НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін масштабты түрлендіргіштерді қосу сұлбалары



бет14/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37
6.2 Амперметрдің өлшеу шектігін кеңейту үшін масштабты түрлендіргіштерді қосу сұлбалары

Электр өлшеуіш аспаптарда масштабты деп өлшенетін шаманың белгілі бір сан ретінде өзгертуге арналған өлшеуіштік түрлендіргіштерді атайды. Мұндай түрлендіргіштерге: шунттар және кернеу бөлгіштер жатады.


Егер өлшенетін ток І аспаптың жылжымалы бөлігінің толық ауытқуы үшін қажетті токтың шамасынан үлкен болса, онда қалған токтарды өткізу үшін өлшеу механизміне шунтты параллель жалғайды (6.2-сурет).



6.2-сурет Шунттың қосылу сұлбасы


Шунттың кедергісі келесі формуламен анықталады:




, (6.5)

мұндағы RШ шунт кедергісі; n = I / IАСП - шунттау коэффициенті.


Үлкен емес токтарды (30 А дейін) өлшеу кезінде шунттар аспаптың қалқанының ішінде орналасады, ал 30 А жоғары токтарды өлшегенде сыртта орналасатын шунттар қолданылады.
Сыртта орналасатын шунттардың екі қос қысқыштары болады: токтық және потенциалдық. Шунттарды өлшеу тізбегіне жалғау үшін токтық қысқыштары (Т1 және Т2) қолданылады, өлшеу механизмі шунтқа потенциалдық қысқыштары арқылы қосылады (П1 және П'2). Сыртқы шунттардың қосылу сұлбасы 6.3-суретте көрсетілген.



6.3-сурет. Сыртқы шунттардың қосылу сұлбасы

Шунттардың осылай жалғануы шунттардың кедергісінің токтық қысқыштарының өтпелі кедергісінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.


Шунттар келесі дәлдік кластарына бөлінеді: 0,02; 0,05; 0,1; 0,2; 0,5. Дәлдік кластары шунт кедергісінің рауалы мәнінің оның номинал мәнінен ауытқуын пайыз есебінде көрсетеді. Сыртқы шунттар өлшеу аспаптарына 200 С температурада 0,035 Ом тең, калибрленген сымдар арқылы жалғанады.

Өлшеу механизмінің өлшеу шектігін кернеу бойынша кеңейту үшін, өлшеу механизміне тізбектей жалғанатын қосымша резисторларды қолданады (6.4-сурет)





6.4-сурет. Қосымша кедергілердің қосылу сұлбасы


Қосымша кедергінің мәнін келесі формуладан анықтайды:




, (6.2)

мұндағы - бөлгіш коэффициенті; RV вольтметрдің кедергісі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет