Өлшеуіштік кернеу трансформаторы бір және үш фазалы болады.
13.3 Үш фазалы тізбектерде токтар мен кернеулерді өлшеу
Жалпы жағдайда симметриялы емес үш фазалы тізбектерде токтар мен кернеулерді өлшеуге қажетті құралдардың саны, егер де өлшенетін әрбір шама жеке өзінің аспабымен өлшенетін болса, өлшенетін шамалардың санына сәйкес келеді. Симметриялы үш фазалы тізбектерде өлшеу жүргізу кезінде тек бір желінің (фазаның) тогын немесе кернеуін өлшесе де жеткілікті, өйткені бұл кезде барлық желілік (фазалық) токтар мен кернеулер бірі бірімен өзара тең.
Желілік және фазалық токтар мен кернеулердің арасындағы байланыс жүктеменің қосылу сұлбасынан тәуелді болады.
Симметриялы емес үш фазалы тізбектерде токтар мен кернеулерді өлшеуіштік торансформаторлардың көмегімен өлшеу кезінде пайдаланылатын өлшеуіштік трансформаторлардың санын үнемдеуге болады.
13.5-суретте үш желілік токтарды екі өлшеуіштік ток трансформаторларын пайдалану арқылы өлшеу сұлбасы келтірілген, ал 13.6-суретте дәл соған ұқсас желілік кернеулерді екі өлшеуіштік кернеу трансформаторларын пайдалану арқылы өлшеу сұлбасы көрсетілген (V1-UAB, V2-UBС, V3-U СA ).
13.5-сурет. Үш фазалы тізбектің фазаларында токты өлшеу сұлбасы
13.6-сурет Үш фазалы тізбектің фазаларында кернеуді өлшеу сұлбасы
Бұл сұлбалар үш фазалы тізбектер үшін белгілі қатынастарға негізделген. Токтарды дұрыс қосу үщін өлшеуіштік трансформаторлардың генераторлық қысқыштарының дұрыс қосылуын қадағалау қажет екендігін есте ұстаған жөн. Трансформаторлардың (бірінші немесе екінші тізбектің) біреуінің генераторлық қысқыштарының дұрыс емес қосылуы, қосылатын токтардың біреуінің фазасының өзгерісін болдырады, соңында дұрыс нәтиже шықпайды.
Желілік кернеулерді өлшеу үшін дәл осындай сұлбаны қолданады. Осыған ұқсас сұлбалар фазалық токтар мен кернеулерді өлшеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |