Нуржігіт Алтынбеков
178
мен орталық және шеткі жүйкелік жүйелердің қызметі бұзылуының, уланудың
маңызы зор. Патологиялық атрофия – қайтымды үдеріс. Ол тым асқынып
кетпей тұрғанда, дамытқан себептің әсері тоқтаса, мүшенің құрылымы мен
қызметі толық қалпына келе алады. Патологиялық атрофия жалпы немесе
жергілікті болады.
Жалпы атрофияның
, яғни
жүдеуліктің
мынадай: алиментарлық (аштықтан
немесе ас сіңбегенде дамитын); рак жүдеулігі, яғни рактық кахексия (грекше:
kakos
– жаман;
hexis
- жағдай); гипофиздік кахексия (Симондс ауруы), милық
кахексия (гипоталамус зақымдалса) және басқа да қатты жүдететін аурулардан
(туберкулез, бруцеллез, созылмалы дизентерия) дамитын түрлері бар.
Жүдеген адамның, өзіндік
сыртқы пішіні
бар. Оның терісінің шел майы
таусылып, көз ұясы үңірейіп, терісі құрғап, әжімделеді, іші қабысады. Қалдық
шел май липохром пигменті жиналғандықтан, қоңыр түсті болады. Бауыр мен
жүректің жасушаларына липофусцин жиналып,
қоңыр атрофия
дамиды.
Себебіне қарай, ішкі секреция бездерінде түрлі дәрежелі атрофиялық және
дистрофиялық үдерістер орын алады. Ми қыртысының әр жерінің жасушалары
жойылады. Остеопороз байқалады.
Жергілікті атрофия
түрлі себептерден дамиды; оның дисфункциялық; қан
жеткіліксіздік; қысымдық; жүйкелік, физикалық және химиялық факторлардан
дамитын түрлері бар.
Дисфункциялық атрофия
(
әрекетсіздік
атрофиясы
) мүшенің қызметі
әлсірегенде дамиды. Атрофияның осы түріне сүйек сынғанда, буынның
қимылын шектейтін бұлшықет сырқаттарында, ойылған көздің көру нервінің,
түскен тістің ұясының семуі жатады. Қан мен кенеулі заттар аз
жеткізілгендіктен, тіндерде заталмасулық үдеріс нашарлайды.
Қан жеткіліксіздік атрофиясы
мүшені қоректендіретін қан тамырлары
тарылғанда байқалады. Қанның жеткіліксіздігінен гипоксияға ұшыраған
паренхималық элементтердің қызметі әлсіреп, жасушалары кішірейеді.
Гипоксияның әсерінен фибробластылар қарқынды көбейіп, склероз өрістейді.
Артерияларын склероз біртіндеп жайлаған миокардта диффузды кардиосклероз
дамыса, қан тамырлары склерозды бүйрек семіп, бүріседі.
Қысымдық атрофия
қысым түскенде, тіні өте қатты мүшелердің өзінде де
дами береді. Қысым ұзақ түскен жердің тіні біртіндеп ойылады (узура);
мысалы, аневризма қысқан омыртқа денесінде, төс сүйегінде. Шығаратын
жолында кедергі болса, жиналған зәрдің қысымы түбегін кернеп, паренхимасы
семіп, бүйрек жұқа қабырғалы қалтаға айналып,
Достарыңызбен бөлісу: