- Өзгелермен алғаш танысқанда
ол кісілердің қандай қасиеттеріне
көбірек көңіл бөлесің?..
- Бишілерден көптеген доста-
рым бар. Бірақ мен басқа мамандық
иелерімен де жақын араласуға тыры-
самын. Биші достарымның көңіліне
келмесін, мен тек бишілермен ғана ара-
ласатын болсам, белгілі бір шеңбердің
ішінде қалып қоямын ғой. Шынымды
айтсам, үйде де, түзде де би туралы
әңгіме бола бергеннен кейін одан әбден
мезі болып кетуің мүмкін.
- Дәл қазір немен айналысып
жүрсің?
- Кезікті демалысқа шыққан
уақытым еді. Ұстазым Нағима
Тайырқызы телефон шалып,
Қазақстанда үлкен бір жоба қолға
алынып жатыр, соған сен де өз
үлесіңді қоссаң деп ұсыныс білдірді.
Содан осы жаққа келіп қалдым.
Алтын бесік – Әсемдік әлемі
51
Редакция алқасы:
Талғат Мамашев
Әлібек Асқаров
Сұлтан Жанболат (Қытай)
Хабсаттар Омарұлы (Моңғолия)
Марат Үкібаев (Өзбекстан)
Мехмед Зенгин (Франция)
Серіқұл Қосақов (Қырғызстан)
Дербіш Қылыш (Түркия)
Алғашқы есепке қою кезіндегі
нөмірі мен мерзімі:
№3209-Ж. 25.04.2002 ж.
Жарияланған материалдардағы
деректердің нақтылығына
автор жауап береді.
Басуға 05.11.2012 ж. қол қойылды.
Таралымы 1000 дана
Журнал ЖШС «Dostar media group»
баспаханасында басылды.
РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050002 Алматы қаласы.
Ш.Уәлиханов көшесі, 43-а
Тел. факс (727) 273 19 50
Е-mail: altyn_besik@mail.ru
Екі айда бір рет шығатын еларалық
қоғамдық-саяси, әдеби-көркем журнал
№4-5 (59-60) 2012 жыл, қазан-қараша
2002 жылдан шығады
Бас редактор
Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ
Жауапты хатшы
Гүлжан ҚҰРМАНОВА
Бөлім редакторы
Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ
Меншікті тілшілер:
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ (Астана)
Марат АРЫНОВ (Өзбекстан)
Маржан ТЕҢІЗБАЕВА (Астана)
Меншік иесі:
«Алтын бесік-2» ЖШС,
Дүниежүзі қазақтарының
қауымдастығы.
Журнал Қазақстан Республикасы
Ақпарат министрлігінен Бұқаралық
ақпарат құралын есепке қою туралы
№4629-Ж куәлігін алған.
22.01.2004 ж.
- Қазақстанда тіл жағынан қиналып жүрген жоқсың ба?
- Рас.... ол жағынан біраз қиналып жүрген жайым бар. Орысша тұрмақ
қазақша сөйлеген адамдардың кейбір сөздеріне түсінбей қалып қайталап
сұрап жататын кездерім жиі болып тұрады. Сондықтан жақында орыс
тіліне ден қойып, және кирилица әріпін де меңгерсем деген жоспарларым
бар.
- Қазақстанға алғаш келгенде сені қандай жағдайлар
таңқалдырды?
- Мен алғаш келгенде тып- тыныш ортаға яғни жұмаққа түскендей
әсерде болдым. Одан бөлек Астана қаласына барған кезімде байқасам,
тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде жүріп жатыр екен. Ондағы
құрылысшыларға барлығы да қазақтар. Жүрегім бір түрлі болып, қуанышқа
бөлендім. Яғни, барлық жұмыстарды қазақтардың істеп жатқаны маған
ерекше әсер етті.
- Сұңғақ бойлы, әдемі жігітсің. Сондықтан да шығар, естуімше,
қыздарға қатаң талап қоятын көрінесің... Сонда сенің арманыңдағы
қазақ қызы қандай?
- «Ерді ер қылатын да - әйел, ерді қор қылатын да - әйел» дейді ғой.
Сондықтан қыздарға жоғары талап қоятыным рас. Маған тұрмысқа шыққасы
келетін қыз нағыз қазаққа тән қылықты, Қыз Жібектей ақылды, ибалы да зе-
рек, ата-анамды, өнерімді құрметтеп маған демеу болуы керек.
- Өз мамандығыңнан қымсынатын кездерің бола ма? Қанша де-
генмен де қазақ халқы үшін биші жігіт ұғымы әлі толық қалыптасып
үлгермеген сияқты...
- Бұл пікіріңізбен келісемін. Бірнеше жыл қатарынан 30 қыздың ішінде
жүргендіктен бе, әлде жалпы би өнерінде буын-буынның бос болатын
қасиетін бе, әйтеуір, мені бір көрген адамдар қыз балаға ұқсатып жатады.
Сол кездері де біраз қымсынып қаламын. Алайда орнымнан атып тұрып:
«Мен бишімін! Қазақ биінің өркендеуі жолында тер төгіп жүрген адам-
мын» - деп баса айтамын. Сол кезде ғана: «Е, бәсе! Бір өнерде жүрген
адамға ұқсап тұрсың. Айып етпе» деп ақталып жатады.
- Күнделікті дайындыққа қанша уақытыңды бөлесің?
- Ол жағын дөп басып айта алмаймын. Тек таңертеңгілік жаттығуларды
жасамаймын, әйтпесе ертеден қара кешке дейінгі ісім би. Шәкірттеріммен
жұмыс жасасам да, сахнаға жеке өзімінің билеріме дайындаласам да
барлығы әйтеуір сол дайындықтың шеңберінде өрбиді. Күнделікті
дайындықтардың өзінде қатал түрде, көңілімді ешқайда аудармай жүйелі
түрде өткіземін. Ұялы телефонымды да сөндіріп тастаймын.
- Руға бөлінушілікке қалай қарайсыз? Әдетте жігіттер өз руын
мақтан тұтқыш келеді емес пе?
- Сол жігіттер тек руы үшін емес, қазақ халқының игілігі үшін жұмыс
жасаса болар еді. Бәріміз бір қазақ болғандықтан, қазақ елінің намысы
үшін еңбектеніп жүргендіктен руға бөлінетіндердің ісін түсінбеймін. Біз
жақта қайдам, байқауымша сіздер жақта руға көп бөлінеді екен. Себебі
мен ол туралы көптеген орын алған оқиғаларды білемін. Ол болашақтың
жарқын болуына қойылған шектеу. Әркім бас-басына өз руын қолдап шыға
келетін болса, бірлігіміз қайда кетеді. Ел ішіне іріткі түсу осындайдан ба-
сталады.
- Ең сүйікті қалаңызды атап бере аласыз ба?
- Өмірімнің көп бөлігі Қытайда өткендіктен ол жердегі сүйікті
қалаларымды атап өтпесем, су ішкен құдығына түкірген адамның кейіпін
кигенім болар. Оқытып білімін берген, құшағын жайып қарсы алып
мөлдір суынан қандыра іштірген Үрімжі қаласын қатты құрметтеймін. Ал
Қазақстанға келер болсақ, әзірге Алматы мен Астана, Зайсан қалаларын
ғана көрдім. Ал ол жерлердің қай-қайсысын алсаңыз да өз алдына бір төбе.
Себебі ата-бабамның кіндік қаны тамған жерлердің барлығы өз несібесін
беріп, қанша дегенмен де тартып тұрады екен.
Айдана АЛАМАН
Өнер жұлдыздары