Нуржігіт Алтынбеков
125
Көбіне, әсіресе ірі тромбылар дәнекер тін жайлап, беріштенеді. Дәнекер тін қан
тамырының интима жағынан тромбының алдымен бас жақ бөліміне өсіп, кейін
дене бөлімін де толық жайлап, онда эндотелиймен астарланған саңылаулар
немесе өзектер пайда болып, канал қалыптасады (өзектену –каналдану, 60-
суретті қара). Эндотелиймен астарланған өзектерге қан құйылып, тромбыда қан
тамырлары пайда болады (васкуляризация). Тромбыда түзілген бұл қан
тамырлары арқылы қайтадан қан жүреді. Дегенмен, тромбыда дәнекер тін
көбейіп немесе өзек қалыптасып қана қоймайды; ол ізбестеніп, тасқа айналады
(петрификация) – оны флеболит деп атайды.
Тромбының
қолайсыз
ақыры. Тромб толық немесе оның үзілген
бөлшектерінен
тромбылық
эмбол
түзілсе, ол тромбылы эмболияның даму көзіне
айналады. Қаннан немесе қоршаған ортадан іріңдеткіш бактериялар түскен тромб
іріңдеп, жидісе, түрлі мүшелер мен тіндердің қан тамырларына тромбылық –
бактериялық эмболдар жайылады (сепсиске тән).
Тромбоздың
Достарыңызбен бөлісу: