НұСҚаулар мамандық: 6R113100 «Бет-жақ хирургиясы, ересектер, балалар»



бет1/21
Дата26.12.2023
өлшемі336,5 Kb.
#143341
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
УКЦ резидентура каз..




«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС
ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» шЖқ
ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫНЫ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР


Мамандық: 6R113100 – «Бет-жақ хирургиясы, ересектер , балалар»
Кафедра: Хирургиялық және балалар стоматологиясы
Құрастырушы:
м.ғ.д., профессор _________ Жаналина Б.С.


Ақтөбе, 2023
Кафедра отырысында талқыланды және бекітілді
№1 хаттама, 28.08. 2023ж.
Кафедра жетекшісі, м.ғ.к, доцент ______________Таганиязова А.А.
І. Тақырып: Науқасты тексеру
1. Мақсаты: резиденттерді науқасты тексеру дағдысына үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: науқасты тексеру дағдысын игеру.
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: Стандартталған науқас.
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)



Қадам критерийлері

орындалмады
0-0,1

Жартылай орындалды
0,2-0,3

орындалды
0,4-0,5

1

Аурумен байланысты шағымын жинау










2

Ауру анамнезі: басталуы, ұзақтығы, медициналық көмек көрсетілді ме.










3

Өмір анамнезі: жүктілік, босану, басынан кешірген аурулары, инфекциялық аурулары, аллергиялық анамнез, жағымсыз әдеттер.










4

Жалпы статусты баяндау: есі, тері жамылғысының түсі, температура, пульс, тыныс алу жиілігі, АҚ










5

Жергілікті статус: есі, қалпы; тері жамылғысы мен серпімділігі; шеткі лифа түйіндерінің жағдайы,дене температурасы; кеуде торының пішіні, өкпенің шекаралары, тыныс алу жиілігі; жүректің шекаралары және пульс жиілігі, АҚҚ; тірек-қимыл жүйесінің жағдайы; іштің пішіні, бауыр, көкбауыр, ішектің жағдайы; зәр шығару жүйесінің жағдайы.










6

Алғашқы диагноз қою.










7

Қосымша тексеру әдістерін жүргізу: жалпы қан және зәр анализі, ЭОД, рентгенография түрлері, МРТ, КТ.










8

Клиникалық диагнозды нақтылау.












ІІ. Тақырып: Жергілікті жансыздандыру жүргізу
1. Мақсаты: резиденттерді жергілікті жансыздандыру жүргізуге үйрету.
2. Үйрету әдісі: кіші топтар.
3. Ақырғы нәтиже: жергілікті жансыздандыру дағдысын игеру
4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж
5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)



Қадам критерийлері

орындалмады
0-0,1

Жартылай орындалды
0,2-0,3

орындалды
0,4-0,5




Туберальды жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.










3

Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында.
Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді.










4

Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.










5

Инені енгізу орны: уақытша екінші моляр деңгейінде немесе бірінші және екінші тұрақты молярлар арасынан кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді.










6

Инені қозғалту: инені жоғары, артқа және ішке 1,5 см тереңдікке шприцті сыртқа шығара отырып жылжыту.










7

Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені асықпай төменге, алға, сыртқа қарай бағытта шығарады.













Мандибулярлы жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 25мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады..










3

Дәрігер қалпы: науқастың оң және адыңғы жағынан.
Науқастың қалпы: аузын барынша ашып, студент сұқ саусағын ретромолярлық шұңқырға орналастырады, төменгі жақтың ішкі тармағын сезе отырып.










4

Шприц қалпы: шприц екінші кіші азу тіс қалпында, төменгі жақтың қарама-қарсы бетінде орналасқан.










5

Инені енгізу орны: Инені қанат-жақ қатпарының медиальды бөлігіне, төменгі жақ үлкен азу тістердің шайнау беткейінен 0,5 см жоғары енгізеді.










6

Инені жылжыту: инені сүйекке дейін 1,0-1,5 см тереңдікке еңгізгеннен кейін, тілдік нервті жансыздандыру мақсатында 0,2 мл анестетик жібереді. Шприцті өзіне қарай 0,2 см кейін шығарып, шприцті күрек тістердің тұсына жылжытып және инені төменгі жақ бұтағының ішкі беткейіне паралельді 1,5-2,0 см тереңдікке енгізеді.










7

Анестетикті енгізу: 1-2 мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені асықпай сыртқа қарай бағытта шығарады.













Инфильтрациялық жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 21мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады..










3

Дәрігердің қалпы: науқастың оң және алдыңғы жағында.
Науқастың қалпы: аузы жартылай ашық, құралмен ұрттың жұмсақ тіндерін сыртқа итереді.










4

Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.










5

Ине шаншу орны: көрші тістің түбір деңгейінен жоғары кілегей қабықтың өтпелі қатпарына енгізеді.










6

Инені жылжыту: жоғарғы жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін жоғары және алға жылжытады;
Төменгі жақта – инені жұлынатын тістің түбірі деңгейіне дейін төмен және артқа жылжытады.










7

Анестетикті енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 2 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені жоғарғы жақта – жәймен төмен және сыртқа бағытпен шығарады;
Төменгі жақта – инені жәймен жоғары және сыртқа бағытпен шығарады.













Инфраорбитальды жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдап, оған көлемі 1,8мл карпульді енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: ұзындығы 28мм, сыртқы диаметрі 0,3мм ине таңдалады.










3

Науқастың қалпы: аузы жартылай ашулы, сол қолдың сұқ саусағымен көзасты кеңітігін тауып бекітеді. Сол қолдың үлкен саусағымен жоғарғы ерінді сыртқа және жоғары қарай жылжытады.










4

Шприц қалпы: инені альвеолярлы өсінді қатпарына сүйектік тінді бойлай 45 градус бұрыштықта орналастырады.










5

Ине шаншу орны: инені ортаңғы және бүйірлік күрек тістер арасымен өтпелі қатпарға енгізеді.










6

Инені жылжыту: инені сұқ саусақтың ұшы деңгейінде тұрған көзасты кеңістігіне бағыттап, жылжытады (бірінші премоляр түбірі деңгейінде).










7

Анестетик енгізу: 1мл жергілікті анестетикті жәймен 1 минут аралығында енгізу.










8

Инені шығару: инені баяу төмен және сыртқа қарай бағытпен шығарады.













Күректістік жансыздандыру жүргізу

1

Құралдар таңдау: карпульді шприц таңдау және оған көлемі 1,8мл карпульді анестетикті енгізу.










2

Иненің диаметрі мен ұзындығы: сыртқы диаметрі 0,3мм, ұзындығы 21 мм инені таңдау.










3



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет