НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»


Ақпараттық өлшеу жүйелері



бет34/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Ақпараттық өлшеу жүйелері


Сабақ жоспары

14.1 Ақпараттық-өлшеу жүйелерін құрудың жалпы принциптері.


14.2 Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің элементтері.
14.1 Ақпараттық-өлшеу жүйелерін құрудың жалпы принциптері

Өлшеу-ақпараттық жүйе бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған құралдардың және көмекші құрылғылардың функционалдық біріктірілген жиынтығы болып табылады және зерттелетін объект туралы оның жұмыс істеуі немесе сақталуы жағдайында өлшеу ақпаратын алуға арналған.


Тағайындалуына қарай АӨЖ-і келесіге бөлінеді:
- зерттелетін объектіден өлшеу ақпаратын жинауға арналған жүйелер, мұндай жүйелерді көбінесе жай ғана өлшеу жүйелері деп атайды;
- машиналардың, агрегаттардың немесе технологиялық үдерістердің әртүрлі түрлерінің жұмысын басқаруға арналған автоматты басқару жүйелері;
- әртүрлі бұйымдардың техникалық ақауын анықтауға арналған техникалық диагностикалық жүйелер;
- алыс қашықтықтағы объектілерден өлшеу ақпаратын жинауға арналған телеметриялық жүйелер.
АӨЖ-тің ең маңызды түрі соңғы жылдары қолданылып жүрген өлшеу және есептеу жүйелері (ӨЕЖ) болып табылады. ӨЕЖ, АӨЖ сияқты, күрделі объектілерде қолдануға арналған өлшеу және өлшеу ақпаратын өңдеудің автоматтандырылған құралдары.
Олардың айрықша ерекшелігі - жүйеде еркін бағдарламаланатын ЭЕМ-ның болуы, ол тек өлшеу нәтижелерін өңдеу үшін ғана емес, сонымен бірге өлшеу үдерісінің өзін басқару үшін де, сонымен қатар өлшеу объектісіне әсер етуді (қажет болған жағдайда) бақылау үшін қолданылады.


14.2 Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің элементтері

Типтік өлшеу жүйесінде стандартты құрылғылар: өлшенетін шамалардың датчиктері, сандық өлшеу құралдары, тіркеу құрылғылары, контроллер және жүйелік интерфейс бар (15.1-сурет).



15.1-сурет. Типтік өлшеу жүйесі


Датчиктер мен біріншілік түрлендіргіштер зерттелетін объектіге тікелей қосылады және аналогты түрде өлшеуге болатын электр шамалары түрінде бастапқы ақпаратты (мысалы, айналу жиілігін п, электр қозғалтқыш білігінің қуатын Р және т.б.) алуға қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет