
– қ
АзАқтың
хАлық
әндері
қАй
жерде
көбірек
өтімді
?
– Моңғолияда халық әндерін
жақсы көреді. Одан бөлек
Шәмші, Нұрғиса, Әсет, Ескендір
ағалардың әндерін өте сүйсініп
тыңдайды. Кейінгі кездегі за-
манауи әндерді көп жақтыра
бермейді.
– б
ір
қызықтАу
сұрАқтың
жАуАбын
білгім
келіп
отыр
... ш
етелден
келген
қАндАстАрымыз
о
тАнғА
келгенде
құжАт
жАсАту
жАғынАн
түрлі
қиыншылықтАрғА
жолығып
жАтАды
.
А
л
сіздің
жергілікті
жігітпен
бАс
қосқАныңыз
осы
қиыншылықты
қАншАлықты
жеңілдетті
?
– Ең өкініштісі, жолда-
сым мен сол қиыншылықтардың
барлығынан жалғыз өтіп, енді бас
көтерген тұста жолықты ғой...
– к
ейіннен
тіл
жАғынАн
көмектесіп
демеген
болАр
?..
– Расында, Қазақстанға келгенде
тіл жағынан біраз қиналғаным бар.
Себебі, Орталық Қазақстан жерінде,
негізінен, орыс тілі басымырақ екен.
Соған орай әуелгі кезде «Қазақстанға
келіп қазақ болмақ түгіл, орыс болып
кететін түрім бар» деп қалжыңдайтын
едім. Ал жолдасым Ерлан ана тілімен
қоса орыс, ағылшын тілдерін жетік
меңгерген. Ол жағынан маған қосқан
үлесін тілмен айтып жеткізе алмай-
мын.
– ж
олдАсыңыз
дА
өнер
АдАмы
болғАсын
күні
түні
біргесіздер
... б
ір
біріңізден
жАлығып
кетпейсіздер
ме
?
– Жоқ! Керісінше ерлі-
зайыптылардың екеуі де бір сала-
да жүрсе оңай түсінісіп, бір біріне
ылғи да көмектеседі екен. Жалпы,
жолдасымның жұмысы ауыр, екі
ұжымның жұмысын қатар алып
жүреді. Сондықтан да мен оған
«Ештеңеден алаңдама, сенің қолыңнан
бәрі келеді...» деп қамшылап отыра-
мын. Жұмыстан шаршап келгенде
бір-бірімізге сөйлемеуге тырысамыз.
Үндемей-ақ отырып тіл табысамыз.
Ал отбасы жағынан келер болсақ,
әрине әйелге көбірек салмақ түсетінін
белгілі. Алайда, менің бағыма орай
Ерлан жақсы кездесті. Қандай
қиыншылық болмасын бөлісіп отыра-
ды. Мысалы, өткен жылы Швецияға
кеткенімде төрт айлық баламызды
алып қалып, мен келгенше түгел өзі
қарады.
– с
із
,
негізінен
,
ұлттық
бАғыттАғы
әнші
болғАндықтАн
киім
үлгілері
де
ерекше
тАлғАмпАздықты
қАжет
ететіні
белгілі
. к
иіміңіздің
сәнімен
кім
АйнАлысАды
?
– Жолдасым өнер адамы, ал өзімнің
негізгі мамандығым режиссерлік
болғандықтан кез-келген нәрсені
ойластыруға қиял-ғамымыз толық
жетеді. Сол себепті киім сәнін де
өзіміз ойлап табамыз. Сосын ол ой-
ымызды тігіншілерге жеткізіп, ары
қарай бірлесіп жұмыс жасаймыз.
– б
олАшАқтАғы
жоспАрыңыз
?
– Жоспарымыз көп. Бірақ,
ешқайсысын ашып айтқым келмейді.
– н
еге
?
– Мысалы, қазіргі эстрада әншілері
көбіне бейнебаяндарын Өзбекстанға
барып түсіріп келеді. Мұндай бейне-
баянда міндетті түрде қымбат көлік,
жарқ-жұрқ еткен бояу болады. Оған
мұрынынан шығатын ыңылдаған да-
уысты қосыңыз... Ал мен олардан
мүлдем ерекшеленуді жоспарлап
отырмын.
– ө
неріңізге
қолқАбыс
жАсАғАн
АдАмдАр
жАйлы
не
АйтАсыз
...
– Дүниежүзі қазақтары қауым-
дастығы Төрағасының бірінші
орынбасары Талғат Мамашев
мырзаға, Қарағанды жеріндегі ең
үлкен жанашырымыз Омарбекова
Рымбала Қанжебалақызына, бас
директорымыз Нүсіпұлы Талғат
Ыдырысов мырзаға, Алматыдағы
концертімізді сүйемелдеген
Құрманғазы атындағы ұлт аспап-
тар оркестрі мен оның директоры
Еркебұлан Мүсіреповқе айрықша
алғыс білдіреміз.
– қ
ызықты
оқиғА
Айтып
беріңізші
...
– Жолдасым Ерлан екеуміз көңіл
қосып жүргенімізді біраз уақыт жа-
сырын ұстадық.
– н
еге
?
– Солай жасау керек болды...
Ал ең қызығы екеуміз бір үйден
машинамен келеміз. Біреуіміз
филармонияның қызметкерлері
кіретін есігінен, екіншіміз жүк тасы-
малдайтын қосымша есігінен кіріп
және бір-бірімізді жаңа көргендей
«Сәлеметсіз бе?» деп амандасатын-
быз. Ерлан да қоймайды қалжыңдап:
«Меруеш ханым, қалыңыз қалай?»
деп, мен де қалыспаймын «Өзіңіз ше?»
деп. Міне сондай сондай қызықтар
болған...
– қ
ызықты
әңгімеңізге
рАхмет
!
Айдана АЛАМАН
Алтын бесік – Әсемдік әлемі
Сыбаға
Құрметті қонаққа немесе
өздерінің жақын-жуығына ар-
нап сақтаған кәделі ет мүшелері
«сыбаға» деп аталады. Айталық,
ақсақалдарға, құдаларға т.б. жолы
үлкен адамдарға бас, жая жамбас,
ірі малдың белдеме омыртқалары
сыйлы мүшелер тартылады. Сол
сияқты құдағиға жамбас, қыздар мен
күйеулерге төс, балаларға құлақ,
жүрек сияқты сыбағалары болады.
Өзі келе алмайтын қарт адамдардың
сыбағаларын беріп жібереді. Үлкен
адамдарға жамбастың шұқыршағы
(ірі малдың), жауырын, кәрі жілік
асылмайды. Қыздарға кәрі жілік,
өкпе берілмейді. Қол жіліктер
құрметті адамдарға тартылмайды.
Қазақ дәстүрі бойынша әр адам,
жолаушының өзі қонатын үйде
сыбағам бар деп санаған. Тиісті
сыбағасын бермесе, қонақ ол үйді сы-
нап, өкпесін айтып кетуге хақы бар.
Өлі сыбаға
Біздің мейірбан халқымызда
өлген адамды оның отбасын да
ұмытпай, үлестен құр қалдырмайтын
жақсы салт бар. Соның бірі –
ұмытылып бара жатқан «өлі сыбаға»
деп аталатын ғұрып. Мұны көбінесе
балықшы ауыл қолданады. Бас
көтеретін азаматы жоқ қарттарға,
асыраушысы дүниеден өткен жетім-
жесірлерге балықшылар үлес береді.
Бұған ешкім іштарлық немесе
қарсылық жасауға тиісті емес. Бұл – ел
ішінде бұлжымас заң. Қазақ даласын-
да егіннен – кеусен, малдан – көгендік,
мүліктен – шүлен, балықтан – өлі
сыбаға беру сияқты жоғары азаматтық
пен жомарттықтың, кеңпейілдің,
қамқорлықтың ғажайып мысалдары
ел тарихы мен әңгімелерінде жиі
кездеседі.
Табақ тарту
Аста, тойда, мерекеде табақ
тартудың өзі үлкен өнер, елдікке сын.
