Ұнтақтарды орамдау және қаптау қалай жүргізіледі? Ол үшін қандай аппараттар қолданылады? Олардық жұмыс принципі қандай?



бет16/20
Дата21.10.2023
өлшемі0,89 Mb.
#120086
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 рк 25 сурак

Жарықтан корғағыш қасиеттері. Бұл қасиеттерді бейтарап жарықтан қорғайтын шыныдан жасалған ампулаларда 290-450 нм спектр аралығында жарық өтуін өлшеу арқылы аныктайды. Ампуланың цилиндрлі бөлігінен үлгі кесіп алып, оны мүқият жуады, сүртеді, кептіреді және СФД-2 спектрофотометрінің тесігіне 365 параллельді орналастырады. Жарық өтуінің ең жоғарғы пайызын анықтайды, ол шыны қабырғасының қалыңдығы 0,4-0,5 мм болганда 35%; 0,5-0,6 мм - 30%; 0,6-0,7 мм - 27%; 0,7-0,8 мм - 25% және 0,8-0,9 мм - 20% құрауы керек.

  1. Шыныдроттардыкалибрлеуқандаймақсаттажәнеқандаймашиналардажүргізіледі? Олардыңқұрылысымен жұмысістеупринциптері.

Ампулалар жасауға қолданылатын бастапқы материал дроттар болып табылады. Дроттар - бұл ұзындығ 1500 ± 50мм шыны түтіктер. Дроттар біркелкі кесілген жерінде дұрыс формалы жэне бүкіл ұзындығы бойынша диаметрі бірдей болуы керек. Дроттарды ампулалар жасауға дайындау бірнеше сатылардан тұрады: калибрлеу (сорттау), жуу, кептіру жэне қорғап орау.
Дроттарды калибрлеу. Бір сериалы ампулалардың көлемі бірдей болуы үшін диаметрі мен қабыргаларының қалыңдығы бірдей түтікшелер (дроттар) қолданылуы керек Осы мақсатпен дроттарды сыртқы диаметрі бойынша калибрлейді немесе сорттайды, ол 8 мм-ден 27 мм-ге дейін болуы тиіс.
Дроттарды калибрлеуді Филипин Н. А. машинасында жүргі зеді. (Сурет 91). Шыны түтіктер бағыштаушылар (1) бойымен тіреу- ішке (6) дейін сырганап түседі. Осыдан олар қысқыштар (5) көмегімен калибрлеуге (3) беріледі. Егер түтіктің диметрі калибр тесігінен улкен болса, онда түтік келесі қозгалыс кезінде жоғары көтеріліп алынады да, келесі калибрге беріледі. Диаметрі калибр көлеміне сэйкес болса, түтіктер еңкіш багыттауыш бойымен жинақтагышқа (2) сыргып түседі, осыдан кейін олар жууга жіберіледі.

  1. Шыныдроттардыжуудыңқандайтәсілдері бар? Оларқалайжүргізіледі? Қайсытәсілтиімдіжәнеқайтәсілдіңөнімділігіжоғары? Шыныдроттардықорғапорау не үшінқажет?

Шыны дроттарды жуу. Шыны дроттарды жуу келешекте ампулаларды жууды жеңілдетеді жэне ампуладағы ерітінділердің тазалыгын қамтамасыз етеді. Дроттарды жуу бірнеше тәсілдермен жүргізіледі.

1. Камералык тәсіл (сурет 92). Дроттарды жууга арналган қондырғы ауа кірмейтіндей болып жабылатын екі цилиндрлі каме- радан (1) тұрады. Бір бума болып жиналған дроттарды камерага салады.


Сонан соң камераны жауып, сумен немесе жуғыш затгардың ерітіндісімен толтырады да, 60-70°С температурадагы ыстық суды штуцер (2) арқылы жібереді. Дроттар 1-1,5 сагат бойына жібітіледі, сонан соң суды бакқа (4) төгеді, фильтрлейді. Осыдан кейін оларды фильтрленген ыстық шайма сумен душтың көмегімен жуады. Сонан соң дроттарды қосымша ыстық дистелденген сумен душпен жуады.
Дроттарды жуу 20 минут жүреді, осыдан кейін камерага дроттарды кептіру үшін фильтрленген қыздырылган ауа жіберіледі. Кептіру 1- 2 сагатқа созылады. Дроттарды жуу және кептірудің толық циклі 4 сағатқа созылады.
2. Ультрадыбыспен жуу тэсілі (сурет 93). Харьковтың «Денсаулық» өндірістік бірлестігінде дроттарды ультрадыбыс көмегімен жууға арналган қондыргы орнатылған. Ол құрылысы бойынша қозгалмайтын табан бөлікке (13) қойылған көлденең ванна болып табылады және ол жабдыкдагыштан (5,6), шынжырлы
транспортерден (9), душтаушы қондырғыдан (14) жэне таза шыны дроттарды қабылдагыштан (12) тұрады. Дроттардың басқарғыш валдың (3) бөліктегіш жұлдызшаларына (2) түсуін реттеу төменгі жэне жоғарғы бағытгаушы жабдықтагыштардың (5,6) көмегімен жүргізіледі.
Ваннаның тесігіне ультрадыбыс жиілігі 22 кГц жэне сәуле- лендіру қарқыны 1,5 Вт/см 4 магнитострикциялық өзгерткіштер ПМП-2,5 орнатылган. Ваннаның ішінде судың қалыпты 400 мм деңгейі ұсталып отырады. Жуу процессі төмендегідей жүреді: калибрленген шыны дроттар жабдықтағыштың төменгі бағытта- ғышына салынады жэне жұлдызшаларза сырғып түседі, олар дроттарды транспортерға береді. Транспортер дроттарды ванна арқылы магнитострикторлардың үстімен жылжытып алып өтеді, мұнда оларга ультрадыбыс эсер етеді. Ваннадан шығар жерде шыны
дрот ыстық сумен душталып жуылады. Дыбыспен эсер ету 2 мин., кептіру —270°С температурада 5 минут
3. Контактылы - ультрадыбысты тәсілмен жуу (сурет 94). Дрот қабылдағышқа салынып, кесік жерімен (1) автоматты түрде тегістеледі. Сонан соң бір-бірлеп тасымалдаушы тізбекке (2) салынады. Тізбекпен жылжи отырып дрот магнитостриктордың вибрацияланушы бетімен жанасады жэне 7 секунд бойына жиілігі
20 кГц және 1,2 Вт/см каркындылыкта ультрадыбыстын әсеріне ұшыратылады. Дыбысталган дрот фильтрленген су агымымен жуылады. Бул тәсіл жуудың тиімділігін эжептэуір жақсартады, өйткені, ультрадыбыс әсерінің арнайы факторларына кавитация, қысым жэне желге түтіктердің жоғаргы жиіліктегі механикалық вибрациясы қосылады. Камералық тәсілдің бірқатар артықшылыктары бар: жоғарғы өнімділігі, тәсілдің қарапайымдылығы, бір аппаратта жуу және кептіру. Бірақ кемшілігі: дротгарды кірден тазалаудың дәрежесі төмен. Ультрадыбысты тәсілмен дроттарды тазалау тиімді, тазалау тез және толық болады. Бірақ ультрадыбыстың сұйықтық қабаты арқылы эсер етуі ультрадыбыстың қарқынын төмендетіп жібереді.
Контактылы ультрадыбысты тәсіл ең тиімді тәсіл, себебі, ультрадыбысты тербеліспен тазартылатын дрот тікелей жанасады. Сондықтан, дроттар ең жоғарғы дәрежеде тазартылады. Жуылып болтан дроттар бумаланып жиналып, екі шетінен де қатгы қағазбен оралады және ампула дайындауға берілгенге дейін осылай сақталады.

  1. Ампулалардытолтыруғадайындау”сатысықандайоперациялардантұрады?

Ампулдау процессі келесі операциялардан тұрады: ампула- ларды ашу, күйдіру, ампулаларды кассеталарға салу, ішкі және сыртқы бетгерін жуу, кептіру жэне стерильдеу, толтыру, дэнекерлеу, стерильдеу, сапасын бағалау, этикеткалау, орамдау.

Ампулаларды ерітіндімен толтыру 1 классты таза бөлмелерде асептика ережелерін сақтай отырып жүргізіледі. Ампулаларды толтыру колемі номинальды көлемнен көп болуы тиіс, себебі, шприңті ерітіндімен толтырган кезде, дәрінің қажетті дозасы алынуы керек. МФ XI басылымында ампулаларды толтырудың төменгі нормасы белгіленген (кесте 7):


Ампулаларды ерітінділермен толтыру үш тэсілмен жүргізіледі. шприцтік, вакуумдық, бу-конденсациялық.

  1. Шприцтік тәсіл (сурет 109). Кептірілгеннен соң ампулалар автоматтың сақтау бөліміне түседі, сонан соң автоматты түрде толтырылуга жіберіледі. Толтыру 3 немесе 6 шприц (поршеньдік дозатор) инелермен бір мезетте жүргізіледі. Шприц-инелер хром- никельді болат, күміс, синтетикалық материалдардан жасалынады.

Қуыс инелер конвейерде (6) орналасқан ампулалардың (1) ішіне кіргізіліп, керекті мөлшердегі ерітіндімен толтырады. Жеңіл тотыгатын заттар газбен қоргау принципі бойынша толтырылады. Ең алдымен ампулага салынган инеге инертті газ жіберіледі, сөйтіп, ампуладан ауа ығыстырылып шыгарылады, сонан соң ерітінді қүйылады, ең соңында тагы да инертті газ жіберіледі. Шприцгік
тэсілмен толтырудың дәлдігі өте жогары - ± 2%, капиллярлары ластанбайды, бұл әсіресе, қою жэне түтқыр ерітінділер үшін өте маңызды. Кемшілігі - аз өнімділігі, сағатына 10.000 ампула гана толтырылады.

  1. Вакуумдық тәсіл өте жогары өнімді. Мұнда ампулаларды вакуумдық тәсілмен жууға арналған аппаратты қолдануға болады (сурет 102).

Аппаратқа кассетаға салынған ампулаларды капиллярларын төмен қаратып салады. Аппараттың кақпагын жауып, вакуум жасайды. Төменгі клапанды жауып, ыдыска құбыр бойымен ерітінді жібереді жэне толтыруга кажетті көлемге сэйкес есептеп, ауаны сиретеді. Сонан соң стерильденген, фильтрленген ауа жіберетін клапан ашылып, вакуум төмендейді. Қысымдар арасындагы айырмашылық әсерінен ері гінді ампула ішіне кіреді.
Жеңіл тотыгатын заттар ерітінділерін қую инертті газдармен қорғау принципі бойынша жүргізіледі. Инертгі газбен ерітінді қаныктырылады жэне аппараттағы ауа сорылып алынған соң, ауаның орнына да осы инертті газ жіберіледі.
3)Бу-конденсациялық тәсіл. Бүл тәсілді проф. Конев Ф. А. ұсынган болатын (сурет 105). Ампулаларды бу-конденсациялық тәсілмен жуып болған соң, олардың ішінде бу қалады (ампулалар бумен толып тұрады). Ампуланың капилляры бір ампулаға арналған ерітіндінің дэл көлемі құйылған дозаторга батырылады. Осы кезде температура айырмашылығы әсерінен, ампуланың корпусы салқындайды. Ампула ішіндегі бу конденсацияланып, вакуум пайда болады, сөйтіп, осы вакуум әсерінен ерітінді ампула ішіне еніп кетеді.
Ампулаларды ерітіндімен толтырудың қолайлы жағдайлары анықталган. Көлемі I мл ампулалар үшін бұл келесі шарттар: - ампулаларды қыздыру (300°С) зонасында олардың капиллярла- рынан суды сығып алған соң 25 секундқа дейін ұстау; ампулаларды ерітіндімен толтыру алдында ауаның еркін конвекциясы жагдай- ында қыздыру зонасынан тыс (25°С) жерде 30 секундқа дейін ұстау; ампулаларды ерітіндімен толтыру уақыты - 3 сек. Ампулаларды осы тэсілмен толтырудың дәлдігі шприцтік тәсілмен толтыру дәлдігімен бірдей. Дэнекерлеу алдында ампулалардың толтырылу дәлдігі МФ XI - бойынша тексеріледі. Бұл тәсіл өндіріске әлі кең енгізілген жоқ, бірақ болашағы мол.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет