– Әбдімәжит аға, әңгімені өзіңізді
таныстырудан бастасаңыз?
– Мен 1952 жылы Шынжаң Іле
қазақ автономиялы облысына қарасты
Тоғызтарау ауданы, Тікарық
ауылының Мойынгізер елдімекенінде
дүниеге келдім. Әкем Ертуған, шешем
Битыман қарапайым шаруа адамдары.
Қыстағымызда облысқа белгілі «Шы-
нар мектебі» деген мектеп болды. Бұл
мектеп Тоғызтарау ауданы бойынша
түйінді үш мектептің бірі еді: бала-
лар жан-жақтағы алыс ауылдардан
келіп оқитын. Мен осы мектепті оқып
бітіргеннен кейін Үрімжідегі Шыңжаң
көркемөнер институтының әсемөнер
факультетінің сурет бөліміне түстім.
Суретші мамандығын алған соң 1977
жылы жолдамамен Іле облыстық
Бұқаралық мәдениет мекемесіне келіп
жұмысқа тұрдым. Содан бері тынбай
осы кәсіппен айналысып келемін.
«Шебер қолдар» деген майлы боя-
улы суретім 1982 жылы Бейжіңде
өткізілген аз ұлттардың мемлекеттік
көрмесіне қатысып, үздік туынды
сыйлығын еншіледі. Сол сияқты
көптеген көркем туындыларым
Шыңжаң автономиялы райондық,
Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының көмегімен
Қазақстанға келіп, атажұрт-
пен тұрақты байланыс жасап
жүрген ағайындар аз емес.
Солардың бірі - Қытай
Халық Республикасында
тұратын суретші
Әбдімәжит Ертуғанұлы.
Төменде суретшімен болған
әңгімені назарларыңызға
ұсынып отырмыз.
35
Әлем қазақтары сыр шертеді
облыстық көрмелерге қойылды және
сыйланды. Ел ішіндегі газет-жур-
налдарда басылып көрермендердің
жақсы бағасын алды. Төккен төрім
бекер кетпеді. Талай жылдан бері
Іле облыстық Бұқаралық мәдениет
мекемесін басқардым. Қытай
суретшілер қоғамының, Шыңжаң
суретшілер қоғамының және Іле
облыстық әдебиетшілер бірлестігінің
мүшесімін. Қазір Іле облыстық
әсемөнер қоғамының төрағасы
міндетін қосымша атқарамын.
–
Сурет салуға әуестігіңіз қай
кезден басталды?
– Менің балалық шағым Қытайды
дүр сілкіндірген «мәдениет зор
төңкерісі» дәуірлеген шаққа тұспа-
тұс келді. Осы кезде үлкен әріппен
ұрандар жазып, қыстырма суреттер
салу менің міндетім еді. Бұл саясат
маған ұнамағанымен, жалпы мұндай
жұмыс менің сурет өнеріне деген
қызығушылығымды арттырды. Көркем
табиғат пен қым-қуыт қайнаған өмір
менің алғашқы шығармашылық
мектебім болды.
– Атажұрттың топырағын алғаш
рет басып отырсыз ба?
– Бұл Қазақ еліне екінші
рет келуім. Алғаш рет 2000
жылы Дүниежүзі қазақтары
қауымдастығының шақыртуымен
шыңжаңдық делегациянмен
бірге Алматыдағы Мемлекеттік
мұражайда ашылған көрмеге қатысып
қайтқанмын. Сонда менің «Бие-
бау» деген туындымды мұражай
қызметкерлері алып қалған еді.
– Ал осы жолы қандай сапармен
келдіңіз?
– Бұл жолы жеңгең екеуіміз жеке
сапармен қонаққа келіп отырмыз.
Өйткені Шахида деген қызымыз
Алматыдағы жоғары оқу орнының
бірін бітірген соң осында қалып
тұрмыс құрған еді. Сол қызымыздың
артынан іздеп келіп отырған жайымыз
бар.
– Біздің естуіміше, сіз соңғы
жылдары өткен замандағы
қазақтың белгілі тарихи тұлғалары
мен ақын-жазушыларының сағым
суретін салуға ден қойыпсыз, бұған
бет бұруыңызға не себеп?
– Кейінгі кезде біздің еліміздегі
қазақ баспасөзі мен кітап баспаларын-
да
тарихта өткен тұлғалар мен ақын-
жазушыларға қатысты зерттеулер және
олардың еңбектері топтастырылған
кітаптар шығару кеңінен қолға алы-
нуда. Сол себепті баспа орындары
маған тапсырыс беріп, олардың
сағым суреттерін салдыруды қолға
алды. Сөйтіп мен ақын Жүсіпбек
қожа Шайхысіләмұлы, өрт тілді
ақын Көдек Маралбай, күйші-
композитор Қожеке Назарұлы
және айтыскер ақын Қойдым
Дарубайқызы секілді әйгілі
адамдардың суреттерін салдым.
– Енді бұл суреттердің қалай
салынғаны туралы айта кетсеңіз?
– Жүсіпбек Шайхысіләмұлының
суреті 1992 жылы сызылды.
Үрімжідегі Шыңжаң автономиялы
райондық байырғы шығармалар
кеңсесінің сол кездегі бастығы,
жазушы Мағаз Сүлейменұлы маған
хат жазыпты. Ол хатында: «біз
Жүсіпбек Шайхысіләмұлының
шығармалар жинағын шығарғалы
отырмыз. Осы кітапқа ақынның
сағым суреті қажет. Текес
ауданындағы туыстарының айтуына
қарағанда Жүсіпбек қазір Құлжа
ауданында тұратын Бекқожа де-
ген баласына қатты ұқсайды екен.
Сіз Бекқожаның бетін толықтау
етіп, сақалын қоюлап салсаңыз
әкесінің өзі болады да шығады»
деп жазыпты. Мен Мағаздың ай-
туы бойынша Құлжа ауданына
барып Бекқожа ақсақалды тауып
ол кісімен әңгімелестім. Ол кісі
де М.Сүлейменұлының хатта
жазған дәйектемесін растады. Со-
дан барып ол кісінің келбетін әр
қырынан түсіріп алып сол негізде
Ж. Шайхысіләмұлының сағым
суретін салып шықтым. Қазір Қытай
қазақтарының баспасөздерінде
осы суретті пайдаланып жүр.
Сондай-ақ, бұл суретті халық
та Ж.Шайхысіләмұлыныың нақ
бейнесі ретінде жылы қабылдады.
Бұл туралы дау айтатындар
қазірге дейін жоқ. Ал ақын Көдек
Маралбайдың сағым суретін 2005
жылы салдым. Мұны сыздырған
адам Іле облыстық тарихи матери-
алдар бөлімінде істейтін Нұрлан
Сәрсенбаев деген ақын жігіт.
– Демек Көдектің қандай адам
болғаны туралы деректі де сізге
Нұрлан берді ме?
– Иә, солай! Бірақ мен бұған
онша сеніңкіремей Моңғолкүре
ауданында тұратын Көдектің ұлы
Айтуғанмен сөйлесіп Нұрлан
берген мәліметтің қаншалықты
36
Алтын бесік – Жер жүзі
шындыққа жақын екенін сұрадым. Айтуған
Көдек қайтыс болғанда 9 жаста болып-
ты да әкесінің бет-бейнесі онша есінде
қалмапты. Бірақ ол маған: «Әбеке, көне
көз қарттардың айтуына қарағанда әкем ат
жақты, ақ сары келген, қыр мұрынды адам
екен. Менің Қазақстандағы Нұрсерік деген
баламның өң-тұрқы әкеме ұқсайды дейді.
Сол баланың суретін негіз етіңіз. Және
36-37 жас шамасындағы адам болсын.
Мұрытсыз, қырма сақал етіп сызыңыз. Ал
киім үлгісіне келгенде басына албан бөрік,
үстіне кестелі жаға жейде мен құндыз
жағалы тон кисін» дегенді қадап айтты.
Мен сол бойынша сызып шықтым.
– Сурет сызылып болған соң Айтуған
Көдекұлына көрсеттіңіз бе?
– Суретті Айтуғанға Нұрлан апарып
көрсеткен еді; ол кісі ұқсайды депті.
Сонымен сурет Үрімжіден шыққан
Көдек Маралбайдың таңдамалы
шығармалары жинағына басылып,
кітаптың алғы сөзінде суретті менің
салғаным айтылыпты.
Бұл екі суреттің тарихы түсінікті
болды; ал күйші Қожекенің суреті қалай
салдыңыз?
– Бізде мәденит зерттеу мекемесі
деген мекеме бар. Жоғары орындар
осы зерттеу мекемесінің мұрағатында
«әйгілі адамдардың суреті сақталу ке-
рек» деген қаулы алған екен. Соған орай,
күйші Бейсенбі, Қожеке мен Қайрақбай
Шәдекеұлы қатарлы бірнеше адамның
сағым суретін аталмыш мекеме маған
ұсыныс етіп салдырды. Қожекенің де
түпнұсқа суреті жоқ болғандықтан тапсы-
рыс берушілер ол кісінің де бет келбетін
суреттеп жазып берді - мен соның
негізінде салддым. Бұл салынған суреттің
түпнұсқасы қазір Іле облыстық мәдениет
зертеу мекемесінің мұрағатында сақтаулы.
– Ал енді, айтыс ақыны Қойдым
Дарубайқызының суретінің қалай
салынғаны туралы да айта кетсеңіз...
– Қойдым Дарубайқызының суретін
салуға да Н. Сәрсенбаев мұрындық
болды. «Ақын Қойдым» деген
Шынжаң жастар баспасынан шыққан өлең
кітапқа бұл сурет басылды. Моңғолкүре
ауданының Қарасу деген жерінде Қойдым
ақынға арнап кесене тұрғызылған болатын,
сол кесененің шырақшылары «бұл суретті
сонда мәңгі сақтаймыз» деп алып кеткен.
– Қазір қандай туындылар салумен
айналысып жүрсіз?
– Соңғы жылдары Қытай қазақтарында
шежіре жазу үрдіске айналған.
Осы барыста көп адамдар мені іздейтін
болды. Олар өз руынан шыққан батырлар,
шешендер, билер, ақын-жазушылар мен
ата-бабаларының сағым суреттерін маған
салдырды. 2005 жылдан бері қарай көбінде
осы жұмыспен айналыстым. Қазірге дейін
жүзден астам адамның кескіні менің
қолыммен сызылды.
– Бұл суреттерді де ұрпақтарының
айтуы бойынша сыздыңыз ба?
– Иә, олар бейнелеп, суреттеп жа-
зып береді; не болмаса «осыған ұқсатып
сызыңыз» деп сол адамның өмірде бар
ұрпақтарының суретін қоса әкеліп береді.
Сурет сызылып біткеннен кейін өздері
көріп ұнатып алып кетеді. Ішінара сурет-
терге аздап өзгеріс енгізіп, дұрыстатып
алатындар да бар.
– Қойдымның әріптесі, ақын
Таңжарықтың 40-тан асқан кездегі
суретін салыпсыз. Таңжарық ақынды
айтсақ, оның 24-25 жастағы қалпақ ки-
ген бейнесі көз алдымызға келеді. Бұл
сурет баспасөзде жиі жарияланып жүр.
Ал сіздің мына суретіңіз неге негізделіп
салынған.
– Таңжарық өзгелерге қарағанда
фото суреті анық бар адам. Оның үстіне
оны көрген, бірге жүрген достары бергі
жылдарға дейін өмір сүрді. Соған орай
бұл Таңжарықтың елес суреті емес, оның
өмірден озардың алдындағы бейнесіне
негізделіп салынған дүние. Мен бұл сурет-
ке көркем образ бердім. Көріп тұрсыз ғой,
міне, Таңжарықтың басына қара бұлт төніп
келе жатыр. Ал бірақ сол қауіп-қатерге
ақын селт ететін емес. Керісінше бір
бүйірін таянып, шапанын желбегей жамы-
ла қасқайып, нұрлы болашақтың келеріне
асқақ сеніммен қарап тұр. Бұл суреттен
әділетсіз қоғамға қарсы соғыс ашқан
Таңжарық ақынның бет-бейнесін көре ала-
сыз. Одан әрі түсіндіріп жатудың өзі артық.
– Басқа қандай айтар тілегіңіз бар?
– Мен салған кейіпкерлер Қазақстанның
баспасөзінде жаряланып жүр екен.
Бұл мені қуантты, бірақ сол суретті
салған автордың аты-жөні жазылмағаны
қынжылтты. Сондықтан баспагерлер
мен баспасөз өкілдері осыны ескерсе де-
ген өтінішім бар. Өйткенің онда менің
қылқаламымның ізі сайрап жатыр ғой.
Бәрін айт та бірін айт, Қазақ елі аман
болсын!
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Әлімжан ӘШІМҰЛЫ
37
Әлем қазақтары сыр шертеді
Таяуда Ташкенттегі
өнерсүйер қауымға та-
лай рет қонақкәделік
жасаған Әлішер Науаи
атындағы кинотеатрда
«Өзбекстандағы қазақ кино-
сы күндерінің» ашылу сал-
танаты өтті. Бір өзеннен
су ішіп, қатар жатқан,
тағдыры жақын, мәдениеті
мен тілі ұқсас Қазақстан
мен Өзбекстан арасындағы
дипломатиялық
қарым-қатынастың
орнатылғанының 20
жылдығына арналған
шараны Қазақстанның
Өзбекстандағы елшілігі,
Өзбекстан Республи-
касы Мәдениет және
спорт істері министрлігі
және «Өзбеккино»
ұлттық агенттігі
ынтымақтастықта
бірлесіп ұйымдастырды.
ҚАЗАҚ
КИНОСЫНЫҢ
ТАШКЕНТТЕГІ
АПТАЛЫҒЫ
Бір аптаға жалғасатын қазақ киносы күндерінің ашы-
луында сөз сөйлеген «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің ди-
ректоры Ағзам Исхаков пен Қазақстанның Өзбекстандағы
Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин мыр-
за екі ел арасындағы ресми ғана емес, мәдени-рухани
байланыстардың да күн өткен сайын нығайып келе
жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар бұл шара
Өзбекстанның қазақ халқының ұлттық құндылықтарына
құрметпен қарайтындығының іс жүзіндегі дәлелі
екенідігін де тілге тиек етті.
Бірнеше дипломатиялық корпус өкілдері, көрермен-
дер, сондай-ақ шетелдік және жергілікті бұқаралық
ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысқан шара-
ның алғашқы күнінде Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық
шағынан сыр шертетін «Балалық шағымның аспаны»
атты фильмі көрсетілді. Дарынды режиссер Рүстем
Әбдірешевтің жаңаша көзқарасымен түсірілген фильм
руханиятымыздан шөліркеген халықтың көңіліне қуаныш
ұялатты. Кинокөрермендер Қазақстан үкіметінің қазақ
халқына, оның мәдениетіне деген құрметіне де дән риза
болды.
Орта Азияның кең даласында тыныс-тіршілік
етіп жатқан халықтар көп. Соның ішінде өзбек-
қазақ халықтарының сыйластығы ерекше, бұған та-
рихи дәлелдер де бар. Ташкентте өткен шара да осы
қарым-қатынастар беріктігінің және де нығайып келе
жатқанының бір көрінісі болды. Кино апталығының
ашылу салтанатына жергілікті қазақтармен бірге өзбек
бауырларымыздың да көптеп қатысуы осы жағдайды
тағы бір рет дәлелдеді.
– Өзбек және қазақ халықтары өнер қайраткерлерінің
достығы ежелден қалыптасып, үзбей жалғасып келеді
– деді салтанатты ашылуға қатысушы Өзбекстанның
Халық әртісі Лутфулла Садуллаев. – Бүгінгі шара да
осы сыйластықтың, өзара сенім мен құрметтің бір
көрінісі. Мен қазақ киноөнерін өте құрметтеймін.
Кезінде «Абай – ел перзенті» атты спектакльде Абай
ролін де сомдадым. Екі ел арасындағы мәдени байла-
ныстарымыз бұрынғыдан да жақсарып келеді. Мен оған
қатты қуанамын. Ташкентте қазақ киносы күндерімен
38
тұспа-тұс уақытта Қазақстанда өтіп жатқан
8–халықаралық
«Еуразия»
кинофестиваліне
өзбекстандық киноқайреткерлердің «Паризод»,
«Аспан - менің тұрағым», «Ақиқат күні», «Бұл -
менің үйім емес» атты фильмдерінің ұсынылып
отыруы – екі елдің тамыры тереңде жатқан достық
сыйластығын анық аңғартады. Ал Ташкенттегі
кино апталығында «Қыз Жібек», «Жерұйық»,
«Біржан сал» және «Секер» фильмдерін көрсету
жоспарланған.
Сөз реті келгенде, «Балалық шағымның аспа-
ны» атты көркем фильмнен алған әсеріміз жайлы
айта кеткіміз келеді. Бұл фильм Қазақстанның
Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың туған күнінен бастап орта мектепті
бітіргенгедейін өмірін, сондай-ақ Қазақстанның
соғыстан кейінгі дәуірін лирикалық ағымда жан-
ды көріністермен баян етеді. Көркем фильм
Назарбаевтың туған өлкесі – Алматы облысының
табиғаты тамаша, аспанмен таласқан Алатау
қойнауындағы Шамалған ауылында, Үшқоңыр
жайлауы және Қаскелен, Алматы қалаларында
түсірілген. Бұл ретте, мынадай бір уақиға ерек-
ше есте қалады. Көптен бала көтермей жүрген
Алжанды енесі Раймбек әулиенің кесенесіне
апарып, тәу етіп қайтқан соң, көп ұзамай ол
екіқабат болады. Айы-күні жақындаған Алжан
түсінде көлдің түбінен мылтық тауып алады. Бұл
түсті жорыған енесі Алжанның ұл туатындығын
және ол ұл ержете келе мәртебесі биіктеп, ел
билейтін азамат болатындығын айтады. Енесінің
түс жорамалы мен ақ тілектері қабыл болып,
қиын қыстау кезеңде сол өлкеде, шілде айының
ыстығына қарамай тау төбесін ақша қар жапқан
күні Әбіштің жанұясында Сұлтан (жас кезінде
солай атаған) атты сәби дүниеге келеді. Тағы бір
қызық жері – сол перзентханада жеті қыз туған
бір әйел сәби Сұлтанды ұрлап әкетіп, орнына
өзінің кезектегі жаңа босанған қызын ауысты-
рып қояды. Мұны Сұлтанның анасы Алжан сезіп
қалады. Ана өз баласын өзгеге қалай қисын, үлкен
тартыспен бөбегін зорға қайтарып алады.
Үйіне оралған Алжанды енесі бетінен сүйіп,
қолынан бөпесін алып: «Менің алтыным,
құлыным» деп қоярға жанын қоярға жер таппай
ерекше қуанады. Бірінші немересін жанындай
жақсы көретін әже образын атақты әнші Бибігүл
Төлегенова асқан шеберлікпен сомдағаны айқын
аңғарылады.
Фильмде кішкентей Сұлтан ролін – Елжас
Әлпиев деген керемет бала ойнайды. Бұл ба-
ланы режиссер Рүстем Әбдірешев өте дұрыс
таңдай білген деп айта аламыз. Оның бойы-
нан жас баланың мөлдір тазалығы, кіршіксіз
дүниетанымы айқын көрініп тұрады. Ауыл
іргесіндегі көкпен таласқан биік шыңдарға
көтеріліп, тау басындағы ақша қар мен көк
мұздарға, мөлдір аспанға қарап өскен балғын
Сұлтан жастайынан ұшқыш болуды армандай-
ды. Әуеде қалықтап ұшып бара жатқан ұшақтың
соңынан екі қолын жайып жүгірген бала бейнесі
еріксіз есте қалады. Бұл ретте, кішкентай
Елжастың бетпішімі Нұрсұлтан Әбішұлына ай-
нымай ұқсайтындығы көрермендерді еріксіз
сүйсіндіріп, фильмнің нанымдылығын арттыра
түседі.
Түрлі кезеңдердегі Әке рөлін екі актер – Ержан
Жарылқасынұлы мен Нұржұман Ықтымбаевтар
сомдайды. Олар сол дәуірдегі кейіпкерлердің
бейнесін өте нанымды көрсете білген. Әр ата-ана
ұлының ұшқыш немесе академик, мықты артист
болуын, ел басқара алатын халықтың сенімді аза-
маты болуын армандайтыны табиғи жағдай ғой.
Бәріміз де бала кезімізде балшықтан, құмнан не-
месе тастан қала соғып ойнағанбыз. Сол сияқты
экранда Сұлтанның да құм мен тастан қалашық
соғып отырғанын көргенде көрермендер,
«болашақ Президент Астана тұрғызып жатыр»,
– деп ду қолшапалақтады.
Фильмнің
тартымдылығы,
шынайылығы
сон шалықты - оның әрбір көрінісі біздің де
бала кезіміздегі естен кетпес жәйттерді қайта
жаңғыртқандай болады. Мысалы, жасөспірім
Сұлтан (актер Нұрлан Әлімжанов) өзінің сынып-
тасы Арайға деген жүрек жарды сезімін айта ал-
май, алып ұшып тұрған сәтін көргенде бәріміз де
толқып, баяғы балғын жігіттік кезімізді еріксіз
еске түсірдік.
Алтын бесік – Жер жүзі
39
Сондай-ақ. фильмде қазақтың тұсау кесер
баяғы әдет-ғұрпы мен бәйге, көкпар тарту секілді
ұлттық ойындары барынша көркемділікпен шы-
найы көрсетілген. Сондай-ақ, Әбіштің қысқы бо-
ранда аш қасқырлармен айқасып, малды аман
алып қалған көріністер де қоюшы режиссер мен
оператордың шеберлік деңгейлерінің жоғары
екекндіңгін көрсетеді. Фильмде орындалатын му-
зыка да адам жанына жағымды.
Фильмде Сұлтанның Шамалған ауылындағы
мектепке алғаш барған күннен бастап сы-
ныптастары мен ауыл жастарының арасында
үнемі ерекше көзге түсіп, ойында да, спорт-
та да, оқуда да үнемі алда болуы оның бойын-
да көшбасшылық қасиеттің сол кезден бастап
қалыптаса бастағанын айқын көрсетеді. Сондай-
ақ, ол сол кездің өзінде жер ауып келген түрлі ұлт
өкілдеріне шамасы жеткенше мейіріммен қарап,
әрқашан да көмек қолын созуға дайын тұрады.
Сөйтіп шынайы достық орнаған ортада өскен
Сұлтан елдің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие
болып шыңдалады.
Сұлтанның жоғары сыныпта оқып жүрген
кезіндегі анасының рөлін көрермен қауымға жақ-
сы таныс, Қазақстан Республикасының еңбек
сіңірген әртісі Наталия Арынбасарова шеберлікпен
орындаған. Мектеп қабырғасында жүргенде, асқақ
арман Сұлтанды Киев қаласындағы азаматтық ави-
ация институтына жетелейді. Барлық емтихандар-
ды ойдағыдай тапсырып, студенттік тізімге ілінеді.
Бірақ, туып өскен Қазақстан жерінде ұшқыштықтан
да жоғары, маңыздырақ мамандықтар барын
ескерткен ата-анасына ризашылығын білдіріп,
басқа жолды таңдайды.
Киноның алғашқы және соңғы кадрла-
рында жас кезінде армандаған аспан биігінде
бүгінгі «Қазақстан» деп аталатын үлкен ұшақта
Қазақстанның тұңғыш Президенті, Дүниежүзі
қазақтары қауымдастығының төралқа Төрағасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың ұшып бара жатқанына
сүйсіне қарадық. Елбасына «Қазақстан халқының
бақытына аман болыңыз, табыстан табысқа жете
беріңіз», - деп тілек тіледік.
Бұл көркем фильм - Қазақстан киноқайраткер-
лерінің үлкен табысы, жастарды тәрбиелеудегі
маңызы зор туынды. Яғни, фильмнің тек
Қазақстанда ғана емес, Өзбекстанда да тұратын
қандастарымыз үшін де рухани, мәдени, тарихи-
философиялық және көркемдік денгейі жөнінен
мақтан тұтатын дүние екенідігіне куә болдық.
Қорыта айтқанда, Ташкент қаласында Қазақ-
стан кино күндерінің өтуі үлкен мерекеге және
Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттерінің өзара
достығын, қарым-қатынасын нығайта түсетін
маңызды мәдени шара дәрежесінде өтті.
Бәкір СЕРІКБАЕВ, профессор,
Марат АРЫНОВ
Әлем қазақтары сыр шертеді
40
Алтын бесік – Әсемдік әлемі
А
ққудың
бірінші
әңгімесі
: м
Аң
дАйы
ңА
не
жАзылсА
соны
көресің
.
– Негізінен адам маңдайына жазыл-
ған тағдырдан аса алмайды екен.
Мысалы, мен өзімнің Гүлназбен таны-
суымды кездейсоқтық емес, жазмыштың
бұйрығы деп есеп теймін. Бұдан он
жылдың аржағы, яғни 2001 жылдың
көктемі, менің толық орта мектепті
бітіргелі жүрген кезім еді. Өзімнің туып-
өскен, ат жалын тартып мінген мекенім
– Бурылтоғай ауданында бір той бол-
ды. Қаршадайымнан жиын-тойларда ән
айтып жүретінмін. Үйреншікті әдетім
бойынша, бір-екі ән айтып қайтайын деп
той болып жатқан мейрамханаға кіріп
келсем, бір кішкентай қара қыз тамыл-
жытып ән салып тұр. Дауысы құлаққа
жағымды, түрі де таныс сияқты болып
көрінді. Кішкентай күнімнен теледидар-
дан көріп көзайым болып жүретін Гүлнұр
Әскерхан дейтін әнші қыз бар еді; шіркін
сонымен кездесіп таныссам, сабақ ал-
сам деп ойлап та жүретінмін. Басында
ән салып тұрған қызды сол Гүлнұр екен
деп қалдым. Жерден алтын тапқандай
қуандым десем де артық болмас. Бір ар-
маным орындалатын болды-ау, неде бол-
са сөйлесіп қалайын деп ән аяқталғанша
өзімді іштей дайындап үлгердім де, му-
зыка бітсімен қыздың қасына барып
сәлем беріп, өзімді таныстырдым. Қыз
менің қателесіп тұрғанымды бірден
сезді ғой деймін, өзінің Гүлнұрдың туған
сіңілісі екендігін айтты. Содан екеуміз
бір бірімізді жатырқамай, тез тіл та-
бысып кеттік Гүлназ өзінің үйі Алтай
қаласында екендігіне қарамастан, біздің
ауданға да жиі келіп тұратындығын айт-
ты. Бұл тойға осында тұратын әпкесі
қоярда қоймай ертіп келген көрінеді...
Содан біз мектеп бітіргенше шынайы
дос болып араласып жүрдік. Шынымды
41
Өнер жұлдыздары
айтсам, сол кезде Гүлназға үйленемін
деген үш ұйықтасам ойыма да кірмепті.
Бірақ іштей бір жақындығым барын
іштей сезетін едім. Кейін білдім, ол
жақындығым – жазмыштан маңдайыма
жазылған жарыма деген махаббат болып
шықты.
ә
нші
А
ққудың
екінші
әңгімесі
:
ө
мір
жұбынАн
өнер
жұбы
бАстАлды
.
– Бізді көп адамдар алдымен өнер
жұбын құрып, кейіннен араларында
махаббат орнап, өмір жұбына айнал-
ды деп ойлайды. Шын мәнінде, біз ал-
дымен өмір жұбын құрдық. Анығырақ
айтар болсам, алдымен отау тігіп,
шаңырақ көтердік, кейіннен «Аққу мен
Гүлназ» дуэті дүниеге келді. Біз мектеп
бітіргенше дос болып араласып тұрдық
дедім ғой. Ал, мектеп бітірген соң ол
достық қарым-қатынасқа не болды
дерсіз? Сөз реті келгенде бір әңгімені
де айта кеткенім жөн болар; толық орта
мектепті тамамдаған соң бірнеше жыл
Гүназдан көз жазып қалдым. Ол енді бір
ұзақ әңгіме. Қысқасы, мен 2004 жылы
Алматыға келіп Т. Жүргенов атындағы
Өнер академиясында сынақ тапсырып
жүргенімде Ж.Елебеков атындағы Өнер
колледжінде оқитын бір дос қызымның
жатақханасына қыдыра барсам Гүлназ
сол қызбен бірге тұрады екен. Ж. Еле-
беков атындағы Өнер колледжінің вокал
бөліміне түсіп оқып жүргелі бірнеше
жыл болыпты. Міне осылай, бір-бірімізді
қайта тауып алдық. Осы табысудан кейін
көп ұзамай арамызда махаббат әңгімесі
басталып, мен екінші курсты, Гүлназ
колледжді бітірсімен шаңырақ көтердік.
Әр істің басталуына бір адам себепші бо-
лады екен. Алғашқы өнер жұбымыздың
басталуына себеп болған композитор
ағамыз – Жарылқасын Дәулет. Қытайда
1994 жылы орындалып кеткен белгілі
сазгер, әнші Хамит Бәкірұлының «Мен
сені күттім» әнін Гүлназ ара-тұра ай-
тып жүретін. Бір күні Гүлназ сол әнді
Жарылқасын ағаға орындап берді. Жәкең
менің де ән айтатынымды жақсы білетін.
Әнді үнсіз тыңдап болған соң, екеуіміздің
қосылып орындап беруімізді өтінді. Сол
арада шамамыздың келгенінше айтып
беріп едік, ол кісі қуанып: «Бұдан былай
осы әнді дуэт болып айтып жүрсеңдер
болады екен», - деді. Содан Қуаныш
дейтін ән әрлеуші азаматқа ертіп барып
«Мен сені күттім» әнін жасатып берді.
Бұл «Аққу мен Гүлназ» дуэтінің алғашқы
қадамы еді.
Құдайға шүкір, сөйтіп бірге ән
айтайық деген бастамамыз жаман болған
жоқ. Қазір жалпақ жұртқа толық та-
нылып кетпесек те, біраз өнер сүйер
қауым бізді жұбай әншілер ретінде
жақсы біледі. Бүгінгі таңда екеуміздің
шығармашылдық қорымызда 9 дуэт ән
бар. Бұл әндеріміздің көбі Жарылқасын
Дәулет пен Хамит ағаның шығармалары.
Сондай-ақ, Қытайдағы ақиық ақын
Шәмен Иса деген кісінің төл туынды-
сы «Атамекен» деген ән де бар. Гүлназ
екеуіміздің
жеке-жеке
орындайтын
әндеріміз бұның сыртында. Үстіміздегі
жылы кішкентайлы болып, Республи-
ка көлемінде өткен біраз концерттер-
ге қатыса алмай қалдық. Бұйыртса,
алдағы уақыттарда шақырған жерлер-
ден қалмайтын шығармыз. Кішкентай
қызымыздың есімін Айзере қойғанбыз.
Жарты жастан асты. Гүлназ қазір үйде
бала күтімінде. Осы арада тағы бір айта
кететін қуанышым бар: Жарылқасын
аға менің кішкентайымның кіндік әкесі
болған еді, соған орай, Айзереге арнап
«Жан бөпем» атты жақсы бір ән жазып
берді. Біз бұл әнді қуана-қуана жаса-
тып, шығармашылық қоржынымызға
қосып қойдық. Алдағы уақытта сол
тамаша әнді бейнебаянымен халыққа
ұсынатын боламыз. 2010 жылдан бері
«Аруана» продюссерлік орталығының
жетекшісі – Сара Шаяхметқызы апайы-
мыздың
ұйымдастырыуымен
«Қос
жүректің лүпілі» атты тек қана жұбай
әншілерден тұратын концерттік жобаға
қатысып келеміз. Көбінесе халық бізді
сол жоба арқылы таныйды. Өйткені,
біз жаңадан шаңырақ көтерген жас
отбасы
болғандықтан
бейнебаян
түсіріп, теледидардан таратуға әзірше
мүмкіндігіміз келе қоймайды. Иншаллаһ,
қазіргі күнкөрісіміз жаман емес. Алла
қаласа, алдағы уақытта өзіміздің жеке
үнтаспамызды шығарумен қатар, бірнеше
әнге бейнебаян түсіреміз бе деп отырмыз.
Жеке шығармашылық кешімізді өткізу де
ойымызда бар. Айналып келгенде, бәрін
де алдағы уақыт көрсетеді.
ә
нші
А
ққудың
үшінші
әңгімесі
:
д
еңгейі
төмен
туынды
хАлыққА
не
береді
?
– Кез-келген өнер адамының әрбір ту-
ындысы өзіне ыстық. Біз үшін орындаған
әнімізді бірінен бірін бөліп-жарып қарау
- қиынның қиыны. «Қай әнге алдымен
бейнебаян түсіреміз» деген сұрақ бізді
де кезінде қатты мазалады. Ақыры,
өзара ақылдаса келе бейнебаян түсіру
жұмысын Шәмен Иса атамыздың «Ата-
мекен» деген әні мен бөбегіміз Айзереге
арналған әннен бастайық деп шештік.
Ал, енді «Мен сені күттім» онсыз да
теледидардан көп таралды. Қазір де
көгілдір экраннан жиі көрсетіліп жүр.
Қаржы болса барлық әнімізге бейнеба-
ян жасатып тастасақ артық болмас еді.
Алайда, кейде көрпеге қарай көсілуге де
тура келеді. Кейбір әріптестеріміз келсін-
келмесін ақшасын шашып, болмайтын
бір әндерін теледидар арқылы халыққа
тықпалап жатады. Менің ойымша, ол
басы артық шаруа. Тыңдарман қауымға
сүзгіден, сыннан өткен туындылар ғана
жол тартқаны жөн. Деңгейі өте төмен
шығарма жұртшылықтың талғамын
төмендеткеннен басқа не береді. «Жұлдыз
әнші» дегенді былай тұрсын, «өнер ада-
мы» деген сөзді халықтың аузынан естудің
өзі бір ғанибет. Ол сенің қарапайым
халық алдындағы жауапкершілігіңді арт-
тыруға тиіс. Біздің халқымыз - өнерді
өте қадірлейді. Соған орай көп ішінен
суырылып шыққан өнерпаздарын ерек-
ше құрметтейді. Соған орай, өнерде
жүрген әріптестеріміз халық алдындағы
жауапкершілігін жақсы сезінсе деймін.
ә
нші
А
ққудың
төртінші
әңгімесі
:
б
іздің
өнердегі
жолымыз
.
- Біз кезінде «Ғасыр» тобындағы
әнші, гитарист Жақсыбек Қалабек және
Жұмағали Қазымханұлы дейтін домбы-
рашы жігіт үшеуіміз «Атамекен» деп ата-
латын топ құрған болатынбыз. Сол кезде
біздің шығармашылық қоржынымызда
Жақсыбектің «Сені ойлай» деген әні
болған еді. Біз сол әнді 2004 жылы
сәуірдің 4-5 күні Жамбыл атындағы фи-
лормонияда өткен «Атамекен» атты кон-
цертте тұңғыш рет орындадық. Халық
өте жақсы қабылдады. Сол кештен
алған әсеріміздің ыстығы басылмаған
бойы Т. Жүргенов атындағы Өнер
академиясының
эстрада
вокалисі
бөлімі не түсу үшін сынақ тапсыруға
бардық. Ол кезде бәріміз де Қытайдан
жаңа келгенбіз - көп істің ыңғайын біле
бермейміз ғой. Академияға кіріп ары-
бері жүрген адамдардан жөн сұрап едік
бір қыз бастап барып ән сабағы жүріп
жатқан бір аудиторияға кіргізіп жіберді.
Аудиториядағы кісі бізден орысшалап
жөн сұрады, біз қазақша жауап қайтарып
едік сонда отырған бір студент аударып
бергендей болды. Ал әлгі кісі бізден
«ағылшынша, орысша ән айта аласыңдар
ма?», - деп сұрады. Біз бас шайқап едік,
ол кісі әрмен қарай сөйлеспей шығарып
жіберді. Содан есік алдында салымыз
суға кетіп тұрғанымызда шашы бурыл
тартқан бір кісі анадай жерден күлімсіреп
келіп, бізге жылы шырай танытты. Со-
сын: «Саламатсыңдар ма, балалар, қайдан
келдіңдер, мұнда неге тұрсыңдар?» - деп
жөн сұрай бастады. Біз жағдайымызды
айттық. Ол кісі тағы да күлімсіреп қойып,
өз кабинетіне апарып, ән айтқызып, дау-
ысымызды тыңдап көрді. Сосын: «Сен-
дер алыстан ел деп келдіңдер, мұнда
туыстарың жоқ болса қалайда оқуға түсіп,
жатаққхана алуларың керек», - деп ақылын
айтып, жол көрсетіп, бізді емтиханға
дайындады. Бұл кісі осы академияның
ең құрметті ұстаздарының бірі - Мақсұт
Жүнісұлы екен.
Сөйтіп біз Мақсұт ағаның қамқорлығы
мен жол көрсетуінің арқасында Өнер ака-
демиясына оқуға түстік. Егер сол жолы
Мақсұт ағай жолықпағанда біз тауы-
мыз шағылып Қытайға қайтып та кетер
ме едік, кім білсін. Бақытымызға қарай
жақсы бір адамның жылы қабағы бізді
атамекенге біржолата алып қалды.
Тұрсынбек КЕШУБАЙ
42
Алтын бесік – Әсемдік әлемі
Достарыңызбен бөлісу: |