Ампулаларға анықтама беріңіздер. Ампулалық шыныларға қойылатын талаптар. Шынылардың қандай маркаларын білесіздер? Ампулаларды дайындау үшін қандай маркалары қолданылады?
Ампула (латынша ampulla кішірейткіш грек тілінен аударғанда ἀμφορεύς – амфора) – қазіргі мағынада химиялық таза заттарды немесе стерильді препараттарды сақтауға арналған герметикалық жабылған ыдыс.
Ампулалардың ең негізгі артықшылығы - стерильді дәрілер қорын және оны дозаланған (дозаларға бөлінген) түрде жасауға мүмкіндіктер беруі. Қазіргі кезде ампулалардағы инъекциялық ерітінділер мамандандырылған химиялық-фармацевтік зауыттарда шығарылады.
Шыны - силикаттар мен металдар тотықтарының балқытылған қоспасын салқындату арқылы алынған қатты ерітінді және оған қатты денелердің барлық механикалық қасиеттері тән. Шыны құрамына SiО2, AI2О3, Na2О , К2О, СаО, В2О3 және т. б. тотықтар кіреді.
Ең жоғарғы термиялық және химиялық тұрақтылық кварц құмынан алынатын кварцты шыныға тән. Кварц құмы 95-98% кремний диоксидінен тұрады. Мұндай шыныдан ампула жасау және оны дәнекерлеу өте қиын, себебі, оның балқу температурасы жоғары (1550-1800°С). Сондықтан оның құрамына балқу температурасын төмендету үшін әртүрлі модификаторлар: натрий және калий оксидтерін қосады. Оларды енгізу шынының химиялық тұрақтылығын күрт төмендетіп жібереді және ерігіш немесе сұйық шыны алынуы мүмкін - натрий және калий силикаттары Na2 SiО3 , K2SiО3.Шыны жасауға негізгі шикізат ретінде: кварц тотығы (кремний қос тотығы) - SiО2; нефелин - KNa3(AlSiО4)4; магнезит (магний карбонаты) MgCО3; доломит (кальций және магний карбонаты) - Са - Mg(CО3)2; кальцийленген сода (натрий карбонаты) - Na2CО3; натрий сульфаты - Na2S04; натрий тетрабораты — Na2B4О7; бор қышқылы - Н3ВО3; ізбес (әк) (кальций карбонаты) — СаСО3; поташ (калий карбонаты) - К2С О3 қолданылады.
Компоненттердің құрамын және олардың концентрацияларын өзгерте отырып, қажетті шыны алуға болады.
Ампулалар жасау үшін шынының арнайы маркалары (түрлері) қолданылады, олар ОСТ 64-2-78-72 документі бойынша белгіленген. Бұл шынының келесі маркалары: НС-1, НС-2, НС-2А, НС-3, АБ-1, СНС-1, XT-1, МТО, ОС, ОС-1;
НС-3 - гидролизге, тотығу және т. б. өзгерістерге ұшырайтын ерітінділерді құюға арналған ампулалар мен құтылар (сауыттар) жасауга арналған бейтарап шыны (мысалы, алкалоидтар ерітіндісі).
НС-1 - сілтілерге төзімділігі төмен дэрілік заттардың ерітінділерін ампулдауға арналған бейтарап шыны (мысалы, натрий хлориді, магний сульфаты, кальций хлориді ерітінділері)