Нұрсұлтан назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата26.01.2017
өлшемі15,15 Mb.
#2755
1   2   3   4   5   6   7

Гүлхан 

СІРГЕБАЕВА,

 

«Гүлдер» ансамблінің әншісі:

 – ө

нерсүйер

 

қАуыммен

 

қАндАй

 

жАңАлықтАрыңызды

 

бөлісе

 

АлАсыз

?

Ең бірінші жаңалығым - Т. Жүргенов 

атындағы Қазақ Ұлттық өнер академия-

сының магистратурасын өте жақсы 

деген бағаға аяқтадым. Одан бөлек ең 

қуанышты жаңалығым - «Ғашық бол» атты 

алғашқы үнтаспамды жарыққа шығардым. 

Олардың қазір «Меломан», «Грамофон» 

дүкендер желісінің сөрелерінен орын 

тепкен жағдайы бар. Үнтаспаға 16 ән 

топтастырылған, олардың басым көпшілігі  

жеке орындауымдағы әндер болса, қалғаны 

өнердегі досым, әнші Дәулет Болатбаевпен 

бірге айтылатын дуэттер. 

­ н

еге

 «ғ

Ашық

 

бол

» 

деп

 

АтАдыңыз



т

ұрмыс

 

құрмАғАныңызды

 

білеміз

... р

А

­

сындА

 

ғАшық

 

болА

 

АлмАй

 

жүрсіз

 

бе

?

- Әннің аты «Ғашық бол» деп атала-

ды ғой. Сөзін мен емес, қазақтың айтулы 

ақыны Ибрагим Иса жазған. Сол ағамыз 

тақырыбын қойғасын, кейіннен ол ән менің 

бойтұмарыма айналып кетті.  



­ б

ойтұмАр

 

әннің

 

өміріңізге

 

бАй

­

лАнысы

 

болмАғАны

 

қызық

 

екен

...

- Артынша сол әнге бейнебаян түсірілді,  

халыққа бір табан болса жақындадым. Бар 

болғаны сол ғана...



­ м

АгистрАтурА

 

оқудАғы

 

мАқсАтыңыз

 

не

? о

л

 

әншілерге

 

қАншАлықты

 

керек

?

- Кез келген мамандықтың ұстаздық 

қызметі болады. Мысалы, мұнай 

саласының  да мұнайшылары және оны 

қалай қазуды үйрететін мамандары бар 

дегендей... Сол іспетті ұстаздық жол  ме-

нен де алыс болмаса керек. Магистрлік 

дәреже жоғары оқу орындарында ұстаздық 

ету құқығын береді. Алайда оны дәл қай 

уақытта  жүзеге асыратыным белгісіз 

болып тұр. Жалпы, оқу адамның білімін 

жаңартып, одан әрі дамытуға мүмкіншілік 

береді емес пе?! Сол үшін де араға жыл 

салып болса да біліміңді толықтырып, 

мидың жұмыс істеу қабілетін жақсартып 

отырған  дұрыс. Ең қызығы, кітапты 

қаншама  оқыдым деп мақтанғанмен, дәл 

осы магистратурада оқығанның жөні бөлек 

екен. Себебі, олар - ғылыми оқулықтар. 

Әр кітаптан өзіме керекті мәліметтерді ала 

білдім.

Алтын бесік – Әсемдік әлемі


47

 ­ к

өбінесе

 

әншілердің

 

ішінде

 

сАхнАдА

 

жолы

 

болмАғАндАры

 

ғАнА

 

мұғАлімдікке

 

ойысып

 

кетеді

 

емес

 

пе

?.. 

-  Иә, академия қабырғасында 

халық танымайтын, бірақ өте білімді 

ұстаздар жетерлік. Меніңше, кез-

келген саланың мықты ұстазы мен 

кәсіби тұрғыдағы маманы екі басқа 

болады. Мысалы,  халықты мойында-

та білген  әншілеріміз студенттеріне 

ештеңе үйрете алмауы мүмкін. Мұны 

тек өнерде ғана емес, спорт саласынан 

да көруге болады. Мысалы, олимпияда 

чемпиондарын даярлаған бапкерлердің 

көбісі сол олимпиядаға кезінде өздері   

мүлдем қатыспаған ғой. Ал тұрмыс 

құру мәселесіне келсек, мұның да 

біраз ойландыратын жағдайлары 

бар. Әсіресе  өнердегі нәзік жанды-

лар ылғи да таңдау үстінде жүреді. 

Себебі - оларға өнерін түсініп, демеу 

көрсететін жар табылмауы мүмкін. 

Осы тұрғыдан қарағанда амалсыздан 

ұстаздық  жолды таңдайтындар да 

жетерлік. Ұстаздықты да, сахнаны да 

қатар алып жүрген Толқын Забирова 

апайымды  өзін түсінетін жар таба 

білген нағыз бақытты жан деп бағалар 

едім...

­  А

л

 

сіз

 

неге

 

сондАй

 

бАқытты

 

жАн

 

болуғА

 

ұмтылмАй

 

жүрсіз

?

-  Мен де қазақтың барлық  

қыздары сияқты оқуды бітіре салып 

өмірлік жар табуға  ұмтылғанмын... 

Бірақ Алланың бұйрығы болмай жа-

тыр...


­  м

үмкін



сіз

 

жігіттерді

 

өзіңіз

 

менсінбей

 

жрген

 

шығАрсыз

?

-  Жоқ, олай деп айта алмас едім. 

Кейбір қыздар жігіттерге толып 

жатқан талап қояды ғой... Ал мен 

ешқашан олай жасап көрмеппін. 

Менің талабым - біреу ғана. Жаным-

ды түсіне алатын адам болғанын 

қалаймын. Өнерді сүйетінімді, өнерсіз 

өмір сүре алмайтынымды түсінетін 

жігітті іздеп жүрмін. 



­ о

л

 

АдАмды

 

жолықтырсАңыз

  

әнде

 

АйтылғАндАй

 «қ

Ай

 

жАққА

 

болсын

 

кетер

 

ем



қолымнАн

 

ұстАп

 

жүр

 

десе

» 

дей

 

АлАсыз

 

бА

?

- Енді...(күліп) Ол жағын бірлесіп 

ойлап, шешер едік...

­  о

рАлмАн

 

жігітке

 

тұрмысқА

 

шығАр

 

мА

 

едіңіз

?

-  Ұлты қазақ болса онда тұрған не 

бар?! 

­ қ

АндАй

 

шетелдерде

 

болдыңыз

?

- Германия, Франция, Өзбекстан, 

Қырғызстан, Ресей...

­ с

ол

 

жердегі

 

қАндАстАрымыз

­

бен

 

тАнысА

 

Алдыңыз

 

бА

?

- Иә, әрине. Өзбек, қырғыз, орыс 

жерлерін мекендеп жатқан біраз бау-

ырларымызбен таныспын. 



­ ү

йде

 

жАлғыз

 

қАлғАндА

 

өзіңізді

 

қАлАй

 

сезінесіз

?

- Үйде жалғыз қалмауға ты-

рысамын... Себебі жалғыздықтан, 

қараңғыдан қатты қорқамын. Ал-

дын ала бір  құрбымды не сіңілімді 

шақырып алуға тырысамын. 



­ т

ез

 

АшулАнАтын

 

АдАмғА

 

ұқсАйсыз

... 

- Жоқ, ондай адам емеспін...



­ ө

мірлік

 

ұстАнымыңыз

?..

- Ешкімге, ешқашан бос уәде бер-

меу!  Қолыңнан келмейтін іске көпіріп 

уәдені үйіп төкпеу керек. Ол, жалпы, 

менің ғана емес, бүкіл  отбасымыздың 

ұстанымы. Әнші болғасын «келіп 

1-2 әніңді айтып берсең» деген 

ұсыныстар өте көп түседі. Ондай 

кісілерге уақытымның ыңғайына 

қарап, үлгеретін болсам ғана нақты 

жауабымды айтамын. Себебі ол 

кісілердің сарғайып күтіп отырғанын 

қаламаймын. 

­ ө

зіңізден

 

кемшілік

 

іздейсіз

 

бе

?

- Әдейілеп кемшілік іздемеймін, 

алайда өзіме-өзім өте жақсы сыншы-

мын. Ол тек қана өнерім, сахнадағы 

образым емес, өмірдегі жолыма 

да қатысты. «Мен кереметпін» де-

ген адамға сенбеймін. Мысалы, 

өзімді теледидардан көрген кезде 

әлі күнге дейін жүз  пайыз көңілім 

толмапты. Жоқ дегенде микрафон-

ды ұстағанымнан, қолымды сермеп 

қалғанымнан болсын мін тауып оты-

рамын. 

­ ө

зіңізден

 

де

 

сыр

 

жАсырАтын

 

кездеріңіз

 

болА

 

мА

?

- Өзім тұрмақ, анамнан да 

ешқандай сыр жасырмаймын. Адамға 

ең бірінші Аллаһ Тағала жақын де-

сек, екінші жақын адамым – анам. 

Ол кісіден мені мазалаған кез-келген 

сұрақтың жауабын ала аламын. Осы 

үшін де анамның оқыған, білімді көзі 

ашық, жан-жақты ой толғай білетін 

болғаны үшін шексіз қуаныштымын. 



­ б

Ақсы

­

бАлгерге

 

бАрып

 

көрдіңіз

 

бе

?

- Жоқ, бармаймын. Бірақ «көз бар» 

дегенге сенемін. 

­ д

інге

 

қАншАлықты

 

жАқынсыз

?

- Аллаға сенемін... Ал қалай 

сенетінімді жұрттың алдында 

дәлелдемеймін. Себебі ол  жарнама-

лайтын нәрсе емес. 

­ б

АсыңыздАн

 

өткен

 

қызықты

 

оқиғАны

 

Айтып

 

беріңізші

...

- Бір күні ғаламтор желісінде отыр-

сам, бір кісі бірнеше рет «достық» 

жібере берді. Ал мен жақын ада-

мым болмаса ғаламторда ешкімді 

қабылдамаймын. Әлгі кісі күніне 50 

рет «достық» жіберіп кеткесін, жур-

налист досым Азамат Сандыбайға 

айттым. Азамат сөйлесіп, өнерімді 

жоғары бағалайтын адам екенін 

анықтап берді. Ол кісі ғаламтордағы 

2007 жылдан бастап шыққан 

әндерімнен  тыңдап, табынушым 

болып жүр екен. Содан бастап мен 

де қызығушылығым ояна баста-

ды. Ғаламторда таныстым, Батыс 

Қазақстанда тұратын капитан болып 

шықты. Барлық ойын ашық айтатын, 

таза өнерімнің ғана бағалаушысы 

екенін анықтадым. Бүгінгі күні 

ағалы-қарындастай болып өнерімнің 

жанашырына айналды. Жақында Ал-

матыдан арнайы тапсырыспен жеке 

үнтаспамды алдыртты. Мен шыққан 

концерттерді жіті қадағалап, артын-

ша «Жеңгең екеуміз тамашаладық. 

Сахнаға жақсы шықтыңыз» деп  хат 

жолдап тұрады. 



­ б

олАшАқтАғы

 

жоспАрыңыз

...

- Құдай қаласа жақын арада 2 әнге 

бірден бейнебаян түсірсем бе деп 

отырмын. Кез келген нәрседен өсу 

байқалғанын қалаймын. Соған қызу 

дайындық үстіндемін. 



Айдана АЛАМАН

Өнер жұлдыздары

48

Алма бар, 

Алма барда,

Алмұрт алар м

а?!

Алмұрт алма,



Алма ал.

***


Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

***

Сыдық судан сүлік сүзді,



Сүлік Сыдықтың салмасын үзді.

Салмадан сүлік сытылып шығып,

Суға түсіп, сумаңдап жүзді.

***


Торғай тоғайды ұнатады.

Тоғай торғайды қуантады.

***

Бұл – бұлбұл,



Бұл – дүлдүл.

Бұлбұл – құс,

Дүлдүл – ат.

Бұлбұлды біл,

Дүлдүлді біл.

***


Ала қарға қарға қонды,

Қара қарға жарға қонды.

  ***

Құрышшы құрышына



Күріш алды.

Күрішші күрішіне

Құрыш  алды.

                  ***

Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

      ***

Шалғышы


Шалғы алды.

Шаңғышы


Шаңғы алды.

                  ***

Балалар қар күреді,

Қарды ауладан ары күреді.

Күрегі бардың бәрі қар күреді.

Кітаптың бағасы арзан,

Іші толған маржан.

 

***



Тау мен тасты су бұзар,

Адамзатты сөз бұзар.

 

***


Қына тасқа бітеді,

Білім басқа бітеді.

 

***


Күз дәнімен көрікті,

Қыс қарымен көрікті.

 

***


Көп сөз ұтпайды,

Дөп сөз ұтады.

 

***


Тіл жүйріктен де озады.

 

***



Ауылым алтын бесігім.

49

 

***



Төрт аяғы болса да, 

Етік киіп көрмеген. 

Жалқаулығы соншама, 

Аттап шықпас бөлмеден.  

 

 

 



(Стол.) 

 

*** 



Үй таза – ол қозғалса, 

Белбеуін шешпес тозғанша.    

 

 

 



 

(Сыпырғыш.)

 

***



Тұрады ылғи сөреде, 

Іші толы өнеге. 

 

 

(



Кітап.)

 

***



Арыстан арқырады, 

Орман жарқырады. 

 

 

(



Найзағай.)

 

***



Қуып едім-мойнын бұрмады, 

Ұстайын деп едім – қолға тұрмады. 

 

 

 



 

(Боран.)

 

***



Қанаты бар ұшпайды, 

Жұрт айламен, ұстайды.  

 

 

 



 

(Балық.)

 

***



Күндіз соқыр не деген? 

Түнде қалай көреген? 

 

 

 



(

Үкі.)

 

***



Білесін мекен даласын, 

Бірден тауып аласың, 

Салыр алып дорбаға, 

Жүреді ылғи баласын.

 

 

  (Кенгуру.)



 

***


Ақын ұлттың жүрегі,

Шешен көптің тірегі,

Батыр көптің білегі.

 

***



Жаман жолдас жолда 

 

 



қалдырады.

 

***



Кең киім оңай тозбайды,

Кеңесті ел азбайды.

 

***


Өнер – ердің қанаты.

 

***



Өнерлі бала сүйкімді.

 

***



Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан нақыл шығар.

 

***


Өзіңді зор тұтпа,

Өзгені қор тұтпа.

 

***


Еңбек етпесең, елге өкпелеме,

Егін екпесең, жерге өкпелеме.

Керемет биік тауларың,

Кестедей бақша, бауларың.

Айнадай мөлдір көлдерің,

Анамдай ізгі елдерің.

Бір алманы төртке бөлдім,

Бір бөлігін жеп те көрдім.

Қалған үлкен үш бөлігін

Қасымдағы үш досқа б

ердім.

 

***



Жегендей-ақ балқаймақты,

Үшеуі де таңдай қақты.

Бөлінбейтін достарменен,

Бөлісіп жеу қандай жақсы!

Жайқалады қыраттар,

Ән салады бұлақтар.

Жағасында тұманың

Ойнақтайды лақтар.

Дүбірлетіп даланы,

Құлыншақтар шабады.

Жазғы дала,

Жазғы таң.

Жасыл шалғын,

Жасыл шақ.

Ақ бұлаққа

Мөп-мөлдір

Күн күлімдеп,

Төкті нұр.

 

***


Сүйсең сурет сабағың,

Шабыт берер алабың.

Әсемдікті түсініп,

Арта түсер талабың.

 

***


Түйем шықты өріске,

Боталары маймаңдап.

Қойым өрді қапталдап,

Қозыларым салды ойнақ.



50

- Әдетте, өнер адамдары 

туған жерімен, өскен ортасымен 

мақтанып жатады емес пе?! Осы 

орайда сенің де осы орайда сөз 

қозғауыңның ыңғайы келіп тұрған 

сияқты.мақтанып кетуіңінің 

ыңғайы келіп тұрған сияқты...

- Мен Қытайдың Алтай аймағы 

Қаба ауданы Шұбар ауылында 

қарапайым отбасында дүниеге келдім. 

Әкем мемлекеттік қызметте, ал ше-

шем мұғалім болып жұмыс атқарады. 

Ағам мен қарындасым бар. Кішкене 

кезімнен  би өнеріне қатты қызыға 

бастадым. Жаңа бастап жүрген 

кезімде әкем-шешем бұл өнерді 

алып жүруімді құптамады. Бірақ 

мен өнерге деген ынта-ықласымның  

арқасында ондай қиындықтардың 

барлығын жеңіп келе жатырмын. 

Тіпті, теледидардан билеп жатқан 

бишілерді көргенде таң атқанша 

ұйықтай алмай қойған кездерім де 

Биші Есбол Долдыкенұлы 2007- 2010 жылдары Қытайдағы Шыңжаң өлкелік би 

жарысында үздік биші атағын жеңіп алған. Режиссер ретіндегі жұмыстары 

Шанхайда өткен жасөспірімдер фестивальінде алтын және күміс сыйлықты иеленген.

Төменде жас бишімен болған әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

болған. Анамнан естуім бойынша, 

алғаш туылған кезімде қолым майы-

сып биге бейімделіп  тұрған көрінеді. 

Сабақ қарамай тек биге аңсары ауып 

кете ме деп әке-шешем мені кітап-

дәптерлеріммен бірге  бөлмеге қамап 

қойған кездері де болған. Сөйтіп олар 

терезеден жасырынып қараса, мен 

сабақты жайына қалдырып, өзіммен-

өзім билеп жүреді екенмін. Содан 

кейін амалы таусылған әкем мені 2002 

жылы Іле облыстық би мектебіне 

жіберуге мәжбүр болды. Оны 

бітіргеннен бастап Алтай аймақтық 

ән-би үйірмесінде жұмыс істедім.



- Одан әрі неге жалғастырып 

оқымадың?

- Оның ыңғай келмеді. Бірақ мен 

тек үш жылдық бишілік біліммен ғана 

шектеліп қалған  жоқпын. Үрімжі 

қаласында режиссерлық мамандықты 

меңгердім. Ол жерде Бейжіңдегі 

мұғалімдер келіп дәріс берген еді. 

Әр өңірден 15 адамды шақырылып, 

соның ішіне мен де ілігіп, жақсы би-

лер үйрендік. 



- Білім беріп, тәрбиелеген 

ұстаздарың жайлы не айтасың?

- Құдайға шүкір, жан-тәнімен 

маған өз білгендерін үйреткен 

Нағима, Гімш, Тельман, Бақытгүл, 

Ажар сияқты ұстаздарым болды. 

Мектепке алғаш келгенде таңғы сағат 

5-те тұрғызып, дайынық жасататын 

мұғалімдерге ренжитін едім. «Алаңды 

айналдырып жүгірте беретіні несі, 

мен би үйренуге келдім ғой» деп 

қапаланатынмын. Мектепте қыздар 

көп болды. Бойым биік болғандықтан 

үнемі алдыңғы қатарда тұрып, 

мұғалімдердің көзіне бірінші болып 

көрінетінмін; сондықтан дайындық 

барысында салмақ ең алдымен 

маған түсетін. Енді ойласам сол 

кездегі мұғалімдерім менен бірдеңе 

шығатынын білген соң  қатал талап 

қойған екен ғой... 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет