НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Ұлт бірегейлігі мен тұтастығын нығайту



Pdf көрінісі
бет223/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264
Ұлт бірегейлігі мен тұтастығын нығайту
«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты 
қадам» Ұлт жоспарындағы «Бірегейлік пен тұтастық» тарауы принципті бо-
лып саналады. 
2015 жылы наурыз айында өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде 
қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыруда елеулі жетістік-
терге қол жеткізілгенін атап өттім, сонымен бірге, азаматтық принциптері-
не негізделген қазақстандық бірегейлікті одан әрі нығайту қажеттігін де 
ескерттім. Азаматтық қоғамды нығайтатын қосымша күш ретінде мен еуро-
азиялық идеяны атаған едім. 
2015 жылдың желтоқсанында мемлекеттік органдар мен үкіметтік 
емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның 
ұсыныстарын ескере келіп, 2025 жылға дейінгі «Қазақстандық бірегей-
лік пен тұтастықты нығайту мен дамытудың тұжырымдамасы» бекітілді.


414
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жариялан-
ды. Ол әуел бастан-ақ топтасқан азаматтық қоғамды, этносаралық және 
конфессияаралық келісімді қалыптастырушы тетік ретінде құрылған еді.
2010-шы жылдардың ортасында ҚХА аясында 900-ден астам этномә-
дени бірлестік, 200-ге жуық этноағартушылық кешен мен достық үй, сон-
дай-ақ 2 мың қоғамдық келісім кеңесі және аналар кеңесі жұмыс істеді. 
Ассамблея жылына елдің бес мыңнан астам қала мен ауыл 30 мыңнан 
астам іс-шара өткізіп, оған 90 миллион қазақстандық қатысты.
Соңғы жылдары ҚХА өз қызметі арқылы шын мәніндегі жалпыхалықтық 
Ассамблея ретінде танылды. ҚХА-ның ХХ сессиясында мен: «Бүгін біз Ас-
самблеяны – тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз. 
Барлық он жеті миллионы!» – деп бұл ұйымның жұмысына жоғары баға 
бердім.
Ал 2015 жылғы XXII сессияда 1 наурыз күнін – Ассамблеяның туған 
күні – жаңа мереке, Алғыс айту күні деп белгілеуді ұсындым. Бұл күн 
мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы 
мен махаббатының жарқын мерекесі болды. Алғыс айту күні алғаш рет 
2016 жылы аталып өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет