НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»
Практика, ИЭВ, сов.каз-1
Ә ӘӘдістемелік ұсыныстар 1. Қателіктерді қарастыру кезінде оның физикалық мағынасына көбірек көңіл бөлу. 2. Түзету қисығының тұрғызылуына көңіл бөліп, оның тұрғызылуы бойынша тәжірибелік тұрғыда машықтанып үйрену. 3. Сабақта шығаруға ұсынылатын есептер: 3.1 Өлшенген токтың абсолютті қателігі ΔI=0,5 А. Амперметрдің өлшеу шегі Iн =50А. Келтірілген қателікті γкел анықтау керек. 3.2 Вольтметрді электр тізбегіне қосқанда 63 В көрсетті. Үлгілік вольтметрдің көрсетуі U=60В. Абсолюттік ΔU қателікті анықтау керек. 3.3 Өлшенген токтың абсолютті қателігі ΔI=0,5 А. Үлгілік амперметр 50А. Салыстырмалы қателікті анықтау керек. Өз бетінше дайындалуға тапсырмалар Есептерді шығару: А және Б аспаптарымен өлшеу кезінде абсолютті қателіктердің максималды мәндері бірдей, А аспабының жоғарғы өлшеу шектігі үлкен. Аспаптардың дәлдік кластары қандай қатынаста болады? А және Б аспаптарымен өлшеу кезінде абсолютті қателіктердің максималды мәндері бірдей, А аспабының жоғарғы өлшеу шектігі аз. Аспаптардың дәлдік кластары қандай қатынаста болады? Б және В аспаптарының дәлдік класы бірдей, Б аспабының жоғарғы өлшеу шектігі аз. Б және В аспаптарымен өлшеу кезіндегі абсолюттік қателіктерінің максимал мәндері МБ және МВ қандай қатынаста болады? Б және В аспаптарының дәлдік класы бірдей, Б аспабының жоғарғы өлшеу шектігі аз. Б және В аспаптарымен өлшеу кезіндегі абсолюттік қателіктерінің максимал мәндері МБ және МВ қандай қатынаста болады? Бақылау сұрақтары 1. Сандық өрнектелуі бойынша қателіктердің жіктелуін көрсетіңіз. 2. Аспаптың дәлдік класы қандай қателікпен анықталады? 3. Аспапты салыстырып тексеру шартын көрсетіңіз. 4. Үлгілік аспапты таңдау қалай жүргізіледі? 5. Түзетудің қандай рөл атқаратынын түсіндіріңіз. Түзету қисығы қандай мақсатпен тұрғызылады? №4-тәжірибелік сабақ жүктеу/скачать 0,86 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |