НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет24/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   264
Президенттік институтты нығайту. 
Қазақстан дара басшылықты таңдайды
1995 жылы наурызда, Жоғарғы Кеңес өз қызметін тоқтатқаннан кейін, 
мен Қазақстан Президенті ретінде, ағымдағы заңға сәйкес, өзіме уақытша 
қосымша өкілеттіктер алдым. 
Нарықтық қайта құрулар мен либералды реформаларды жеделдету ке-
регін түсінген мен бір жылға толмайтын уақытта, 1995 жылдың наурызы 
мен желтоқсаны арасында заңды күші бар 147 жарлыққа («Жер туралы», 
«Табиғат байлығы мен оны пайдалану туралы», «Мұнай туралы», «Шетел-
дік инвестициялар туралы», «Банк пен банк қызметі туралы» және т.б.) қол 


45
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
қойдым. Салыстыру үшін айта кетейік – бұрынғы Жоғарғы Кеңес бір жыл-
да небәрі 7 заң қабылдаған еді. Осылайша ұлттық экономиканы нарықтық 
тұрғыда сәтімен жаңғыру үшін қажетті заңды жағдай қалыптас тыра отырып, 
мен тарихи жауапкершілікті өз мойныма алдым. Жаңа қазақстандық заң 
әлемдік стандарттарға сәйкес жылдам қалыптасты және елдің экономика-
сын нарықтық арнаға бұрды.
Құрылған заңдық база реформа барысын қалыптастырды. Экономи-
ка тыныстай бастады: инвестициялар тартылып, бизнес өркендеді, кәсіп-
керлік тап нығайды. Жүзеге асырылған реформалар айтарлықтай нәти-
желер бере бастады. Ел өтпелі кезеңнің қиындықтарын артта қалдырды. 
Қазақстандықтар тек мемлекет қана өздерін саяси қатерлерден қорғай 
алатынын, тұрақсыздыққа жол бермей, реформаның кепілі бола алатынын 
түсіне бастады.
1995 жылдың наурызында құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы 
осыны негізге ала отырып, Президент өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқса-
нына дейін ұзарту туралы референдум өткізу бастамасын көтерді.
Референдум туралы шешім маған оңай соққан жоқ. Бір жағынан мәселе 
объективті әрі дұрыс қойылған болатын. Парламент пен Үкіметтің отстав-
каға кетуінен туындаған саяси дағдарыс жағдайында қоғамды әсіре саясат-
тан арылту және тұрақтылықты сақтау үшін Президент билігін нығайту ке-
рек еді. Екінші жақтан, басқалар сияқты, Президент те адам, сондықтан мені 
қойылған мәселенің жеке басқа қатысты тұстары ойландыратын. Көптеген 
адамдардың оған сын айтатынын да білетінмін. Егер мәселе тек менің жеке 
билігімді сақтап қалу туралы ғана болса, жай ғана сайлауға қатыса салар 
едім. Ал референдумдағы мәселе тіке қойылған болатын. Ол «Нұрсұлтан 
Назарбаев керек пе, жоқ па?» дегенге саятын.
Референдум 1995 жылдың 29 сәуірінде өтті. Ел «керек» деп жауап берді. 
Дауыс беруге республика азаматтарының 91,26 проценті қатысып, оның 
95,46 проценті менің Президенттік өкілеттігімді ұзартуға дауыс берді. Қа-
зақстан қоғамы іс басындағы Президент халықтың бірауыздан қолдауына 
ие екенін дәлелдеп, ұйымшылдық көрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет