6. Тестілер.
Шығыстар бойынша ЖІӨ-ні есептеу барысында шығыстардың барлық аталған құрамдас бөлшектері жинақталып қосылғанда, төмендегілердің қайсыс оған кірмейді?
А) таза инвестициялар;
Ә) үй шаруашылықтарының ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар сатып алуға шығыстары;
Б) мұғалімдердің зейнетақылары;
В) тұтынылған негізгі капиталдың құны;
Г) су жүргізушінің ұсталған(пайдалануда болған) автокөлікті сатып алуы;
Д) өзінің жеке меншігіндегі автокөлігін жөндейтін механиктің қызметтері;
Е) мемлекеттік сатып алулар;
Ж) таза экспортқа шығыстар.
Қаланың сыртынан отбасының үй сатып алуы төмендегілердің қайсысының мөлшеріне әсер етеді:
А) таза экспорттың;
Ә) мемлекеттік шығыстардың;
Б) инвестициялық шығыстардың;
В) ұзақ уақыт пайдаланлатын тауарлар сатып алуға жұмсалатын шығыстардың;
Г) жалпы инвестициялардың;
Д) тұрғын үй құрылысына арналатын инвестициялардың;
Е) импорттың
Ж) амортизацияның.
Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуларына не жатпайды:
А) мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстауға шығыстар;
Ә) денсаулық сақтау саласының бюджеттік ұйымдары дәрігерлердің жалақылары;
Б) жаңа мемлекеттік мектептер құрылысына шығыстар;
В) жұмыссыздық бойнынша жәрдемақылар төлеу шығыстары;
Г) зейнеткерлікке шыққан бухгалтерге мемлекет төлеген әлеуметтік қамсыздандыру чегі;
Д) студенттердің щәкіртақылары;
Е) мемлекеттің теңіз шекараларын қорғау үшін жаңа катер сатып алуы;
Ж) мемлекеттің әсери қызметкерлерді асыру үшін шығыстарды арттыруы.
ЖІӨ-ні есептеген кезде оның құнына төмендегілердің ішінен не кірмейді:
А) үй қызметшісінің ақысы төленетін қызметтері;
Ә) жеке фирмада жұмыс істейтін адвокаттың қызметтері;
Б) фирманың тауарлар мен материалдық қорларының өсімі;
В) үй шаруашылығы мүшелерінің үйді тазалау және жөндеу бойынша бір-біріне көрсететін қызметтер;
Г) «Қазтрансойл» акцияларын сатудан алынған табыс;
Д) үш жыл бұрын шығарылған автомобильді сатып алу;
Е) Орал қаласындағы «Агрореммаш» компаниясының жаңа зауыт салуы;
Ж) мемлекеттің жаңа мектептің құрылысына шығыстары.
Мемлекеттік транферттерге не жатпайды:
А) балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақылар;
Ә) жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар;
Б) дәр»-дәрмектер сатып алуға арналатын демеу қаржылар мен жеңілдіктер;
В) мемлекеттің жаңа мектептің құрылысына шығыстары;
Г) мемлекеттік мекемелерді күтіп-ұстауға шығыстар;
Д) денсаулық сақтау сласының бюджетік ұйымдары дәрігерлердің жалақылары;
Е) университет студенттеріне шәкіртақылар;
Ж) азаматтарға жастарына қарай төленетін зейнетақылар.
Төменде аталғандардың қайсысы үй шаруашылықтарының қолдағы жеке табысының бір бөлігі болып саналады, бірақ жалпы ұлттық табысты есептегенде ескерілмейді:
А) тұтынылған негізгі капиталдың құны;
Ә) дивиденттер түрінде төленген пайданың бір бөлігі;
Б) мемлекеттік қызметкерлердің зейнетақылары;
В) жалдамалы жұмыскерлердің жалақысы;
Г) рента кірістері;
Д) меншік иелерінің табыстары;
Е) студенттердің шәкіртақылары;
Ж) мемлекеттің көпбалалы отбасы төлеген әлеуметік қамсыздандыру чегі.
Соңғы өткен екі жыл ішінде атаулы ЖІӨ көлемі 500 млрд. доллардан 560 млрд. Долларға дейін көбейтеді. Осы екі жыл үшін ЖІӨ дефляторы 125%-тен 140%-ке дейін өзгереді. Бұл нақты ЖІӨ-нің не болғанын көрсетеді:
А) өзгерген жоқ;
Ә) атаулыға қарағанда, улкен дәрежеде көбейді;
Б) атаулыға қарағанда, улкен дәрежеде азайды;
В) сол күйінде қалды;
Г) 0,2% артты;
Д) атаулыға қарағанда, кіші дәреже көбейді;
Е) атаулыға қарағанда, кіші дәреже азайды;
Ж) атаулыға теңесті.
Егер ағымдық кезеңде бағалар деңгейі негізге алынатын кезеңге қарағанда төмен болып шықса, онда бұл ағымдағы кезеңге нақты ЖІӨ-нің қалай болғанын білдіреді:
А) атаулыдан артық;
Ә) атаулыдан аз;
Б) атаулыға тең;
В) атаулдан артық болуды да, аз болуы да мүмкін;
Г) атаулыға шамалар өзгереді;
Д) атаулыға қарағанда, үлкен дәрежеде азайды;
Е) ақпарт жеткіліксіз;
Ж) атаулыға қарағанда, кіші дәрежеде артты.
ЖІӨ дефляторы:
А) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізгі алынатын жылда бағалар деңгейі жоғары болса, онда 1-ден асады;
Ә) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізгі алынатын жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден аспайды;
Б) егер негізге алынатын жылға қарағанда, ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден аспайды;
В) егер негізге алынатын жылға қарағанда, , ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 1-ден асады;
Г) қашанда 1-ге тең;
Д) егер негізге алынатын жылға қарағанда, ағымдағы жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 100%-тен аз;
Е) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізге алынатын жылда бағалар жоғары болса, онда 100%-тен аз;
Ж) егер ағымдағы жылға қарағанда, негізге алынатын жылда бағалар деңгейі төмен болса, онда 100%-тен аз.
Ұлттық табыс – ол:
А) рента, жалақы, капиталға процент, корпорациялардың меншіктерінен түсетін табыстары және пайдалары;
Ә) С+Т+G+NX;
Б) С+Т+G -трансферт төледері-жанма салықтар;
В) инвестициялар минус жинақ ақша (инвестициялардан жинақ ақшаны алып тастағанда);
Г) ұзақ уақыт пайдаланылатын заттар мен қызметердің құны;
Д) жалпы ұлттық табыс- (минус) амортизация;
Е) таза ұлттық табыс + (плюс) амортизация;
Ж) ЖІӨ- (минус) амортизация- (минус) бизнеске жанама салықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |