Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет208/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   832
Компенсация 
Компенсация

аурудан өзгерген қызметті қалпына келтіруге арналған үдеріс. 
Компенсациялық үдеріс кезеңді дамып, қалыптасу, беку және қажу деп 
аталатын үш фазадан өтеді. Компенсацияның «апат» (Меерсон М.З.,1973), яғни 
қалыптасу фазасында
(Струков А.И.,1961) патогендік әсерге жауап ретінде 
мүшенің (жүйенің) бүкіл құрылымдық мүмкіндіктері іске қосылып, 
заталмасулық үдеріс те өзгереді. 
Беку фазасында
мүшенің (жүйенің) күш 
түскендегі қызметін қамтамасыз ету үшін оның құрылымы мен зат алмасуы 
басқаша дамып, өзгереді де, компенсациялық мүмкіндіктері толық айқындала 
түседі. Бұл фаза ұзақ болуы мүмкін (мысалы, компенсациялы жүрек 
кемістігінде, компенсациялы бауыр циррозында). Дегенмен, көптеген 
себептердің әсерінен (науқастың жас шамасы, аурудың мерзімі мен зардабы
қолданған ем, т.б.) компенсациялық-бейімделулік қарымының жеткіліксіздігі 
байқалып, компенсацияның 
декомпенсация
тән 
қажу фазасына
ұласады (мыс.: 
жүрек ауруының декомпенсациясы). Компенсация жақсы қалыптасып, өзгерген 
қызмет қалыпты деңгейге жеткеннің өзінде де, бұл аурудың айқын білінбейтін 
кезеңі ғана болып, сырқат адамға қолайсыз жағдайда кенеттен айқындала 
алатынын естен шығармау керек. Компенсациялық үдерістің қалыптасу, беку 
және қажу фазаларының сабақтастықта дамуын жүйкелік жүйенің күрделі 
рефлекторлық әрекеті мен гуморальдық реттеу механизмдері қамтамасыз етеді. 
Сондықтан декомпенсацияның себебін зақымды мүшеден ғана емес, одан 
шалғайдағы, оның әрекетін реттейтін механизмдердің арасынан іздестіру керек. 
Компенсацияның морфологиялық мәні – көбіне 
гипертрофия
. Оның даму 
барысында мүше ұлғайғанмен, өзіне тән пішінін сақтап қалады. Қуысы кеңиді 
(
эксцентрлі
гипертрофия

немесе, керісінше, тарылады (
концентрлі
гипертрофия
). Ұлғайған мүшеде зат алмасуының қарқыны артқанына сәйкес 
құрылым-әрекеттік өзгерістер орын алады. Оның артуын жасушадағы арнаулы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет