Нуржігіт Алтынбеков
185
Склероз
Склероз
(грекше:
sclerosis
– тығыздалу) деп жетілген тығыз дәнекер тін тым
көбейгендіктен, ішкі мүшелер, қан тамырлары, дәнекер тіндік құрылымдар
диффузды немесе ошақты қатаятын патологиялық үдеріс аталады. Склероздың
даму барысында фиброздық дәнекер тін ішкі мүшелердің паренхимасы мен
дәнекер тіннің арнаулы құрылымдарын ығыстыратындықтан, мүшенің немесе
тіннің әрекеті төмендейді, кейде мүлде тоқтайды.
Склероздың онша айқын болмай, тіндерді онша қатайтпайтын түрі
фиброз
деп аталады. Дегенмен, бұл екі ұғымның арасында онша айырмашылық байқала
қоймайды. Айқын дамып, мүшенің құрылымы мен пішінін өзгертетін склероз
цирроз
деп аталады (бауыр циррозы, өкпе циррозы). Жарақаттық ақаудың
немесе некроз ошағының орнын басқан (жайлаған) склероз тыртық деп аталады.
Тін қатаюының барлық түрі склероз үдерісіне қатысты емес. Мысалы,
кальциноздың
(петрификация), тіндік
гиалиноздың
склерозға қатысы жоқ. Бірақ
кейбір зерттеушілер гиалинозды склерозға да, дистрофияға да қатысты деп
есептейді («
Строма-тамырлық дистрофияларды
»
қара
).
Классификациясында склероздың этиологиясы мен патогенезі, морфогенезі
мен склероздық өзгерістердің қайтымдылық қабілеті ескерілген (Шехтер
А.Б.,1981).
Достарыңызбен бөлісу: