Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.
8
Тістерді ырғау (люксация және ротация)маятник тәрізді қозғалыспен вестибулярлы және тілдік беткей жаққа шамалы ротациялық қозғалыспен жасайды. Бірінші ырғау қозғалысы вестибулярлы жаққа.
Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғарыға және сыртқа қарай шығарады.
Төменгі жақсүйекте молярларды жұлу операциясын жүргізу.
1
Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, құстұмсықты бүртігі бар қысқыштар.
2
Дәрігер – стоматологтың орналасуы:сол жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және алдында; оң жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және арт жағында орналасады. Сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – тілдік беткейінен, ІІ саусақ ерін жағынан).