Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет229/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   832
Байланысты:
струков патан

болжам 
айту
мүмкіндігін жоққа жуық
етеді. Олай болса, кейде жасушалық атипизм, 
инвазиялы өсу және метастаздану тәрізді кейбір нышандар біршама дербес 
қалыптасуы да мүмкін. Бірақ бұл қатерлі ісіктер үшін қатаң заңдылық емес. 
Сондықтан Фулдстың ісіктік нышандардың прогрессиясы жайлы пікірі барлық 
жағдайда бұлжымайды деуге болмайды. Мысалы, қатерлі ісіктің толысу 
дәрежесі мен клиникалық беталысынан сәйкестілік байқалады. Ісіктің беталысы 
жайлы болжам, оның белгілі бір морфологиялық нышандарына негізделеді. 
Организмнің ісікке иммундық жауабы 
Ісіктік жасушаның антигендерінің (ісік антигендерінің) әсерінен иммундық 
жауаптың екі түрі: антидене түзілетін 
гуморальдық
және ісік 
жасушаларына
қарсы сенсибилизациялы Т-лимфоцит-киллерлер жиналатын жасушалық 
түрлері қалыптасады. Ісікке қарсы антиденелер организмді қорғап қана қоймай, 
үдеткіш әсері (
enhancement
-феномен) болғандықтан, оның прогрессиясына 
«қолғабысын» да тигізеді. Т-киллерлер макрофагтардың жәрдемімен ісіктік 
жасушаны ыдыратып, бұзады. Лимфоциттер мен макрофагтар ісіктік жасушаға 
цитолиздік және цитоуытты әсер етеді. Және макрофагтар мен лейкоциттердің 
цитостаздық әсері де бар, соның нәтижесінде ісіктік жасушаның ДНҚ түзу мен 


Нуржігіт Алтынбеков 
200
митоздық белсенділігі төмендейді. Сонымен, ісікке қарсы иммундық қорғаныс 
трансплантациялық
иммунитет
тәрізді болады. 
Ісіктік антигендерге иммундық жауаптың морфологиясы қалыптасып, ісіктің 
стромасына, әсіресе оның шет жағына иммункомпетентті жасушалар: Т- және
В-лимфоциттер, плазмалы жасушалар, макрофагтар жиналады. Клиника-
морфологиялық деректер ісіктің стромасында иммункомпотентті жасушалар 
мол болса, ол ісік айтарлықтай баяу дамитындығын көрсеткен. Стромасында 
иммункомпотентті жасушалар мүлде жоқ ісіктер жылдам өсіп, метастазды ерте 
жаяды. 
Ісіктің регионарлық лимфалық түйіндерде метастаздар әлі пайда болмаған 
алғашқы кезеңінің өзінде 
антигенмен
жандандырғандағыдай
нышандар 
байқалады. Лимфалық фолликулдар көбейіп, орталығы ұлғайып, синустардың 
өне бойын қуалай көбейген ретикулалық және гистиоциттік элементтер 
жайғасады (
синустық
гистиоцитоз
). Бұл өзгерістер ісікке қарсы жауаптың 
дамығанын және, метастаз болмаса, ісіктің беталысының болжамы қолайлы 
екендігін көрсетеді. 
Тимустың ісіктен қорғауға қатынасатыны жайлы деректер бар. Тимус 
иммунологиялық бақылауды жүзеге асыру арқылы ісіктік жасушаны аластау 
(элименациялау) үдерісін қамтамасыз етеді. Статистикалық деректер айыршық 
бездің ахуалына қарай және оны алып тастағандарда, жас шамалық 
инволюцияның қарқыны артқан кезде ісіктік үдерістер жиірек байқалатынын 
дәйектейді. 
Әдетте, ісіктегі иммундық жауап 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет