Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Жүректің сол жақ қарыншасының қызметтік гипертрофиясы



Pdf көрінісі
бет210/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   832
91-сурет. Жүректің сол жақ қарыншасының қызметтік гипертрофиясы: 
а — сыртқы пішіні; б — 
ұлғайған (гипертрофия) жүректе митохондриялар көп.
 
Электронмикроскоптық бейнесі. 
Қызметі компенсациялы миокардтың гипертрофиясы кезінде жүрек қанның 
жүректен шығар жолының (қолқаның айшық қақпашасы бекитін жер мен жүрек 
ұшының қиыр ұшын қосатын түзу сызық) есебінен ұзарып, қанның жүрекке 


Нуржігіт Алтынбеков 
184
келер жолы (жүректің ұшын митрал қақпақшаның артқы жақтауы бекитін 
жермен қосатын түзу сызық) өзгермейді. Бұл өзгеріс жүрек қуыстарының 
белсенді компенсациялық
, немесе 
тоногендік
кеңеюі деп аталады. 
Жүректе компенсациялық гипертрофияның қалыптасуына қан ағысында бөгет 
туындататын механикалық факторлар ғана емес, жүйке-гуморальдық факторлар 
да әсер етеді. Компенсациялық гипертрофия толық жүзеге асу үшін мүшенің 
иннервациясы мен гормондардың мөлшері қажетті деңгейде болуы шарт. 
Өйткені, жалпы қанайналымын қажетті деңгейде қамтамасыз ететін, 
мүшелердің қызметін қалпына жуықтататын жүректің компенсациялық 
гипертрофиясының терең биологиялық мәні осыған байланысты. Бұл – 
алдамшы көрініс. Себебі, миокардқа кері әсер жалғаса берсе, компенсация 
фазасын бейнелейтін морфологиялық өзгерістер де өрістей береді. Ұлғайған 
кардиомиоциттер дистрофия, миокардтың стромасында склероз үдерістері 
дамып, 
миокардтың 
жиырылғыштығы 
біртіндеп 
әлсіреп, 
жүректің 
декомпенсациясы
орын алады, яғни жүрек бұлшықеті қарқынды жұмысқа 
жарамсыз күйге ұшырайды. Ұлғайған миокардтың декомпенсациясынан жүрек 
қарыншаларының 
көлденең
(
пассивті
), немесе 
миогендік
кеңеюі қалыптасады. 
Егер миокардты ұлғайтқан себептің әсері декомпенсация дамығанға дейін 
тоқтатылса, жүрек біртіндеп қалыпты көлемі мен массасына дейін немесе оған 
жуықтай кішіреюі мүмкін. Бұл миокардтың гипертрофиясы қайтымды үдеріс 
деген сөз. Бұлшықет жасушалары да бұрынғы қалпына келеді. Бұдан үздіксіз 
жүріп жататын гиперплазиялық және атрофиялық үдерістердің салдары ретінде 
орын алатын ультрақұрылымдары санының ауыспалылығы әр сәтте мүшеге 
қажетті 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет