Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


құрылысы   мен   сыртқы пішіні



Pdf көрінісі
бет137/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   832
құрылысы
 
мен
 
сыртқы пішіні, 
оның
 
ерекшеліктері мен түзілу 
қарқынына байланысты. Осы тұрғыдан, тромбы ақ, қызыл, аралас (қатпарлы) 
және гиалинді түрлерге бөлінеді. 
Ақ
тромб
қанның ағысы жылдам болғанда (көбіне артерияларда), бірақ баяу 
түзіліп, тромбоциттерден, фибрин мен лейкоциттерден құралады (60-
суретті 
қара
). 
Қызыл тромб
қанның ағысы, керісінше, баяу болғанда (әдетте веналарда) 
түзіліп, тез қалыптасады, құрамында тромбоциттер мен фибринге араласқан 
эритроциттер көп (60-суретті қара). Тромбының ең жиі кездесетін түрі – 
аралас 
тромб 
(60-суретті қара); құрылысы қатпарлы, (
қатпарлы тромб
), түсі тарғыл; 
құрамына ақ тромбының да, қызыл тромбының да элементтері кіреді. Аралас 
тромбының 
бас
(құрылысы ақ тромб тәрізді), 
дене\
(құрылысы аралас тромбыға 
тән), 
қйрық
(құрылысы қызыл тромб) бөлімдері болады. Бас бөлімі тамырдың 
эндотелийлік астарына бекиді; бұл оның өлгеннен кейін түзілген қан жентегінен 
айырмашылығы. Қатпарлы тромб көбіне венада, қолқада, жүректің 
аневризмасында қалыптасады. 
Гиалинді тромб
– тромбының ерекше түрі. Ол 
ыдыраған 
эритроциттер 
мен 
тромбоциттерден 
және 
плазманың 
преципитациялайтын белоктарынан түзіліп, гиалинге ұқсайды; әдетте 
құрамында фибрин болмайды. Тромбының бұл түрі микроциркуляциялық 
арнаның тамырларында кездеседі. 
Тромб қан тамырының қабырғасына жабысқан, саңылауын онша 
тарылтпайтын 
қабырғалық 
(60-суретті қара), немесе саңылауын толық 
бітейтін
(
обтурациялы
) (60-суретті қара) болуы мүмкін. Қабырғалық тромб жүректің 
қабынған құлақшасында немесе қабырғалық эндокардында (тромбылы 
эндокардит), жүректің қызметі жеткіліксіз кезде (жүрек кемістігі, жүректің 
созылмалы ишемиялық ауруы) құлақшасы мен трабекулаларының арасында, 
атеросклероздан зақымдалған ірі артерияда, қабынған вена (тромбылы флебит; 
60-суретті қара), жүрек пен тамырдың аневризмасында жиі түзіледі. Бітейтін 
тромб көбінесе венада, қабырғалық тромб біртіндеп жайлаған ұсақ 
артерияларда қалыптасып, ірі артериялар мен қолқада сирек дамиды. 
Тромбының көлемі бұрынғы тромбыға жаңа тромб қабаттары қатпарланып 
ұлғаяды; тіпті қан ағысына сәйкес немесе кері бағытта да өсе алады. Мысалы, 
балтырдың венасынан басталған тромб, қан ағысына бағыттаса, жылдам ұлғая 
отырып, қақпалық вена сияқты қанды жинайтын ірі тамырға дейін өсуі мүмкін. 
Бұндай тромб 
өршімелі
тромб
деп аталады. Жүректің сол жақ құлақшасындағы 
біртіндеп ұлғайған тромб эндокардттан үзіліп, қанның ағысында үсті тегістеліп, 
шарға айналуы мүмкін (
шар тәрізді тромб; 
60-суретті қара
)
. Аневризмадағы 
тромб 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет