НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Экономикалық саясаттың нәтижелері



Pdf көрінісі
бет211/265
Дата17.10.2023
өлшемі3,95 Mb.
#117459
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   265
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Экономикалық саясаттың нәтижелері: 
2010-шы жылдар
2010-шы жылдардың басында, 2007–2009 жылдардағы дүниежүзілік 
дағдарыстан аман шығып, Қазақстан экономикасы тағы да өзінің елеулі 
түрде өсімге қол жеткізгенін байқатты. 
2011 жылы Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 7,5 процент болды. Еліміз ІЖӨ 
және инвестиция бойынша әлемде Үндістан мен Қытай сияқты алыптарды 
алға салып, үшінші орынға көтерілді. 2012 жылы еліміздегі ІЖӨ-сі тағы да 
өсті – 6%. 
2012 жылы желтоқсан айында Қазақстан ІЖӨ-нің көлемі бойынша эко-
номикасы дамыған 50 ірі елдің қатарына кірді. Ал 2013 жылы Дүниежүзілік 
экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 
148 елдің арасында 50-ші орынды иеленді (Италия мен Португалияның 
ортасында). Бұл рейтингтегі ең жоғары көрсеткішке 2015 жылы қол жет-
кізілді, онда Қазақстан 42-ші орынға (Польша мен Италияның ортасында) 
көтерілді.
Ең үлкен мақсат – әлемдегі дамыған елу елдің қатарына ену – негізінен 
жүзеге асты. Көптеген сарапшылардың пікірінше, Қазақстан ғаламат және 
таңғаларлық жолмен жүріп өтті. Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында біз 
бірде-бір әлемдік рейтингке енбеген едік. 
Елдің алға басуының интеграциялық көрсеткіші – ішкі жалпы өнім – Қа-
зақстанда Тәуелсіздік жылдарында 12 есе өскен. Әлемдік тәжірибе көрсет-
кендей, тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде мұндай көрсеткіштерге санаулы 
елдер ғана қол жеткізген. 
Күрделі жаһандық жағдайлар кезінде Қазақстанның ұдайы алға жыл-
жуы экономиканың өсуі арқылы қамтамасыз етілді: 2013 жылы ІЖӨ 6% кө-
терілді, ал 2014 жылы 4,3% өсті. 
2015 және 2016 жылдар оңай болған жоқ: экономикаға әртүрлі жағым-
сыз үрдістер әсер етті. Дегенмен Еуразиялық экономикалық одақ елдерін-


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
397
дегі тұрақсыздық пен күнкөріс деңгейінің төмендеуі жағдайында да Қа-
зақстан 2015 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің өсуін (1,2%) сақтап 
қалды, ал 2016 жылы 1% болды. Бұл көрсеткіштер алдындағы жылдар-
мен салыстырғанда қарапайым болып көрінуі мүмкін, алайда оның қалай 
қол жеткізілгенін де есепке алынуы керек. Дүниежүзілік банктің ІЖӨ жан 
басына шаққандағы рейтингінде 2016 жылы Қазақстан 43-ші орыннан 
көрінді.
2015–2016 жылдары экономиканың жалпы тұрақтылығын сақтап қалудың 
өзі – Үкіметтің нақты қолданған дағдарысқа қарсы, үйлестіруші шаралары 
дұрыс бағытта болғанын айғақтайды. 2016 жылғы ІХ Астана экономикалық 
форумында атап көрсеткенімдей, біз ұзақ жылдарға арналған өркендеу 
мен тұрақтылықты табиғат байлығына қатысты алып отырған жоқпыз. Не-
гізгі бағыт – экономикалық өсімнің жаңа драйверін қалыптастыруға және 
жалғасты индустриаландыруға байланысты белгіленді.
Экономикалық дамудың кілті бизнес үшін жағдайды жақсартудан та-
былды. 2015 жылы ЕАЭО жұмыс істей бастады, Қазақстан ДСҰ-ға кірді. Мұ-
ның өзі қазақстандық экспорттаушылар үшін де, шетел инвесторлары үшін 
де жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Бизнес үшін қолайлы жағдай жасаушы 
елдердің дүниежүзілік рейтингінде (Doing Business) Қазақстан 2015 жылы 
41-ші орынды алды, ал 2016 жылы 35-ші позицияға дейін (34-ші орынды 
Жапония иеленді) көтерілді.
Екінші индустриалдық бесжылдық, «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық 
бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның жаңа 
жаһандық ахуалға бой үйретудің алғашқы, күрделі кезеңінен сенімді өтуіне 
көмектесті деп тұжырымдауға болады.
2010-шы жылдардың екінші жартысындағы экономикалық болжамдар-
ды үкімет әртүрлі сценарийлер бойынша – бағаның мұнайға қатысты және 
Қазақстанға тәуелді емес басқа да конъюнктураға байланысты жасады. 
2017–2018 жылдары индустриаландырудың әсерімен, сұраныстың және 
шикізат бағасының көтерілуімен экономикалық өсу жеделдейді деп күтілді. 
Дегенмен біз әлемдік нарықта ұзақмерзімдік тұрақтылық бола қоймай-
тынын әрдайым айқын сезініп, сабырмен қабылдадық. Сыртқы жағдайлар 
алдағы уақытта да тез өзгермелі болады. Қолайсыз конъюнктураға қара-
мастан, мемлекеттің кез келген күтпеген бұрылыстарға дайын болуы эко-
номиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етті.
2017 жылы жағдай біртіндеп жақсара бастады: нақты экономика қал-
пына келтірілуде, елімізде ішкі жалпы өнім 4 процентке өсті, яғни 2014–
2016 жылдардағы қатал кедергілерге қарамастан, Қазақстан қайтадан өсу 
траекториясына шығады.


398
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет