НұСҚаулар «Э лектрлік шамаларды өлшеу»



бет36/37
Дата19.12.2023
өлшемі0,86 Mb.
#140861
түріНұсқаулар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Бақылау сұрақтары:

1. Типтік АӨЖ элементтерінің мақсаты.


2. Ақпараттық-өлшеу жүйелерін автоматты басқару жүйесі қандай мақсатта қолданылады?.
3. Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің техникалық диагностика жүйесі қандай мақсатта қолданылады?
4. Ақпараттық-өлшеу жүйелерінің телеметриялық жүйесі қандай мақсаттарға арналған?
5. Интерфейс, контроллер, датчиктерің қолдану мақсаты.
.
15-тәжірибелік сабақ
Электрлік емес шамаларды өлшеу


Сабақ жоспары

15.1 Электрлік емес шамаларды электрлік өлшеу құралдарымен өлшеу ерекшеліктері.


15.2 Физикалық шамаларды өлшеу түрлендіргіштерінің жіктелуі.
15.3 Физикалық шамаларды өлшейтін түрлендіргіштердің жұмыс істеу принципін және қолданылуын зерттеу.


Физикалық шамаларды өлшеу түрлендіргіштерінің жіктелуі

Қолданылатын құралдардың көптігі өлшеуіштік түрлендіргіштердің прициптік әртүрлілігімен және құрылысымен анықталады.


Түрлендіргіштің кірісіне, өлшенетін шамадан басқа, көптеген басқа факторлар әсер етеді – механикалық ауытқулар, температура, ылғал, электрлік және магниттік өрістер. Сондықтан өлшеуіштік түрлендіргіштердің міндеті – бөтен әсерлерге сезгіштікті төмендету, яғни өлшеу қателіктерін төмендету.
Құрылысы және әсер ету принципі алуан түрлі болып келетін өлшеуіштік түрлендіргіштердің сипаттамалары мен параметрлері де әртүрлі болады. Солардың ішінде негізгісі: градиурлеу сипаттамасы, түрлендіру коэффициенті және өлшеу шектіктері.
Градиурлеу сипаттамасы – өлшеуіштік түрлендіргіштің шығысындағы (У) және кірісіндегі (X) шамалардың мәндерінің арасындағы тәуелділік


Y = f (Х) (15.1)

Түрлендіргіштің жуық шамамен алынған градиурлеу сипаттамасы 15.1-суретте келтірілген.



15.1-сурет. Өлшеуіштік түрлендіргіштің градиурлеу сипаттамасы




Түрлену коэффициенті - бұл өлшеуіштік түрлендіргіштің шығысында өлшенетін шаманы бейнелейтін сигналдың өзгерісінің түрлендіргіштің кірісінде оның өзгерісін болдыратын сигналға қатынасы.
Түрлендіргіштің түрлендіру коэффициенті:


    (15.2)

Тізбектей жалғанған бірнеше түрлендіргіштердің қатарынан тұратын өлшеу тізбегінің түрлендіру коэффициенті барлық түрлнедіргіштердің түрлендіру коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең.


Түрлендіргіштердің қателіктерін абсолютті және салыстырмалы деп бөледі. Өлшемдіктер мен аспаптардың қателіктерінен айырмашылығы мынады: оларды түрлендіргіштің кірісі мен шығысында анықтайды.
Өлшеуіштік түрлендіргіштің кірісі бойынша абсолютті қателік - түрлендіргішке тіркелген градуирлеу сипаттаманың көмегімен оның шығысындағы шаманың нақты мәні бойынша анықталатын түрлендіргіштің кірісіндегі шаманың мәні мен түрлендіргіштің кірісіндегі шаманың нақты мәнінің арасындағы айырмасы.
Өлшеуіштік түрлендіргіштің кірісі (шығысы) бойынша салыстырмалы қателігі - бұл түрлендіргіштің кірісі (шығысы) бойынша абсолюттік қателіктің кірістегі шаманың ақиқат мәніне (түрлендіргішке тіркелген градуирлеу сипаттаманың көмегімен кірістегі шаманың ақиқат мәні бойынша анықталатын түрлендіргіштің шығысындағы шаманың мәніне) қатынасы.
Өлшеуіштік түрлендіргіштердің қателіктері негізгі және басқа факторлардың әсерінен туындайтын қосымша болып бөлінеді.
Түрлендіргіштері бар тізбектердің өлшеу шектіктері – өлшеу мәнінің ең үлкен және ең кіші мәні, яғни өлшенетін шаманың түрлендіргіштердің рұқсат етілген қателіктері нормаланатын мәндерінің аймағы.
Түрлендіргіштерді бағалау кезінде жоғарыда келтірілген сипаттамаларынан басқа, олардың келесі қасиеттерін ескереді: өзара бірін бірі алмастыру, уақыт бойынша сипаттамалардың трақтылығын, өлшенетін шамаға кері әсердің дәрежесін, пайдалану шартын, массасын және мөлшерін, сонымен бірге экономикалық көрсеткіштерін. Электрлік емес шамаларды электрлік өлшеу әдістері мен құралдары (қоланыстағы) алуан түрлі болып келеді.
Өлшеуіштік түрлендіргіштер тағайындалу және әсер ету принципі бойынша жіктеледі. Тағайындалуы бойынша өлшеуіштік түрлендіргіштер механикалық, жылу, химиялық, биологиялық және т.б. бөлінеді. Әсер ету принципі бойынша генераторлық және параметрлік болып бөлінеді.
Генераторлық түрлендіргіштерде өлшенетін электрлік емес шама ЭҚК немесе ток күшіне пропорционалды түрленеді. Бұндай түрлендіргіштерге Холл эффектісіне негізделген электр магниттік, пьезоэлектрлік және оптикалық түрлендіргіштер жатады.
Параметрлік түрлендіргіштерде өлшенетін электрлік емес шама электр тізбектерінің әртүрлі параметрлеріне – кедергіге, сыйымдылыққа, индуктивтілікке, өзара индуктивтілікке, жиілікке түрленеді.
Параметрлікке резистивтік (түйіспелік, реостатты және тензотүрлендіргіштер), электр статикалық, электр магниттік (индуктивті және магнитті серпімді), оптикалық және т.б. түрлендіргіштер жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет