Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет197/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   832
Байланысты:
струков патан

Эпителийдің регенерациялық
мүмкіндігі өте жоғары, сондықтан оған көбіне 
толық регенерация тән. Әсіресе 
жамылғылық эпителий
жақсы жаңғырады. 
Қасаңды көпқабатты жайпақ
эпителий терінің зақымы ауқымды болғанның 
өзінде толық қалпына келе береді. Эпидермис жаңғырғанда камбийлік, 
өндіршін (мальпигий) қабатының жасушалары қарқынды көбейеді. Алғашқыда 
ақауды жасушалардың бір-ақ қабаты жапса, кейін эпителий көпқабаттыға 
айналып, толыса келе, эпидермиске тән нышандар, яғни өндіршін, түйіршікті 
жылтыр (өкше мен алақанда) және қасаң қабаттар қалыптасады. Терінің 
эпидермисі дұрыс жаңғырмаса, ұзақ уақыт жазылмай, жиегін атипиялы 
эпителий жайлаған ойық жара пайда болып, ол қатерлі ісікке (рак) ұласуы 
мүмкін. 
Кілегейлі қабықшалардың жамылғылық эпителийі
де (қасаңсыз көпқабатты 
жайпақ, өтпелі, бірқабатты призма пішінді және көпқатарлы кірпікшелі 
эпителий) көпқабатты жайпақ қасаңды эпителий тәрізді жаңғырады. Кілегейлі 
қабықшаның ақауын крипталар мен без өзектерін астарлайтын жасушалар 
көбейіп, жабады. Алдымен, ақауды эпителийдің толыспаған жасушаларының 
жұқа қабаты жауып (86-сурет), кейін ол жамылғылық жасушалар құрылымына 
тән пішін қалыптастырады. Кілегейлі қабықшалардағы бездер де (мыс.: ішектің 
түтікше бездері, эндометрийдің бездері) шала немесе толық қалпына келеді. 
86-сурет. Асқазанның созылмалы ойық жарасының түбіндегі эпителийдің регенерациясы. 
Іш пердесінің, плевра мен үлпершектің 
мезотелийі
зақымдалмаған 
жасушаларының бөлшектеніп көбеюі арқылы қалпына келеді. Ақаудың 
беткейінде текше пішінді ірілеу жасушалар пайда болып, кейін олар жалпаяды. 
Ақау ұсақ болса, мезотелийдің орны жылдам толады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
174
Жамылғылық эпителий мен мезотелийдің қалпына келуі олардың астындағы 
дәнекер 
тіннің 
жағдайына 
байланысты; 
өйткені 
эпителий 
ақауды 
грануляциялық тін жайлағаннан кейін ғана жаба алады. 
Бауыр, ұйқы безі, бүйрек, ішкі секреция бездері және өкпе альвеоласының 
арнаулы эпителийі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет