НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19



Pdf көрінісі
бет38/264
Дата30.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#53799
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264
4. БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ – 
БЕЙБІТШІЛІКТІ ҚАСТЕРЛЕЙ БІЛДІК 
ҚОҒАМ МЕН САЯСАТ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖОЛЫНДА 
Ұлтаралық келісімнің дара үлгісінің қалыптасуы. 
Қазақстан халықтары Ассамблеясының құрылуы 
Ж
ас та тәуелсіз мемлекетті басқару – әлбетте, бұрынғы Кеңес Одағын-
да ешкім арнайы үйретпеген ғылым. Маған білім мен тәжірибенің 
қайнар көзіне айналып, мінез-құлқымды қалыптастырған, көзқарасымды 
кеңейткен өмірдің ауыр университетінен өтуге тура келді. Басқаша айтқан-
да, мен мемлекеттік маңызы бар қиын міндеттерді шешуге және төңірегіме 
миллиондарды жинауға қабілетті, жауапты адам болып қалыптастым.
Алғашқы еңбек жолымды Қарметкомбинаттың көпұлтты жұмысшылар 
ұжымында бастаған мен жас күнімнен жеке-дара емес, көпшілікпен бірге 
атқарылған істің жеңіске бастайтынына әбден көз жеткіздім. Қазір, арада 
әжептәуір уақыт өткен соң, қалыптасудың алғашқы кезеңінен дәл сондай 
өзара берік сенімнің арқасында ғана мүдірмей өткенімізді ризашылықпен 
еске аламын. Осылайша бізге этностық және діни алауыздықтардың алдын 
алып, ұлттық апатқа жол бермеудің сәті түсті. 
Одақ ыдыраған алмағайып кезеңде Қазақстан өзінің ішкі саясатының 
– бейбітшілік, келісім және бірлік – деген негізгі үш принципін қалыптас-
тырды. Қазір айтуға жеңіл болғанмен, сол күрделі кезеңде оны жүзеге 
асыру әлдеқайда қиын болатын. Алайда нәтиже көзге ұрып тұр: біздің 
жас мемлекетіміз 126 ұлт өкілінің (1989 жылғы халық санағы) берекелі 
ортақ шаңырағына, туған Отанына айналды.
Бұрынғы Балтық республикаларының көптеген тұрғындары КСРО құра-
мынан шыққаннан кейін азаматтық ала алмай және негізгі саяси құқықта-
рынан қағылып жатқан кезде, біз, этностық тегіне және мемлекеттік тілді білу 
деңгейіне қарамастан, барлық қазақстандықтардың саяси және азаматтық 
теңқұқылығын ресми түрде заңдастырдық. 1991 жылдың 10 желтоқсанында 
өз халқыма адалдыққа ант берген мен сайлау қазақтардың, орыстардың, 
украиндардың, корейлердің, немістердің және басқа да этностардың ба-
уырластық қоғамдастығының қалыптасуының басы болғанын мәлімдедім 


74
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
– олардың бәрі де біртұтас алып командаға бірігіп, біздің республикамыз-
дың бақуатты болашағына даңғыл жол салуға шешім қабылдады. 
1992 жылы жасалған тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен даму стра-
тегиясы қазақ ұлтының бауырмалдық ниетінсіз, біріктірушілік қабілетін-
сіз жүзеге аспайтын, тұрақты азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім 
идеалдарын бекітті. Әртүрлі этностық тегіне қарамастан, елдің барлық 
тұрғындары ортақ шаңырақ астына біртұтас халық болып ұйыса алды. 
1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан халықтарының форумында мен 
біздің басты игілігіміз–халықтар достығын қазақстандықтардың бірнеше 
буыны қалыптастырғанын атап көрсеттім. Әрі біз сол құндылықты қастер-
лей білуге тиістіміз. Дәл сол жолы мен алғаш рет шешуші диалог алаңы 
және этносаралық диалог тиімділігінің кепілі ретінде Қазақстан халықта-
ры Ассамблеясын құру туралы стратегиялық бастамамды жарияладым.
1993 жылдың 11 мамырында мен республикалық жиында «Қоғамның 
идеялық бірлігі – Қазақстандағы прогрестің алғышарты» атты бағдарлама-
лық баяндама жасап, елдің өтпелі кезеңде шешуі керек жалпыұлттық мін-
деттерді көрсетуге тырыстым.
Өз сөзімде нақты тәуелсіздікке қол жеткізу әлеуметтік-экономикалық 
реформаларды ғана емес, сондай-ақ саяси, интеллектуалды, рухани қол-
дауды талап ететінін атап көрсеттім. Әрі бұл орайда қоғамды біріктіретін 
ахуал қалыптастырмайынша болмайды, ал ол үшін таяудағы, сондай-ақ 
болашақтағы көкжиектерге есептелген біздің стратегиямыздың идеялық 
сарабы қажет екенін баса көрсеттім. 
Сол жылдардағы күрделі саяси жағдайда, баспасөз беттерінде, пар-
тия ішіндегі пікірталастарда, экономикалық топтарда, сондай-ақ қоғам-
ның ішінде либералды, социалистік және дәстүрлі деп аталатын негізгі 
үш базалық бағыт қызу талқыланатын. Мен бұл орайда өтпелі кезеңде 
идеологиялық қалыптасу тұрғысында өз жолымызды іздеудің қажет-
тілігін түсіндім. Әрине, біз социалистік, дәстүрлік, сондай-ақ либерал-
дылық ұғымдарының бағалы тұстарын жоққа шығармаймыз. Дегенмен 
тәуелсіз Қазақстанның алдында тұрған міндеттер өзін басқашалау, яғни 
жалпыұлттық идеологиялық басымдықтар тұрғысында саралауды талап 
ететін. Оның ішінде ұлтаралық қатынас сияқты маңызды сала да бар.
Бұған дейін атап көрсеткенімдей, ел үшін ұлтаралық келісімді қамтама-
сыз ету шешуші саяси міндет болып табылады. Нақты тәуелсіздікке және 
идеялық бірлікке қол жеткізу тек қоғамда тұрақтылық, рухани келісім болған-
да ғана жүзеге аспақ. Қоғамның полиэтностығы көлеңкеде қалмай, керісін-
ше, басты, тұрақты, біріктіруші фактор болуға тиіс. Сондықтан да Қазақстанға 


75
МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
елдегі этностық топтар арасындағы диалог алаңы болатын құрылым керек 
еді. 
1995 жылдың 1 наурызында мен ҚХА-ны құру туралы Жарлыққа қол 
қойдым. Сол арқылы басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам инсти-
туттарының әріптестігі негізіндегі этностар мүдделерінің бірігуін қамта-
масыз ету, тиімді этносаралық қарым-қатынас жүргізу және ортақ саяси, 
құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып табылатын жаңа консульта-
тивті-кеңес органы құрылды. 
Қазақстан халықтары Ассамблеясы басынан бастап этностық топтар 
өкілдіктерінің механизмі, мемлекеттік этностық саясатты жүзеге асырудың 
маңызды институты есебінде ойластырылды. Ассамблеяның жоғары орга-
ны ел президентінің төрағалығымен өтетін сессия болып табылады. Оның 
барша шешімдерін мемлекеттік органдармен қоса, азаматтық қоғам инсти-
туттары да міндетті түрде қарауы керек.
ҚХА-ның алғашқы сессиясы 1995 жылдың 24 наурызында Алматыда 
менің төрағалығыммен өтті. Оған Қазақстанның барлық облыстарынан 40 
этномәдени бірлестіктің өкілдері қатысты. 
Тереңнен ойластырылған ішкі саясат жүргізе отырып, көптеген сарапта-
малық болжамдар мен әртүрлі пиғылдарға қарамастан, біз қазақ жеріндегі 
этносаралық қарама-қайшылықтардың алдын алып, жанжалға, ішкі қиын-
дықтарға жол бермедік және сол арқылы Қазақстанның көпұлтты халқы-
ның болашаққа жарқын жол салуына жағдай жасадық.
Осылайша, Қазақстан 1980–1990 жылдары ұлтаралық бейбітшілік пен 
келісімнің іскер формуласын жасап, этносаралық және дінаралық жанжал-
дарға жол бермеді, посткеңестік оқшаулану дағдарысынан аман өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет