Қ
АН КЕТУ
Қан
кету
(геморрагия)
–
қанның қан тамырының саңылауынан немесе жүрек
қуысынан қоршаған ортаға (
сыртқа
қан кету) немесе дененің қуыстары мен
тіндерге (
ішке
қан кету) кетуі. Қанның сыртқа кетуінің мысалы: қанды қақырық
(
haemoptoe
), мұрыннан қан кету (
epistaxis
), қанды құсық (
haemotemesis
), қанды
нәжіс (
melaena
), жатырдан қан кету (
metrorragia
). Қан ішке кетсе, үлпершек
Нуржігіт Алтынбеков
117
қуысына (гемоперикард), плевра қуысына (гемоторакс), құрсақ қуысына
(гемоперикардиум) жиналады.
Егер кеткен қан тінге жиналса, оны
қан
құйылу
деп атайды. Сонымен, қан
құйылу қан кетудің дербес бір түрі. Құйылған қан тінді зақымдап, ұйыса,
гематома
(56-
сурет
)
деп, ал тіннің элементтерін зақымдамаса, оны
геморрагиялы сіңу
(геморрагиялық инфильтрация) деп атайды.
56-сурет. Оқпен жарақатталған тізе буынының жұмсақ тіндеріндегі ауқымды гематома.
Қеткен қан теріге, кілегейлі қабықшаларға жайыла құйылса,
қанталау,
ұсақ
дақтар түзсе,
петехий
, немесе
экхимоз
деп аталады.
Қанның кету (құйылу)
себептері
: қан тамырлары (жүрек) қабырғасының
жыртылуы, біртіндеп желінуі және өткізгіштігінің артуы. Қанның жүрек немесе
қан тамырлары қабырғасы
жыртылғандықтан
кетуіне (
haemorrhagia
per
rhehin
, латынша:
rhexo
– жыртамын) әртүрлі жарқат немесе қан тамырында,
жүректе дамыған некроз (инфаркт) бен қабыну, склероз үдерістері себеп
болады.
Қанның қан тамырынан кетуінің біріншілік және салдарлық түрлері бар.
Жарақаттанған кездегі қан кету біріншілік болса, салдарлықта қан қан тамырының
қабырғасындағы ақауды бітеген тромб іріңдеп жидігенде кетеді.
Жүрек жыртылып, қанның кетуіне
көбіне
некроз (инфаркт)
себеп болады.
Қолқа қақпақшасының үсті, әдетте қолқаның ортаңғы қабатында некроз
дамығандықтан (
медионекроз
) жыртылады. Мерез кезінде қолқаның ортаңғы
қабаты қабынып (
мазаортит
), ол склерозға ұласса да, қолқаның қабырғасы
жыртылып, қан кетуі мүмкін. Көбінесе жүректің, қолқаның, ми артериясының,
өкпе мен басқа мүшелердің
аневризмасы жыртылғанда
кеткен қан өлімге
себеп болды. Қан мүшенің қабығы патологиялық үдерістен жыртылғанда да
кетеді; бұл жағдай да осы топқа жатады.
Қанның тамыр қабырғасы желінгендіктен кетуі,
(
haemorrhagia
per
diabrosin
,
грекше
: diabrosis
– аррозия, жеп қою), яғни
аррозиялық қан кету
көптеген
патологиялық үдерістерде, әсіресе қабыну, некроз және қатерлі ісікте жиі
байқалады. Айталық, іріңді қабыну ошағындағы қан тамырының қабырғасын
протеолиздік ферменттер (мысалы, іріңді аппендицит), ал асқазан ойық
жарасындағыны – асқазан сөлі жидіткенде, казеозды некроз ошағындағы немесе
ойылған ісіктегі (мысалы, көтен ішектің, асқазан, сүт безінің ісігі ойылғанда)
тамыр біртіндеп зақымдалғанда қан аррозиялық жолмен кетеді. Жатырдан тыс
(түтіктік) жүктілік кезінде хорион бүрлері терең жайылып, жатыр түтігі
(фаллопий) мен оның қан тамырларын зақымдағанда да қан аррозиялық жолмен
кетеді.
Қан
диапедездік жолмен,
яғни
қан тамырлары қабырғасы өткізгіштігінің
артуы арқылы
(
haemorrhagia
per
diapedesis
, грекше
: dia
– арқылы,
pedao
–
ырғимын), әдетте артериоладан, капилляр мен венуладан кетеді; оның себебі
әртүрлі
(57-
сурет
)
. Олардың ішінде ең маңыздылары: ангионевроздық
өзгерістер, микроциркуляциялық өзгерістер және гипоксия. Сондықтан миға
қанның диапедездік жолмен кетуіне мидың әртүрлі зақымдары, артериялық
гипертензия, жүйелік васкулулиттер, инфекциялық және инфекциялық-
|