ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
297
кіндік берді. БҰҰ-ның саммиттеріне, сессиялары мен конференцияларына
жеке қатыса жүріп, мен Қазақстанның осы әлемдік ұйымға қаншалықты зор
мән беретінін атап өткім келеді.
2000-шы жылдары Қазақстан БҰҰ-ның негізгі іс-шараларының бәріне
белсене араласты. Мыңжылдықтың даму декларациясы мен мақсаты қа-
былданған «Мыңжылдық Саммитіне» де (2000 жыл) қатысты. Оның қоры-
тындысы бойынша БҰҰ реформаларының негізгі бағыттары бекітілді. Қа-
зақстан одан басқа да ірі конференциялардың ортасынан табылды.
2002 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қа-
зақстанға ресми сапармен келуі ынтымақтастықтың дамуындағы маңыз-
ды қадам болды. БҰҰ басшысының Астанаға миссиясы Қазақстан мен БҰҰ
арасындағы онжылдық ынтымақтастық нәтижесін нығайта түсті, сонымен
бірге оның әрі қарай дамуындағы жаңа перспективаларды айқындады.
БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстан терроризммен күресте
өзіне бірқатар
міндет алды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің контртерроризм комитетімен
тығыз қарым-қатынасты жолға қойды.
2003 жылдың мамыр айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Ирак халқына елді
қалпына келтіруге көмек беру туралы қарар қабылдады. Қазақстанның
бітімгершілік миссиясы 2003 жылдың тамызында басталды. Қазақстандық
офицерлер мен солдаттар бес жыл бойы Ирак аумағын минадан тазар-
тумен, жергілікті курсанттарды саперлік жұмысқа үйретумен
айналысты,
тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетті.
Күрделі халықаралық мәселелерді шешуде аймақтық ұйымдар айрық-
ша рөл атқаруға тиіс екеніне сенімім зор. Сондықтан 2004 жылдың қазан
айында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің
(АӨСШК) сыртқы істер министрлерінің кездесуінде мен БҰҰ Бас хатшысы-
ның жанынан Аймақтық ұйымдар кеңесін құру туралы бастама көтердім.
Қазақстанның табыстары мен оның БҰҰ қызметіндегі рөлін мойын-
даудың бір көрінісі 2006 жылдың қарашасында еліміздің БҰҰ-ның негізгі
органдарының бірі – Экономикалық және әлеуметтік
кеңесіне сайлануы
болды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен бірінші болып БҰҰ
Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне (ЭКОСОС) мүше 54 елдің қатары-
на енді.
2007 жылдың қыркүйегінде мен БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясы-
на қатысып, халықаралық өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұста-
нымын анық айтып, жалпы жарыссөздерде сөз сөйледім. Дәл осы уақытта
БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесуім өтті.
Ғаламдық ядролық қауіпсіздігі мәселелері мен үшін өте маңызды.
ХХ ғасырдағы ядролық қарулану жарысы Қазақстанға өте күшті «күйік»
298
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
ізін қалдырды. Сондықтан 2009 жылдың 2
желтоқсанында біздің елдің
бас тамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей полигоны жабылған күн-
ді – 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсылық күні етіп белгілеу туралы
қарар қабылдауы әбден заңды. 2010 жылдың сәуір айында Қазақстанға
келген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун ел тұрғындарына және табиғатқа үл-
кен залалын тигізген Семей полигонын жабу Қазақстанға бүкіл әлемдегі
ядролық қауіпті азайту мәселесінде бастама көтеруге ерекше моральдық
құқық бергенін атап өтті.
2011 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында
сөйлеген сөзімде мен әлемдік қоғамдастыққа Ядролық қарусыз әлем жал-
пы декларациясын әзірлеуді ұсындым. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өздерінің
қорғаныс бюджеттерінің бір процентін аударып отыратын БҰҰ бітімгер-
шілік күш-жігерінің қорын құруды тағы бір бастама ретінде көтердім. Сөз
соңында мен Қазақстанның өз кандидатурасын 2017–2018 жылдарға БҰҰ
Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ұсынғанын жарияладым.
Сол кезде Нью-Йоркте әлемнің жетекші елдерінің
басшылары қатысқан
ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейлі кездесу өтті. Бұл шарада
мен әлемдік көшбасшыларға атом энергетикасы саласындағы қауіпсіздіктің
үш негізін ұсындым. Олар – бүкілпланеталық механизмдерді жетілдіру, тө-
тенше жағдайларға дағдарыстық әрекет ету механизмдерін қалыптастыру,
ядролық нысандардағы кез келген оқиға туралы хабардар ету.
Мен көп жылдар бойы ядролық қару таратпау жүйесін реформалау қажет-
тігін жүйелі түрде қорғап отырдым. Менің нық сенімім бойынша, бұл салада
қос
стандартты алып тастап, БҰҰ мен МАГАТЭ бақылауын күшейту қажет.
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Қазақстанның жаһандық қауіпсіздіктің
нығаюына қосқан үлесін мойындап, ядролық қарудан азат әлемге қол жет-
кізу жөніндегі идеясын қолдады.
Қазақстанның
принципті ұстанымы, халықаралық аренадағы жүйелі
және шынайы қадамдары Қазақстан Республикасының ядролық қауіпсіздік
саласында ғаламдық бітімгерге айналғанын нықтай түсті.
Достарыңызбен бөлісу: