Нуржігіт Алтынбеков 115
Веналық қан созылмалы іркілген талақта цианоздық индурация орын алады.
Ол ұлғайып, қатты, қошқыл қызыл реңді болып, фолликулдары солғын, ал
пульпасын склероз жайлайды. Веналық жалпы созылмалы іркілу кезінде басқа
мүшелерге де тән.
Веналық жергілікті толыққандылық Веналық жергілікті толыққандылық мүшедегі немесе дененің бір жеріндегі
венаның саңылауы бітелгенде (тромб, эмбол) немесе ол сыртынан қысылғанда
(ісік, дәнекер тін өскенде) веналық қанның әкетілуі қыйындауы себепті дамиды.
Мысалы, қақпалық венада тромб қалыптасқанда
асқазан-ішек жолында дамыған веналық толыққандылық өте айқын бейнелі болады.
Мускат бауыр мен
мускаттық цирроз веналық жалпы толыққандылықта ғана емес, бауыр
веналары қабынғанда және олардың саңылауын тромб бітегенде (бауыр
веналарының облитерациялы тромбылы флебиті) де дамиды; бұл Бадд-Киари
ауруына (синдромына) тән жағдай.
Бүйректің цианоздық индурациясына бүйрек венасының тромбозы себеп болуы мүмкін. Ал, егер коллатеральдық
қанайналымы жеткіліксіз болса,
аяқ пен
қолға веналық қан іркіліп, тіні суланып
ісінеді, тромбоз дамиды.
Веналық жергілікті толыққандылық негізгі веналық магистралдар арқылы
қанның ағысы қиындағанда немесе тоқтағанда қалыптасқан
веналық коллатеральдарда да дамуы мүмкін; мысалы, ондайда порталық вена арқылы
қанның ағуы қыйындаған кезде порто-кавалық анастомаздарда байқалады. Қан
кернеген порто–кавалық анастомоздар кеңіп, қабырғалары жұқарса, қан өте
қауіпті мөлшерде кетуі мүмкін (өңештің цирроз кезінде кеңіп, жұқарған
веналарынан).
Веналық толыққандылық плазма-геморрагиялық, дистрофиялық, атрофиялық
және склероздық үдерістер ғана емес,
веналық (іркілулік) инфарктілердің дамуына да себеп болады.