Сондықтан мұның да өзіндік салттық
тәртіптері бар. Әр табақ қонақтың
дәрежесіне, жасына, жолына сәйкес
тартылуы тиіс. Олар бас табақ, сый
табақ,күйеу табақ, келін табағы, жа-
стар табағы, жай табақ т.с.с. бірнеше
түрге бөлінеді. Бас табақ құрметті
адамдарға, қонақтарға, құдаларға
арналғандықтан мұнда бас, жамбас,
ортан жілік, белдеме, сүбе, қазы,
қарта, жал, жая т.б. кәделі мүшелер
тартылады. Сый табаққа да осын-
дай мүшелер салынады. Жастар мен
келін табақтарына асықты жілік, төс,
омыртқа сияқты мүшелер де жарай
береді. Жалпы табақ тарту – салт
қана емес ұлттық әдеп пен дастарқан,
тамақ беру мәдениетінің кепілі.
Әр қонаққа лайықты мүше болма-
са – ол білімсіздіктің белгісі ретінде
сынға алынған. Қонаққа ірі малдың
жамбасының шұқыршағы тартылмай-
ды.
Таңба
Таңбаның шығу тарихы тым әріде
жатыр. Таңбаның бірнеше қызметі
бар. Соның ішінде ең маңыздысы
қазақ жүздері мен ру, тайпаларының
өзіндік таным белгілерін айқындайды.
Таңбалар тасқа да, қабыр басында
да, рудың, батырлардың туларында да
(кейде қару-жарақтарында да) болады.
Әз Тәукенің «Жеті жарғы» заңында
«әр рудың, тайпаның, аталықтың өз
таңбасы болсын» деген жеке тарау
бар. Демек, белгі, таңба бұрыннан
салт ретінде қалыптасқан. Осындай
заңға сәйкес қазақ тайпаларында жеке-
жеке таңбалар бар. Олар мынадай:
Ұлы жүз тайпалары: Қаңлы –
таңбасы шылбыр, көсеу, Шанышқылы
– қолтаңба, Жалайыр – тарақ, Сіргелі
– сірге, Шақшам – жебе, Сарыүйсін
– ашамай, Шапырашты – ай, тұмар,
Ысты – көсеу, шылбыр, Ошақты –
тұмар, Албан, Дулат, Суан – дөңгелек.
Орта жүз тайпалары: Арғын – көз,
Қыпшақ – қос әліп, Найман – бақан,
босаға, шөміш, Қоңырат – босаға, Ке-
рей – ашамай, Уақ – бақан, ашамай.
Кіші жүз тайпалары: Шеркеш,
Алаша – бақан, Тама – әліп, көсеу,
Тазқамшы, Адай – садақ, Есентемір
– бақан, Жаппас – түйемойын, Төлеу
– балға, шылбыр, Рамадан – шөміш,
Тама – көсеу, Кердері – тостаған,
Керейіт – шылбыр, қылыш, Табын
– тарақ, көсеу, шөміш, Жағалбайлы –
балға.
Туған күн
Туған күн адам өміріндегі
ұмытылмас күндердің бірі. Бүгінгі
жаңа дәстүрлер қатарында оны атап
өту рәсімі бар. Әсіресе, балалардың
туған күнін өткізіп, оған киім, кітап
т.б. сыйлықтар алып беру жасөспірім
көңілін көтеріп, мерейін арттыра
түседі. Егер ол өзі қатарлы достарын
шақырса, оғған қолдау жасаған жөн.
Бұл да тәрбие бесігіне тең үлгілі
істердің бірі. Ал жасы кісілерді
туған күндерімен, денсаулық тілеп,
сый-сыяпат ұсынудың еш артықтығы
жоқ. Бұл әсіресе, жасы жеткен
кісілерге жасалса, олар ақ бата-
сын беріп, шын риза болады. Адам
өміріндегі мұндай сәттерді ескеріп
отыру – құрметтеудің белгісі.
Сейіт Кенжеахметұлы,
Суретін салған: Е. Бухарбаев.
45
Ата-баба мұрасы
|