Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Венадағы беріштенген, жаңа өзекті (реканалды) тромб



Pdf көрінісі
бет206/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   832
Байланысты:
струков патан

89-сурет. Венадағы беріштенген, жаңа өзекті (реканалды) тромб. 
Тіндік құрылымның өзгеруі
. Тіндік құрылымның адаптациялық өзгерісі 
гиперплазия, регенерация және аккомодация үдерістеріне негізделеді. Мысалы, 
қанның магистрал тамырлар арқылы жүруі қыйындаса, қан тамырларының 
қалыпты сабақтастығы өзгеріп, 
коллатералдық қанайналым
қалыптасады. 
Нәтижесінде, магистрал тамырлардан басталатын артериялар мен веналардың 
саңылауы кеңіп, бұлшықет талшықтары жуандап, эластикалық талшықтары 
көбейіп, қабырғалары қалындайды. Ұсақ тамырлардың құрылымы ірі 
тамырлардың кейпіне ауысады. 
Сүйектің
кеуекті затының құрылымы сүйекке 


Нуржігіт Алтынбеков 
181
түсетін күштің бағытына сәйкес (мыс.: сүйек сынғанда, рахит, буын аурулары) 
өзгереді. Кейбір тіндердің құрылысы әдеттегі жағдайға байланысты да өзгереді. 
Мысалы, 
өкпеде
ателектаз дамып, ауа келмесе, альвеолалардағы жайпақтау 
эпителий текше пішінді эпителийге айналып өзгереді. 
Бүйрек
шумағы 
қабықшасының ішіндегі нефротелий, шумақ істен шыққанда текше пішінді 
эпителийге айналады. Эпителийдің бұндай өзгерісі 
гистологиялық
аккомодация
деп аталады (Абрикосов А.И., 1943). 
Метаплазия
(грекше: 
metaplasso
– өзгерту) – тіннің бір түрінің өзімен тектес 
басқа түрге айналуы. Метаплазия эпителийде немесе дәнекер тінде жиі, ал басқа 
тіндерде сиректеу кездеседі. Бір тіннің екінші тінге өзгеруі ұрықтық 
бастаманың оларға ортақтығымен қатаң шектеліп, жас жасушалардың 
пролиферациясы арқылы жүзеге асады (мысалы: регенерация, ісік). Метаплазия 
толыспаған жасушалардың пролиферациясынан басталып, 
жанама
жолмен 
жүзеге асатын үдеріс. Құрсақта даму кезінде тін өзіне жат жерде қалып қоятын 
гетеротопия мен гетероплазия үдерісін метаплазияға жатқызуға болмайды. 
Эпителийлік
метаплазияның ішінде призма пішінді эпителийдің қасаңды 
жайпақ эпителийге айналуы жиі байқалады (
эпидермалық
, яғни 
жайпақ 
эпителийлік метаплазия
). Ол созылмалы бронхитпен, бронхэктазбен 
ауратындардың, темекі шегетіндерің, А-витамині жеткіліксіздердің (90-сурет) 
тынысалу жолдарында, сілекей безінің, ұйқы және қуық безінің өзектерінде, ен 
(аталық без) қосалқысында байқалады. Метаплазия толысу барысында призма 
эпителийге емес, көпқабатты жайпақ эпителийге айналатын камбийлік 
жасушалардың көбеюінен басталады. Кері өзгеру, яғни көпқабатты қасаңсыз 
жайпақ эпителийдің цилиндр тәрізді эпителийге айналуы, 
прозоплазия
деп 
аталады. Асқазанның эпителийі ішектің (асқазанның кілегейлі қабықшасының 
ішектік метаплазиясы
, яғни 
энтеролизация
), керісінше, ішектің кілегейлі 
қабықшасының эпителийі (ішектің кілегейлі қабықшасының 
асқазандық 
метаплазиясы
) асқазанның кілегейлі қабықшасының эпителийіне айнала алады. 
Метаплазиялы эпителийден карцинома дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет