Нуржігіт Алтынбеков 118
аллергиялық аурулар мен қан жүйесінің аурулары (гемобластоз, анемия),
коагулопатиялар себеп болады. Диапедездік жолмен кеткен қан ошағы – ұсақ
дақты (
purpura haemorrhagica ). Қанның диапедездік жолмен жүйелік сипатта
кетуі
геморрагиялық синдром деп аталады.
57-сурет. Ми тініне диапедездік жолмен құйылған қан. Ақыры . Қан толық тарап кетеді, жиналған жерінде киста қалыптасады
(мысалы, мида), қабықпен шектеледі (инкапсуляция), гематоманы дәнекер тін
жайлайды немесе инфекция қосарланып, іріңдейді.
Маңызы қанның кету түрі мен себебіне, ауқымына және мерзіміне
байланысты. Жүрек, қолқа немесе оның аневризмасы жыртылғанда, қан күрт
әрі көп кетіп, көбіне өлімге ұшыратады (қан жедел кеткендік өлімі). Қан
бірнеше тәулік бойы кетсе, қан біртіндеп тым азаяды; ол да өлімге себеп болуы
мүмкін (жедел қаназдық өлімі). Қан ұзақ уақыт, мезгіл-мезгіл қайталанып кетсе
(мысалы, асқазанның немесе ұлтабардың ойық жаралы ауруы, көтеу),
созылмалы қаназдық (постгеморрагиялық анемия) дамуы да ықтимал. Қан
кетудің организмге әсері оның қай жерге кеткеніне де айтарлықтай байланысты.
Әсіресе, қанның миға кетуі (гипертониялық инсульт, ми артериясы
аневризмасы) өте қауіпті. Өкпе артериясының аневризмасы жыртылғанда,
туберкулез кавернасындағы қан тамырының қабырғасы біртіндеп желінгенде,
т.б. да себептерден өкпеге құйылған қан да көбінесе өлім қаупін туғызады. Ал,
терінің шел майына, бұлшықетке құйылған қанның көлемі өте ауқымды болса
да, өмірге онша қатер туғыза қоймайды.
П ЛАЗМАРРАГИЯ Плазмаррагия – плазманың қан арнасынан шығуы. Плазмаррагияның даму
барысында қан тамырларының қабырғасы мен айналасындағы тінге плазма
сіңеді; оны
плазма сіңу деп атайды. Плазмаррагия – қалыпты жағдайда
транскапиллярлық зат алмасуды қамтамасыз ететен үдеріс –
қан тамыры өткізгіштігі артуының бір көрінісі.
Заттардың капилляр қабырғасы арқылы алмасуын
ультрафильтрация , диффузия мен
микровезикулалық тасымал механизмдері қамтамасыз етеді. Ультрафильтрация деп
заттардың гидростатикалық немесе осмостық қысымның әсерінен мембраналық
шұрықтан өтуін атайды.
Диффузия кезінде заттардың қаннан тінге және тіннен қанға
қарай өтуі капиллярдың іші мен сыртындағы сол заттардың концентрациялық градиенті
(пассивті диффузия) немесе ферменттердің әсеріне – пермеаз (белсенді диффузия)
негізделеді.
Микровезикулалық тасымал, микропиноцитоз , яғни
цитопемзис қан
плазмасындағы қандай да болсын макромолекуланың эндотелийлік жасуша арқылы
өтуін қамтамасыз етеді; ол белсенді метаболизмдік үдеріс, өйткені микровезикулада өте
белсенді
ферменттер
көп.
Заттардың
жасушалар
арасында
алмасуының
транскапиллярлық зат алмасудағы үлесі шамалы.