Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет204/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   832
Байланысты:
струков патан

Гипертрофия
(
гиперплазия
). Гипертрофия (грекше: 
hyper
– тым; 
trophe
– 
қоректену) адаптациялық мәні бар үдеріс. Оның даму барысында жасушаның, 
тіннің, 
мүшенің көлемі 
құрамындағы жасушалар 
немесе ішіндегі 
ультрақұрылымдардың көбеюі арқылы ұлғаяды. Гипертрофияның мәні 
адаптациялық екі түрі бар: жүйке-гормональдық гипертрофия (гиперплазия) 
және гипертрофиялы өсу. 
Жүйке–гуморальдық гипертрофия
мен 
гиперплазияның
дамуына ішкі 
секреция бездері қызметінің бұзылуы себеп болады (гармондық немесе 
корреляциялық 
гипертрофия 
мен 
гиперплазия). 
Гипертрофия 
мен 
гиперплазияның бұл түрінің бейімделуге бағытталғандығы күмәнсіз; ал жатыр 
мен емшек безінің жүктілік пен сүт шыққан кездердегі гипертрофиясы оған 
физиологиялық прототип бола алады. Жүкті кезде жатырдың бірыңғай салалы 
бұлшықет талшықтары бірнеше есе ұзарып, жуандаса, емшек безі күрт ұлғаяды. 
Аналық бездің дисфункциясынан жатырдың кілегейлі қабақшасының бездері 
көбейсе, кейде олардың саңылауы кеңіп, киста түзеді. Бұл өзгеріс 
эндометрийдің безді–кисталы гиперплазиясы
(88-сурет) деп аталады. Ол 
жатырдан ретсіз қан кету қаупін туғызады. Егер ер адамның аталық безі семсе, 


Нуржігіт Алтынбеков 
180
сүт безінің бөлікшелері көбейіп, бездің жалпы көлемі ұлғайып, гинекомастия 
(грекше: 
gyne
– әйел, 
mastos 
– кеуде, төс) байқалады. Гипофиздің алдыңғы 
бөлігінің, әдетте аденомадан дамитын, гиперфункциясы мүшелер мен қаңқа 
сүйегінің шығыңқы бөліктерін ұлғайтады; сөйтіп, 
акромегалия
қалыптасады 
(грекше: 
akros
– шеткі, шығыңқы; 
megalos
– ірі). Корреляциялық гипертрофия 
мен гиперплазия гормондардың әсерінен жанданған жауаптың және 
организмнің біршама бейімделгендігінің бейнесі бола тұра, кейде ісікке негіз 
қалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет