Химиялық төзімділік. Кейбір жағдайларда шынының химиялық төзімділігін сыртқы түрінен-ақ анықтауға болады. Сақтау кезінде шынының бет жағында силикаттарды біртіндеп сілтіге айналдыратын ылғалды пленка пайда болады. Ауадағы көмір қышқылы сілтілерімен әрекеттесіп, сілтілік-жер металдарының карбонаттарын түзеді, олар кепкен кезде лас қабықтар қалады. Мұндай ластанудың өзі-ақ шынының химиялық төзімділігінің төмен екенін көрсетеді. Шынының химиялық төзімділігі ГОСТ 10780-64 бойынша анықталады.
Термиялык төзімділікті анықтау.Ампулалар термиялық төзімді болуы керек, яғни, стерильдеу кезінде сынып кетпеуі керек. Термиялық төзімділікті төмендегідей аныктайды: тексерілетін ампулаларды дистилденген сумен толтырып, дәнекерлейді және 120°С температурада 30 минут бойына автоклавта қыздырады. Егер ампулалардың 98% бутін қалса, онда ампулалар партиясы термиялық төзімді деп саналады. Екінші тәсіл бойынша да анықтауга болады. 50 ампуланы 18°С температурада 30 минут ұстап тұрады, кептіргіш шкафта кассетага ГОСТ-та көрсетілген температурада 15 минуттан кем емес мерзімге салады. Кассеталарды тез 5 с арасында шкафтан шығарып алады да, температурасы 20 ± 1°С суға толық батырып, 1 минут осы күйде ұстап тұрады. Тексеруге алынған ампулалардың 98% бүтін қалуы керек. НС-3 шыны маркасынан дайындалган ампулалар бүтін қалуы керек және 160°С температура өзгерісіне, ал НС-1 - 130°С, СНС-1 - І50°С және АБ-1 - 110°С температура өзгерістеріне шыдамды болуы керек.
Шынының жеңіл балқуы.Ол тәжірибелік жолмен анықталады. Ампулалық шыны ампуланы шілтер жалынында оңай дәнекерлеу үшін жеңіл балқитын болуы тиіс
Шынының түссіздігі және мөлдірлігі. Шыны түссіз және мөлдір болуы керек, себебі, оның ішіндегі механикалық қоспалар оңай анықталуы тиіс. Қоңыр-кызыл немесе басқа түсті ампулаларды әрдайым қолдануға болмайды, оның ішіндегі ерітіндіні бақылауға мүмкіндік болмайды және стерильдеу кезінде кейде темір қалдығы бөлінуі мүмкін.
Кернеу қалдығы.Олар ампулалар дайындау кезінде дроттың әр бөлімдерінің бір қалыпты қыздырылмауы есебінен пайда болады. Ампуланың түбі мен капилляры шыны балқығанга дейін қызады, корпусы - шамалы қызады. Осы температуралар айырмашылығы ерекше болатын жерлерде кернеулер пайда болады. Сонымен қатар, ампулалар қабырғаларының қатты қызатын бөлімдерінің сыртқы беттері айналадағы ауамен жанасу арқылы тез 364 салқындайды және тез қатады; ал шынының ішкі беттері баяу салқындайды және балқыған күйде ұзақ болады, бұл кезде де ішкі кернеу пайда болады. Кернеу қалдығын поляризациялы-оптикалық тәсіл көмегімен үлгідегі сәулелердің өту айырмасы бойынша ПКС125, 250 полярископ-поляриметрінде және ПКС-500 полярископында анықтайды.