НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Елге сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар



Pdf көрінісі
бет22/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   264
Елге сіңірген еңбегі үшін мемлекеттік марапаттар
Мемлекеттік марапат пен басқа да белгілер жүйесі жоғары символдық 
мәні бар, мемлекеттіктің маңызды элементі саналады. Жаңа тәуелсіз мем-
лекет есебінде Қазақстан Республикасына да мемлекеттік марапаттар қа-
жет болды.
Алғашқы ерекшелік белгілерін жасауды мен тікелей өз бақылауыма 
алдым, талқылауға ұсынылған жобаларды мұқият зерттеп, өзгерістер ен-
гіздім. 1993 жылдың 1 сәуірінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
марапаттары туралы» заңға қол қойдым. 
Ерекшеліктің жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасы алдындағы көр-
некті еңбегі, оның тәуелсіздігі мен азаттығы жолында өшпес ерлік көрсеткені 
үшін берілетін «Халық қаһарманы» атағы болды. Бұл атақты Ұлы Отан соғы-
сының батырлары: комбат, соңынан 8-гвардиялық Панфилов дивизиясының 
полк командирі Бауыржан Момышұлы, Берлинге шабуылдаушы атқыштар 
батальонының командирі Сағадат Нұрмағамбетов, партизан отрядының 
командирі Қасым Қайсенов, минометші Алексей Кулаков, ұшқыш 
Бақтыораз Бейсекбаев, Рейхстагқа алғаш ту тігушілердің бірі – барлаушы 
Рахымжан Қошқарбаев, ұшқыш Хиуаз Доспанова, зеңбірекші Александр 
Капорин алды. «Халық қаһарманы» жоғары атағымен ғарышкерлер – Тоқтар 
Әубәкіров, Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов те марапатталды.
Қазақстанның алғашқы ордендері – «Отан», «Даңқ», «Парасат», «Құр-
мет». Қазақстанның алғашқы медальдары – «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі 
үшін» және «Шапағат». 
Мемлекеттік марапат регламентін белгілейтін жаңа заң 1995 жылдың 12 
желтоқсанында қабылданды. 
«Халық қаһарманы» атағына теңестірілген жоғары деңгейдегі ерек-
шелік белгісі – Қазақстан Республикасы алдындағы айрықша еңбегі үшін 
берілетін «Алтын қыран» ордені болып табылады. 
Қазақстан Республикасының Президенті осы лауазымға сайланған соң 
ерекше үлгідегі «Алтын қыран» орденінің иегері болады деп белгіленді. 
Сондай-ақ бұл марапат Ресей Федерациясының Президенттері Борис Ель-
цин мен Владимир Путинге, Өзбекстан Республикасының Президенті Ис-
лам Кәрімовке, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Цзян Цзэминьге
Жапония Императоры Акихитоға және Қазақстанмен қарым-қатынасты 
дамытуға үлкен үлес қосқан басқа да мемлекеттердің көшбасшыларына 
берілді. 


41
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
2001 жылдың 3 мамырында елдің қалыптасуы мен дамуына сіңірген 
ерекше еңбегі үшін берілетін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-
зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені бекітілді.
2008 жылдың 1 желтоқсанында «Халық қаһарманы» атағымен және «Ал-
тын қыран» орденімен теңестірілген, елдің экономикалық және әлеумет-
тік-гуманитарлық дамуындағы көрнекті жетістігі үшін берілетін Қазақстан 
Республикасының жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Ең-
бек Ері» атағы бекітілді. Әр жылдары халық жазушысы, мемлекет қайраткері 
Әбіш Кекілбаев, белгілі кәсіпкер-ауыл шаруашылығы өндірісшісі Геннадий 
Зенченко, атақты музыкант және педагог Айман Мұсаходжаева, көрнекті 
ақын және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстанның театры мен 
киносының мақтанышы Асанәлі Әшімов осы атақтың иегерлері атанды.
Еліміздің маңдайалды ұлдары мен қыздарының әскери және бейбіт ең-
бектегі ерлігі қашанда біздің халқымыз үшін үлгі болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет