Қысқыштарды жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.
7
Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.
8
Тістерді ырғау (люксация және ротация)маятник тәрізді қозғалыспен вестибулярлы және тілдік беткей жаққа шамалы ротациялық қозғалыспен жасайды. Бірінші ырғау қозғалысы вестибулярлы жаққа.
Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғарыға және сыртқа қарай шығарады.
Төменгі жақсүйекте премолярларды жұлу операцияларын жүргізу.
1
Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, құстұмсықты, қабырғасынан иілген жіңішке ұртбастары және жартылай дөңгелек ұшты қысқыштар.