НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет221/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   264
7. БІЗДІҢ ОРТАҚ ШАҢЫРАҒЫМЫЗ, 
ТУҒАН ОТАНЫМЫЗ – 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ҰЛТ. 
БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ТҰТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУ 
«Қазақстан-2050» стратегиясы: 
жаңа қазақстандық патриотизм
Қ
азақстан – шын мәнінде, қоғамды қамтитын барлық этностар мен кон-
фессия өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. Ал Қазақстан халқы 
Ассамблеясы қоғамдық келісім мен этносаралық диалогтың бірегей алаңы-
на айналды. Алайда меніңше, ұдайы өзгеріп, құбылып тұратын күрделі ке-
зеңде осы жетістіктерді қанағат тұтып, тоқмейілсуге болмайды. Сондықтан 
«Қазақстан-2050» стратегиясында «Жаңа қазақстандық патриотизм» тезисі 
тұжырымдалды. Елімізбен мақтанғанымыз жөн, бірақ бүгінде қалыптасқан 
мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Патриотизм 
мәселесіне прагматикалық және реалистік тұрғыдан қарауымыз керек.
Жаңа, кемел қазақстандық патриотизм – тең мүмкіндіктер және жал-
пы жауапкершілік. Бұл мәселе мен үшін декларативті емес. Егер біреуге 
этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға 
қысым жасалды деп есептеу керек. Жаңа қазақстандық патриотизм – 
ХХІ ғасырда Қазақстанның табысты болуына өз үлесін қосатын барлық 
этностардың тұтас патриотизмі.
Десек те қоғам бірлігінің, қазақ жеріндегі тыныштықтың жауапкершілігі 
біздерге, қазақтардың мойнына жүктеледі. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында Қазақстандағы 
қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған 
абзал екенін қайталай айттым.
Мемлекеттік кемелділік пен күш-жігердің нақты көрінісі – жаңа елор-
дамыз – Астана қаласының бой көтеруі бірегей қазақстандық патриотизм 
тұжырымдамасында ерекше символдық мәнге ие болды. Мен бұл жайын-
да 2013 жылдың желтоқсан айында ерекше атап өтіп едім. Астанаға деген 
махаббат – Қазақстан Республикасына – біздің ортақ Отанымызға деген 


412
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
әрбір қазақстандықтың перзенттік сезімі. Бұл – жаңа қазақстандық патрио-
тизмнің альфасы мен омегасы. 
Этносаралық қатынастардың одан әрі дамуы 2013 жылғы ҚХА-ның 
ХХ сессиясының күн тәртібіне қойылды: «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір 
халық – бір ел – бір тағдыр». Меніңше, бір халық – барлығымыз үшін ортақ 
ұлттық мүдделер, бір ел – барлығымыз үшін ортақ Отан, бір тағдыр – біз 
бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер. Бұл біздің ортақ перспектива-
мыз – игілікті және өркендеген Қазақстан.
2014 жылғы Жолдауымда қоғамдағы бейбітшілік пен келісім оп-оңай 
жүзеге аспайтынын және ол ұлы құндылықтарымыздың бірі екенін еске 
салдым. Этносаралық келісім – өмір сыйлайтын оттегі. Біз оны дема-
лып тұрғанда байқамаймыз, автоматты түрде жасаймыз – тіршілікпен 
автоматты түрде тыныстаймыз. Өзіміздің бірлігімізді өзіміз сақтауымыз 
керек. Сырттан келіп, оны бізге ешкім де жасап бермейді. Бейбітшілік 
пен келісім – жалпыхалықтық игілік, оны әрбір күнгі еңбекпен қорғап, 
нығайтып отыру керек.
Қазақстан өзінің бірлігі үшін күресті және оны сақтап қала алды: 2014 
жылы қарашада ЕҚЫҰ жартылай этностық қоғам құрудағы қазақстандық 
тәжірибенің озықтығын тағы бір рет мойындады. 
Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің бәрінде бірдей дәл Қазақстандағыдай 
қоғамдық бірлік пен этностық алуан түрлілікті құрылымды түрде ұштастыру 
жүзеге аса қойған жоқ. 
Қазақстанның позитивті үлгісі басқа елдердің қайғылы оқиғалары ая-
сында айрықша байқалды, тіпті Францияның президенті Франсуа Олланд 
2015 жылдың қарашасында өзінің құрметін былай деп жеткізді: «Қазақстан 
– алуан түрлі дәстүрі бар халықтың ынтымақтастығы мен бірлігінің символы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет