Нуржігіт Алтынбеков 183
құрылымдар қамтамасыз етеді; бірде – бұрынғы жасушалардың ұлғаюы арқылы
(гипертрофия), енді бірде, жаңадан түзілген жасушалар жүзеге асырады
(жасушалық гиперплазия).
Компенсациялық гипертрофияның қызметтік (компенсациялық) және
викарлық (толтырулық) түрлері бар.
Қызметтік (компенсациялық) гипертрофия кезінде күш түскен мүшенің
арнаулы қызмет атқаратын жасушаларының көлемі (саны) ұлғаяды. Қызметтік
гипертрофия үнемі күш түскен жерлерде физиологиялық жағдайда да дамуы
мүмкін (мысалы, спортшылар мен дене еңбегімен айналысатындардың жүрегі
мен қанқалық бұлшықеттің гипертрофиясы). Сырқаттанған кезде зақымдалған
мүшенің қызметі, оның зақымдалмаған бөлімдерінің құрылымы мен қызметінің
үдеуі арқылы қажетті деңгейге жеткізіледі.
Қызметтік гипертрофия жүректе, асқазан-ішек, зәршығару жолдарында, т.б.
мүшелерде дамиды.
Жүректің гипертрофиясы компенсациялық гипертрофияның айқын бейнелі
мысалы. Ол, әсіресе жүрек қақпақшаларының тума және жүре біткен ақауына
атриовентрикулалық тесіктер мен жүрек қарыншаларының тарылуы
қосарланғанда, гипертония ауруында, қолқаның тума тарылуында, өкпе
тамырларының склерозында және басқа да жағдайларда айқын дәрежеде
қалыптасады. Қанайналымы бұзылуынан туындаған нақты жағдайға қарай,
жүректің күш көбірек түскен бөліктері гипертрофияға басымырақ шалдығады
(қолқа қақпақшаларының ақауы – сол жақ қарыншасы, митрал ақауларда – оң
жақ қарынша, т.с.с.) Жүректің массасы 3-4 есе өсіп, кейде 900-1000 грамға
дейін жетеді. Оның көлемі де ұлғаяды (91-сурет). Миокардтың гипертрофиясы
бұлшықет
жасушаларының
саркоплазмасы
мен
ядросы
ұлғайып,
миофиламенттері көбейіп, митохондриялардың саны мен көлемінің өсуіне, яғни
жасуша ішіндегі ультрақұрылымдардың гиперплазиясына негізделген. Сонымен
қоса, бұлшықет талшықтарының ұлғаятыны айтпай-ақ түсінікті. Миокардтың
гипертрофиясына,
оның
стромасындағы
талшықты
құрылымдардың
гиперплазиясы қосарланады. Бұны күш түскен жүректің дәнекер тіндік
қаңқасын нығайтуға бағытталған өзгеріс деп бағалаған жөн. Сондай-ақ,
бұлшықет жасушаларының гипертрофиясымен бірге, жүректің интрамурал қан
тамырлар тармақтары да, жүйкелік аппаратының элементері де ұлғаяды. Олай
болса,
миокардтың
гипертрофиясы
–
бұлшықет
талшықтарының
гипертрофиясына, миокард стромасының, қан тамырлары мен интрамурал
жүйкелік аппаратының гипертрофиясы да қосарланатын үдеріс деп
тұжырымдауға болады. Олардың әрқайсысы «гипертрофиялы (ұлғайған)
жүрек» деп аталатын кешенді ұғымының құрам бөлігі болып табылады да,
жүректің қарқынды жұмысының қалыптасуына қатынасып, оның ұзақ уақыт,
кейде жылдар бойы қажымай жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.