НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Халықты біріктірген тәуелсіздік құндылықтары



Pdf көрінісі
бет222/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264
Халықты біріктірген тәуелсіздік құндылықтары 
Мен прагматик және істің адамы ретінде қазақстандық қоғамның сенімді 
және ұзақ мерзімді бірігуі үшін идеялар мен құндылықтардың аса маңыз-
ды екенін әрдайым жадымда ұстаймын. Бұл идеялар мен құндылықтарды 
қолдан жасап құрастыруға болмайды – әрбір азамат оны өзі табуы керек, 
оған өзінің өмірлік тәжірибесінің нәтижесінде келуі керек. 
2013-2014 жылдардың шебінде, «Қазақстан-2050» стратегиясы ұсы-
нылғаннан кейін, бүкіл Қазақстан халқының рухани дамуының басты 
бағдары іспетті Мәңгілік Ел патриоттық актісі ҚХА-ның XXIV сессиясында 
ұсынылып, қабылданды. 


ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
413
Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз және біздің бәрімізге ортақ тағ-
дырымыз бар – бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің даңқты Қазақстан. 
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы Қазақстан халқы егемендік жылдарын-
да қол жеткізген негізгі құндылықтарды өз бойына жинақтады, бұлар: 
– Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; жалпыұлттық бірлік, бейбіт-
шілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары рух; индустриаландыру 
және инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпыға ортақ еңбек қоға-
мы; тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік және 
жалпыәлемдік, өңірлік проблемаларды шешуге толық қатысу. 
Дәл осы құндылықтар, менің ойымша, барлық қазақстандықтарды бірік-
тіреді және ел болашағының іргетасын қалайды. Бұлар аспаннан алынған 
теориялар емес. Бұл құндылықтар – уақыт сынағына төтеп берген қа-
зақстандық жолдың тәжірибесі. Бұл мемлекет қалыптастырушы, жалпыұлт-
тық құндылықтардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық 
негізі жатыр. 
Мәңгілік Ел бағдарламасына қазақстандық зиялылар көп жылдар 
бойы талқылаған ұлттық бірегейлік туралы пікірталастардың нәтижесін-
де жеттік. Ал Қазақстандағы рухани құндылықтардың көрнекі әрі көзге 
түсетін символы деп 2011 жылы 16 желтоқсанда, Тәуелсіздіктің 20 жыл-
дығы құрметіне Астанада ашылған Мәңгілік Ел Триумф қақпасын атай-
мыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет