88-сурет. Эндометрийдің безді-кисталы гиперплазиясы. Гипертрофиялы өсу түрлі себептерден дамып, тіндер мен мүшелерді
ұлғайтады. Ол созылмалы қабынуда (мыс.; кілегейлі қабықшадағы полип)
немесе лимфа іркілгенде дәнекер тін жайлаған аяқта (шораяқ) байқалады.
Майлы тін мен дәнекер тін бір бөлігі немесе толықтай семген мүшеде тым
қарқынды көбейіп өседі (
жалған гипертрофия ). Мысалы, бұлшықет семсе,
оның талшықтарының арасында, бүйрек семсе, оның төңірегін майлы тін
жайлайды. Ми семіп, кішірейген кезде бас сүйегі, ал қанның қысымы
төмендесе, қан тамырының интимасы қалыңдайды.
Сонымен, тіректік тіннің гипертрофиялы өсуі мүше мен тіндегі босаған
орынды толтырады, сондықтан бұл үдеріс
вакаттық гипертрофия деп аталады
(латынша:
vacuum – бос ).
Организация (беріштену) деп некроз ошағының, тін ақауының немесе
тромбының орнына дәнекер тін өсетін немесе қабық қалыптасатын
(инкапсуляция) адаптациялық үдерісті атайды.
Организация кезінде ыдырап тарай бастаған өлі тін ошағын немесе тромбыны
өндіршін дәнекер тін жайлап, ақырында олардың орнын тыртықтық тін басып,
беріштенеді (нағыз организация, 89-сурет).
Инкапсуляция (қабықтану)
барысында толық жидіп, тарамаған өлексенің, жануарлық паразиттің, бөгде
дененің айналасын дәнекер тін қоршай өсіп, оларды төңірегіндегі тіндерден
шектейтін қабық қалыптасады. Некроз ошағы ізбестеніп, тас (
петрификат )
түзіледі; үдеріс петрификация деп аталады. Кейде шектейтін қабықтың ішкі
қабатында метаплазиялық үдеріс арқылы сүйек пайда болды (
оссификация ).
Бөгде денелер мен жануарлық паразиттің төңірегіндегі грануляциялық тінде
бөгде денелерді сіңіріп, біртіндеп ыдырататын көпядролы алып жасушалар
(бөгде денелердің алып жасушалары) болады («
Пролиферациялы (өнімдік) қабынуды »
қара
).