НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет26/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   264
1995 жылғы Парламент сайлауы. 
Алғашқы кәсіби Парламент 
Конституция қазақстандық парламентаризмді дамытудың принципті 
түрдегі жаңа кезеңін бастап берді. Бұрын «Парламент» сөзі Жоғарғы 


48
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
Кеңеске қатысты айтылса да, ресми қолданылған емес. Жаңа Негізгі заң 
Парламентті жоғары заң шығарушы орган деп жариялап, бұл сөзге мем-
лекеттік мәртебе берді, ал ұғымның өзін нақты саяси мазмұнмен байытты. 
1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда 
– Қазақстан халық бірлігі партиясы 67 орынның 24-іне ие болып, сенімді 
түрде жеңіске жеткен Мәжіліс сайлауы өткізілді. Демократиялық партия – 
12 орын, Шаруалар одағы – 7, Кәсіподақ федерациясы – 5, Жастар одағы 
– 3, Инженерлік академия – 5, Компартия 2 орын алды. Қазақстан халық 
конгресіне, Халықтық-кооперативтік партияға, Кәсіпкерлер одағына, Қа-
зақстанның қайта құру партиясы мен «Невада – Семей» қоғамдық қозға-
лысына бір-бір орыннан тиді. 
Менің ұсынысым бойынша Сенат төрағалығына Ө. Байгелді сайланды, 
Мәжілісті М. Оспанов басқарды. Мен, ол кезде қосымша заңды өкілеттікке ие 
Президент ретінде Парламентке заң бойынша өзіме тиесілі барлық заңдық 
билікті бердім. Сол арқылы маған берілген ерекше өкілеттіктердің уақытша 
және мәжбүрліктен туындаған саяси шара екені дәлелденді. Қазақстанның 
үйлесімді ішкі саяси болашағының бірден-бір кепілі де дәл осы билік тар-
мақтары арасындағы ойластырылған тепе-теңдікте жатыр. 
1996 жылдың қаңтарында Парламент өз жұмысына кірісті. 
Саяси партиялардың құрылуы
Кеңес Одағының соңғы жылдарында саясат қоғам өміріне жаппай 
ене бастады, қоғамдық өмірдің саясаттандырылуы адам сенгісіз жылдам 
қарқынмен жүрді.
1990 жылдың наурызында коммунистерге билік монополиясын бер-
ген КСРО конституциясының СОКП-ның жетекші және бағыттаушы 
рөлі туралы 6-бабының күші жойылуы ішкі саяси өмірдегі көппартиялы 
құрылымға жасалған ең маңызды қадам болды. Дәл сол жылы бүкіл 
Кеңес Одағы бойынша жаңа партиялар құрыла бастады. Біздің еліміз-
де алғаш болып «Алаш» Ұлттық Тәуелсіздік партиясы, «Желтоқсан» 
ұлттық-демократиялық партиясы және Қазақстанның социал-демокра-
тиялық партиясы өзінің жұмысын бастағанын мәлімдеді. 1991 жылдың 
маусымында қабылданған қоғамдық бірлестіктер туралы заң көппартия-
лықтың дамуына ықпал етті, ал қоғамды дүр сілкіндірген тамыз «бүлігі» 
осы процеске қосымша қарқын қосты.


49
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
1991 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР коммунистік партиясы (ҚКП) өзінің 
кезекті съезінде КОКП құрамынан шықты және Қазақстанның Социалистік 
партиясы (ҚСП) болып қайта құрылды. Жаңа партияның бағдарламасы 
социал-демократиялық принциптерге негізделіп, оның тең төрағалары 
Ермұхамбет Ертісбаев пен Анатолий Антонов болды.
Компартияның мұрагері есебінде оның дүние-мүлкін алған, барлық 
аудандарда ұйымдық құрылымын сақтаған және өзінің бұқаралық ақпарат 
құралдары бар ҚСП тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында елдегі ең бұқара-
лық сипаттағы саяси ұйымға айналды, бірақ 1990-шы жылдардың ортасын-
да өз басшыларының дүрдараздықтарынан соң қызметін тоқтатты.
Сол жылдары дәл осындай себептен Қазақстанның «Азат» республи-
калық партиясы да саяси өмірден кетті, ол 1991 жылы осы аттас, демокра-
тиялық ұлттық мемлекет құруды мақсат еткен азаматтық қозғалыс болып 
қалыптасты.
1991 жылдың қазанында саяси идеялы – құқықтық және әлеуметтік 
бағдардағы мемлекет болған «Қазақстанның ұлттық конгресінің» (ҚҰК, 
О. Сүлейменов, М. Шаханов) құрылтай съезі өтті. Дегенмен бұл партия ұзақ 
өмір сүрген жоқ: көшбасшылары дипломатиялық қызметке ауысқан соң, 
саяси бірлестік те қызметін тоқтатты.
Күн сайын қоғамдық өмірдің трансформациялануына байланысты ел 
қоғамның әртүрлі топтарының қолдауына ие болып, алда тұрған міндет-
терді шешуде халықты ұйыстыра алатын қауқарлы центристік партияның 
қажеттілігін сезіне бастады.
1993 жылдың ақпанында құрылып, екі жылдан соң «Қазақстан халық 
бірлігі» партиясы (ҚХБП) болып қайта ұйымдасқан «Қазақстан халықтық 
бірлігі одағы» (ҚХБО) дәл осындай партия болды. Партиядағы әріптес-
терім маған партияның саяси көшбасшысы миссиясын жүктеді, ал саяси 
кеңестің жетекшісі болып С. Әбдірахманов сайланды.
Дәл сол 1993 жылы Қазақстан коммунистері Қазақстан Компартиясын 
қалпына келтіру мақсатымен ҚКП-ның ХІХ съезін шақырды. 1994 жыл-
дың ақпанында қалпына келген партия тіркеуден өтті және өз қызметін 
бастады, қазан айында Б. Төлепбаев ҚКП ОҚ хатшысы атанды. 1994 жылы 
құрылған Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы (ҚХКП, көш-
басшысы Ө. Сәрсенов) өз бағдарламасының басты бабы ретінде ауыл 
тұрғындары мен кооператорлардың мүдделерін қорғауды таңдады. 1995 
жылдың қаңтарында құрылған Қазақстанның жаңғыру партиясы (А. Жаға-
нова) тұрғындардың тұрмысы төмен және жеткіліксіз дәрежеде қорғалған 
тобына арқа сүйеді. Сол жылдың шілде айында өзінің басты міндеті етіп 


50
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
мемлекет жүргізген саясатты қолдауды таңдаған – Қазақстанның демо-
кратиялық партиясы (тең төрағалары – Т. Жүкеев пен А. Сәрсенбаев), ал 
қыркүйек айында Қазақстанның республикалық саяси еңбек партия сы 
(Ө. Жолдасбеков) құрылды. «Қазақстан инженерлер одағы» қоғамдық-
сая си бірлестігінің мұрагері ретінде ол бірінші кезекте техникалық интел-
лигенцияның мүддесін қорғады.
1990-шы жылдардың орта тұсындағы Қазақстанның саяси-партиялық 
ландшафты осындай болды. Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялар-
дың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, мен 
ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге, олардың 
көпшілігіне тән бір кемшілік – саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен 
электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды. Көптеген партиялар нақты 
бір жетекшінің ықпалында болғандықтан, олардың одан арғы әрекеті жеке 
факторларға тәуелді еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет